7


  • Учителю
  • Урок на тему Химические реакции

Урок на тему Химические реакции

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: §5«Химиялық реакциялардың белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын түсіндіру, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен таныстыру, химиялық реакцияның басталуы мен жүру барысының жағдайын және химиялық реакцияның негізгі белгілерін бақылауға үйрету, химиялық сауаттылық, химиялық дағдыны оқушы бойына сіңіру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеру барысында топпен, өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Бақылау, салыстыру, қорытынды жасау, химиялық реактивтер мен құрал - жабдықтармен жұмыс істеуді дамыту.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Тақырыпты түсіндіру, сұрақ - жауап, зертханалық тәжірибелер, тест.

Керекті құрал - жабдықтар: спиртшам, химиялық стакан, шыны тақша, сынауықтар, тұрғы, ағаш шырпы, сіріңке.

Керекті реактивтер: аммоний дихроматы ерітіндісі, натрий гидроксиді, натрий карбонаты, тұз қышқылы, мыс сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, калий радониді, күміс нитраты.

Көрнекілік құралдары: презентация, компьютер.

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (10 мин)

ІV. Бекіту кезеңі. (18 мин)

V. Үй тапсырмасын беру (1 мин)

VІ. Бағалау. (2 мин)



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.



II.Үй тапсырмасын сұрау

§4. Физикалық және химиялық құбылыстар.





Бұл кезеңінде 3 қатарда отырған оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстар жөнінде берілген карточкалар таратылады. Әр топ соңыңда отырған оқушыдан алдыға қарай бір сұраққа жауап беріп жібереді.

1 - топ. Күнделікті тұрмыста мал сүтін былай өңдейді:

А) сүтті әуелі сүзіп тазартады;

Ә) сосын жылытады;

Б) сүт машинасынан өткізіп қаймағы мен «көк сүтке» айналдырады;

В) қаймақты бұлғап, майға айналдырады;

Г) ал «көк сүтке» ұйытқы салып ұйытып, майсыз айранға айналдырады.

Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?

2 - топ. Айраннан жасалатын құртты былай дайындайды:

А) мал сүтін сүзеді;

Ә) сүтті пісіреді;

Б) ұйытқы қосып, жылы жерге қойып айран ұйытады;

В) Түзілген айранды әуелі дорбаға құйып, сары суынан сүзіп, бөліп қатық алады;

Г) алынған сүзбені тұз қосып араластырып, дөңгелек пішінге келтіріп кептіреді.

Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?

3 - топ.

А) Бір тамшы су тас теседі;

Ә) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;

Б) Күзгі жапырақтың сарғаюы немесе қызаруы;

В) Жайған кірдің кебуі.

Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Химиялық құбылыстарды физикалық құбылыстардан ажырату үшін оларға тән белгілермен танысайық. Физикалық құбылыс дененің пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеруі арқылы іске асады, ал химиялық құбылыс бір заттың екінші затқа айналуымен сипатталады. Химиялық реакция нәтижесінде бастапқы заттарға тән сыртқы белгілер: агрегаттық күйі, түсі, ірілі - ұсақтығы, иісі, т. т. өзгеріп, жаңа заттарға тән белгілер пайда болады.

Химиялық реакцияның негізгі белгілері:

1. Жылудың бөлінуі/ allocation of heat

2. Тұнбаның түсуі/ loss of deposit

3. Газдың бөлінуі/ liberation of gas

4. Түсінің өзгеруі/ change in color

5. Жарықтың бөлінуі/ allocation of light

6. Иістің пайда болуы/ variation of a smell

Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл - ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері келесі тәжірибелер арқылы дәлелдене түседі.



Тәжірибелер көрсету:

№--------- Бастапқы заттар ----------------------------------------------- Реакция белгісі

1 ---------- Крахмал + иод

2 ---------- Ас содасы + сірке қышқылы (лимон қышқылы)

3 ----------- Сүт + лимон қышқылы

1. Калий радониді мен темір (ІІІ) хлориді;

2. Күміс нитраты және тұз қышқылы;

3. Аммоний дихроматын термиялық ыдырату;

4. Натрий гидроксиді мен мыс сульфаты;

5. Натрий карбонаты мен тұз қышқылы.



Көрсетілген тәжірибелер бойынша кестені толтыру:

№--- Бастапқы заттардың белгілері --- Реакция белгісі ---- Алынған заттардың белгісі

1

2

3



Сабақты бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Физикалық құбылыс -

А. Денелерді құраушылар

В. бір зат екінші бір затқа айналады

С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді

2. Химиялық құбылыс -

А. Денелерді құраушылар

В. бір зат екінші бір затқа айналады

С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермиді.

3. Химиялық құбылысты тап

А. мыс пластинкасын қыздырғандағы оның қараюы

В. қантты ұнтақтау

С. мұздың еруі

4. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатады:

А. судың булануы;

В. тұнбаның түсуі;

С. қыраудың қатуы.

5. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатпайды:

А. тұнбаның түсуі;

В. газдың бөлінуі;

С. агрегаттық күйінің өзгеруі.



Химиялық терминология бойынша тапсырманы орындау:

1. Химиялық құбылыс ---------- А. loss of deposit

2. Физикалық құбылыс --------- В. Physical change

3. Химиялық реакция ----------- С. Sings of chemical reaction

4. Тұнбаның түсуі ---------------- D. Chemical change

5. Газдың бөлінуі ---------------- E. variation of a smell

6. Иістің шығуы ----------------- F. Chemical reaction

7. Химиялық реакциялардың белгілері --------- G. liberation of gas

III.Жаңа сабақ:





Урок на тему Химические реакции

Олай болса, кез келген химиялық реакцияның басты белгісі - жылудың (энергияның) бөлінуі немесе сіңірілуі.

Урок на тему Химические реакции

Демек, тұнбаның түсуі химиялық реакция өнімдеріне тән белгілердің бірі.

Урок на тему Химические реакции

Реакцияның жүру жағдайлары:

1. Қатты заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін оларды ұнтақтау керек, сонда олардың жанасу бетінің ауданы артады.

2. Газ күйіндегі заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін сығып, көлемдерін азайтып, көлем бірлігіндегі бөлшектердің санын арттыру қажет.

3. Ерітінділердің арасында жүретін реакцияларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін ерітіндідегі еріген заттардың мөлшерін арттыру керек.

4. Қайсыбір реакциялар тек қыздырғанда немесе жарықпен әсер еткенде ғана жүреді.

5. Кейбір заттар реакцияның жүруін тездетеді, олар - өршіткілер (катализаторлар), ал тежесе - ингибитор деп аталады.

Химиялык реакциялар өндірісте әр түрлі халық шаруашылығына қажетті өнімдер алуға мүмкіндік береді: тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары, жанар және жағар майлар, бояғыш заттар, металдар, пластмассалар, талшықтар, каучуктер</</b>, т.б.





IV.Жаңа сабақты бекіту:

  1. Физикалық құбылыстан химиялық құбылыстың қандай басты айырмашылығы бар?

  2. Жылу бөле жүретін химиялық реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

  3. Автомашина қозғалтқышындағы (двигателіндегі) жанармайдың жануын химиялық реакцияға жатқызуға бола ма? Неліктен?

V. Үй тапсырмасын беру.

§5 «Химиялық реакциялардың белгілері.

Оқып түсініп айту. Тақырып артындағы сұрақтарға жауап беру. Дәптерге термин сөздерді жазу.



VI. Бағалау.

Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал