- Учителю
- Урок Карбон кышкылдары 9 сынып
Урок Карбон кышкылдары 9 сынып
Сыныбы 9 «б»
Күні
Пәні химия
Сабақтың тақырыбы
Карбон қышқылдары
Мақсаты
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы сыни ойлауды дамыта отырып, оқушыларға қаныққан бір негізді карбон қышқылдарына тән қасиеттерді құмырсқа, сірке қышқылы мысалында таныстыру.
Күтілетін нәтижелер
Карбон қышқылдарын басқа оттекті класс өкілдерінен ажырата біледі;
Функционалдық топ негізінде карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастырады;
Карбон қышқылдарының қасиетін біле отырып, қолданылуын сипаттай алады.
Қышқылдардың маңызын өмірмен байланыстыра алады
Сабақтың түрі
Біріккен- ізденіс сабақ
Тапсырмалар
СТО жобасы,сұрақ жауап әдісі, жұптық, өздік жұмыс
Керекті жабдықтар
Интерактивті тақта,оқулық, дидактикалық тапсырмалар, электронды оқулық, реактивтер мен ыдыстар
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау.
Оқушыларға ой қозғау мақсатында формулалар көрсетілген қиықшалар үлестіріліп , топқа бөлінді.
Оқушылар 3 топқа бөлінді
Әр топ «топ ережесін» бекітеді.
Тұсаукесер
Сыныппен жұмыс.
Тест тапсырмасы арқылы үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау сұрақтары:
1.Қандай органикалық қышқылдар туралы білесіңдер? 2.Сірке қышқылы қайда қолданылады? 3.Лимон, құмырсқа қышқылдарының қасиеттері туралы айтып беріңдер.
Тест тапсырмасына жауап береді.
Тапсырма аяқталғаннан кейін бірін-бірі тексереді
Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа тақырыпты анықтай алады.
Негізгі бөлім
Жеке және топтық жұмыс ұйымдастырылады.
1-тапсырма
І-топ : Карбон қышқылдарына жалпы сипаттама: таныстырылым презентация дайындау (қосымша мәлімет)
ІІ-топ Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу
ІІІ- топ: Жоғары молекулалы май қышқылдары, сабын, синтетикалық жуғыш заттар постер қорғау
Карбон қышқылдарының қасиеттерін сірке қышқылы арқылы таныстыру
2-тапсырма . Зертханалық тәжірибелер
І топ Сірке қышқылының индикаторға әсері
ІІ топ Сірке қышқылының металдармен әрекеттесуі
ІІІ топ Сірке қышқылының негіздермен әрекеттесуі
3-тапсырма. Семантикалық карта толтыру
№
Реагент тер
Тұз қыш қылы
Сірке қышқы лы
1
Диссоциация
2
Mg
3
MgО
4
NaOH
5
Na2СO3
6
С2Н5ОН
Жоғары және төменгі деңгейдегі сұрақтар
1.Карбон қышқылдарының функционалдық тобы қалай аталады?
2.Бейорганикалық және карбон қышқылдарының қандай ортақ қасиеттері бар?
3.Карбон қышқылдарында карбоксил тобындағы сутегі атомы неліктен қозғалғыш болады?
4.Этерификация реакциясы дегеніміз не?
5.Кальций стеаратының түзілу реакция теңдеуін жаз
Сен білесің бе? Қосымша мәлімет беру
Оқулықпен жұмыс
Әр топ мүшелері, тақырыпты алдымен жеке танысып, топта талдап, ортақ шешімге келе отырып жұмыс нәтижесін презентацияны, постерді қорғайды
Зертханалық тәжірибелер жүргізеді,байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазады
Семантикалық картаны толтырады.
Берілген сұрақтарға жауап береді
Қорытынды
Оқулық бойынша есептер шығару
А-6, В-4, С-5
Рефлексия «Мен бүгінгі сабақтан қандай мәлімет алдым?»
Үйге тапсырма:
§ 53 Карбон қышқылдары
Есептер: А-7, В-2, В-6 (Оқулық, 266-267 беттер)
Шығармашылық жұмыс:
«Карбон қышқылдары» тақырыбына сөзжұмбақ, ребустар дайындап, есептер шығару.
Есептерді талдайды, орындайды
Критерий арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды
Стикерге сабақтан алған әсерін жазып тақтада көрсетілген екі түрлі кейіптегі смайлик тұсына жапсырады.
Бағалау критерийлері
Балы
Жетістік деңгейі
Дескриптор
Білу және түсіну (А)
3
1
Есептің мазмұнымен толық танысып түсінді
1
Есептің шартындағы белгілі және белгісіз заттарды анықтады
1
Есептің мазмұнына сәйкес қажетті химиялық формулаларды еске түсірді
Қолдану (В)
3
1
Есептің шартын «есеп шығару алгоритм» арқылы дұрыс жаза білді
1
Есептің мазмұнына сәйкес қажетті формулаларды жазып, түрлендірді
1
Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізді
Анализ және синтез (С)
4
1
Химиялық реакция теңдеулерін жазып теңестірді
1
Есептің шығару жолын түрлі әдістер арқылы көрсетті
1
Есептің жауабын теориялық негізде дәлелдеді
1
Есепті дұрыс орындап жауабын алды