- Учителю
- Научная работа по теме '«ОТТЕК. ОКСИДТЕР. ЖАНУ» ТАРАУЫ БОЙЫНША БІЛІМ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ 8 сынып'
Научная работа по теме '«ОТТЕК. ОКСИДТЕР. ЖАНУ» ТАРАУЫ БОЙЫНША БІЛІМ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ 8 сынып'
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№23 Ж.ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
Баяндама тақырыбы:
«ОТТЕК. ОКСИДТЕР. ЖАНУ» ТАРАУЫ БОЙЫНША БІЛІМ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Баяндамашы: Химия пәні мұғалімі Меңлібаева Әйгерім
Қызылорда 2015ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...................................................................................................................3
Негізгі бөлім
I.I. Мектеп оқыту үрдісінде білім нәтижелерін бағалаудың көкейкестілігі...............................................................................................................3
I.II. «Оттек.Оксидтер. Жану» тарауы бойынша өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар жүйесін іс-тәжірибеден өткізу және қорытындылау.............................................................................................................4
Қорытынды...........................................................................................................8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................8
Кіріспе
Қазіргі кезеңде мектеп алдында оқыту жүйесін жаңартып қайта құруға байланысты, яғни 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты бірнеше маңызды проблемалар тұр. Бұл процесс оқу-тәрбие процесінің теориясы мен практикасындағы түбегейлі өзгерістермен қатар жүреді. Білім парадигмасының ауысуы, білім мазмұнының жаңаруы, "мұғалім-оқушы" қатынасына, оқушылардың құқықтарына жаңаша қарау қажеттілігін тудырады. Осы замаңғы педагогика окушыны оқу әрекетінің субъектісі ретінде қарастырады. Соның салдарынан оқу есте сақтау функциясынан ақыл-ойды дамыту процесіне, алған білімін нақты өмірде пайдалануға, білімнің статистикалық моделінен ақыл-ой әрекетінің қалыптасқан жүйесіне, орташа оқушыға бейімделген оқыту нәтижеге бағдарланған дамытып оқытуға айналады.
Қазакстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау" делінген [1]. Көп жылдардан бері Қазақстан халқына Елбасы жолдауларында шығармашылықка және бәсекеге қабілетті белсенді тұлға тәрбиелеп шығару арқылы ғана еліміздің экономикасын көтеруге болатындығы жайлы тұрақты түрде айтылып келеді [2]. "ҚР 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялык жоспары" құжатында білім сапасын нәтижелер негізінде қамтамасыз ету басымды мақсат ретінде анықталған. Әсіресе мектеп біліміндегі ең басты назарды окушыларда функциональды сауаттылық және өмірге кажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға аудару болып отыр [3].
Оқушыларды оқытудың нәтижесін бақылау - оқу үрдісінің ажырамас бөлігі. Бұл мұғалім үшін де, оқушылар үшін де күрделі және көпқырлы үрдіс. Білімді бақылау оқу материалымен және өзімен жүйелі жұмысты ынталандырады, оқыту әдістемесіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді көруге мүмкіндік береді. Бақылау уақытында дифференцияланған оқыту мен окушыларға жеке көзқарасты жүзеге асыруға өте ыңғайлы.
I.I. Мектеп оқыту үрдісінде білім нәтижелерін бағалаудың көкейкестілігі
Бакылау - окушының алған білімінің оқыту мақсаттарына каншалықты сәйкес келетіндігін анықтауы тиіс.
Химия ғылымының негізін оқып үйрену кезінде химиялық ұғымдар, теориялар, заңдар, фактілер, олардың өзара байланысы, теорияның іс-жүзімен байланысы тексеріледі. Сондай-ақ, оқушылар химияның терминологиясы мен символикасын меңгеруін, бақылай білуін, химия есептерін шығара алуын, эксперименттік біліктерінде тексереді.
Бақылау кезінде жалпы интеллектуальдық біліктер-ойлау тәсілдерінің дамуын талдау, салыстыру, жалпылап қорытындылау, нақтылап тұжырымдай білу біліктеріне айрықша назар аударылуы тиіс. Тапсырма оқушының білім деңгейіне сай беріледі, мұғалім бакылау нәтижесін алдын-ала білуі тиіс. Бақылау диагностикамен ұштастырылады, яғни қателерді анықтап қана қоймай, оның себептері де анықталады. Егер жаппай қате көп болса, мұғалім өзінің әдістемелік жұмысын қайта қарастырғаны жөн.
Бақылауды орындайтын субьекті мен нысан бойынша оның мынадай түрлерін бөліп алуға болады: бағдарланган, өзара, озіндік бақылау, мұғалімнің бақылауы.
Бақылау формалары, түрлері және әдістері
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, такырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев -күнделікті, такырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген. Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол такырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Тақырыптық бақылау - оку бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі.
I.II. «Оттек. Оксидтер. Жану» тарауы бонынша өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар жүйесін іс-тәжірибеден өткізу және қорытындылау
Өзіндік бақылау жүйесін жүзеге асырудың әрі мазмұны, әрі басты құралы - оқу-танымдык тапсырмалар жүйесі, яғни дидактикалык құралдар болып табылады.
Оқытудың түпкі нәтижелері қандай есепте немесе тапсырманы қандай реттілікпен және әдістермен шығарылғандығымен анықталады. Оқу- танымдық тапсырмалар мен есептер жүйесі оқушының білім алу процесін кұруға екі жағынан келуге мүмкіндік береді. Оның бірі - тапсырмалар мен есептер жүйесі болса, екіншісі оқытудың мазмұнымен байланысты.
Өзіндік бақылауға тиімді бейімдеуге арналған оқу-танымдық тапсырмалардың төмендегідей үш типін анықтадык.
-
Оқушының өзіне проблемалық қатынасын тудырып, өзіне әртүрлі тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін тапсырмалар.
-
Белгілі бір жағдайда орындалатын тапсырма (оқу-танымдық тапсырманың шарттары, оқушының мотивациялық күші, тапсырманы шешуге қажетті білімнің болуы және т.б.).
-
Өзіндік бақылауда жоғары табыстарға қол жеткізуге, оны әрі карай мойындап өз әрекетінде қолдануға жол ашатын есептер мен тапсырмалар.
Аталып өткен тапсырмалар типтері оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеудің арнайы жүйесінің барлық компоненттерінде жүзеге асырылуы тиіс. Үш компоненттен тұратын біз анықтаған өзіндік бакылауға бейімдеу жүйесінің компоненттері жеке алынбай, бәрі бірге қолданылғанда ғана тиісті нәтижеге кол жеткізіледі, себебі әрбір компоненттің өзіндік аткаратын қызметі бар, бірін бірі алмастыра алмайды.
Біз зерттеуіміз нәтижесінде әрбір жүйе компоненттердің орналасу формаларын және өзара әрекеттесуін бейнелейтін екі құрам бөліктен, яғни компоненттік құрам мен құрылымнан тұратындығын анықтадық.Осыған байланысты біз өзіміз жасаған жүйенің жүйелік-кызметтік сипаттамаларын қарастырып, жүйелердің жалпы теориясына сүйене отырып, оның жүйеге жататындығын дәлелдедік.
Біз аныктаған жүйеде барлық жүйелерге ортақ өзіне тән құрылым және тұтастық белгілер бар. Қорыта келе, біздің зерттеулерімізбен өз педагогикалык тәжірибемізге негіздей отырып анықталған оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу жүйесінде жалпы жүйелерге тән белгілердің бәрі де болатындыктан оның жүйе ретінде танылуы орынды деп есептейміз.
Оқушының оқыту объектісінен субъектіге айналуы кез келген пәннің оқыту әдістемесінің мақсат, мазмұн, әдістері, формалары және құралдары сияқты компоненттерін қайта қарастыру қажеттілігін тудырып отыр. Осыған байланысты өзіндік бакылауға бейімдеу құралын яғни оку-танымдық тапсырмаларды бүкіл окыту әдістемелік жүйесі аясында қарастыруды кажет етеді.
Осыған орай біз 8-сыныптың жоспарланған білім нәтижелерін тұжырымдау үшін бейорганикалық химия курсының "Бастапкы химиялық ұғымдар", "Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі мен периодтық заңы" тарауларын карастырдык. Бұл тарауды таңдауымызға химияны оқытуда бастапқы ұғымдарды калыптастыру мен периодтылық ілімінің маңыздылығы себеп болды.
Біздің зерттеуіміз үшін орта мектепте химияны дамытып окыту ұстанымдарының ішіндегі оқушылардың өздерін оку процесінің субъектісі ретінде ұсынуын қамтамасыз ету ұстанымы аса маңызды.
Оку процесінде мұғалім мен оқушының одақтасуына бағдарлану окытуды диалогтандыру аркылы, оның оқушының жас және тұлғалык ерекшеліктерін ескеруге бағытталуымен, кері байланыстың нәтижелерінің басымдығымен қамтамасыз етіледі.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бірнеше кезеңдерге әзірлік (айкындау), негізгі (ізденіс) және қорытынды (оқытушы) деп аталатын үш кезеңге бөлініп жүргізілді. Эксперименттің бастапкы алғашқы әзірлік кезеңі оқушыларды өзіндік бакылауға бейімдеуге бағытталған оку-тәрбие жұмысының сапасының күйін анықтауға мүмкіндік берді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге 8-9-10 сыныптар-дың 365 оқушылары және 17 мұғалім тартылды. 8-сыныптың бірінші тоқсанында - нөлдік кесінді, соңғы төртінші токсанында - бірінші кесінді, 9-шы сыныптың соңғы токсанында - екінші кесінді, ал 10-шы сыныптың аяғында үшінші кесінді алынды.
Айкындаушы кезеңнің мақсаты ЭТ (эксперименттік топ) және БТ (бақылау тобы) окушыларында өзіндік бақылауға бейімделудің деңгейін аныктау болып табылады.
Осы кезеңде өзіндік бақылауға бейімделудің іргетасы қаланады, бастапкы деңгейі анықталады, оқу-танымдық әрекетінің нәтижелері талданады. Өзіндік бақылауға қалай бейімделетіні жоспарланады, оның мақсаттары мен міндеттерін негіздеуге мүмкіндік тудырылады. Осы кезеңде оқушыларға ұсынылған арнайы тапсырмалар жүйесін орындау нәтижелері дербес белсенділіктің төмен деңгейін көрсетті, яғни өздігінше тапсырмаларды орындай алмады. Оқушыларға негізінен алгоритмделген тапсырмалар берілді. Тәжірибелік-эксперименттік бөлімнің алғашқы кезеңінің бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері қатысушы оқушыларда өзіндік бақылауға бейімдеудің алғашқы кезеңі жайлы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді
1 кесте. Өзіндік бақылауға бейімделудің деңгейлерінің
бағасы (нөлдік кесінді)
Топ
Деңгейлер
Төмен (%)
Орта (%)
Жоғары( %)
БТ
36,04
56,41
7,56
ЭТ-1
42,72
50,38
6,90
ЭТ-2
42,31
53,75
3,95
Айкындаушы эксперимент мәліметтеріне сүйене отырып, біз мынадай тұжырымдарға келдік:
1) Оқушылардың басым көпшілігінің өзіндік бақылауға бейімделуі бастапқы кезеңде өте төмен болды, себебі өзіндік бақылауға бейімдеу процесі базалык теорияға негізделмей стихиялы түрде жүргізілетіндіктен сапалы жүзеге аспайды. 2) Егер оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу мақсат етіліп қойылмаса, орта мектеп оқыту процесінде өзіндік бақылауға бейімдеу жеткіліксіз жүреді де, оның жоғары деңгейіне қол жеткізілмейді.
Негізгі кезеңнің басты мақсаты - оқу-танымдық тапсырмаларды орындау процесін ұйымдастыру. Ал міндеттеріне оқушының өзін оқу процесінің субъектісі ретінде қабылдауы, өзіндік бақылаудың мәнін дұрыс түсінуі, өзіндік бақылаудың барлық компоненттерін калыптастыру, өзінің оқу еңбегін бақылау және бағалауды бірлескен әрекет арқылы орындау жатады. Соңғы қорытынды (оқытушы) кезеннің мақсаты - өзіндік бақылауға бейімдеу процесіне оқушыны толығымен енгізу. Ал, осы кезеңнің міндеттеріне өзіндік бақылауға бейімдеу процесіне түзету енгізу, оқыту мазмұнын жасау және қолдануға үйрену, оқушының өзін жетілдіруді қажетсінуін дамыту жатады. Осы кезең өзіндік әрекет компонентін жан- жақты жүзеге асырады.
Біз оқыту процесін ұйымдастырғанда оқушының басқару субъектілерінің құрамына енуін катаң қадағалап отырдық. Диадаларды құрайтын екі оқушының бірі педагогтың, екіншісі оқушының рөлінде болып, кейін орын ауыстырып отырды. Бұл кезеңде басты дидактикалык кұралдар - алгоритмделген технологиялық карталар болып отырды. Окытуды "ашық сабақ" және "кішігірім оқыту" түрінде өткіздік. Бұлай оқыту оқушының оқуға қызығушылығын туғызады. Сондай-ак, "өз позициясын мұғалімге мақұлдату" тәсілі де оқушының өзін оқу процесінің субъектісі ретінде сезініп мойындауына жағдай туғызады.
Қорытынды (оқытушы) кезеңнің басты мақсаты - өзіндік бақылауға бейімдеу жүйесінің белгілі бір жағдайлардағы тиімділігін тексеру болды. Оқытушы кезеңде өзіндік бақылауға бейімделудің статистикалық мәліметтерінің динамикасы қадағаланып отырды.
Оқыту процесіндегі оқушылардың өзіндік бақылауға бейімделуінің барлық деңгейлері бірден бір мезетте көрінуінің қорытынды бағасы төмендегі кестелерде берілген. Оқушылардың өзіндік бақылауға бейімделуінің нәтижелерінің бірінші кесіндісінің нәтижелеріне қарап БТ тобымен салыстырғанда оқушы саны (%) ЭТ-1 - 4,92%-ға, ЭТ-2 - 15,11 %-ға, ал ЭТ-3 - 24,29 %-ға артқандығын білуге болады.
2 - кесте Өзіндік бақылауға бейімделудің жалпы
бағасы (бірінші кесінді)
Топ
Деңгейлер
Төмен, %
Орташа, %
Жоғары, %
БТ
28,56
55,73
15,71
ЭТ-1
25,27
54,10
20,63
ЭТ-2
24,10
45,08
30,82
Екінші кесіндінің нәтижелері бойынша БТ жэне ЭТ топтарындағы оқушылардың өзіндік бақылауға бейімделу деңгейлері бойынша он өзгерістерді байқауға болады.
3 - кесте Өзіндік бакылауға бейімделудің жалпы
бағасы (екінші кесінді)
Топ
Деңгейлер
Томен %
Орташа %
Жогары %
БТ
23,56
54,22
22,32
ЭТ-1
14,72
50,83
34,44
ЭТ-2
16,77
29,13
54,10
Окушылардың өзіндік бакылауға бейімделуінің нәтижелерінің екінші кесіндісі бойынша БТ тобымен салыстырғанда оқушылар саны (%) ЭТ-1 - 12,12 %-ға, ЭТ-2 - 31,78 %-ға, ал ЭТ-3 - 33,68 %-ға артқандығын байқауға болады.
Үшінші кесіндіде өзіндік бақылауға бейімдеу нәтижелерін БТ тобымен салыстырғанда оқушылар саны (%) ЭТ-1 тобында - 23,25 %-ға, ЭТ-2 тобында - 37,16 %-ға, ал ЭТ-3 тобында -42,47 %-ға яғни өзіндік бакылауға бейімделген оқушылар санының артқандығын байқауға болады. Осы кездегі БТ-бакылау тобындағы өзіндік бакылауға жоғары дәрежеде бейімделген оқушы саны 28,53 % ғана болды.
«Оттек. Оксидтер. Жану» тарауы бойынша игерілген білімді (құзырлылықты) есепке алу үлгісі
№
Аты,тегі
«Оттек. Оксидтер. Жану» тарауы
Анықтама
Таралуы
Физик қас
Хим қас
Тотығуы
Оксидтер
Қолданылуы
Озон
Жылу эффект
Авгадро заңы
Ауа
1
Батырбек Лаура
+
+
+
+
-
-
+
-
+
-
+
2
Жолдыбайұлы Мади
+
+
+
-
+
+
-
-
+
-
-
3
Досай Айгелді
+
+
-
+
-
+
-
-
-
+
+
4
Тілеужан Назгүл
-
-
+
+
+
-
-
+
-
+
-
5
Бексейіт Әлмұхамед
+
+
-
+
-
+
+
+
-
+
-
6
Төреханова Аружан
+
+
-
+
-
+
-
+
-
+
-
7
Негиметжан Салтанат
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
8
Болат Мади
+
+
+
-
-
-
+
-
+
-
+
9
Әлиасқар Ақберген
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
10
Қорғанбек Досжан
+
-
+
-
+
+
+
-
-
-
+
11
Тұңғышбай Ақерке
+
+
+
+
+
-
-
-
+
+
+
12
Зеравшан Сұлтан
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
13
Жайнақов Жасұлан
+
-
-
-
-
+
+
+
+
+
-
14
Манапова Арайлым
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
15
Несіпәлиева Дана
-
-
+
-
+
+
-
-
+
-
+
16
Нәби Айбол
-
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
17
Үсейін Аңсаған
+
-
-
-
-
-
+
-
-
-
+
18
Есім Әлішер
+
+
-
+
-
-
+
+
+
+
-
19
Байсигулов Ернұр
+
+
-
+
-
+
-
-
-
-
-
20
Сағат Әділхан
-
-
-
+
-
+
-
+
+
+
-
21
Әлімова Ақерке
+
-
-
+
+
-
+
-
-
-
+
22
Әмірова Айша
+
+
-
-
+
+
+
+
+
+
+
23
Әбдреимов Қадіржан
-
+
+
-
+
+
-
-
-
-
+
24
Жұмабай Мұхаммед
+
+
+
+
+
-
+
+
+
+
-
25
Бердібек Жансая
+
+
-
+
-
+
-
+
+
+
+
26
Бұрхан Халима
-
+
+
+
-
-
+
-
+
-
+
27
Мешітбай Бекзат
+
+
+
-
-
-
+
-
+
-
+
28
Ботабай Абылайхан
+
+
+
+
+
-
+
-
+
-
+
ҚОРЫТЫНДЫ
Окушыларды оқытудың нәтижесін бақылау - оқу үрдісінің ажырамас бөлігі. Бұл мұғалім үшін де, оқушылар үшін де күрделі және көпқырлы үрдіс. Білімді бақылау оқу материалымен және өзімен жүйелі жұмысты ынталандырады, оқыту әдістемесіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді көруге мүмкіндік береді. Бақылау уақытында дифференцияланған оқыту мен оқушыларға жеке көзкарасты жүзеге асыруға өте ыңғайлы. Осылайша оқушылардын білімі мен шеберлігін бақылау нәтижесінде, оқу үрдісі барысын шұғыл реттеп отыруға мүмкіндік беретін, окушыларда мұғалімге кері байланыс іске асырылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
1. Қазакстан Республикасының "Білім туралы" заңы: Алматы.: Литера, 2000 - 8 бап, - 95 б.
-
Назарбаев Нұрсұлтан. Елбасының Қазақстан халкына Жолдауы. //Егемен Қазақстан.- 2005.- 19 ақпан. - 1-3 б.
-
Қазакстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекетті бағдарламасы. - //Егемен Қазакстан.- 2004.- 16
казан. - 2-3 б.
-
Қазакстан Республикасы жалпы орта білім беру стандарттары: қазіргі жағдайы, ізденістері мен даму болашағы. - Алматы, - 2003, - 9-13 б.
-
Рыжаков М.В. В третий раз в первый класс. //Педагогика. - 2002. - №5. -С. 3-13.
-
Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. - Алматы: РЖ, 2000. - 120 с.
Аннотация
Оқушыларды оқытудың нәтижесін бақылау - оқу үрдісінің ажырамас бөлігі. Бұл мұғалім үшін де, оқушылар үшін де күрделі және көпқырлы үрдіс. Бұл мақалада мен белгіленген тарау бойынша білім нәтижелерін өзіндік бақылау әдістемесін көрсеттім.
Өтініш
«Оттек. Оксидтер. Жану» тарауы бойынша білім нәтижелерін өзіндік бақылау әдістемесі
Аты-жөні
Меңлібаева Айгерім Омарқызы
Жұмыс орны, мамандығы
№23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей, химия пәні мұғалімі
Мекен-жайы
Тоқмағанбетов көшесі, 27 үй, 11 пәтер
Телефон
+7701 864 81 48
Мақала тақырыбы
«Оттек. Оксидтер. Жану» тарауы бойынша білім нәтижелерін өзіндік бақылау әдістемесі
Бағыты
Білім сапасын бағалаудың әдіснамалық және әдістемелік негіздері
Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын
+
10