- Учителю
- 'ҰБТ есептері' химия пәнінен ҰБТ-ға дайындық
'ҰБТ есептері' химия пәнінен ҰБТ-ға дайындық
Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Курмашова А.Ж.
Жинаққа химия сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстары кезінде пайдаланған жиі кездесетін есептер енгізілген. Оқушылардың химия пәніне қызығуларын арттыруда, балалардың дарынын, қабілетін ашып дамытуда, қазіргі заман талабына сай білім беруде, ҰБТ-де жоғары жетістіктерге жетуде бұл жинақ өте тиімді деп есептеймін.
Оқушыларға базалық курстан таныс сұрақтар қолданылып, оларды толықтырып, тереңдету мақсатында құрастырылды. Жинақ оқушылармен, мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады
Алғы сөз
Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға, ҰБТ сұрақтарының жүйелі болуына байланысты жасалынып жатқан талпыныстар біздердің, яғни ұстаздар мен мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап ойлау белсенділігімізді дамытып, білімімізбен біліктілігімізді шығармашылық тұрғыда жүйелеп, мақсатты, жоспарлы түрде ізденіспен жұмыс жүргізуіміз керек.
Жалпы оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау біздерден көптеген қасиеттерді талап етеді: зеректік, ізденімпаздық, еңбекқорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным.
Оқуға осындай көзқарас болғанда талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, жорамал (гипотеза) қалыптастыру, шешудің жолдарын іздестіру, алынған нәтижелерді талқылау, қажет болғанда қайта іздену сияқты қабілеттерімізді дамытып, белсенді ой-әрекеттерін талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгере алады екенбіз.
Сонымен қоса есеп шығарумен үнемі шұғылдану - еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және жігерлікке үйретеді,
алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлықты қалыптастырады.
Теориялық түсініктеме алғаннан кейін есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы алған білімімізді пысықтап, толықтыра түссек тәжірибелер жасау арқылы оны тереңдетіп бекітеміз.
Химия пәнін меңгеруде бұл үшеуі - өзара байланысты, бір-бірімен сабақтас, құрамдас әдістер.
Олар бірін-бірі толықтырып, пәнге деген қызығушылығымызды, ынтамызды арттыруға қызмет етеді.
Есептер шығару барысында заттар мен құбылыстар туралы түсініктерді жете түсіну және бекіту, алған теориялық білімді сапалы да орынды пайдалана алу машығы қалыптасады.
Оқудың бұл әдісін пайдалану кезінде химия ғылымының негізгі түсініктер мен заңдылықтары көп дүркін қайталанып, оларды түсіну және есте сақтау әлдеқайда жеңілдейді.
Біріншіден есептерді шешу - теориялық материалдарды практикалық қолдану, практикада ғылыми білімді жүзеге асыру.
Екіншіден есептерді шешу - пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың, химия ғылымының өмірмен байланысын көрсетудің, сондай-ақ жаратылыстану ғылымының мамандықтарына баулудың тамаша әдісі деп есептеуге болады.
Психологтар мен әдіскерлер есеп шығаруды ой-әрекеттің жиынтығы деп қарастырады, яғни сандық және сапалық есептерді шығаруда білім мен әрекеттің тұтастығы ойлаудың әр түрлі әдістерін (пайымдау, жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу, қорытындылау ) қалыптастырылады.
Методикалық әдебиеттерде оқушылардың дамуы химиялық эксперимент жасағанда, сан және сапа есептерін шығарғанда жүзеге асатыны баяндалған.
Химия есептері сандық және сапалық есептер болып екіге жіктеледі. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Эксперимент есептері химиялық қосылыстар мен құбылыстардың сапалық жағын қамтиды. Сан есептерінде химиялық материалдарға негізделген сандық мәліметтері болады, сондықтан оларды шығару үшін, математикалық амалдарды жүзеге асыру керек. Химия есептерінің таза математикалық есептерден айырмасы - сандық мәліметтер есептің шартында толық берілмеуі мүмкін, оларды түгендеу үшін химиялық білім керек. Мысалы, «Мыс сульфатының проценттік құрамы қандай болады?» есебінде ешбір сандық дерек жоқ, оны химиялық таңбалар мен формулалардың сандық сипаттамасына және стехиометриялық заңдарға сүйеніп табады. Шынында да мыс сульфатының құрам тұрақтылық заңына сәйкес молекулалық формуласын дұрыс жазбайынша, берілген есепті шығару мүмкін емес. Сан және сапалық есептерді шешу үшін оқушының берілген дәрежеде химиялық және математикалық даярлығы болуы керек.
Қандай болмасын химиялық есепті шығару оның мазмұнына жан-жақты талдау жасаудан, берілген шамалар арасындағы тәуелділікті ашудан басталады. Талдау нәтижесінде есептің түрі, соған лайық шығару әдісі белгіленеді. Бұл арада есептің мазмұнын физикадағы сияқты қысқа және дәл жазып үйренудің де маңызы зор. Ол үшін физика мен химияда жиі қолданатын қысқартуларды білу керек.
Қазіргі оқулықтарда әрбір тақырыптан соң үш деңгейлі тапсырмалар ұсынылған, бұлардың күрделілік деңгейлері әр түрлі ( А-жалпы деңгей, В-үздік оқушыларға, С-шығармашылық деңгей) сандық есептеу мен жаттығулар берілген. Сондықтан жаңа сабақ үстінде, бекіту және күнделікті сұрау кезінде есептер шығарып машықтанған оқушы қорытынды бақылау жұмыстарын қиналмай орындайды, бұған сан мәрте іс-тәжірибеден көзіміз жетіп жүр.
Дамыта оқуда есеп шығару ізденімпаздық пен іскерлікті жетілдіреді, химия есептерін шығару біздердің мақсаткерлік, зеректік, қызығушылық, белсенділік, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерімізді дамытып, техникалық бағыттағы мамандықтарға баулып, жарқын тәуелсіз еліміздің заман талабына сай қажетті мамандықтарын игеруге өз көмегін тигізері сөзсіз.
Сандық есептерді шешу жолдары.
Сан есептерін ойдағыдай шешу үшін белгілі дәрежеде химиялық және математикалық даярлық болуы керек. Химия пәнінің сан есептері мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың жиі кездесетіндері:
1. Тәжірибе мәліметтеріне және химиялық заңдарға негізделген есептеулер (құрам тұрақтылық заңы, масса сақталу заңы, эквивалент заңы және т.б.).
2. Газ заңдарымен байланысты есептер (молекулалық салмақты табу, қалыпты жағдайда газдың көлемін және массасын табу т.б.).
3. Химиялық формуланы табу және құру есептері.
4. Химиялық формулалар бойынша есептеулер.
5. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
6. Ерітінділермен байланысты есептеулер.
7. Аралас есептер.
Бұл саналғандардан басқа пеиодтық заң және периодтық система, атом құрылысы, химиялық реакциялардың жылдамдығы және тепе-теңдік, химия және электр тогы тақырыптарымен байланысты көптеген есептер бар. Химия есептерінің мазмұны көп түрлі болуымен бірге, шығару әдістері де сан алуан. Математикалық амалдарына қарай химия есептерін шығару әдістері бірнешеге бөлінеді: пропорция құру тәсілі, бірге келтіру тәсілі, алгебралық тәсіл, дайын формуланы пайдалану, алгоритмді қолдану және графикалық тәсіл.
Қандай да болмасын химиялық есепті шығару оның мазмұнына жан-жақты талдау жасаудан, берілген шамалар арасындағы тәуелділікті ашудан басталады. Талдау нәтижесінде есептің түрі, соған лайық шығару әдісі белгіленеді. Бұл арада есептің мазмұнын физикадағы сияқты қысқа және дәл жазып үйренудің де маңызы зор. Ол үшін физика мен химияда жиі қолданатын қысқартуларды білу керек.
Жалпы химияны меңгеруде есептер шығару маңызды рөл атқарады, себебі жоғарыда айтып өткендей бұл оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін және алған білімімізді өз бетімізбен қолданып, игеруге үйрететін әдістің бір түрі. Бұл туралы әйгілі ғалым- әдіскер Д.Пойа:
"Есеп шығара білу практика жүзінде алынатын өнер",-деп айтқан екен. Есепті шығара білу біліктілігін тек қана бір жолмен - жай есептен күрделі есепке жылжи отырып, тұрақты және жүйелі түрде дамыту қажет.
Сандық есептердің шығарылу жолдары 9-10 сынып оқулықтарындағы және есептер жинақтарындағы тараулар бойынша берілген есептерден жүйелеп ұсынылды.
1. Параллель жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеу
Массасы 4 г магний мен темір қоспасын тұз қышқылында еріткенде,
2,24л ( қ.ж.) сутек бөлінді. Қоспадағы әрбір металдың құрамын есептеңдер.
Берілгені: Шешуі:
m(Mg+Fe)=4г 2HCl+Mg=MgCl2+H2↑
V(H2)=2,24л. ν, моль 1 1
М,г/моль 24 -
т/к ω(Mg,Fe)-? m,г 24 -
V,л - 22,4 л
24 г Mg:22,4 л H2=X г Mg :a H2
а==0,933x
2HCl+Fe=FeCl2+H2↑
ν,моль 1 1
М,г/моль 56 -
m,г 56 -
V,л - -
56 г Fe : 22,4 л H2=y г Fe : b л H2
b==0,4y
x+y=4г x=1,2 г Mg
0,933x+0,4y=2,24 л y=2,8 г Fe
Жауабы: ω(Mg)=30 % ; ω(Fe)=70%
2. Көлемі 200 мл (p = 1,46 г/мл) 80%-дық концентрлі азот қышқылы мыспен әрекеттескенде қандай газ, қанша көлемде ( қ.ж.) бөлінеді?
Берілгені: Шешуі:
ω(HNO3)=80% Cu+4HNO3(k)=Cu(NO3)2+2NO2↑+2H2O
ρ=1,46 г/мл ν,моль 1 4 2
Vерітінді=200 мл М,г/моль 64 63 -
m,г 64 252 -
m(Cu)=200 г V,л --- -- 44,8
т/к V(NO2)=?
m(HNO3)=200*1,46*0,8=233,6
МФ(Cu)=
МФ(HNO3)=
МФ(HNO3)< МФ(Cu)
252 г HNO3:44,8 л NO2=233,6 г HNO3:x л NO2
x=41,53 л
Жауабы:41,53 л NO2
Ерітінділер
А-1 Берілгені: Шешуі:
m(қант)=300г ω=mер.з*100/mеріт
m(H2O)=800г
mеріт=mзат+mер-кіш
т/к ω(қант)-? mеріт=300+800=1100 г
ω=
Жауабы:27,3%
А-2 Берілгені: Шешуі:
mеріт=900г ω=mер.з*100/mеріт
mер.з=ω* mеріт/100%
ωзат=30%
т/к : m (зат,су)-? mер.з=
mеріт=900-270=630 г су
Жауабы: m(зат)=270 m(су)=630
В-1 Берілгені: Шешуі:
C(x)=m/M*V M(Na2SO4 )=142 г/моль
Vеріт=500 мл m=C(x)*M*V=0,5*142*0,5=35,5 г
С (Na2SO4)=0,5 моль/л
т/к m( Na2SO4 *10H2O)-? M( Na2SO4 *10H2O)=142+180=322 г/моль
322 г( Na2SO4 *10H2O):142 Na2SO4=
x г ( Na2SO4 *10H2O):35,5 г Na2SO4
x=80,5 г Na2SO4 *10H2O
Жауабы: 80,5 гNa2SO4 *10H2O
В-2 Берілгені: Шешуі:
ω(H2SO4)=40% mер.з=ω* mеріт/100%
m(H2SO4)=
ρ=1,307 г/мл С(H2SO4)=m/M*V C(x)=
т/к С(H2SO4)-? Жауабы:5,33 моль/л
С-1 Берілгені: Шешуі:
m(CuSO4)=10г CuSO4+2KOH=Cu(OH)2↓+K2SO4
ω(KOH)=16% ν, моль 1 2
ρ=1,137г/мл
М,г/моль 160 5
т/к V(KOH)-? m,г 160 112
160 г CuSO4:112 г KOH=10 г CuSO4:x KOH
x=7 г KOH
ω=mер.з*100%/mеріт
V=
Жауабы:38,5 мл
С-2 Берілгені: Шешуі:
Vеріт=500 мл ω=mер.з*100/mеріт
C (H2SO4)=0,5моль/л mер.з=C*M*V=0,5*0,5*98=24,5 г
ω (H2SO4)=20% V=
ρ=1,143 г/мл
т/к Vеріт(H2SO4)-? Жауабы:107,2 мл
Ерітінді және ерігіштік
А-1 Берілгені: Шешуі:
SKI=160/100г H2O 260 г ер-ді -----160 г ер.зат
mер.=500г
500 г ер-ді -----х г ер.зат х=307,7г ер.зат
т/к m(KI),m(H2O)-? m H2O=500-307,7=192,3 г H2O
Жауабы: m(KI)=307,7 , m(H2O)=192,3 г
А-2 Берілгені: Шешуі:
SPb(NO3)2=90г/100г H2O
190 г ер-ді ----90 г ер.зат
т/к ω-? 250 г ер-ді ----х г ер.зат х=47,37%
Жауабы:47,37%
В-3 Берілгені: Шешуі:
mер-ді(1)=250г t1=60º
SPb(NO3)2=90/100г H2O 190 г ер-ді -----90 г ер.зат
SPb(NO3)2=70/100 гH2O
250 г ер-ді -----х1 г ер.зат х1=118,42г
т/к ∆х-? t2=40º
170г ер-ді -----70 г ер.зат
250 г ер-ді -----х2 г ер.зат х2=102,94 г
∆х=x1-x2=118,42-102,94=15,48г
Жауабы:15,48 г тұз тұнады
С . Берілгені: Шешуі:
V(C4H10)=100л
2 C4H10+9O2=4CO2+10H2O
т/к V(ауа)-? 2 л ----9 л
100 л----х л х=450л
V(ауа)=450л*5=2500л=2,5м3
Электролиз
В-1 Берілгені: Шешуі:
M(CuSO4)=160 г/моль
mер.(CuSO4 )=300г 160 г CuSO4: 64 г Cu=x гCuSO4:12,8г Cu
m(Cu)=12,8г х=32г CuSO4
т/к V(O2), ω(CuSO4)-? ω(CuSO4)=
2CuSO4+2H2O→2Cu+O2↑+2H2SO4
ν, моль 2 1
М, г/моль 64 -
m,г 128 -
V, л - 22,4
128г Cu: 22,4л O2=12,8г Cu : x л O2
х=2,24 л О2
Жауабы: V(O2)=2,24 л, ω(CuSO4)=10,66%
В-2 Берілгені: Шешуі:
AgNO3 5,6 л----1 экв
V(O2)=11,2 л
11,2 л----2 экв
т/к m(Ag)-? 1 экв Ag---108 г
2 экв Ag---х x=216г Ag
Жауабы: m(Ag)=216 г
В-3 Берілгені: Шешуі:
KI 127 г(I2)---1 экв
m(I2)=25,4г
25,4 г(I2)---2 экв х=0,2 экв
т/к V(H2)-?
1 экв(H2)---11,2 л
0,2 экв(H2)---х л х= 2,24 л H2
C-1 Берілгені: Шешуі:
ZnCl2 11,2 л Cl2----1 экв
V(Cl2)=44,8 л 44,8 л Cl2----х экв х = 4 экв
m(Zn)=100 г
1 экв Zn-----32,5 г
т/к η (Zn)-? 4 экв Zn-----х г х =130 г
130 г Zn-----100%
100 г Zn-----х% х =76,92%
Жауабы: η (Zn)=76,92%
C-2 Берілгені: Шешуі:
I=2 A g=I*t=2*3600=7200
t=1сағ 96520------20г Ca
CaCl2 балқыды
7200-------x г Ca x=1,49г Ca
т/к m(Ca),V(Cl2)-? 96520-----11,2 л Cl2
7200 -----х л Cl2 х=0,835 л
Жауабы: m(Ca)=1,49г
V(Cl2)=0,835л
С-3 Берілгені: Шешуі:
m(Ni)= 11,8 г 11,8 г(Ni)-75%
η(Ni)=η(O2)=75% x г (Ni) -100% х=15,73гNi
NiSO4 29,5 г Ni---1 экв
т/к V(O2)-? 15,73 г Ni---х х=0,53 экв
1 экв O2---5,6 л
0,53 экв O2---х л х=2,99 л O2
2,99 л ----100%
х ----- 75% х=2,24 л O2
Жауабы: V(O2)=2,24 л
В-4 Берілгені: Шешуі:
S KNO3=63,9/100г H2O t1=40º
S KNO3=169/100г H2O 163,9 ер-ді -----63,9 г ер.зат
mер-ді=500г 500 г ер-ді -----х г ер.зат
t1=40º , t2=80º х=194,94 г ер.зат(m1)
t2=80º
т/к ∆m , m(су)-? 100 г су ---------169 г ер.зат
305,06 г су -----х г ер.зат х=515,55ер.зат(m2)
∆m=m2-m1=515,55-194,94=320,6г
m(су)=500-194,94=305,06г
Жауабы: ∆m =320,61г, m(су)=305,06 г
Химиялық тепе-тендік
С-1
Берілгені: Шешуі:
[PCI5]=[PCI3]=[CI2] PCI5→ PCI3+ CI2
νмоль 1 1 1
т/к Co(PCI5)-? K=1
Co=2моль
Co(PCI5)= [PCI5]+ΔC
Реакция теңдеу бойынша ΔС=1моль/л
С-2
Берілгені: Шешуі:
Co(SO4)=Co(O2)=0,05моль/л 2SO2 + O2→2SO3
[SO4]=0,01моль/л ν моль 2 1 2
1) ΔС(SO2)=Co-[SO2]
т/к [SO3] , [O2]-? ΔC(SO2)=0,05-0,01=0,04моль/л
2) Теңдеу бойынша 2моль SO2 ─ 1моль O2
0,04моль SO2 ─ х моль O2
x=0,02 моль O2
ΔC(O2)=0,02моль/л
3) С[O2]=Co - ΔC(O2)=0,05-0,02 =0,03 моль/л
4) 2моль SO2 ─ 2моль SO3 = 0,04моль SO2 : x моль SO3
х=0,04моль SO3
Жауабы: [SO3]=0,04моль/л
O2]=0,02моль/л
С-3
Берілгені: Шешуі:
Co(NO2)=0,04моль/л 2NO2→2NO + O2
56% NO2 жұмсалды νмоль 2 2 1
to=const
0,04моль ÷ 100% = x моль -56%
т/к қысым өзгерісін x=0,0224моль
Р2/Р1 - ?
ΔС(NO2)=0,0224моль/л
[NO2]=Co - ΔC= 0,04 - 0,0224=0,0176моль
Теңдеу бойынша 2моль NO2 ÷ 1моль О2=0,0224 NO2 : х моль О2 х=0,0112моль
2моль NO2 : 2моль NO = 0,0224моль NO2 ÷ х моль NO
х=0,0224моль
Тепе-теңдік орнаған кездегі газдардың зат мөлшері:
ν = ν (NO2) + ν (NO) + ν (O2)
ν=0,0176+0,0224+0,0112=0,0512моль
есе артады
Жауабы: 1,28 есе
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары.
1. Берілгені: Шешуі
Vер-ді (Н2SO4) = 500 мл
ω (Н2SO4) = 80 %
ρ = 1,732 г/мл
ω (NaOH) = 30%
ρ = 1.33 г/мл ν, моль 2 1
т/к: Vер-ді-? М, г/моль 98 -
m, г 196 -
V, л - 22,4
196г (Н2SO4) : 22,4 л (SO2) = 692 г (Н2SO4) : Х л (SO2)
Х = 79.09 л (SO2)
ν, моль 1 2
М, г/моль - 40
m, г - 80
V, л 22,4 -
22,4 л(SO2) : 80 г NaOH = 79.09 л (SO2) : X г NaOH
Х = 282,45 г
Жауабы: 707,9 мл
2. Берілгені: Шешуі
m (көмір)= 1т C+O2=CO2+393,5 кДж
ω (қоспа) = 20% ν,моль 1
М,г/моль 12
т/к: Q - ? m,г 12
1т көмір: 100% = Х т көмір: 80%
12г С: 393,5 кДж = 800•106г С: Х кДж
Х=26233,3 кДж
Жауабы: Q = 26233,3 кДж
3. Берілгені Шешуі
m (CaO) = 1 кг = 1000г СaO (қ) + H2O(c) = Ca(OH)2 + Q
ν,моль 1
т/к: Q - ? m,г 56
Qp = Qтүз (Ca(OH)2) - [Qтүз (CaO) + Qтүз (H2O)]
Qp = 988,1 - [635.2 + 286.4] = 66.5 кДж
56 г СаО : 66,5 кДж = 1000 г СаО : Х кДж
Х = 1187,5 кДж
Жауабы: 1187,5 кДж
4. Берілгені Шешуі
Qтүз (Al2O3) = 1646 кДж 2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe + 828.8 кДж
ν,моль 2 1 1 2
т/к: Q (Fe2O3) - ? Qp = Qтүз (Al2O3) - Qтүз (Fe2O3)
Qтүз (Al) = 0 Qтүз (Fe) = 0
Qтүз (Fe2O3) = Qтүз (Al2O3) - Qp
Qтүз (Fe2O3) = 1646 кДж - 828,8 кДж - 817,2 кДж
Жауабы: 817,2 кДж
5. Берілгені Шешуі
Vқ.ж. (NO) = 100л 2NO + O2 = 2NO2
ν,моль 2 2
т/к V(ауа), Q - ? V, л 44,8 44,8
Qтүз (NO) = - 90.24 кДж
Qтүз (NO2) = - 33.33 кДж
Көлемдік қатынас заңы бойынша:
2л NO : 1л O2 = 100 л NO : X л O2
Х = 50 л О2
100 л (ауа) : 20 л О2 = Х л ауа : 50 л О2
Х = 250 л О2
Qp = 2Qтүз (NO2) - 2Qтүз (NO) Qp = 2.(-33.33) - 2. (-90.24) = 48.18 кДж
44,8 л NO : 48.18 кДж = 100 л NO : X кДж
Х = 107,54 кДж
Жауабы: 250 л ауа; 107,54 кДж
Реакция жылдамдығы
1. Берілгені Шешуі
243 =
35 = 5 = ∆t = 50o
Жауабы: ∆t = 50o
2. Берілгені Шешуі
Со (NaOH) = 5 моль/л 2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + H2O
Со (H2SO4) = 5 моль/л ν,моль 2 1
NaOH жұмсау дәрежесі = 20% C(NaOH) = 5. 0.2 = 1 моль
Сτ (NaOH) = 5 - 1 = 4 моль
т/к:
2 моль NaOH : 1 моль H2SO4 =
1 моль NaOH : Х моль H2SO4
Жауабы: 1,74 есе
3. Берілгені Шешуі
т/к Жауабы 64 есе
4. Берілгені Шешуі
P2 = 2P1 2CO + O2 = 2CO2
ν,моль 2 1 2
т/к C(CO) = a моль/л C(O2) = b моль/л деп белгілесек,
C1 (CO) = 2a моль/л C2 (O2) = 2b моль/л
Жауабы: 8 есе
Химияның негізгі түсініктері, заңдары.
1. Берілгені Шешуі
DX/H2 = 32 →
Vгаз = 80 л М(Х) = 32 . 2 64 г/моль
т/к ν, m - ? ν = V / Vm = 80 л / 22.4 л/моль = 3.57 моль
ν = m/ M m = ν M = 3.57 . 64 = 228.6 г
Жауабы: 3,57 моль; 228,6 г
В-1 Берілгені Шешуі
M(Cu) = 12.8 г Cu + 2H2SO4 (k) = CuSO4 + SO2 + 2H2O
ν, моль 1 1
М, г/моль 64 -
m, г 64 -
V, л - 22.4
64 г Cu : 22,4 л SO2 = 12,8 г Cu : Х л SO2
Х = 4,48 л
Жауабы: 4,48 л
В -2 Берілгені Шешуі
m (NaOH) = 4 NaOH + H3PO4 = NaH2PO4 + H2O
m (H3PO4) = 4 ν, моль 1 1 1
т/к: m(NaH2PO4)-? М, г/моль 40 98 120
m, г 40 98 120
МФ (NaOH) = 4/40 = 0.1 МФ (H3PO4) = 4/98 = 0.04
МФ (H3PO4) < МФ (NaOH)
98 г H3PO4 : 120 г NaH2PO4 = 4 г H3PO4 : Х г NaH2PO4 Х = 4,9 г
Жауабы: 4,9 г
В-3 Берілгені Шешуі
Vқ.ж. (CO2) = 6.72 л
Η η (CaCO3) = 80% ν, моль 1 1
М, г/моль 44 100
V, л 22.4 -
22.4 л СО2 : 100 г СаСО3 = 6,72 л СО2 : Х г СаСО3 Х = 24 г
Жауабы: 24 г
С-1 Берілгені Шешуі
Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы бойынша газдардың көлемдерінің қатынасы реакция теңдеуіндегі коэффициенттердің қатынасына сай келеді.
С-2 Берілгені Шешуі
т/к; Vауа - ? теңдеу бойынша 1 C3H8 : 5 O2 = 50 л : X л О2
Х = 1,250 л = 1,25 м3 ауа
Берілгені: Шешуі
Vер-ді (КОН) = 200 мл
ω (КОН) = 20 % νν, моль 1 2
ρ = 1,176 г/мл М, г/моль 98 56
ω (H2SO4) = 28% m, г 98 112
ρ = 1.205 г/мл
т/к: Vер-ді 112г (КОН) : 98 г (Н2SO4) = 4,704 г (КОН) : Х г (Н2SO4)
Х = 1,116 г (Н2SO4)
Жауабы: 12,2 мл
Металдар
В-1
Берілгені: Шешуі:
m(Cu,Fe)=20г Fe + 2HCI(c) = FeCI2 + H2↑
Vқ.ж(H2)=4,2л ν моль 1 1
М,г/моль 56 -
т/к: ω(Fe)-? m,г 56 -
V,л - 22,4л
56г Fe : 22,4л H2 = х г Fe : 4,2 H2 ; х =10,5г Fe
Жауабы: ω(Fe)=52,5%
В-2
Берілгені: Шешуі:
m(Сu) : m(Zn)=1:1 Zn + H2SO4(c) = ZnSO4 + H2↑
m(Cu,Zn)=10г ν моль 1 1
М,г/моль 65 -
т/к: V(H2)-? m,г 65 -
V,л 22,4л
65г Zn : 22,4л H2 = 5г Zn : х л H2; х= 1,72л H2
Жауабы: V(H2)=1,72л
В-3
Берілгені: Шешуі:
m(Fe)=0,5г Fe2O3 + AI = AI2O3 + 2Fe
ω(Fe2O3)=40% ν моль 1 2
η(Fe)=75% М г/моль160 56
m г 160 112
т/к m(кен)-? m(Fe)=0,5·1,25=0,625г Fe
160г Fe2O3 : 112г Fe = Xm Fe2O3 : 0,625г Fe
Х=0,893г
100т : 40т = х г:0,893 х=2,23г Жауабы: 2,23г
С-3
Берілгені: Шешуі:
m(Zn,Mg)=8,9г x a
V(H2)=4,48л Mg + H2SO4=MgSO4 + H2
т/к ω(Mg,Zn)-? ν моль 1 1
М г/моль -
m г 24 -
V л 22,4
Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2↑
ν моль 1 1
М,г/моль -
m,г -
V,л - 22,4л
теңдеу бойынша:
24г Mg : 22,4л H2=х г Mg : а л H2 ;а=0,933x
теңдеу бойынша:
65г Zn : 22,4л H2= y г Zn : в л H2;в=0,345y
x=2,4г Mg ; y=6,5г Zn
ω(Mg)=26,97% ; ω(Zn)=73,03%
Жауабы: ω(Mg)=26,97% ; ω(Zn)=73,03%
С-4
Берілгені: Шешуі:
m(Cu)=12,8г CuO + H2 = Cu + H2O
to=30o CuS + H2→
P==98KПа Cu2S + H2→
т/к V(H2)-? 64г Cu ─ 22,4л H2
12,8г Cu ─ х г H2 х=4,48л H2
Жауабы: V(H2)=5,14л
С-5
Берілгені: Шешуі:
Δm=3г Zn + CuSO4 = Cu + ZnSO4
νМоль 1 1
т/к m(Сu)-? М г/моль 65 64
m г 65 64
m(Сu)=64·3=192г мыс қалады
Жауабы: m(Сu)= 192г
В-1
Берілгені: Шешуі:
m(Na)=500г NaOH→Na+ + OH-
K(-) Na+ + e-→Nao
т/к V(O2)-? A(+) 4OH- - 4e-→2H2O+O2
4NaOH→2Na+2H2O+O2↑
ν(Na)= 500/23=21,74 моль
fэкв(O2)=1/2; Vэ=1/4·22,4=5,6л О2
Фарадей заңы бойынша катод пен анодтағы бөлінген заттар эквивалентті мөлшерде болады, олай болса V(О2)=ν·Vэ=21,74·5,6=121,74л О2
Жауабы:121,74л О2
С-1
Берілгені: Шешуі:
Vерт=50мл С(НСI)=ν/V
С(НСI)=1моль/л ν(НСI)=С·V=1·0,05=0,05моль
m(Na,Hg)=3г fэ(НСI)=1
NaOH+HCI=NaCI+H2O
т/к ω(Na)-? ν(NaOH)=ν(HCI)=0,05моль
m(NaOH)=0,05·40=2г
40г NaOH : 23г Na = 2г NaOH : х г Na
х=1,15г Na
Жауабы: 38,3%
III - А топша элементтері.
С-1
Берілгені: Шешуі:
S20(MgSO4)=44,5г/100гH2O М(MgSO4)=120г/моль
S20(MgSO4)=64,2г/100гH2O М(MgSO4·6Н2О)=228г/моль
Vерт=2л mерт=V·ρ
ρ=1,642г/мл mерт=2000·1,642=3284г
164,2г ерт : 64,2г MgSO4
т/к Δm(MgSO4)-? 3284г ерт : х г MgSO4
х=1284г ерт
V(су)=3284-1284=2000
100г су : 44,5тұз = 2000г су : х г тұз
х=890г
Δm(MgSO4)=1284 - 890=394г
Жауабы: 394г тұз
С-2
Берілгені: Шешуі:
V(су)=10л Ca(HCO3)2 + Ca(OH)2=2 CaСО3 + 2Н2О
m(Mg(HCO3)2,Ca(HCO3)2)=30,8г 162 74
m(Ca(OH)2)=22,2г Mg(HCO3)2 + 2 Ca(OH)2=Mg(OH)2 + 2CaCO3
` 146 148 2H2O
т/к m(Ca2+,Mg2+)-? 162г Ca(HCO3)2 : 74г Ca(OH)2=х г : а г
а=74х/162=0,457х
146г Mg(HCO3)2 : 148г Ca(OH)2 =у г : в г в=2·74у/146=1,014у
у=(30,8-х)
0,457х + 1,014(30,8-х)=22,2
0,457х+31,23-1,014х=22,2
0,557х=9,0312; х=16,2г
162г Ca(HCO3)2 : 40г Са = 16,2 : х г х=4гСа2+/10лН2О х=0,4г/л Са2+
146г Mg(HCO3)2 : 24г Mg=14,6 : у г Mg
у=2,4гMg2+/10л Н2О у=0,24г/л Mg2+
Жауабы: m(Ca2+)=0,4г/л
m(Mg2+)=0,24г/л
С-3
Берілгені: Шешуі:
MgCI2 MgCI2 → Mg2+ + 2 СІ-
І=2А (-)К Mg2+ + 2е-→ Mgо т-т-ш-т-с-ну
τ=2сағ (+)А 2 СІ-2е-→ CI2 т-с-ш-т-т-у
η=80% q=І·t; q=2·3600=7200кул
1F : 96500кул= хF : 7200кул
т/к m(Mg)-? х=7200/96500=0,0746F
V(СІ2)-? 1F : 12г Mg=0,895·0,8=0,716г Mg
1F : 11,2л CI2=0,0746F : х л CI2 ; х=0,836л CI2
V(CI2)=0,836л·0,8=0,668л CI2
Жауабы: m(Mg)=0,716г
V(СІ2)=0,668г
Мыс және оның қосылыстары.
3.Берілгені: Шешуі:
CuCI2ерт С=m/МV
С(CuCI2)=2,5моль/л m (CuCI2)= СМV
Vерт=0,5л m(CuCI2)=2,5·135·0,5=168,75г
І=10А ν(CuCI2)=168,75/135=1,25моль
ν(Cu)= ν(CuCI2)=1,25моль
т/к t-? m(Cu)=1,25·64=80г
m=Μ·f·І·t/F => t=m·F/Μ·f·І
t=80·96520/32·10=24130сек=6,7сағ
Жауабы: 6,7сағ
4.Берілгені: Шешуі:
mерт=300г CuSO4 + Zn=ZnSO4 + Cu
ω(CuSO4)=20% m(CuSO4)=300·0,2=60г
160г CuSO4 : 1моль=60г CuSO4 : х моль
т/к Δm-? х=0,375моль
m(Cu)=0,375·64=24г
64гCu : 65г Zn=24гCu : х г Zn х=24,3
Δm=24,3-24=0,3г
Жауабы: 0,3г кемиді
Мырыш және оның қосылыстары.
3.Берілгені: Шешуі:
ή(Zn)=90% 2ZnS + 3О2= 2ZnО + 2SО2↑
m(кен)=1т Zn→ZnО→ Zn
ω(ZnS)=80% ν моль 1 1 1
т/к m(Zn)-? m(ZnS)=1000·0,8=800кг
97кгZnS : 65кг Zn = 800кгZnS : х кг ZnS; х=536
m(Zn)=ή·m; m=536·0,9=482,5кг
Жауабы: 482,5кг
4.Берілгені: Шешуі:
m(Zn)=100г Zn + 2NaOH + 2H2O=Na2[Zn(OH)4] + H2↑
ν моль 1 1
т/к V(Н2)-? М г/моль 65
m г 65
V л 22,4л
65г Zn : 22,4л H2 = 100г Zn : х л H2
х=34,46л
Жауабы: 34,46л
Сапалық есептерді шығару әдістемесі
Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік сыныпта мұғалім басшылығымен іске асырылуы керек.
Химия экспериментті орындауға қажетті әрекеттерді іске асыру дағдысын сабақ үстінде біртіндеп дамытқан дұрыс. Ол үшін сабақ сұрау кезеңін қолдануға болады. Сарамандық сабаққа әзірлік есептер шартын талдаудан басталады. Алдымен есептің шарты бойынша бәрі түсінікті ме екенін анықтап, жұмыс жоспарын орындау барысын көрсетіп, қауіпсіздік техникасын қадағалап, аспаптармен, құралдармен химиялық заттармен жұмыс істеу ережесін сақтауға көңіл аудару қажет.
Эксперименттік есептерді шешу барысында оқушылардың зейінін мынаған аударуымыз керек.
1.Есепті неғұрлым аз сарамандық әрекетті қолданып шешу керек.
2.Әрі арзан, әрі тиімді реактивтерді таңдап, оны үнемдеп қолданған жөн.
3.Іс жүзінде жүретін реакцияларды қолдану қажет.
4.Заттың үлгісін алу.
5.Зерттеу барысында бақылау нәтижесін жазу.
6.Жұмыс нәтижесін есептің мақсатымен салыстырып, тұжырымдап қорытындылау.
Сапалық есептерді шешудің бірнеше жолдарын ұсынамыз:
1-есеп. Сынауықтардың қайсысында натрий хлориді, натрий гидроксиді, тұз қышқылы ерітінділері бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеңіздер.
Шешуі. Бұл есепті эксперименттік жолмен шығару үшін бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері -тұздар, негіздер, қышқылдар және оксидтердің қасиеттерін білуіміз керек. Мысалы, тұздарды алу әдісін өткенде олардың химиялық қасиетімен танысқанбыз. Яғни тұздар тұздармен, металдармен, сілтілермен әрекеттеседі, кейбір тұздар қыздырғанда айырылып, кейбіреуі сумен әрекеттесіп, кристаллогидраттар түзеді. Ал негіздердің қасиеті өздеріне тән және айрықша деп бөлініп көрсетіледі. Суда еритін негіздер қышқылдармен әрекеттесіп, орташа қыздырғанда айырылмайды, тұз ерітінділерімен ерімейтін негіз түзе әрекеттеседі, қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, индикаторлардың түсін өзгертеді.
Суда ерімейтін негіздер қышқылдармен әрекеттеседі, қыздырғанда айырылады, тұздармен қышқылдық оксидтермен әрекеттеспейді. Қышқылдардың химиялық қасиеті: индикаторлардың түсін өзгертеді, метал-
дармен, негіздік оксидтермен, негіздермен, тұздармен әрекеттеседі, ал кейбір қышқылдар қыздырғанда айырылады.
1-кесте
Ерітінді ортасы
Индикаторлар
Қышқылдық орта
Негіздік орта
Фенолфталеин
Түссіз
Таңқурай түсті
Лакмус
Қызғылт
Көк
Метилоранж
қызғылт
Сары
Енді осы айтылғандарға байланысты 1-есепті орындауға болады.
Алдымен 3 сынауықтағы ерітіндіге де индикатор ерітіндісімен немесе индикатор қағазымен әсер етеміз. Мысалы, фенолфталеин ерітіндісімен әсер етсек, қай сынауықта натрий гидроксиді бар екенін анықтаймыз, себебі сілті ерітіндісінде фенолфталеин таңқурай түске боялады. Егер лакмусты немесе митилоранжды қолдансақ, қандай түске боялатынын да 1-кестеден көреміз. Ендеше тұз қышқылы және натрий гидроксиді, бар сынауықты анықтау үшін лакмус немесе метилоранж ерітінділерін қолданған дұрыс болады. Екі сынауықтағы заттар анықталған соң үшінші сынауықтағы заттың натрий хлориді екені өздігінен белгілі болады. Сенімдірек болу үшін соңғы сынауыққа күміс нитраты ерітіндісін құюымызға болады, сонда ақ түсті күміс хлориді тұнбаға түседі.
Реакция теңдеуі:
NaCl +AqNO3 → AqCl↓ + NaNO3
Қорытынды. Бұл реакция хлорид ионға сапалық реакция, ендеше үшінші сынауықтағы ерітінді - натрий хлориді ерітіндісі.
Ескерту: Күміс тұздары қалдығын төкпей бір ыдысқа жинауымыз керек!
2-есеп.Бір сынауықта дистильденген су, екіншесінде калий хлориді ерітіндісі бар. Өздеріңізге берілген осы заттардың қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар.
Шешуі. Бұл есепті шығару үшін екі сынауықта да күміс нитраты ерітіндісін құямыз. Сонда дистильденген суы бар сынауықта өзгеріс байқалмайды, ал калий хлориді бар сынауықта күміс хлоридінің ақ түсті тұнбасының түзілетінін көреміз.
Реакция теңдеуі:
KCl+AqNO3 → AqCl↓ +KNO3
Қорытынды. Бұл реакция да жоғарыдағы мысалдағы секілді хлорид ионға сапалық реакция.
Ескерту: Күміс нитратын үнемдеу үшін екі затты да заттық шыныға тамызып буландыруға болады. Суы бар заттық шыныда дақ қалмайды.
3-есеп. Екі сынауыққа да кальций оксиді мен магний оксиді берілген. Олардың қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар.
Шешуі. Екі сынауыққа да дистильденген су құямыз, сонда кальций оксиді бар сынауықта шабытты реакция жүреді, ал магний оксиді сумен әрекеттес-
пейді.
Реакция теңдеуі:
CaO + H2O → Ca(OH) 2 + Q
Қорытынды. Кальций оксиді сумен әрекеттесіп, негіз түзеді, оны фенолфталейн ерітіндісімен анықтауға болады.
4-есеп. Сапалық реакция көмегімен берілген үш бейорганикалық қосылыстың әрқайсысын анықтаңыздар. Үш түрлі ерітінді берілген:натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді.
Шешуі.Үш сынауыққа үш түрлі ерітінді құйылады. Әрбір сынауыққа сульфат ионға сапалық реактив - барий хлориді құяды. Сонда төмендегідей реакциялар жүреді. Натрий сульфатымен реакцияласқандағы реакция теңдеуі:
Na2SO4 +BaCl2 → BaSO4 ↓ + 2NaCl
Қорытынды. Барий сульфатының ақ түсті тұнбасы түзіледі.
Натрий карбонаты мен реакцияласқандағы реакция теңдеуі:
Na2CO3 + BaCl2 → BaCO3 ↓ + 2NaCl
Қорытынды. Ақ түсті тұнбасы түзіледі, барий карбонатының тұнбасы.
5-есеп. Мына айналуларды іс жүзінде жүзеге асырыңыздар:
Мыс(II) карбонаты → мыс хлориді → мыс(II) гидроксиді → мыс(II) оксиді
Шешуі. Мыс карбонатын сынауыққа сала, үстіне 15%-дық тұз қышқылын құямыз.
Реакция теңдеуі:
CuCO3 + 2HCl → CuCl2 + 2H2O + CO2↑
Алынған мыс хлоридіне натрий гидроксиді ерітіндісімен әсер етеміз.
Реакция теңдеуі:
CuCl2 + 2NaOH → Cu(OH)2 ↓ + 2NaCl
Суда ерімейтін мыс гидроксидін қыздырсақ, төмендегідей реакция жүреді.
Реакция теңдеуі: Cu(OH)2 → CuO + H2O
көк қара
6-есеп. Темір(ΙΙ) сульфатын кем дегенде үш әдіспен алыңыздар.
Шешуі: 1. Темір кесегіне сұйық күкірт қышқылымен (W(H2SO4 =20% )) әсер етеміз.
Реакция теңдеуі:
Fe + H2SO4 → Fe SO4 + H2↑
2. Темірді оттегінде жағып, темір(ΙΙ) оксидін, одан темір сульфатын аламыз.
Реакция теңдеуі:
2Fe + O2→ 2FeO
FeO + H2SO4 → Fe SO4 + H2 O
3. Темір (ΙΙ) хлоридіне натрий гидроксидімен әсер етіп, алынған темір гидроксидіне күкірт қышқылын қосу керек.
FeCl2 + 2NaOH → Fe(OH)2↓ + 2NaCl
Fe(OH)2 + H2SO4 → Fe SO4 + 2H2 O
Эксперименттік есептерді сабақ тақырыптарына сай әр кезде қолдануға болады. Эксперименттік есептерді мектеп зертханасында бар реактивтер мүмкіндіктеріне сәйкес және химиямен айналысқысы келген немесе химиядан олимпиадаға қатысқысы келетін оқушылар сабақтан тыс уақыттада мұғалім немесе лаборант көмегімен жүргізіп, алғашқы зерттеулеріне жол ашуларына болады.
Қашанда өзің көзбен көріп, өзің зерттеу жүргізіп, өзің талдап, қорытынды жасағанға не жетсін! "Еңбектің наны қашанда тәтті"- демейді ме? Білім жолы - талмай ізденіс жолы, талпынған адам мұрат - мақсатына қашанда жетеді, ізденуден, оқудан, зерттеуден еш жалықпаңдар!
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Дүсіпова Л. Органикалық химияны физикамен байланыстыра оқыту / Л.Дүсіпова, Ж.Шатеков. - Алматы, 2000 ж.
-
Жайлауова М. Пәнаралық байланыс /М.Жайлауова, А.Әбуова // Бастауыш мектеп. - 2004 ж. - N.5 - 22-24 б.
-
Кішібаева Д. Пәнаралық байланыстар / Д.Кішібаева // Қазақстан мектебі. - 2005 ж. - N.1- 31-33 б.
-
Табалдинова С. Физика мен информатика пәндерінің арасындағы өзара байланыс / С.Табалдинова // Информатика. Физика. Математика. - 2001 ж. - N.5 - 29-32 б.
-
Жайлау С. Химия пәнінің мазмұны мен тарихы арасындағы байланыс /С.Жайлау, Г.Утунушева // Химия мектепте. - 2007 ж. - N.1.
-
Аймағамбетова Қ. Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқыту / Қ.Аймағамбетова, Э.Әлімқұлова // Химия мектепте. - 2003 ж. - N.6 - 15-18 б.
-
Өнербаева З. Пәнаралық байланыс арқылы білім мазмұнын жүйелеу / З.Өнербаева, Г.Камиева // Химия мектепте. - 2004 ж. - N.1 - 36-39 б.
-
Гаркунов В.П., Николаева Е.Б. Межпредметные связи при проблемном изучении химии / В.П.Гаркунов, Е.Б.Николаева // Химия в школе. - 1982. - № 3. - с. 28.
-
Дюсюпова Л.З. О связи преподавания органической химии с физикой / Л.З.Дюсюпова // Химия в школе. - 1981. - № 4. - с. 38.
-
Ерыгин Д.П. Методика решения задач по химии. Учеб. пособие для студентов пед. ин-тов по биологии и химии / Д.П.Ерыгин, Е.А.Шишкин. - М.: Просвещение, 1989. - С.179.
-
Обучение химии в 9 классе. Пособие для учителя / М.В.Зуева, Р.Г.Иванова, А.А.Каверина и др. - М.: Просвещение, 1990 - 176 с.
-
Минченков Е.Е. МПС неорганической химии и физики / Е.Е.Минченков // Химия в школе. - 1981. - № 2. - с. 22.
-
Ходаков Ю.В. Общая и неорганическая химия. Пособие для учителей / Ю.В.Ходоков. - М.: Просвещение, 1965 - 704 с.
14 Хмельницкий Р.А. "Физическая и коллоидная химия" . М.: ВШ 1988.
15 Современный курс общей химии. К. Хаускфорт, Э. Констебл, М.: "Мир" 2002.
-
Стромберг А.Г., Семченко Д.П., "Физическая химия". М.: ВШ 1988.
-
Даниэльс Ф., Олберти Р. "Физическая химия" М.: Мир, 1976.
Қосымшалар
Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың салыстырмалы молекулалық массалары.
-
Иондар
H+
NH4+
K+
Na+
Ag+
Ba2+
Ca2+
Mg2+
Zn2+
Cu2+
Hg2+
Pb2+
Fe2+
Fe3+
OH-
18
35
56
40
125
171
74
58
99
98
235
241
90
107
NO3-
63
80
101
85
170
261
164
148
189
188
325
331
180
242
CI-
37
54
75
59
143
208
11
95
135
136
272
278
127
162
CH3 CO
O-
60
77
98
83
167
255
158
142
184
182
319
325
174
233
S2-
34
68
110
78
248
169
72
56
98
96
233
239
88
208
SO32-
82
116
158
126
296
217
120
104
145
144
281
287
136
352
SO42-
98
132
174
142
312
233
136
120
162
160
297
303
152
400
CO32-
62
96
138
106
276
197
100
84
125
124
261
267
116
298
SiO32-
78
94
154
112
292
213
216
100
141
144
277
283
132
340
NO2-
47
64
85
69
262
229
132
116
157
156
293
299
148
194
PO43-
98
212
164
419
601
310
262
385
382
793
811
358
151
Есептерді шешуде жиі қолданылатын формулалар, теңдеулер.
-
1
Заттың салыстырмалы молекулалық массасын оның формуласы бойынша есептеу.
Mr(AxBx)=xAr(A)+Ar(B)
2
Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеу.
ώ(A)=Ar(A)·x/Mr(AxBy) ώ(B)=Ar(A)·x/Mr(AxBy)
3
Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массаларының қатынастарын оның формуласы бойынша есептеу.
m(A)/m(AxBy)=Ar(B)·y/Mr(AxBy)
m(B)/m(AxBy)=Ar(B)·y/Mr(AxBy)
m(A)/m(B)=Ar(A)/y·Ar(B)
4
Берілген зат мөлшері бойынша заттың массасын есептеу.
m(AxBy)=y(AxBy)M(AxBy)
5
Берілген зат массасы бойынша оның зат мөлшерін есептеу.
y(AxBy)= m(AxBy)/ M(AxBy)
6
Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу
Д(H2)=M(газ)/2 Д(ауа)=M(газ)/29
7
Белгілі мөлшерде берілген газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.
V(газ)=y(газ)/V(қ.ж.)
8
Қалыпты жағдайда белгілі бір көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу.
M= M(газ)V(газ)/ V(қ.ж.)
9
Массасы бойынша газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.
V(газ)= m(газ)·V(қ.ж.)
10
Газ тәрізді заттың молярлы массасын Клайперон- Менделеев теңдеуі бойынша есептеу.
M(газ)= m(газ) ·R·T/P· V(газ)
11
Белгісіз заттың қарапайым (эмпирикалық) формуласын табуда атомдар санының қатынасы.
x:y= ώ(A)/ Ar(A): ώ(B)/ Ar(B) x:y=y(A):y(B)
12
Газ тәрізді заттың көлемін қалыпты жағдайда ауыстыруды есептеу.
Vo=P·V(газ) ·To/Po·T
13
Еріген заттың массалық (көлемдік) үлестерін анықтау.
ώ%(зат) =mерігензат/mерітінді100% ώ%(зат) =mерігензат/ vерітіндіρерітінді 100% ώ% = vерігензат/vерітінді100%
14
Ерітіндінің молярлық концентрациясын анықтау.
CM= mерітінді/ m(зат)·vерітінді CM= ώ%(зат)·ρерітінді/100% M(зат)
CM= ώ%(зат)·ρерітінді)·vерітінді /100% M(зат)
CM= vергензат / vерітінді
15
Химиялық реакцияға түскен ерітінділердің көлемі мен нормалдығының өзара қатынасы.
V1/V2=C2/C1