7


  • Учителю
  • Химия 8 класс сабақ жоспарлары

Химия 8 класс сабақ жоспарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 класс. Химия. №1 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері. Химия ғылымы туралы қысқаша мағлұмат. химияның маңызы. Қауіпсіздік техникасына кіріспе.

Сабақтың мақсаты: оқушыларда "Химия", "Зат", "Химиялық элемент", заттар және олардың қасиеттері туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Заттар және физикалық дене, олардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы туралы білім беру.

2. Оқушылардың анализ жасау және ойлау дағдыларын, топта жұмыс жасай отырып, заттардың қасиеттерін зерттеудегі құзіреттіліктерін дамыту.

3. Оқушылардың пәнге қызығушылығын позитивті және тұрақты етіп қалыптастыруға әсер ету, білімге ынтасын көтеру.

Сабақ типі: жаңа материалды зерттеу және білімді бекіту.

Әдістер мен тәсілдер: әңгімелесу, көрнекілік, практикалық-логикалық байланысымен

Оқу қызметінің формалары: фронтальды, жеке, жұптық.

Сабақтың жоспары.

І. Қызығушылықты ояту.

ІІ. Мағынаны тану.

ІІІ. Толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту. Бүгін жаңа пәнді оқуды бастаймыз. Ол пән «химия» деп аталады. Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазыңдар да мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:

· Сіздерде «Химия» сөзі қандай ассоциация тудырады? Оны дәптерге жазамыз.

Оқушылар өз бетімен кесте толтырады:

Позитивті


Негативті

Адамдардың және жануарлардың қолданатын тағамдары;

Тыңайтқыштар;

Киім;

Дәрі-дәрмек;

Отын;

Құрылыс материалы; т.б.


Қоршаған ортаны ластау;

Адам, жануар, өсімдіктердің улануы, жойылып кетуі;

Алкоголь, наркотиктерді дайындау;

Жарылғыш заттар т.б.

Жасалынған тапсырманы оқушылармен бірге оқу, талқылау.

· "Негативті" деген тізімді азайтуға бола ма?

· "Химия" пәнін оқу қажет пе?

Біз физикалық денелердің ортасында өмір сүреміз. Бізді қоршаған табиғатты көптеген ғылымдар зерттейді.

· Қандай ғылымдарды осы уақытқа дейін оқыдыңдар?

Оқушылар жауабы: биология, экология, география, физика.

Осы ғылымдар нені зерттеді?

Оқушылар жауабы: Өлі табиғат денелерін-физика мен география, ал тірі табиғат денелерін - биология зерттейді. Экология тірі организмдердің бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Келесі сұрақты қоймас бұрын тәжірибе көрейік.

ІІ. Мағынаны тану. Мұғалім: қанттың физикалық қасиеттерін сипаттау, сосын химиялық қасиеттерін сипаттау үшін оны қыздыру.

- Қандай өзгерістер байқадыңдар?

- Химия нені зерттейді?

Қанттың физикалық қасиеттері

Қанттың химиялық қасиеттері

ақ, қатты, салмақты, тәтті дәмі бар, тағам ретінде қолданылады

балқиды, сұйық күйге айналады, қоңырланады, соңында қара ұнтаққа айналады, газға айналады.

Мұғалім: Қант қандай өзгерістерге ұшырады? Химия пәні нені зерттейді?

Оқушылар жауабы: Химия заттарды, олардың бір-біріне айналуын зерттейді. Қант химиялық өзгеріске ұшырап, басқа заттарға айналды.

Мұғалім: Химия пәні басқа жаратылыстану пәндері сияқты қоршаған ортаның, бүкіл табиғаттың сырын ашуға көмектеседі. Химия пәнін оқып, үйренудің арқасында тұрмыста кездесетін: су, ас тұзы, әр түрлі металдар, полимерлер, дәрі-дәрмектер, жанармай, әтір т.б. таныс боласыңдар. Сол сияқты экологиялық проблемаларды зерттеп, олардың шешу жолдарын іздейсіңдер. Сондықтан, сіздер аса қызықты химия пәнін оқуға кірісесіңдер(оқулықтағы параграф соңындағы деңгейлік тапсырмаларға, пәннен қандай дәптерлер арналатыны айтылады).

Заттар 7 млн.-нан астам.

- Сіздер заттар туралы не білесіңдер? Оқулықтың 5-6 беттерін оқып, мына кестені толтырыңдар (Екі жақты күнделік стратегиясы):

Сұрақтар

Тақыпытың негізгі түсініктері

Заттар неден тұрады?

Заттардың қасиеттері дегеніміз не?

Химия пәні нені қарастырады?

Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты?

Заттар денелерді құрайды.

Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады.

Химия пәні заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып, түрленуін қарастырады.

Химия ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасты.

Мұғалім: химия пәнінің басты міндетінің бірі-заттардың қасиеттерін зерттеумен қоса, оларды адам игілігіне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Әрбір заттың пайдасын анықтау үшін оның қасиеттерін жан-жақты зерттеу, сол сияқты қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін үйрену қажет.

ІІІ. Толғаныс. «Затты тап». Жұптық жұмыс. Оқушылардың әрбір жұбына тапсырма беріледі. Затты тауып, оның физикалық қасиеттерін сипаттау, қайда қолданылатынын айту керек.

«Химиялық сергіту» ойыны. Мұғалім заттар және физикалық денелерді атайды. Егер зат аталса, онда бірінші қатардағы оқушылар тұрады, ал егер физикалық дене аталса, онда екінші қатардағы оқушылар тұрады.

№1 тапсырма:

Заттар

Физикалық денелер

Оттегі

Су

Темір

Күкірт

Қант

Стакан

Ручка

Доп

Алма

Машина


№ 2 тапсырма. Мұғалім химиялық және физикалық айналуларды айтады, егер физикалық айналу айтылса, сол қолымызды, ал химиялық айналу аталса оң қолымызды көтереміз

Физикалық айналулар

Химиялық айналулар

Судың буға айналуы

Қанттың суда еруі

Киімнің кебуі

Машиннаның қозғалуы

Сүттің ашуы

Ағаштың жануы

Темірдің даттануы

Дем алу

Химия нені зерттейтінін кестемен көрсетеміз:

Химия зерттейді

Заттар

Заттардың айналуы

Табиғи

Жасанды

Табиғи жағдайда

Жасанды жағдайда

Кесте бойынша мысал келтір. Бір-бірін тексеру. "Кім артық біледі?"-ойыны. Жұптық жұмыс.

· Оқушылардың біреуі табиғи затты атаса, екіншісі жасанды затты атайды.

· Біреуі физикалық құбылысты, ал екіншісі химиялық құбылысты атайды. Кім артық айтса, сол ұтады.

Бағалау.

Үйге тапсырма. §1, оқу, 1-17 сұрақтарға жауап беру.

Қосымша әдебиеттерден химияның біздің өмірімізде, т.б. жерлерде қалай қолданылатынын тауып, айтып беріңіз. Немесе адам қызметінің ір түрлі саласында химияның қолданысы туралы презентация дайындаңыз.


8 класс. Химия. №2 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: СЖ №1.Химия зертханасы мен кабинетіде жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасының ережелері. Зертханалық жабдықтар мен ыдыстар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға химиялық эксперименттерді жасауда қауіпсіздік техникалық ережелерін басшылыққа алуды үйрету, зертханалық ыдыстарды дұрыс қолдана білу дағдыларын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

1. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы туралы білім беру.

2. Оқушылардың зертханалық ыдыстар мен құралдарды қолдану, оларды пайдалану туралы білімдерін дамыту.

3. Оқушылардың зертханада жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру, жұмыстың зиянсыз тәсілдерінің негізін үйрету, практикалық жұмысты дұрыс толтыру дағдысын қалыптастыру.

Сабақ типі: жаңа материалды зерттеу және білімді бекіту.

Әдістер мен тәсілдер: әңгімелесу, көрнекілік, практикалық-логикалық байланысымен

Оқу қызметінің формалары: фронтальды, жеке, жұптық.

Құрал-жабдықтар: спиртшам, сынауық, стакан, тамшуыр, құйғы, құты т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Қызығушылықты ояту.

ІІ. Мағынаны тану. ТҚ негіздері. Лабораториялық құрылғылармен жұмыс жасау тәсілдері. Жалынның құрылысы. Химиялық эксперимент техникасы: сүзу, қыздыру, буландыру.

ІІІ. Толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту. Мұғалім: химия теориялық оқыту және есеп шығарумен шектелмейді, сол сияқты оны түсіну үшін міндетті түрде тәжірибе жасап, эксперименттік жұмыстар жасау қажет. Оқушылар химия кабинетінде қандай заттар болады? Оларды қалай атайды? Химия кабинетінде қандай ережелерді сақтау керек? - сұрақтар қойылып, оқушылардан жеке, жұпта, топтағы жұмыстан соң, жауаптар алынады.

ІІ. Мағынаны тану. Оқушыларға мәтіндер беріледі (ЖИГСО стратегиясы). Оқушылар 1,2,3 деп санап топтарға бөлінеді. №1 топ "Химия кабинетіндегі реактивтер", №2 топ "Қауіпсіздік техникасының ережелері", №3 топ "Лабораториялық тәжірибелер" мәтіндерімен эксперттік топта танысады. Одан соң өздерінің топтарына келіп, эксперттік топтан алған ақпаратымен алмасады. Соңында бір оқушы түсінгенін айтады, қалған оқушылар толықтырады.

Химия кабинетіндегі реактивтер.

Химиялық лаборатория химия пәніне қажетті заттарды, ыдыстарды, құралдарды, қондырғыларды т.с.с. сақтауға арналған. Химия кабинетінде арнайы химиялық үстел, тәжірибе орындауға арналған биік үстел, газдарды соратын тартпа шкаф болады. Сонымен қатар химия кабинетіне сырттан суық және ыстық су, газ, электр тогы келіп тұрады. Химия кабинетіндегі және лабораториядағы заттар реактивтер деп аталалады. Олар шыны ыдыстарға салынып, не құйылып, ыдыстың сыртында аты жазылып тұрады. Химия кабинетінде орындалатын жұмыстар мұғалімнің немесе лаборанттың көмегімен өткізіледі. Химия кабинетінде жұмыс жасамас бұрын оқушы алдын-ала ережемен танысқаны жөн. Көптеген химиялық заттардың күйдіретін қасиеті бар, ол адам терісін күйдіруі мүмкін. Газдардың иісінен уланып қалуға болады. Қатты заттардың ішінде де улы заттар аз емес. Әсіресе көптеген химиялық заттардың оңай тұтанып өрт шығару, тіпті қопарылу қаупі бар.

Қауіпсіздік техникасының ережелері.

1. Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс жасау керек.

2. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын әрбір заттың қасиетін білу керек.

3. Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін: қобдишаны, көз жуатын айдалған су, өрт сөндіргіш, құм, қан тоқтатқыш қоспа, йод т.б. қайда тұратынын дәл білген жөн.

4. Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын, көзілдірік, газтұтқыш киіп алғаны дұрыс.

5. Тәжірибеге кірісер алдында үстел үстінен артық дүниелерді алып тастаған дұрыс.

6. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласына мұқият қарап, іздеген затың сол ма анықтап ал.

7. Реактивтивтерді қолмен ұстауға, дәмін тауға болмайды. Газ тәрізді заттың иісін білу үшін мұрыннан алыс ұстап, желпу керек.

8. Реактив бар ыдыстың аузына үңілмеу керек, сынауықтың аузын оқушы өзіне немесе жанындағы оқушыға қаратпайды.

9. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салмайды.

10. Тәжірибеге қажет заттарды мейлінше аз әрі дәл мөлшерде алу керек.

11. Қышқылдар немесе сілтілермен жұмыс жасағанда сақ болыңдар!Егер реактив киімге немесе денеге тисе, сумен көбірек шайып жіберу керек.

12. Лабораторияда немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, қатты сөйлеуге болмайды.

13. Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықтарды, реактивтерді, құралдарды өз орындарына қою керек.

14. Химия кабинетінен шығар алдында суды тоқтатқаныңа, газды өшіргеніңе көз жеткіз.

15. Газ жанарғысымен, спиртшаммен, электрқыздырғыштармен жұмыс жасау ережесін білген дұрыс.

Лабораториялық тәжірибелер.

Химиялық лаборатория мен кабинеттің ішіндегі құрал-жабдықтармен танысқан соң мұғалім не лаборанттың көмегімен практикалық жұмыстарды орындауға болады. Бұл жұмыстарды орындау кезінде сан алуан химиялық ыдыстар, құрал-жабдықтармен кездесесіңдер. Солардың ішінде ең көп қолданатындарымен танысайық: химиялық стакандар, құтылар, мойнақтар, кристалдағыштар, сынауықтар, тамшуыар, өлшеуірлер, сағат беттері, табақша, қасық, қысқыштар т.б. Реактивтерді стаканғағ сынауыққа немесе құтыға салып не құйып пайдалануға болады. Құйғы сұйықтарды бір ыдыстан екіншісіне құю үшін қолданады. Осылайша басқа да химиялық ыдыстар мен құралдар, олардың атқаратын қызметімен біртіндеп танысасыңдар.

Толғаныс: №1 топ "Химия лабораториясында өмір сүру" ережесін жасайды, №2 топ "Химия кабинетінің қауіпсіздік ережелері" кесте толтырады, №3 топ"Менің болашақ химиялық арманым"-эссе жазу.

Оқушылар жасаған ереже:

- Егер сіздің қолыңызда сұйық зат болса, төгіп алмаңыз, порошок тәрізді зат болса, шашпаңыз, газ болса, сыртқа шығарып жібермеңіз.

- Егер светті, газды қоссаңыз, сөндіріңіз.

- Суды ағызсаң, жап.

- Егер ыдысты ашсаң, жап.

- Егер құралды шашсаң, жина.

- Ал егер жинай алмасаң, көмекке шеберді шақыр.

- Егер бір құралды пайдалансаң оны таза ұста.

- Егер бір нәрсені бүлдірсең статус квоға келтір.

- Егер бір нәрсені қозғасаң, орнына қой.

- Егер біреудің затын пайдаланғың келсе, рұқсат сұра.

- Егер бір құралды қалай қолданатынын білмесең, пайдаланба.

- Егер ереже білмесең, лабораторияға кірме.

Ф-ла: "Химия лабораториясында өмір сүру" ережесі = парасат + Қауіпсіздік ережелері

Оқулықтың 202-203 беттерін оқып, мына кестені толтыр:

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері.

Болмайды!!!


Болады



Былай жасау керек!


1.Тәжірибеге кірісер алдында үстел үстінен артық дүниелерді жату

Химия кабинеті-нен шығар ал-дында суды тоқтатқаныңа, газды өшіргеніңе көз жеткізуге

Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс жасау керек.


2.Реактивтивтерді қолмен ұстауға, дәмін тауға бол-майды

Тәжірибеге қажет заттарды мейлін-ше аз әрі дәл мөлшерде алуға болады.

Алдымен әрбір орындалатын жұ-мыспен танысып, ондағы қолданы-латын әрбір зат-тың қасиетін білу керек


3.Реактив бар ыдыстың аузына үңілмеу керек, сынауықтың ау-зын оқушы өзіне немесе жанын-дағы оқушыға қаратпайды.

Реактив салынған ыдыстың сыр-тында жазылған заттың формула-сына мұқият қарап, іздеген затың сол ма анықтап алуға болады.

Кабинетте жұмыс кезінде қауіпсіз-дікті қамтамасыз ететін: қобдиша-ны, көз жуатын айдалған су, өрт сөндіргіш, құм, қан тоқтатқыш қоспа, йод т.б. қайда тұратынын дәл білген жөн


Лабораторияда немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, қатты сөйлеуге болмай-ды

Егер реактив киімге немесе денеге тисе, сумен көбірек шайып жіберуге болады

Газ тәрізді заттың иісін білу үшін мұрыннан алыс ұстап, желпу керек.


Бағалау.

Үйге тапсырма: 1. "Қауіпсіздік ережесін жаттау, құрылғылардың суретін салып, аттарын жазу.


8 класс. Химия. №3 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Заттар және олардың физикалық қасиеттері.Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту. К.№1(1.1)

Сабақтың мақсаты:

Таза заттар мен қоспалар туралы түсік беру, оларды бөлу жолдарын зерттеу.

Сабақтың міндеттері:

- таза затта мен қоспалар туралы, олардың классификациясы түсінік қалыптастыру, қоспаларды бөлу жолдарымен таныстыру;

- демонстрациялық және лабораториялық эксперимент негізінде байқағыштық және қорытынды жасау дағдыларын жетілдіруді дамыту;

- пәнге қызығушылығын қалыптастыруды, техникалық қауіпсіздік ережелерін меңгеруді жалғастыру.

Сабақ типі: жаңа материалды меңгеру

Әдістер мен тәсілдер: әңгімелесу, көрнекілік, практикалық-логикалық байланысымен

Оқу қызметінің формалары: фронтальды, жеке, жұптық.

Құрал-жабдықтар: спиртшам, сынауық, стакан, тамшуыр, құйғы, құты т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Қызығушылықты ояту. "Миға шабуыл" стратегиясы. Оқушыларға сұрақтар беріліп, жеке, жұпта жұмыс жүріп, олардың жауаптары тыңдалады.

ІІ. Мағынаны тану. Оқушылар "Таза заттар" мәтінімен "Түртіп алу" стратегиясын пайдаланып танысады.

ІІІ. Толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту. Тақырыпқа кіріспе. Химия пәні нені зерттейді? (Заттар және олардың қасиеттерін). Физикалық дене дегеніміз не? Зат дегеніміз не? Заттардың қандай маңызды физикалық қасиеттерін білесіздер? Бүгін столдың үстінде тұрған заттарға қараңыздар. Қалай ойлайсыздар сіздерге таза заттар берілген бе, әлде олар бір нәрсемен қосылған ба? (қоспалар берілген). Таза зат дегенді қалай түсінесіздер.

ІІ. Мағынаны тану. Мұғалім сөзі (проблемалық сұрақтар қоя отырып әңгімелесу). Таза заттар мен қоспалар туралы білімді әңгімелесу негізінде актуализациялау. Мұғалім демонстрациялық үстелдегі және слайдтағы қоспаларды қарап, танысуды сұрайды. Одан соң табиғатта мүлдем таза заттардың болмайтыны туралы қосымша түсінік береді. Мұғалім қоспаларға мысал келтіреді, оқушылар дәптерлеріне жазады: ауа, теңіз суы, металл балқымалары, түтін, тұман, ерітінділер т.б. Ауаның құрамында: азот, оттегі аргон т.б. газдардың қоспасы болады. Оқушыларға бірнеше қоспалар беріледі де олардың айырмашылығын айту сұралады. Одан соң қоспалардың классификациясы қарастырылады. Оқушыларға гранит берілген. Ол қоспа ма, әлде таза зат па? (қоспа). Сіздер қалай білдіңдер? (Граниттің құрылымы түйірлі, онда кварцтың, слюданың, дала шпатының бөлшектері көрінеді.). Ап мына лай сұйықтық су мен саздың қоспасы. Саздың бөлшектері жай көзге көрініп тұр. Дегенмен сыртқы түріне қарап, барлық уақытта алдымызда таза зат немесе қоспа тұрғанын ажырату қиын. Мысалы, сүт бізге біртекті секілді көрінеді, бірақ микроскоппен қарасақ оның ерітіндіде жүзіп жүрен май тамшылары, белок молекулынан тұратыны көрінеді. Сіздер қалай ойлайсыздар жаңбыр суы таза зат па? Алдарыңызда мөлдір сұйықтығы бар екі стакан тұр, біреуінде су, ал екіншісінде суда еріген қант бар. Қанттың бөлшектерін жай көзбен түгел, кейбір микроскоппен де көруге болмайды. Сонымен, қоспалар әр түрлі болады. Сыртқы түріне қарап, қоспаларды қандай екі топқа бөлуге болады? (Біртекті, әртекті). Қандай қоспалар әртекті деп аталады? (Әртекті қоспаларды құрайтын бөлшектер жай көзбен немесе микроскоп көмегімен көрінеді). Қандай қоспаларды біртекті деп атауға болады? (Құрайтын бөлшектерін тіпті микроскоппен де көре алмасақ, оларды біртекті қоспалар деп атаймыз).

Оқушыларға "Таза заттар" мәтіні беріліп, "Түртіп алу" стратегиясын пайдаланып танысу сұралады.

Таза заттар.

Алюминий пластикалық металл. Ал өткен ғасырда алюминийден сым тарту мүмкін емес деп ойлады. Ол уақытта таза металп емес, оның ластанған қоспасымен таныс болған. Сондықтан осы себепті хромды сынғыш металл деп есептеген, оны қашан құрамында 10-5% ұоспасы бар түрінде көрмегенше осылай ойлаған, ал кейін оның майысқақ екендігі анықталды. Адамдарға барлық уақытта таза заттар керек пе? Олар қандай жерлерде керек? Өте таза заттар атом энергетикасында, жартылай өткізгіш өндірістерде, шыныталшықтық оптикада қажет. Ғылыми зерттеулер мен өндірістерде, медицинада, криминалистикада, археологияда т.б. негізінен таза заттар қажет етіледі. Сондықтан химияның ең маңызды міндеттерінің бірі таза заттарды алу болып табылады. Оларды синтездеу арқылы немесе қоспаларды бөлу арқылы алуға болады. Кейбір қоспалар аз мөлшерде ақ заттардың қасиеттерін өзгерте алады. Мысалы, жартылайөткізгіштік техникаларда аса таза заттарды қолданады, ондағы қоспалар мөлщері негізгі элемент (Si, Ge) миллион атомына 1 атом келеді. Егер бұл нормадан асса жартылайөткізгіштің қасеттері бұзылады. Сонымен қатар абсолют таза заттарды алу мүмкін емес екенін де айта кеткен дұрыс, өйткені ең таза заттың құрамында да аз да болса қоспа болады. Демек, табиғатта абсолют таза зат жоқ. Қазіргі химияда, құрамында 10-10% қоспасы бар аса таза заттарды алуды үйренген. Бұл заттарда 300 миллиард атомға втек қана 1 атом қоспа келеді. Таза затқа мысал - дистилденген су. Абсолют таза суды алу ешкімнің қолынан келмеді. Тіпті стаканға құйылған су да біртіндеп сосудтың қабырғасын еріткен.

Мұғалім слайдтан тәжірибе көрсетеді. Онда екі ыдыста қайнағанға дейін теңіз суы мен дистилденген суды қыздырады. Белгілі бір уақыттан соң ыдыстардағы қайнау температураларын өлшейді. Оқушылар эксперименттердің нәтижелерін талдайды. Мұғалім проблемалық сұрақты қояды: «Неге теңіз суының tқайн. температурасы әр түрлі уақытта дистелденген судың tқайн. температурасына қарағанда әр түрлі? Оқушылар қорытынды жасайды, себебі теңіз суының тұздылығы оның tқайн. температурасына әсер етеді. Мұғалім көмегімен анықтама жасалынып, дәптерге жазылады.

Таза заттар тұрақты физикалық қасиеттері бар заттар (қайнау температурасы, балқу температурасы, тығыздығы). Табиғатта абсолют таза зат болмайды. Таза затта қоспалар өте аз мөлщерде болып, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне әсер етпейді.

Қоспаларды бөлу жолдары.

Затты сипаттау үшін оның құрамын зерттейді. Оны химиялық анализ (аналитикалық химия), әдісімен анықтап, одан соң тазарту және қоспаларды бөлу жұмысы жүргізіледі. Педагог оқушылардың көңілін қоспалардың өзіндік ерекшелегіне аударады "Қоспаларда оны құраушылардың әрқайсысы өзінің жеке қасиеттерін сақтайды", оны растау үшін тәжірибе көрсетіледі. Біз сіздермен қоспаларды бөлу әдістерімен танысамыз. Олардың кейбіреулері күнделікті өмірден, биология курсынан белгілі. Сондықтан біздің міндетіміз сіздердің қоспаларды бөлу туралы білімдеріңізді кеңейтіп, жүйелеу. Демонстрациялық тәжірибе «Өсімдік майы мен су қоспасын бөлу».

Алдарыңызда тұрған қоспаның типін анықтаңдар (әртекті). Май мен судың физикалық қасиеттерін салыстыр. (Бұлар сұйық бір-бірінде ерімейтін, әр түрлі тығыздықтағы заттар). Берілген қоспаны бөлетін әдісті ұсыныңдар. (Оқушылар ұсынысы). Бұл әдіс тұндыру деп аталады. Оны бөлгіш оймыш көмегімен жүзеге асырады.

ІІІ. Толғаныс. Лабораториялық тәжірибе «Қоспаларды бөлу».

Енді, балалар өздеріңіздің жұмыс орындарыңызға назар аударыңдар. Сіздерге қоспалар берілген. Бірінші қатардағы оқушыларға темір және күкірт, екінші қатарға құм мен су, үшінші қатардағыларға мыс сульфаты (II) және су қоспалары берілген. Сіздерді жұпта жұмыс жасауға шақырамын. Сіздердің міндеттерің өздеріңе берілген қоспаларды қандай әдістермен бөлетіндеріңді анықтаңдар. Тәжірибені жүргізу үшін үстел үстінде жатырған нұсқауды пайдаланыңыздар. (Техникалық қауіпсіздік ережесі, қоспаларды бөлу әдістері). Жұпта 3 минут жұмыс жасайды. Топтардың есептері және қорытынды кестені толтыру.

Бірінші қатар. Бізге темір мен күкірттің әртекті қоспасы берілді. Бұл қоспаны тұндыру арқылы бөледі, өйткені темір мен күкірт суда ерімейтін қатты заттар. Егер бұл қоспаны суға салса, күкірт су бетіне қалқып шығады да, ал темір батып кетеді. Сол сияқты бұл қоспаны магнит көмегімен бөлуге болады, темір магнитке тартылады, ал күкірт қалы қояды.

Қоспаны бөлудің түрі

Бұл әдіс неге негізделген?

Қоспа түрі

Бөлу түрі

1

Тұндыру

Қатты заттар суда ерімейді, себебі олардың тығыздығы әр түрлі

Темір және күкірт қоспасы

Темірді магнитпен тарту

2

Фильтрлеу, сүзу

Сұйықты олардың құрамындағы ерімейтін қатты қоспалардан бөлу, сұйықтықтың молекулалары сүзгі поралары арқылы өтеді, ал ірі бөлшектері сүзгіде қалып қояды.

Теңіз құмы мен су


3

Буландыру


Қатты еритін затты ерітіндіден бөлу, қыздырғанда су буланады, ал қатты зат кристалдары қалып қояды.

Тұз бен су


4

Дистилляция

Тұздарды алдымен буландырып, одан соң конденсациялау арқылы бөлу

Теңіз суы


5

Хромотография

Әр түрлі жылдамдақта бір заттың екінші затты жұтуы

Сия мен су, дәрі және су


Екінші қатар. Бізге су мен құмның қоспасы берілді. Бұл әртекті қоспа. Біз оны фильтрлеу арқылы бөлдік.

Үшінші қатар. Бізге тұздың судағы ерітіндісі берілген. Бұл біртекті қоспа. Біз оны буландыру арқылы бөлдік.

Қандай құралдар қолдандыңдар? Атаңдар.

Мұғалім: сол сияқты біртекті қоспаны бөлудің тағы да басқа жолдары бар. Солардың бірі дистилляция және хроматография. Мұғалім: бүгін бізде қонақта химиялық анализ лабораториясының ғылыми қызметкері отыр, ол бізге хроматография әдісінің мәнін айтады. (Оқушы кесте бойынша «Хроматографиялық колонканың құрылысы»). Қызметкердің сөзі және хроматограмм видеосюжетін көрсету. Хроматографиялық әдіс қазіргі уақытта ғылымда да, өндірісте де кең қолданылады. Оны 1903 орыс зерттеушісі, профессор, ботаник Михаилом Семеновичем Цвет ұсынды. Әдістің мәні мынада. Шыны түтікті баған деп атайды, адсорбентпен толтырады. Қатты (сіңетін фаза, қозғалмайтын фаза) ол арқылы зерттелетін ерітіндіні жібереді (қозғалмалы фаза). Сұйық және қатты фазалар қосылғанда еріген заттарды қатты заттар жұтатын сорбция (сіңу) жүреді. Ерітіндіні жоғарыдан төмен қарай еріген заттың ауырлық күшімен баған бойымен жібергенде түсті зоналары әр түрлі биіктікте бөлінеді, олардың әрқайсысы белгілі бір бөлікті алады. Бұлай жүретін себебі адсорбцияға қабілеті жоғары заттар (жұтылатын), бағанның жоғары жағында орналасады, ал аз қабілетті заттар төменгі жағында орналасады. Спектрдегі осындай түстің сәулелері секілді күрделі ерітіндінің әртүрлі компоненттері бірінен соң бірі адсорбент бағанасында сапалық және мөлшерлік анықтауға жетімді болады. Осындай препаратты М.С.Цвет хромотаграмма деп атады. Ал оған сай анализ әдісін хроматографиялық әдіс деп атады. Бұл әдіс тамақ өндірісінде технлогиялық бақылау, органикалық синтезде, дәрілік заттар, антибиотиктер, гормондар, витаминдер алу үшін, химия, атом, мұнай өндіру, газ өндірісі, криминалистикада, ғылыми және таңдамалы бағытта қолданады.

Сонымен, балалар біз заттарды тазартудың негізгі жолдарымен таныстық. Қоспада заттар қасиеттерін сақтай ма? (қоспаларды бөлу олардың құрамындағы заттардың физикалық қасиеттеріне негізделген, қоспада заттар өздерінің жеке қасиеттерін сақтайды).

Сабақты қорытындылау. Балалар, бүгін сабақта не үйрендіңдер? Не туралы білдіңдер? Қоспаларды бөлу не үшін керек?

Үйге тапсырма. §2,3. «Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту». Параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал