7


Урок 'Аммиак' (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: §8.10. Аммиак.

Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің

химия және биология пән оқытушысы


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: аммиак, қолданылуы, алынуы туралы білімді жетілдіру;

Дамытушылық: аммиактың құрылысының ерекшелігі, донорлы-акцепторлы механизмді, химиялық қасиетімен алынуына байланысты реакция теңдеулерін құрастыра білу, халық шарушылығында қолданылуы, қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабаққа қажетті:

А) Оқулықтар/әдебиеттер: химия, биология, гиометрия

Ә) Құрал - жабдықтар: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ. Тест қағаздары.

Сабақ/оқу барысы:


Ұйымдастыру: Студенттермен сәлемдесу.

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу.

Назарын сабаққа аудару.


Үй тапсырмасын сұрау:

І. Жұлдызшалардағы сұраққа жауап беріңіз.


  1. Азоттың периодтық жүйедегі орналасуы.

  2. Азоттың физикалық қасиеттері.

  3. Азоттың табиғаттағы айналымы туралы айтып беріңіз.

  4. Азоттың химиялық қасиеттері

  5. Қазақстандағы бейметалдардың кен орындары жөнінде не білесіз?

  6. Азоттың биологиялық маңызы

ІІ. Тест.

1. Азот атомында қанша s және p электроны бар:

А) 6s және 9p; В) 4s және 3p ;

С) 6s және 10p; Д) 4s және 4p;


2. Азот қайсы қосылысында +5 және -3 тотығу дәрежесін көрсетеді:

А) NO2 , PH3; В) NO2 , H2 S;

С) N 2O5, NH3; Д) N2 O5, PH3?


3. Азот мына жай заттардың қайсысымен әрекеттеседі (әр түрлі жағдайда):

А) CI2 , Au , Pt; В) AI , C , P;

С) F2 , Ag, Au; Д) O2 ,H2 , Mg?

4. Азот 8 электрон қосып алатын сызбанұсқа

А) N-3→N+5 В) N+3→N+5

С) N+5→N+2 Д) N+5→N-3

5. Азоттың жоғарғы тотығу дәрежесі

А) +5 В) +3

С) -3 Д) +4

6. Азоттың ауадағы көлемдік үлесі

А) 21% В) 78,09%

С) 75,6% Д) 77%

7. Азоттың электрондық конфигурациясы

А) 1S2 2S2 2P3 В) 1S2 2S2 2P4

С) 1S2 2S2 2P5 Д) 1S2 2S2 2P6

8. Нитридтердің құрамында азот неше валентті?

А) 1 В) 4 С) 3 Д) 5


Дұрыс жауаптары:
1 - В, 2 - С, 3 - Д, 4 - Д, 5 - А, 6 - В, 7 - А, 8 - С


Бағалау критериі
7,8 - «5»
5,6 - «4»
3,4 - «3»
1,2 - «2»

Жаңа сабақты:

Аммиак.

NH3 Молекулалық формуласы

Алынуы:

Өндірісте аммиакты азот пен сутектің тікелей синтездеп алады. (1-сурет)

N2 + 3H2 = 2NH3 Δ Н0 = - 92,4 кДж

Лабораторияда қатты аммоний хлориді NH4CІмен сөндірілген әкті Ca(OH)2 араластырып, қыздырып, аммиак алады

2NH4CІ+Ca(OH)2 =2NH3↑ +CaCІ2 +2H2O

1-сурет

Физикалық қасиеттері:

Аммиак - түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш улы газ.

Қайнау температурасы -33,4ºC, -77,8ºC қатты күйге айналады.

Аммиак суда өте жақсы ериді, бөлме температурасында 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3•H2O, NН4OH түзеді.

Аммоний тұздары алынуы:

NH3+ H2SO4 = (NH4)2SO4 аммоний сульфаты

NH3 + НСІ = NH4СІ аммоний хлориді

NH3 + H3PO4 = (NH4)3 PO4 аммоний фосфаты

Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мүсәтір спирті (2-сурет) деген атпен дәріханада сатылады, ол медецинада, тұрмыста кір жуу және киімнің дағын кетіру үшін қолданылады. Аммиактың 18-25% -тік қоюлау ерітіндісі аммиакты су деп аталады, ол, негізінен сұйық азот тыңайтқышы ретінде және өнер кәсіпте сода және аммоний сулфатын алу үшін қолданылады.

Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дірмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда (0,7-0,8мПa) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады. (3-сурет); көптеген тұздары техникада қопарылғыш заттар есебінде қолданылады; Оның қышқыл тұзы NH4HCO3 қамырды көтеру үшін -кондитер өнімдерін пісіруде пайдаланылады.. (4-сурет) Кез-келген тұзды қолдану үшін оның қасиеттерін білу қажет. Аммоний хлориді түтіндегіш шашкалар жасауға қолданылады. (5-сурет)

Аммоний тұздарының химиялық қасиеттері:

(NH4)2СО3+ НСl === 2NН4Сl + СО2 + Н2О

Иондық теңдеуін құрыңдар.

(NH4)2СО3+ ВаСl2 === 2NН4Сl + ВаСО3

Гальваникалық элементтерде (құрғақ батарея) энергия берудеде қолданылады. Аммоний хлориді металлдардың бетіндегі оксидті қабықшаны ерітеді, сондықтан металдарды пайкілеуге қолданылады. Катализатор ретінде алюминий, калий, кальций, кремний оксидтерін қолданылады..

Химиялық қасиеттері.

1. Аммиактың сумен әрекеттесуі.

NH3 + HOH=== NН4OH

Амммиак гидраты аммомний гидроксиді. Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Себебі соңғы тепе-теңдік сол жаққа қарай көбірек ығысатындықтан, судағы ерітіндіде гидроксид ионы OH‾ аз болады. Негіздерден аммоний гидроксидінің айырмашылығы - мұнда оң зарядты ион аммоний NH4 түрінде болады.

  1. қышқылмен: (NH4)3CO3 + 2HCI = 2NH4СІ +CO2 + H2O

  2. тұзбен: (NH4)2CO3 + BaCI2 = BaCO3↓ + 2NH4СІ

3. сілтімен: (NH4)2CO3 + NaOH = Na 2CO3 + 2H2O + NH3

Аммоний тұздарына сілті қоссақ, аммиак бөлініп шығады, бұл NH4 + - ионына сапалық реакция.

2. Аммиактың оттекте жануы.(видиоролик көрсету)

4NH3+3O2 = 2N2 +6H2O (өршіткі қатыспаса)

ә) өршіткі (Pt қатысында ) азот(ІІ) оксидіне дейін тотығады:

4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O

3. Аммиактың отсыз түтіндеуі.(видиоролик көрсету)

Аммиак қышқылдармен әрекеттеседі.

NH3 + HCL = NH4CL

Физиологиялық әсері. Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс.

Жаңа сабақты қорытындылау:

1.Реакция теңдеуін аяқтау.

  • Тапсырма

NH3→ N2→ NO→ NO2→HNO3

Mg3N2

2.Есеп.

  • Көлемі 56л қ.ж. азот сутектің артық мөлшерімен әрекеттесті. Түзілген аммиактың қ.ж. көлемін есептеңдер.

Есептің шығарылуы

Бер: Шешуі:

V(N2)=56л

Vқж=22.4л/моль 56л Хл 56л---------Хл

т/к: V(NH3)=? N2+3H2 = 2NH3

22.4л/моль 2*22.4л/моль 22,4л--------44,8л

Х = 112л

Ж/ы: 112 л

3.Инсерт жүйесі бойынша:

  • білетінім;

  • білгенім;

  • білгім келеді;

Бағалау: жеке студенттерге және топ жұмысына баға беру.

Үйге тапсырма: §8.10 Аммиак. №5,6 жаттығу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал