7


  • Учителю
  • Урок по химии для 8 класса 'Бейорганикалық заттардың кластары мен олардың арасындағы генетикалық байланыс'

Урок по химии для 8 класса 'Бейорганикалық заттардың кластары мен олардың арасындағы генетикалық байланыс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың аты

Бейорганикалық заттардың кластары мен олардың арасындағы генетикалық байланыс

Сілтеме

Жоспар


Жалпы мақсаты

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты ашуға арналған өзгерістер орындату, есептер шығарту, тарауды қорытындылау, жинақтау.


Күтілетін нәтиже

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты ашуға арналған өзгерістерді орындайды, есептер шығарады, тарауды қорытындылайды.

Негізгі идеялар

Жекем кластардың өзара байланысы арқылы заттардың бір-біріне айналуы генетикалық байланысқа жатады


Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

«Кім жылдам»

Топтық жұмыс

«Жоба қорғау»


Жеке жұмыс

«Блум таксономиясы»



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)

Сынып оқушыларын түрлі-түсті қағаздардағы қосылыстарды ажырата отырып, 4 топқа бөліп топтастыру.

1-топ (Оксидтер: CuO, SO2, MnO3, NO2, CrO3, Na2O, )

2-топ( Негіздер: KOH, Fe(OH)2, Cu(OH)2, Ca(OH)2, Al(OH)3, Fe(OH)3 )

3-топ(Қышқылдар: HCl, H2SO4, HNO3, H3PO4, H2CO3, HBr, )

4-топ(Тұздар: Na3PO4, K2CO3, KHSO4, NaH2PO4, MgOHCl, CuCl2)


ІІ.Талқылау үшін сұрақтар. (2-3 минут)

1.Бейорганикалық қосылыстарды атаңыз

2.Оксидтер дегеніміз не?

3.Оксидтер нешеге жіктеледі?

4.Негіздер дегеніміз не?

5. Негіздер нешеге жіктеледі?

6.Қышқылдар дегеніміз не?

7.Қышқылдар нешеге жіктеледі?

8.Тұздар дегеніміз не?

9.Тұздар нешеге жіктеледі?



ІІІ. Жұптық жұмыс «Кім жылдам» (5 минут)

  1. Берілген заттар бейорганикалық заттардың қай класына жатады? Дұрыс жауапты көрсететін әріптерді қосқанда заттың аталуы шығады

р/c


Тұздар

Қышқылдар

Қышқылдық оксид

Негіздік оксид

Сілті

Суда ерімейтін негіздер

1

К2

Л

О

Р

Н

Ш

С

2

CO2

В

Ы

А

Р

О

Е

3

Ba(OH)2

Х

Л

Ю

Д

К

Ш

4

H3PO4

З

М

Ж

Ц

Ч

Б

5

Mg(OH)2

Э

А

Г

И

П

У

6

Na2O

Т

Ж

Б

С

Ю

М



  1. Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңіздер

Cu→ CuO→Cu(OH)2→ CuCl2

S→SO2 → H2SO3 → Na2SO3



Жұптар тақтаға жазылған дайын і жауаппен бірін-бірі бағалайды


ІV. Топтық жұмыс «Жоба қорғау» (15 минут)


Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Оксидтер тобына «Тұжырымдамалық карта»

Негіздер тобына «Сызбанұсқа»

Қышқылдар тобына«Концептуалдық кесте»

Тұздар тобына «Ассосация»


бағалау


Ү. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (10 минут)


Ойлау деңгейі

Сұрақтар мен тапсырмалар

Жауаптары

Білу

Бейорганикалық қосылыстарды атаңыз

Түсіну

Бейорганикалық қосылыстардың кластарына сипаттама беріңіз

Қолдану

Реакция теңдеулерін аяқтаңыз

CaO + H2O =

CO2 + H2O =

Талдау

Қышқылдар мен тұздардың айырмашылығы мен ұқсастықтарына мысалдар келтіріп салыстырыңыз

Жинақтау

Мына айналымдарды жүзеге асырыңыз

Na→NaOH→NaCl→Na2SO4→NaNO3→NaNO2

Бағалау

Бейорганикалық қосылыстардың маңызы неде?


бағалау


Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерім


Кейінгі тапсырмалар

Берілгені:O2, H2O, Na, KOH, CuO, NaOH, Na 2SO4, SO3, HCI, Na 2O, CuSO4.

Осылардың ішінен генетикалық өзара байланысы бар заттарды тауып, өзара айналуларын реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.

Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз: а) Cu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → CuSO4

ә) AICI3 → AI(OH)3 → AI 2O3 → AI 2(SO 4)3 → AI(OH)3 → AI(OH) 2CI


Кейінгі оқу

Бейорганикалық заттардың кластары мен олардың арасындағы генетикалық байланыс





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал