7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары' Ауа газдар қоспасы'

Сабақ жоспары' Ауа газдар қоспасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ауа – газдар қоспасыСабақтың мақсаты: білімділік: Оқушыларға ауаның құрамы газдардың қоспасы екенін, оның сандық және сапалық құрамын айтып түсіндіру. Дамытушылық: Алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шы
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ауа - газдар қоспасы

Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушыларға ауаның құрамы газдардың қоспасы екенін, оның сандық және сапалық құрамын айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілетті дамыту.

Тәрбиелік: ауаны ластамаудың жолдарын қарастыру, денсаулығын сақтау, тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жұптық жұмыс, тәжірибе жасау,сұрақ-жауап,химиялық диктант, есептер шығару.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

  1. Психологиялық дайындық

Орнымыздан тұрайық,

Көзімізді жұмайық.

Әдемі ойлар ойлайық,

Әдемі ойлар ойлап ап, Жаңа сабақ бастайық.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту. «Көрінбейтін сиқыршы»

Жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғала жүргенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

  1. Смалик арқылы жұпқа бөлу

1 тапсырма

«Оттек» тақырыбына жұптық жұмыс (Постер дайындау)

Бағалау парағы


Кезеңдер

Тақырыпты ашуы

Эстетикалық талғамы

Эмоционалдық әсері

Авторлық қолтаңба

Қорытынды

Өзін-өзі бағалау


Бірін-бірі бағалау


Критериалды бағалау

Бағалау дискрипторы: 0 - мүлдем ештеңе жасалмады

  1. Жұмыс жасалды, жеткіліксіз

  2. Сәтті

ІІІ. Жаңа тақырып: «Ауа - газдар қоспасы»

Адамға не қажет? Су Ауа Жылу Жарық Қорек

  1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.

  • Тез қысыла ма?

Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни азот 78%, оттегі - 21%, көмірқышқыл газы - 1%. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?

  • Жоқ.

Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?

  • Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?

  • Иә.

  • Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

  • Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымды жіберсем, серпіліп, қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.

  • Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атаймыз.

  1. Ауаның қандай қасиеттері бар?

Ауа - мөлдір. Бұл туралы ол арқылы барлық қоршаған заттарды көретініміз айғақ (салыстырып қарайық, есік, кітап мөлдір емес. Олар арқылы басқа заттарды көруге болмайды).

Ауа - түссіз. Шындығында да, сөре - сары, сынып тақтасы - жасыл, бөлме өсімдігі - жасыл, ал ауада бұл түстерде, басқа түстер де болмайды.

Ауаның иісі жоқ.

Сен түрлі орындар түрлі иіс болатынын байқадын ба? Асханада, шаштаразда, дәріханада иісі бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектерімен араласады және біз әр түрлі иістерді сеземіз. Бірақ таза ауада иіс болмайды. Жылытқан кезде ауа кеңейеді, ал суытқанда қысылады.

Бұларға көз жеткізу үшін тәжирибелер жасап көреміз.

Ауа түссіз,мөлдір. Ауа орын алады. Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды.

  • Ауа - физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Себебі ауаның құрамындағы газдардың ішіндегі оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады. Міне, біз газдың қандай екенін білдік.

Үш бірдей шамды жағып, біріншісін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қоямыз. Енді салыстырамыз, дәлелдейміз. Нәтижесінде, ашық май шам жана береді. Қалғаны ауа жоқтықтан сөніп қалады. Жануды қолдау ауаның маңызды қасиеті. Мысалы: Үйді жылыту үшін пеш жағамыз. Жануды күшейту үшін не қажет? Ауа. Үрлесеңіз тез жанады. Демек ауа түссіз, иіссіз, серпіледі, сығылады, жануды қолдайды. (Жазу керек)

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4% көмірқышқыл газы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.

Адам бар жоғы 2 минут қана дем алмай тұра алады.

Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен 1 м3-де 2600 микроб, ал І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.

Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.

Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада небары 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

IV. Сергіту сәті «Ойнайық та, ойлайық!»

а)Бірінші буыны көп сөзінің антонимы

Екінші буыны «жалын « деген мағынаны білдіреді

ә)Бірінші буыны зат есім сұрағы

Екінші буыны сан есім

Бұл қандай элементтер? а)азот ә)неон

Y. Сабақты бекіту: А). Химиялық диктант

1.Ауа құрамын анықтаған француз ғалымы ( 1774 ж, А. Лавуазье)

2.Жанғыш ауа ( Н2 )

3.Орман ауасы (СО2)

4. Жануды қолдамайтын, өзі жанбайтын газ ( азот )

5.Ауаның тұрақты құрам бөлігі ( N2-78%, O2-21%, инертті газдар-1% )

6. Мұнай өндіру, газ өндіру, отын жағу ауа құрамына қандай газдардың бөлінуіне әсер етеді? ( СО2,SO3,NO2)

Б). Есептер шығару:

№2-31 Ауаның тығыздығы ( қ. ж.) 1,295 г/см3 .Ауаның бір молінің массасын есептеңдер.

№2-32 Бір газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 1,52. Осы газдың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.

№2-45 Ауадағы оттектің көлемдік үлесі 21%, азоттың көлемдік үлесі 78%, көміртек ( ІY ) оксидінің көлемдік үлесі 0,03% екенін ескеріп:

А) өздерің оқитын сыныптағы;

Ә) өз бөлмелеріндегі;

Б) ас үйлеріндегі

Осы үш газдың көлемдерін ( қ.ж.) табыңдар.Осы тапқан сандарында өзгерістер болуы мүмкін бе? Мүмкін болса, олар қандай жағдайлардың әсерінен өзгереді? Ауаның құрам бөліктері адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайда сақталу үшін қандай шаралар жасауымыз керек?

YІІ. Сабақты қорытындылау.

YІІІ. Үйге тапсырма:§ 26. Есеп:2-33,2-37,2-39.

ІХ. Оқушылар білімін бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Ауа. Оттегі. Жану тақырыбына бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты: білімділік: берілген тарау бойынша оқушылардың теориялық білімді меңгеру дәрежесін және есептер шығару мен жаттығуларды орындай білуін тексеру.

Дамытушылық: ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тексеру және бағалау.

Сабақтың әдісі: Өзбеттік жұмыс.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру


ІІ. Бақылау жұмысын жүргізу


І-нұсқа


1.Оттек табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?

2. Мына заттардың : а) көмірдің (көміртектің); ә) күкіртсутектің Н2S оттекте жану реакциясының теңдеуін құрастырыңдар, түзілген өнімдерді атаңдар.

3. Берілген оксидтерді: СаО, Cr2O3, Na2O, SO3, N2O5 атаңдар.

4.Құрамында 16 г мыс болса Си2О массасы қандай болады?

5. Массасы 79 г калий перманганаты КМnО4 айырылғанда түзілетін оттектің массасын есептеңдер.


ІІ- нұсқа


1.Ауаның құрамы және ауаны бүлінуден сақтау жолдары.

2.Мына заттардың: а) фосфордың; ә) пропанның С3Н8 оттекте жану реакциясының теңдеулерін құрастырыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар.

3. Берілген оксидтерді: Li2O, NO, AI2O3,CO, CuO атаңдар.

4. Құрамында 64 г күкірт болса, күкірт( YІ) оксидінің массасы қандай болады?

5.Массасы 64 г оттек алуға қажетті сынап (ІІ ) оксидінің HgO массасын есептеңдер.


ІІІ. Сабақты қорытындылау .


ІY. Үйге тапсырма: тарауды қайталау.


Y. Оқушылар дәптерлерін жинап алып, бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Авогадро заңына,газдардың салыстырмалы тығыздығына және химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастарына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Авогадро заңына сүйеніп есептеулер жүргізу жолдарын үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, химиялық тілін және есеп шығару дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілікті саналы сезінетін ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: химиялық диктант, сұрақ- жауап, есептер шығару.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Химиялық диктант

1.Жылу бөле жүретін реакция қалай аталады? ( экзотермияялық)

2. Жылу сіңіре жүретін реакция ( эндотермиялық)

3.Реакцияның жылу әрекеті дегеніміз не?( бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері)

4.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі ( Дж, кДж)

5.Реакцияның жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакция қалай аталады?

( термохимиялық реакция)

6.Жылу эффектінің шамасы ( мөлшері) неге тәуелді ? ( реагенттің табиғатына, температураға, агрегаттық күйіне, мөлшеріне)

7.Сексеуіл мен жыңғыл жаққанда жылу қайсысынан көп бөлінеді? Неге? ( отын сапасына, яғни табиғатына)

8. 1кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері қалай аталады? ( меншікті жану жылуы)

9.Отынның жануы үшін қажет шарттары ( тұтануға дейін қыздыру, үздіксіз оттек беру)

10 . Өртті тоқтату шаралары ( отынның тұтану температурасын төмендету, оттектің келуін тоқтату, көбік, жамылғы, құм,су,өрт сөндіргіш)

2.Үй есебін тексеру;

ІІІ. Жаңа сабақ: Авогадро заңына,газдардың салыстырмалы тығыздығына және химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастарына есептер шығару.

1-тапсырма

Массалары 2 г сутек пен судағы молекула сандары бірдей ме?


2-тапсырма

Көлемі124 л сутек газы жанғанда( қ. ж.) қанша литр оттек жұмсалатынын есептеу қажет.

3-тапсырма

Оттектің , ауаның, көміртек ( ІY ) оксидінің қалыпты жағдайда тығыздығы қанша болады?

ІY.Сабақты бекіту: А) « Кім жылдам» ойыны

  1. Қатты заттарды сипаттауда пайдаланылатын ұғым

  2. Ал газ тектес заттарды пайдаланғанда ше?

  3. Газдар жайлы заң ұсынған ғалым

  4. Бірдей жағдайда, бірдей қөлемдегігаздардыңмоекулалар саны қандай болады?

  5. Қалыпты жағдайда газдардың1 молін 22,4 алса, 1,5 моль қанша болады?

  6. Тығыздық ромен белгіленеді, ал салыстырмалы тығыздық ше?

  7. Тығыздықты табуға арналған формула

  8. Тығыздықты табуға арналған формула

  9. Күкіртсутектің қалыпты жағдайдағы тығыздығын есепте

  10. Азот оксидінің ауамаен салыстырғандағы тығыздығын есепте

Б) Оқулықпен жұмыс: 1-9 сұрақтар, жаттығулар


Y. Сабақты қорытындылау

YІ. Үйге тапсырма §18ж.д. есеп

YІІ.Оқушылар білімін бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал