7


  • Учителю
  • Конспект по химии на тему 'Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері' (8 класс)

Конспект по химии на тему 'Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:§48 Тұздардың жіктелуі,алынуы,химиялық қасиеттері.

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың тұздар жайлы алған білімдерін еске түсіру

арқылы, жіктелуі,алыну жолдары ,қасиеттері жайында түсінік

қалыптастыру.

Дамытушылық:Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін , химиялық

сауаттылығын,ойлай білу дағдысын дамыта отырып

оқыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың дүниетанымын,өзіне қажетті білімді өзі іздеп

тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Оқушының тұлғалық

қалыптасуын дайындау арқылы,қышқылдардың

өмірде,тұрмыста,қолдануын білуге тәрбиелеу.

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Түрі: Демонстрациялық

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Көрнекілігі:Слайдтар, интерактивті тақта,реактивтер т.б

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жана сабақты түсіндіру

4.Жана тақырыпты бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6.Бағалау

1.Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.


Жалпы сынып оқушыларымен жұмыс.

(үй тапсырмасы)


Топпен жұмыс.

І топ тапсырмасы. 1. Мына заттардың ішінен оксидтерді теріп

жазыңдар. Н2SO4, Fe2O3, H2CO3, HCl, MgO,

H2S, HNO3, HBr, CaO, N2O5, H3PO4, HJ.

2. Массасы 5,6 г калий гидроксидін

бейтараптауға қажет күкірт қышқылының

массасын есептеңдер.

Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау.

3. Сынауыққа күкірт қышқылын құйып алып,

үстіне мырыш ұнтағын салыңыз. Не

байқалды?

ІІ топ тапсырмасы. 1. Мына заттардың ішінен оттекті

қышқылдарды теріп жазыңдар. Н2SO4,

Fe2O3, H2CO3, HCl, MgO, H2S, HNO3,

HBr, CaO, N2O5, H3PO4, HJ.

2. 20 г магний оксиді азот қышқылымен

әрекеттескенде неше грамм тұз түзіледі?

3. Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау.

Сынауыққа күкірт қышқылын құйып

алып, үстіне темір шеге салыңыз. Не

байқалды?

ІІІ топ тапсырмасы. 1. Мына заттардың ішінен оттексіз

қышқылдарды теріп жазыңдар. Н2SO4,

Fe2O3, H2CO3, HCl, MgO, H2S, HNO3,

HBr, CaO, N2O5, H3PO4, HJ.

2. Массасы 7,1 г фосфор (V) оксиді судың

артық мөлшерімен әрекеттескенде

түзілетін ортафосфор қышқылының

массасын табыңдар

3. Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау.

Сынауыққа күкірт қышқылын құйып

алып, үстіне мыс сымын салыңыз. Не

байқалды?

Ой сергіту:

Сыныптан бір шықпайды,

Тимесең жұқпайды.

Жәрдемінсіз бұл заттың,

Оқушы сабақ ұқпайды?

(CaCO3 кальций карбонаты, бор, мәрмәр).

Тұздар

дегеніміз - металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

Мысалдар: Аl2(SO4)3, Na3PO4, Сa(NO3)2.

Тұздардың жіктелуі

  • Орта тұздар- қышқыл құрамындағы барлық сутек атомы металл атомдарына алмасқандар.

мысалы: Na2SO4 натрий сульфаты,

K2CO3 калий карбонаты.

  • Қышқылдық тұздар -қышқыл құрамындағы сутек атомдары түгел алмастырмағандар.

мысалы: СаHPO4 кальций гидрофосфаты,

NaH2PO4 натрий дигидрофосфаты.

  • Негіздік тұздар -негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмағандар жатады.

  • мысалы: MgOHCl магний гидроксохлориді,

Аl(OH)SO4алюминий гидроксосульфаты.

Тұздарды алу жолдары

Тұздардың қолданылуы.

Жаңа сабақты пысықтау

Тұздарды жіктелуіне қарай орналастыру

Берілген тұздардың формулаларын олардың жіктелуіне

1-ші тпасырма: сәйкесжазыңдар: калий хлориді, натрий фосфаты, натрий гидрофосфаты, магний хлориді, магний гидроксохлориді, хром (ІІІ) сульфаты, калий гидрокарбонаты, калий нитраты, натрий сульфаты, aлюминий гидроксосульфаты.

Орта

Қышқылдық

негіздік

2-ші тапсырма: Сәйкестендіру тесті

3-ші тапсырма: Есептер шығару

1. 5,4 г алюминий оттекпен әрекеттес-кенде түзілген алюминий оксидінің массасы қандай болатынын есептеңдер.

2. 7,65 г барий оксиді сумен әрекеттескенде барий гидроксидінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.

3. 120 грамм 15 % тұз ерітін-дісін дайындау үшін қанша тұз және қанша су керек ?

Қорытындылау: Тест тапсырмалары

1. Металл таңбасын көрсетіңіз:

A)Na B)C C)F D)H

2. 2NaOH+H2SO4=…….+…….; реакциясының өнімдерін және олардың алдындағы коэффиценттерін көрсетіңдер:

A) 2Na2SO4+2H2; B) 2Na2SO4+2H2O;

C) Na2SO4+2H2O; D) Na2SO4+H2O

3. Орта тұзды анықта:

A) барий хлориді B) натрий гидросульфаты

C) магний гидроксохлориді D)натрий дигидро ортофосфаты

4. NO3 - қышқыл қалдығының атауы.

А) хлорид В) сульфат С) нитрат Д) карбонат

5.Тұздар дегініміз не?

А) металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

В) біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс.

С) металл атомдары гидроксотоппен қосылған күрделі заттар.

Д) сутек атомы және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

6. Тұздарды алу реакциялары теңдеулерінің ішіндегі алмасу реакциясы?

A) Н2SO4 +NaOH= Na2SO4+H2O; B) CaCO3→CaO+CO2

C) 2Mg+O2=2MgO D) 2NaBr+Cl2=2NaCL+Br2 ;.

7. Тұздың формуласы?

A) AgCl B) Na2O C) Ba(OH)2 D) H2SiO3

8. Негіздік тұздың формуласы:

A) барий хлориді B) натрий гидросульфаты

C) магний гидроксохлориді D)натрий дигидро ортофосфаты

9. Қышқылдық тұздың формуласы.

А) натрий карбонаты В) кальций гидрофосфаты

С) магний гидроксохлориді Д) натрий сульфаты

10.Тұздарды алу реакциялары теңдеулерінің ішіндегі орынбасу реакциясы?

А) Fe + CuSO4= FeSO4+ Cu В) BаСl2 + Na2SO4 = BаSO4↓+ 2NaСl

С) СuSO4 + 2NaОН = Сu(OH)2↓+ 2Na2SO4

Д) Na2SiO3+ 2HCl = 2NaCl+ H2SiO3


Тест жауаптары

1.А 6) А

2.С 7) А

3.А 8) С

4.С 9) В

5.А 10) А

Бағалау қорытындысы.

Үйге тапсырма:

§48. Тұздар. №9,10 есеп шығару және формула жаттау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал