7


  • Учителю
  • Пример краткосрочного плана по химии

Пример краткосрочного плана по химии

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы

Сандық есептер: реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген өнімнің белгілі массасы, зат мөлшері немесе көлемі бойынша заттың массасын , зат мөлшерін, көлемін есептеу

Сілтеме

Химия «Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина» 8-сыныпқа арналған оқулық


Жалпы мақсаты

Оқушылардың есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, химия пәніне және есеп шығаруға деген қызығушылықтарын арттыру

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Оқушылар есептер шығара біледі, топтаса жұмыс істей алуға үйренеді, ортақ шешім шығара алады

Сабақтың міндеттері


Ақпаратты қайталау, жинақтау және қолдану

Сабақтың типі

Есеп шығару сабағы


Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, периодтық жүйе, ватман, маркерлер, тапсырмалар жазылған қағаздар


Сабақтың барысы: Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу. Әрбір топқа жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында күннің суреті және «Бүгінгі күндеріңіз осындай шуақты болсын!» деген тілек жазылған қағаздар таратылады.

Миға шабуыл: алдымен бүгінгі сабақта қолданылатын ұғымдарды еске түсіру мақсатында топтарға сұрақтар қойылады: А)заттың массасын қалай есептейміз? Б) зат мөлшері дегеніміз? В)зат массасы мен көлемі бір-бірімен қалай байланысты? Д) молярлы көлем дегеніміз не? Е) тотығу-тотықсыздану реакциялары басқа реакциялардан қалай ерекшеленеді?

Топтарға 3 есептен жазылған қағаздар таратылады:

1-топ) 1-1. Массасы 2,4 г магний артық мөлшердегі күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттескенде қалыпты жағдайда қанша литр сутек бөлініп шығады?

1-2. Зат мөлшері 1 моль алюминий 109,5 г тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм тұз түзіледі?

1-3. Көлемі 22,4 л сутегі газы көлемі 4,48 л көмірқышқыл (ІІ) газы әрекеттескенде түзілген газдардың көлемдері қандай? Қандай газ қанша мөлшерде артық қалады? Реакцияны электронды баланс әдісімен теңестір.

2-топ) 2-1. Егер реакция нәтижесінде 6,72 л сутегі газы бөлініп шығатыны белгілі болса, тұз қышқылымен қанша грамм мырыш реакцияға түседі?

2-2. Зат мөлшері 2 моль мыс сульфаты мен 1 моль темір әрекеттескенде түзілетін тұздың массасы қанша?

2-3. Зат мөлшері 2 моль сутегі газы мен көлемі 44,8 л азот әрекеттескенде түзілген заттың массасы қандай? Реакцияны электронды баланс әдісімен теңестір.

3-топ) 3-1. Натрий массасы 6,3 г азот қышқылымен әрекеттескенде реакция нәтижесінде неше моль тұз түзіледі?

3-2. Массасы 3,9 г калий мен көлемі 67,3 л хлор әрекеттескенде түзілген тұздың массасы қанша?

3-3. Зат мөлшері 2 моль темір 18 г су буымен әрекеттескенде бөлінетін сутегі газының қалыпты жағдайда көлемі қанша? Қай зат қанша мөлшерде артық қалады? Реакцияны электронды баланс әдісімен теңестір.


Есептер шығарылып болған соң, барлық топтар бірігіп есептердің шығарылуын талқылайды. Сабақ соңында оқушылар критерийлер құру арқылы, бағалау парағына өздеріне баға қояды.


Үйге тапсырма: тотығу-тотықсыздану реакциялары тақырыптарын қайталау. Әрбір оқушы бес тотығу-тотықсыздану реакциясын жазу және реакцияны электронды баланс әдісімен теңестіру.


Сабақты бағалау

Кері байланыс





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал