7


  • Учителю
  • Разработка по химии 'Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны мен құрылысы'

Разработка по химии 'Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны мен құрылысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 9 А

Пәні: Химия

Сабақтың тақырыбы

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны мен құрылысы

Сілтеме

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау; Н.Нұрахметов 9 сынып

Жалпы мақсаты

Оқулықпен жұмыс жасай отырып, теориялық білімін шығармашылықпен қолдану. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Оқу нәтижелері

Бейметалдардың период бойынша, топ бойынша қасиеттерінің өзгеруін түсіндіру

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Көпшілік бейметалдар периодтық жүйенің 4-7 негізгі топшаларында орналасқан. Әр период тотықтырғыш қасиеті айқын білінетін галогеннен кейін орналасқан салғырт газдармен аяқталады.

Сабақ типі

Жаңа материалды меңгеру

Өтілу әдістері

Сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, кубизм, топтастыру әдістері

Көрнекіліктер

Периодтық жүйе, кестелер, интерактивті тақта, слайдтар

Тапсырмалар

Қызығушылықты ояту. Интерактивті тақтада «Өз орныңды тап» кестесімен жұмыс.

1. Топтық жұмыс

2. Мәтінмен жұмыс

3. Ой толғаныс



Сабақ барысы:

Қызығушылықты ояту. (3 мин)

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді (элементтер бойынша).

Интерактивті тақтада «Өз орныңды тап» кестесімен жұмыс.

1-тапсырма: Топтық жұмыс (10 мин)

1-топ: Металдарға тән қасиеттерді топтастырыңдар.

2-топ: Бейметалдарға тән қасиеттерді топтастырыңдар.

3-топ: Бейметалдардың периодтық жүйеде орналасуы бойынша кестені толтырыңдар.

2. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс (12 мин)

Бейметалдардың химиялық қасиеттері.

1-топ: күкірттің сутегімен

2-топ: натрийдің хлормен

3-топ: күкірттің оттегімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

Интерактивті тақтада үш топ бейметалдарды агрегаттық күйіне қарай жіктейді.



3.Ой толғаныс. (12 мин)



Дидактикалық тапсырмалар.



1-топ: Өзгерістерді жүзеге асырыңдар:

2-топ: 3-период бойынша бейметалдардың оксидтерінің формуласын құрыңдар. Бейметалдардың тотығу дәрежелерін көрсетіңдер.

3-топ: Элементтерді анықтаңдар: a) 2e, 8e, 18e, 6e b)2e, 8e, 7e c 2e, 8e, 8e d 2e,8e, 5e.

Сабақты бекіту (3 мин)

Кубизм әдісі бойынша кубтың қай қыры түссе, сол сұраққа жауап береді.

1. Бейметалдардың физикалық қасиеттері.

2. Бейметалдарды металдармен салыстыру.

3. Бейметалдардың агрегаттық күйі.

4. Бейметалдардың электртерістігі

5. Қолданылуы (галогендер, салғырт газдар)

6. Бейметалдардың химиялық қасиеттері.



Қорытынды (5 мин)

Венн диаграммасы бойынша металдар мен бейметалдардың өздеріне тән қасиеттерін және ортақ қасиеттерін интерактивті тақтаға жазу.



Үйге тапсырма: 9; 5,7 - есептер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал