7


  • Учителю
  • Внекласная работа 'ғажайып алаң'

Внекласная работа 'ғажайып алаң'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Нығыман Алшынов атындағы

Жалаулы орта мектебі












Химия пәнінен

«Ғажайып алаң»



Өткізген: Химия пәнінің мұғалімі

Кәкімова Динара Ертайқызы


Ивановка ауылы

2012 жыл

Ғажайып алаң

Күні: 27.02.

Мақсаты: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын ояту;

Ойынның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу ә) оқушыларды реттеу

ІІ. Ойынның шартын түсіндіру:

Ойын 5 кезеңнен тұрады:

1-кезеңде 3 оқушы шығып, өздерін таныстырады. Мұғалім 3 оқушыға арнап сұрақ қояды, бірінші тұрған оқушы бірінші болып ортадағы барабанды айналдырады. Барбанның бағдаршасы қандай да бір санға келіп тоқтаса, оқушы бір әріп айтуы керек немесе жаубын біліп тұрса, бірден сөзді айтуға болады. Егерде оқушы айтқан әріп қате болса, келесі оқушы барабанды айналдырады. Ал егер оқушы бірден жауап берген сөзі қате болса, ол ойыннан шығады. Барабанның бағдаршасы «Б» әрпіне келіп тоқтаса, ол банкротқа ұщырап, кезек келесі оқушыға беріледі. Барабанның бағдаршасы «П» әрпіне келіп тоқтаса, оқушы не әріп айтуы керек не призді алып, ойын алаңын босатады. Барабанның бағдаршасы «+» таңбасына келіп тоқтаса, оқушы өз таңдауынша жасырынған сөздің кез келген әрібін ашуға құқылы. Жасырын сөзді толығымен шешкен оқушы финалға шығады.

2-кезеңде келесі 3 оқушы шығып, екінші жасырын сөзді шешулері керек. Шешуін тапқан оқушы финалға шығады.

3-кезеңде келесі 3 оқушы шығып, үшінші жасырын сөзді шешулері керек. Шешуін тапқан оқушы финалға шығады.

4-кезеңде 3-кезеңнен финалға шыққан 3 оқушы шығады. Мұғалім финалға шыққандарға сұрақ қойып, жасырын сөзді шешуге талап қояды. Финалдағы жасырын сөзді шешкен оқушы супериграға шығады.

5-кезеңде финалдағы жасырын сөзді шешкен оқушыға супериграның сұрағы қойылады. Сұраққа дұрыс жауап берсе, оқушы жеңімпаз атанады.

ІІІ. Ойын:

1-кезең:

«Патша арағында» ғана еритін металдардың патшасы атанған элемент?


А

Л

Т

Ы

Н


2-кезең:

Атауы грекше «тас» деген сөзден алынған металл?


Л

И

Т

И

Й


3-кезең:

«Химия адам ісіне құшағын кең жаяды» деген қанатты сөздің авторы?


Л

О

М

О

Н

О

С

О

В



Музыкалық үзіліс

10 қазақ сыныбының оқушысы Амангелді Мейрамның орындауында ән.

4-кезең:

Финал

Ұлы орыс химигі?


М

Е

Н

Д

Е

Л

Е

Е

В


5-кезең:

Суперигра

Ауыр индустрия саласы?


М

Е

Т

А

Л

Л

У

Р

Г

И

Я

ІV. Марапаттау:

Қатысқан оқушыларды ортаға шақырып, сыйлықтар табысталады.

Ойын 10 қазақ сыныбының оқушысы Амангелді Мейрамның орындауындағы әнімен аяқталады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал