7


  • Учителю
  • Урок: Химия біздің айналамызда

Урок: Химия біздің айналамызда

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп



Сабақтың тақырыбы: Химия біздің айналамызда. (Сыныптан тыс іс-шара).

Жетекшісі: Тулеубекова Р.С

Сынып: 10 ә



Қаскелең 2015

Сабақтың мақсаты:Химия пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақты әр түрлі қызықты тәжірбиелер көрсету арқылы өткізу.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды химиядан алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағыт беру.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымдық көз-қарасын дамыту.

Жұмыстың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.



І. Көгергіш нан. Мұны көрсету үшін йодтың спирттегі 10 проценттік еріндісі, нан, стақан немесе кесе керек.

Нанның бір-екі сәтте көгергенін көрсету үшін шай кесеге немесе стақанға бір-екі тамшы йодты тамызып, үстіне 5-10 миллилитрдей су құяды. Бұл кезде йодты судың түсі шай тәрізді болады. Тәжірбиені қарап отырмаған адамға шай деп көрсетсе, ол бірден сеніп қалады. Ал осы суға іле-шала кәдігі нанды батырса, нан бірден көгеріп кетедң. Ғажап нәрсе екен! Сонда бұл қалай көгеріп кетті? Осының себебін қатарыңызда отырған кісінің бірінен сұрап көріңізші. Орның білуі екі талай.

Нанның йодты суда көгеретін себебі - нанның құрамында крахмал бар, ал крахмал йодта көгереді. Сондықтан крахмалы бар заттарды білудің бірден-бір жолы йод арқылы жүзеге асырылады. Йод адам организіміне өте қажетті элемент, ол жетіспесе адам қалқанша безінің ауруымен ауырады. Ондай адамға йод тұздарының препараты беріледі. Оны қолдан да жасауға болады. Бұл үшін 100 г NaCl, 1г NaJ немесе Kl тұзы қосылып ерітіледі.



Сіріңкесіз жағылған от. Қажетті заттар KMnO4тұзы (калий перманганаты), концентрлі H2SO4, этил спирті, ағаш спирті, ағаш жаңқасы, мақта және т.б.

Калий перманганаты мен концентрлі күкірт қышқылың 1-2 г қойыртпағы жасалып, темір қаңылтырдың үстіне салынады да, оның айналасына ағаш жанқалары тәртіппен қаланады. Ағаш жаңқалары KMnO4 пен күкірт қышқылының қоспасына тимей тұруы керек. *Алау* даярланып болғаннан кейін , спиртке бір түйір мақта батырып алынады. Содан кейін сырттан қарап отырған адамға байқалмайтындай етіп, саусақ арасындағы ақтаны жайлап қысады да, ағаш жаңқасының үстіндегі тесіктен KMnO4 пен H2SO4 қоспаларына дәл тиетіндей етір, мақтаны сығыңқырап жібереді. Осы кезде спирттен KMnO4 пен H2SO4қоспалары реакциялары да, қоспа бірден лап беріп жанып, оның әсерінен жаңқа да жанады.

Бұл тәжірбие KMnO4 пен H2SO4 қосылуының нәтежиесінде оттегінің атом түрінде бөлінуіне сәйкес жасалады. Қоспадан бөлінген атом түріндегі оттегі күшті тотықтырғыш спиртпен әрекеттееді де, оны жандырады . Калий перманганаты мен күкірт қышқылының орнына жақсы құрғатылған майда қызыл хром ангидридінің кристалдарының да пайдалануға болады. Бірақ оған да спирт тамызылады.

Отсыз жұмыртқа пісіруге бола ма? Әбден болады. Оған қажетті заттар: сөндірілмеген әк, темір табақ, су.

От пен электр қуатын пайдаланбай тамақ пісіру мүмкін емес. Алайда химиялық энергияны пайдаланып-ақ жұмыртқаны оп-оңай пісіруге болады екен. Мәселен, әкке су құйған кезде көп жылу бөлінеді. Міне, осы жылуды пайдаланып жұмыртқаны пісіруге толық мүмкіндік бар. Ол үшін темір табаққа өртелген әк тасын салады да, ортасына жұмыртқаны қойып, үстіне су құяды. Сол кезде өртелген әк тасы сумен күшті әрекеттесіп, көп жылу бөлінеді. Табаққа салынған жұмыртқа ол жылудың әсерінен піседі. Міне, жұмыртқаны отсыз осылай пісіруге болады. Бұл да адам тұрмысында қажетті тәжірбиелердің бірі.

CaO + H2O = Ca(OH)2 + Q (көп жылу бөлінеді)



Сумен от жағу.Бұған қажетті заттар: 2 г йод, 4 г алюминий ұнтағы, фарфор тостағанша, суы бар стақан, пипетка.

Бұл үшін 2 г йодты 4 г алюминийге араластырып, алынған массаға конус формасын береді де, оның үстіңгі жағынан кішкене шұңқыр жасайды. Пипеткаарқылы сол шұңқырға бір-екі тамшы су тамызса, қоспа лезде тұтанып жанып кетеді, себебі йод пен алюминийдің әрекеттесуіне су катализатор болады. Ал қоспаны даярланған кезде тек қана шыны таяқшамен немесе фарфор қасықпен араластыру керек. Йодты қоспаны қолмен ұстауға болмайды, егер ұстай қалсаң , йод қолын күйдіріп жібереді.



Тиімді *операция*. Операцияны жасау үшін: бес проценттік родон қышқылы калий немесе родон қышқылы аммоний, хлорлы темір тұзының ерітіндісі, пышақ, мақта, бір стақан су дайын болу керек.

Операция жасалатын адамның білегі бес проценттік родон қышқылы калий тұзының ерітіндісімен әрлі-берлі сүйкеледі. Бұдан соң хлорлы темір ерітіндісінен алып, білекті пышақтың сыртымен сызып *кескілейді*. Осы кезде білектен қып-қызыл *қан* шыққан секілді болады. Өйткені родон қышқыл темірдің түсі қызыл қан тәрізді. Операция *жасап* болғаннан кейін, ерітінді жағылған жерді сулы мақтамен сүртіп тастайды.

Реакция теңдеуі:

3KCNS + FeCl3 = Fe(CNS)3 + 3KCl

Демалудан лайланатын су. Қажетті заттар: әк суы, пробирка, имек түтік. Адам дем алып, дем шығарған кезде немесе заттың шіру процестерінен көмір қышқыл газы мен жылу бөлінетіні бізге мәлім. Бұл құбылыс ешнәрсенің сырттан тигізетін әсерінсіз-ақ өзіндігінен болады. Мұны *жалынсыз жану* немесе *жайлап жану* деу де орынды. Осылай жайлап жанудың нәтежиесінде біздің денемізде белгілі мөлшерде температура сақталады.

Біздің организмімізден дем шығару кезінде көмір қышқыл газының бөлінетіндігін дәлелдеу үшін мөлдір түсті әк суын пробиркаға құйып, оны түтік арқылы үрлесек, әк суы ілезде лайланады. Бұл көмір қышқыл газы мен әк суының өзара әрекеттесіп, көмір қышқыл кальцийдің түзілгенін көрсетедң. Оның формуласы: Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O. Егер әк суын ұзақ үрлесек, жаңағы лайланған ерітінді еріп кетеді, себебі суда ерімейтін көмір қышқыл кальций, суда еритін қышқыл көмір қышқыл кальцийге айналады. Формуласы: CaCO3 + CO2 + H2O = Ca(HCO3)2 Егер пробирканы қыздырса, алғашқы реакция қайта жүреді.



Жанатын *су*.Бұған қажетті заттар: Металл-натрий, жылы су, химиялық стақан.

*Суды* жағу үшін ыстық суды стақанға құйып, оның үстіне фильтр қағазына оралған бұршақтай натрий салады. Натрийдің сумен күшті әрекеттесуінен сутегі бөліне бастайды да, сутегімен бірге жылу бөлініп, ал осы жылудың әсерінен бөлінген сутегі жанады. Бұл құбылыс сырттан қараған кісіге су жанып жатқан тәрізді болып көрінеді.

Металл натрийді суға шамадан тыс көп салуға болмайды. Сондай-ақ металл натрий керосинде сақталса, оны суға саларда сыртын керосиннен жақсылап тазарту керек. Натрийдің суға салынғаннан кейін стақанның бетін воронкамен жапқан жөн, өйкені бұл натрийдің сумен күшті әрекеттесіп, оның судан ыршып шығып кетуінен сақтайды. Натриймен жұмыс істегенде қолмен ұстауға болмайды, тек қысқашпен ұстап, қағазға орау керек.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал