- Учителю
- ҰБТ -ға дайындаудағы тиімді әдіс - тәсілдер
ҰБТ -ға дайындаудағы тиімді әдіс - тәсілдер
Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББ мектебі
«Мектеп оқушыларын ҰБТ -ге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдер»
(Мастер класс)
Химия пәні мұғалімі: О.Н.Калыбаев
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың типі: Дәстүрсіз.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, топтық, сарамандық т.б.
Қолданылған көрнекіліктер: Интерактивтік тақта, слайд, электронды оқулық, ғаламтор желісі, тақта, плакаттар т.б.
Пән аралық байланыс: биология, математика, медицина, информатика.
Мақсаты: ҰБТ - ға дайындаудағы тиімді әдістерді әріптестермен бөлісу, тәжірибе алмасу. Оқушылардың ҰБТ - ге деген көзқарастарымен дайындықтарын күшейту, өзбетімен жұмыстану дағдыларын қалыптастыру. Ғаламтор арқылы өзбетімен отырып интернет тестілер арқылы тапсырмалар орындау мүмкіндігін көрсету. ҰБТ кезінде тапсырмаларды тиімді әдіс - тәсілдер арқылы шешу жолдарын көрсету т.б.
Сабаққа қатысушылар: 11 класс оқушылары, ҰБТ пән иелері, мектеп әкімшілігі, негізгі пән иелері, психолог.
Сабақтың барысы: Жұмысқа алғаш орналасқан жылдан бері мектеп оқушыларын ҰБТ- ге дайындап келеміз. Осы жылдар аралығында бірнеше оқушыларым 100 пайыз білім сапасын көрсетін ЖОО мен арнаулы оқу орындарының грант иегері атанып келеді. Дегенменде ҰБТ - ге дайындық барысында айтарлықтай ерекше әдіс қолданамын дей алмаймын. Бәріміздіңде қолданатын әдіс - тәсілдеріміз ұқсас, тек әр пәннің өз қиындықтары мен қызықтары болады. Соған байланысты осы әдіс - тәсілдерді бағыттап реттеп аламыз. Және әрбір адамның өзінің жанбасына келетін әдісін тиімді қолдана біледі. Мен де осы 7 жыл ішінде біртіндеп әдіс - тәсілдерімді өзгертіп ішінен тиімді жолдарын басты қару ретінде қолданып отырамын. Оған Кембридждік біліу беру курсынан өтуімнің де үлесі болды деп ойлаймын.
Енді сіздермен өзім қолданып жүрген әдіс - тәсілдерімнің кейбіреулерін атап өткім келеді.