7


  • Учителю
  • Разработка урока на тему 'Атом құрамы мен құрылысы'

Разработка урока на тему 'Атом құрамы мен құрылысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы 8

Күні Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Атом құрылысы. Атом құрамы.

Мақсаты

Атом құрылысы туралы білімді нақтылау. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту.

Күтілетін нәтижелер

Оқушы қазіргі периодтық заңның ережесін,әр атомның ядро зарядын, нейтрон және электрон санын таба біледі.


Керекті жабдықтар

ПЖ, интерактивті тақта, презентация

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру

Тренинг.

Оқушылар құралдарын дайындап, жайғасады.

Тұсаукесер

Сұрақ-жауап: 1) Атом құрылысы туралы не білесіңдер?

2)Атомдар қандай негізгі екі бөлшектен құралған?

2) Атом-молекулалық ілім туралы не білеміз?




Жауап береді.

Негізгі бөлім

Оқушыларға тапсырма беріледі: §53 мәтінмен мұқият танысып шығу. 10 мин

атомның күрделі құрылысы туралы әңгімелеу.

Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер

Белгісі

Салыстырмалы заряды

Салыстырмалы массасы

Протон

р

+

1

Нейтрон

п

0

1

Электрон

е

0

1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.

А = Z + N; A - атомдық масса; Z - протон; N - нейтрон;

Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор элементінің массасы 35 және 37 болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі. Олар изо- топтар. Изотоптар - ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп - бірдей орында деген мағнаны білдіреді.

Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:

1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей - оттегі изотоптары.

2. - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .

Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор эле ментінің с.а.м. 35,5. Бұл ұғымдардың айырмашылығын түсіндіру үшін мынадай мысалдар келтіріледі. Табиғатта изотопы 75%, ал изотобы 25% таралған.Осыдан хлор элементінің орташа с.а.массасы шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5

Периодтық жүйеде келтірілген элементтердің атомдық массалары изотоптардың табиғи қоспаларының орташа массалық саны. Изотоптар туралы мәліметтерді ескере отырып, оқушыларға химиялық элемент ұғымының нақты анықтамасын беру қажет. Химиялық элемент дегеніміз - ядро заряды бірдей атомдар түрі.Периодтық заңға атом құрылысы тұрғысынан жаңа анықтамасын береміз.

Әр оқушы жұмыстанады.

Оқушылардың жауабы 1911 жылы ағылшын физигі Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады. Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады. Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі

Ar-K,Co-Ni,Te-I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі - оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Жаңа сабақты бекіту

Сұрақ-жауап:

1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

2. Атом ядросының заряды немен анықталады?

3. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

5. Элемент атомының массасы немен анықталады?

6. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?

7. Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?



Қорытынды

Бағалау. Білімді критерийлер арқылы бағалау.Ойлауды бағалау

Рефлексия.

Үйге: §53,54 жаттығуларымен.

Өзара бағалау. Рефлексия жазады.

-Суреттеңіз

-Критерийді айқындаңыз

-Талапқа сәйкес пе?

-Ол туралы не ойлайсыз?

Шешім қабылдаңыз..


Сабақтың өзіндік талдауы




Сабақ бойынша өзгертулер








Сыныбы 11

Күні 13.11. 2014 Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Ацетилен көмірсутектері немесе Алкиндер


Мақсаты

Білімділік: Ацетиленнің алу жолдарының, химиялық реакциялардың, механизмдер мен жүру жағдайлары, ацетиленнің қолданылуы туралы жалпы түсіну. Кучеров реакциясының жүру механизімі және димерлену, тримерлену реакцияларымен танысу

Алкиндер жайлы мәтіннен негізгісін бөлу арқылы, іскерлік пен дағдыларын дамыту.

Алкиндер мен алкендердің құрылысын, қасиеттерін салыстыру арқылы, ацетилен көмірсутектерінің изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазу және жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формуласын табуға есептеулер жүргізу

Тәрбиелік: Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.

Дамытушылық: Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын тудыру, өз ісіне жауап және баға беру, экологиялық ойлауды тәрбиелеу.


Сабақтың типі:



Сабақтың түрі:

Жаңа білім беру сабағы



саяхат сабағы ( Блум таксономиясын, СТО стратегияларын

қолдану арқылы).

Күтілетін нәтижелер

Алкиндердің гомологтық қатарын, формулаларын, химиялық қасиеттерін, алу жолдарын, есептеулер жүргізуді біледі.


Көрнекілік құралдар:


Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдтар, шар - стерженді модельдер, таратылатын дидактикалық материалдар, кесте: «Алкиндардың гомологтық қатарлары».

Таратпа материалдар: Дидактикалық материалдар.




Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Білу

Атаңыз...

Қай жылы?

Қайда болды?

Ереже жазыңыз.

Мысал келтіріңіз

І. Сұрақ-жауап

  1. Көмірсутектерді атаңыз.

  2. Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады?

  3. Мысал келтіріңіз.

ІІ. Топтарға бөлу

Молекулалық формулалар арқылы 4 топқа бөлінеді. Алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер.




Тыңдайды,жазады,

еске түсіреді,есте сақтайды,ойлайды.


Түсіну

Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диологтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б.



Талдау


«Қар үйіндісі» стратегиясы

Әрбір топқа берілетін тапсырмалар:

1)Алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, номенкл атурасы.

2) Алкиндердің құрылысы

3) Алкиндердің қасиеттері

4) Алкиндердің алынуы мен қолданылуы.

Оқып білгендерін ортаға салады, талқылайды.



Кейін әрбір оқушы жаңа топтар құрайды «Джигсо» стратегиясы

( № 1,№2, №3,№4 ..) Оқушылар тақырыпты толық меңгеріп шығады.


Ойларын айтады,

түсіндіреді,ерекшелігін көрсетеді,сұрақтар береді. Жазады



білімін

өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырырмалар береді.

Топтық талқыға салады, ойланады.

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді




Қолдану

Алған білімін

өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырырмалар береді.

Сөйлемді аяқтаңыз...

Сіз не білдіңіз?

Неге?

Сөйлемді өзгертіңіз.

Байланысын түсіндір.

Өз сөзіңмен баянда

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу.

Кітаппен жұмыс.

Білімін

өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырмалар беред.і

Бағалау

Білімді критерийлер арқылы бағалау.Ойлауды бағалау

Суреттеңіз

-Критерийді айқындаңыз

-Талапқа сәйкес пе?

-Ол туралы не ойлайсыз?

Шешім қабылдаңыз..


Бағалайды, талқылайды. Өз пікірін айтады.

Қорытындылау

Сабақтың өзіндік талдауы



Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. Бензол

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Ароматтық байланыс туралы ұғым беру, бензолдың алыну жолы мен қолданылуы жайлы түсінік беру.

Б) дамытушылық байқампаздық, есте сақтау, салыстыра білу, жаңашыл информациялық құралдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру, түсінікті дұрыс ұғынып, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру.



В) тәрбиелілік: ароматты көмірсутектер жайлы ұғым негізінде баланың бойында материалистік- диалектикалық көзқарасты қалыптастыру, оқулық пен дәптермен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, атом модельдері

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің айырмашылығы?

2. Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау (этан, этилен, ацетилен)



3 Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері сәйкесінше 75% және 25%. Көмірсутектің оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,5. Заттың молекулалық формуласын анықтаңдар.

Өткен сабақпен байланыс:

Өткен тақырыптарда көмірсутектердің бірнеше түрге бөлдік. Олар қаныққан, қанықпаған және ароматты. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер түрімен танысып өттік. Енді бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз көмірсутектердің тағы бір түрі - ароматты көмірсутектер.

Жаңа сабақ

Ароматикалық көмірсутектер - құрамында бір немесе бірнеше бензол сақиналары бар заттар жатады. Жалпы формуласы СnН2n-6.

Физикалық қасиеті

Бензол және оның гомологтары - түссіз сұйықтық. Олар суда еримейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.

Ароматты көмірсутектердің басты өкілі-бензол.Оны 1825 ж. М.Фарадей жарық газын зерттей отырып, соның құрамынан тапқан, ал Э.Митчерлих 1834 ж. бензой қышқылын құрғақ айдау арқылы алған.

Кекуле 1865 ж.бензолдың циклді формуласын ұсынды. Кекуле бойынша бензол молекуласы қосарланған үш байланысы бар циклогексатриенді тұйық жүйе:

Алынуы

1. Өндірісте: бензол және оның гомологтарын мұнайдан, кокс газынан, тас көмір шайырынан алады.

2. Лабораторияда:

1. Бензой қышқылын декарбоксилисациялау:



2. Ацетиленді синтездеп алу:



3. Дюма реакциясы:



Экологиялық аспектілері

Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға мұнай ингредиенттері және таза зат ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен ластануы ең алдымен транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының ластануының 50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты көмірсутектермен ластануы орман өрттері арқылы болады.

Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т бақтағы қоқысты өртегенде шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді.

Су бензолмен ластанған жағдайда омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді. Судағы концентрациясының 20 мг/л - ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі.

Жоғары дәрежеде уланғанда адамдардың артериялық қан қысымы төмендейді, дененің дірілдеуі пайда болады. Негізінен адам ағзасына бензол тыныс алу жолдары, ауыз су, азық - түлік арқылы енеді. Ағзада бензол сүйек майында , май ұлпаларында концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.

Химиялық қасиеті:

1. Қосылу реакциясы



циклогексан



2. Хлорлау:



хлорбензол

3. Фридель - Крафтс реакциясы:



этилбензол



Қолданылуы:

Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі - дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.



Бекіту сұрақтары

1. Нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзілетінін ескеріп, бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.



2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 →С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО2



3. Бензол (С6Н6) мен циклогексанның (С6Н12) толық жану реакцияларының теңдеулерін жазып, бөлінетін көмірқышқыл газының көлемдерін салыстырыңдар.



СИНКВЕЙН

1 жол - зат есім (синквейн тақырыбы)

2 жол - екі сын есім

(синквейн тақырыбын ашатын)

3 жол - үш үстеу (қозғалысты сипаттайды)

4 жол - сөйлем н\е фраза

(тақырыпқа байланысты айтылған)

5 жол - синоним (резюме-сөз)



1 жол - бензол

2 жол - хош иісті, түссіз сұйықтық

3 жол - жанады, ерімейді, қосылады

4 жол - Ароматты көмірсутектердің ең қарапайым өкілі

5 жол - арен



Үй тапсырмасы: §52, 1-5 жаттығулар



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал