7


  • Учителю
  • 'Көміртек және оның қосылыстары' туралы химия пәнінен ашық сабақ жоспары

'Көміртек және оның қосылыстары' туралы химия пәнінен ашық сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні 8.12.15 ж

9 сынып

Сабақ №26

Тақырыбы

Көміртек және оның қосылыстары, көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері, адсорбция, көміртек (ІІ,ІҮ) оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздары, көміртек қосылыстарының тірі және өлі табиғатта кездесуі және олардың маңызы.

Мақсаты

Оқушыларға көміртек және оның қосылыстары туралы мәліметтермен танысу.

Міндеттері


Білімділік

Оқушыларға көміртек және оның қосылыстары жайлы білім негіздерін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, қабілеттерін, жеке қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды пікірін айта білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйрену, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру

Сабақтың типі

Жаңа тақырып

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың әдісі

Топпен жұмыс

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың көміртек және оның қосылыстары жайлы білімдерін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып меңгеру, өздігінен және топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірін сыйлауға және тыңдауға тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Керекті құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, стикерлер, газдалған сусын, белсендірілген көмір, ас содасы

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Барлығын тақтаға шығарып, оқушыларға стикерлерді тарату(күн, ай, жұлдыз), сол стикерлер бойынша топқа бөлу. Топ арасында өздері топ басшысын сайлап алады.

Топ басшылары үстелде тұрған заттардан (газдалған сусын, белсендірілген көмір, ас содасы) біреуін таңдайды да «не үшін?» таңдағандарын айтады. Сол бойынша топтың атауы беріледі.

1-топ. Белсендірілген көмір

2-топ. Газдалған сусын

3-топ. Ас содасы

ІІ. Өткен материалды қайталау (10 минут)

«Минералды тыңайтқыштар, олардың Қазақстанда өндірілуі және оларды тиімді қолдану» тақырыбын өттік. Сонда үйге тапсырма ретінде «азотты тыңайтқыштар», «органикалық тыңайтқыщтар», «фосфорлы тыңайтқыштар» тақырыбы бойынша дайындап келу. Әр топқа 3минут беріледі

ІІІ. Жаңа тақы-рыпты меңгеру

(20минут)

Бүгін өтетін тақырыбымыз: Көміртек және оның қосылыстары, көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері, адсорбция, көміртек (ІІ,ІҮ) оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздары, көміртек қосылыстарының тірі және өлі табиғатта кездесуі және олардың маңызы.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: көміртек және оның қосылыстары туралы мағлұматтар алу.


Зерттеу жұмысы (10 минут)

Көміртек туралы зерттеу жұмысы

Көміртек оксидтері туралы зерттеу жұмысы

Көмір қышқылы туралы зерттеу жұмысы

Сергіту сәті

(1 минут)

Барлығымыз орнымыздан тұрамыз.

Көміртек дегенде қол көтереміз

Оттек дегенді қолды алға созамыз

Сутек дегенде қолды жан-жағымызға созамыз

Индексті айтқанда қолды түсіреміз

СО2

Н2СО3

С

2.Тәжірибе жасау (9 минут)

Белсендірілген көмірдің адсорбциялық қасиеті.Колбаға немесе стаканға су қүйып оны күлгін сиямен бояңдар. Оған ұсақталған белсендірілген көмірді салып шайқаңдар. Одан соң сүзіндер. Ерітінді түсінің өзгерісін түсіндіріңдер.

Көмірқышқыл газының ізбес суына әсері. Стакандағы ізбес суына түтікше арқылы үрлеңдер. Құбылыстарды байқаңдар стакан ішіндегі заттың түсін байқаңдар реакция теңдеуін жазыңдар.


Көмір қышқылы тұздарының гидролизі. Натрий карбонаты, гирокарбонаты және калий карбонатының ерітінділерінің бейтарап лакмусқа әсерін сынаңдар. Молекулалық, иондық түрде гидролиз теңдеулерін жазыңдар. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының қайсысы күштірек гидролизденеді? Түсіндіріңдер.

ІҮ. Сабақты бекіту (3 минут)


2 моль көміртектің көлемін, массасын, атом санын анықтаңдар

10 грамм көмірді жаққанда қанша көлем (қ.ж.) қөмірқышқыл газы түзіледі?

25 грамм ізбестасы ыдырағанда 12 грамм кальций оксиді түзілді. Ісбестас соңына дейін ыдырады ма?

Ү. «Үш тіл-тұғырым» (2 минут)

Көміртек -углерод- carbon[ˈkɑ:bən]

Көмір (ІІ,ІҮ) оксидтері - оксиды углерода (ІІ,ІҮ) - carbon oxides (ІІ, І Ү)- | ˈkɑːbən ˈɒksaɪdz <�������������

�������������������������������������

�����������������

  1. ���������

������������������������������

������������������������������

������������������������������

������������������������������

������������������������������

������������������������������

����������������������������������

���������������

�����������������������������������������������������������������

�� В) С С) Ве Д) Не Е) Ғ

ҮІІ. Қорытынды (2 минут)

Алмаларға өз тілектерімізді жазып, ағашқа ілеміз. Бұл дегеніміз ағашта алмалар көбейген сайын біздің білімдеріміз көбейе береді деген мағынаны білдіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

(1 минут)

§22 оқу.

Есептер мен жаттығулар жинағы: 6-1 - 6-36

Жұмыс дәптері:83-101

1-топ: «Көміртек қосылыстарының тірі табиғатта кездесуі»

2-топ: «Көміртек қосылыстарының өлі табиғатта кездесуі»

3-топ: «Көміртек қосылыстарының адам ағзасында кездесуі»

ІХ. Бағалау

(1 минут)

Топ басшысы өзінің тобындағы оқушыларды бағалайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал