7


Химия ғажайып әлем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Батыс Қазақстан Облысы , Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылындағы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәнінің І санатты, ІІІ деңгейлі мұғалімі Калыбаев Ораз Наурызбаевич . Еңбек өтілі 9 жыл, Білімі жоғары
предварительный просмотр материала

Калыбаев Ораз Наурызбаевич

химия пәнінің І санатты,

ІІІ деңгейлі мұғалімі

Тақырыбы "Химия ғажайым әлем" Интеллектуалдық ойыны

Мақсаты: Мектеп оқушылыларын химия пәніне қызықтыру, сабақта алған білімдерін қолдана білуге үйрету, ойша есептеу дағдыларын дамыту, көпшілік алдында өзін еркін ұстауын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сабақта алған білімдерін сайыс барысында қолдана алады, тез ойлап, нақты жауап береді, химиялық есептеулерді формулаларына сүйене отырып ойша есептейді, көпшілік алдында өзін еркін ұстап, ойын еркін жеткізеді, бәсекеге қабілетті.

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, парақшалар, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, ерігіштік кестесі, Н.Бекетовтың металдардың электрохимиялық кернеу қатары, формулалар, слайд, қаламсап, есептеуіш құралдар т.б.

Пән аралық байланыс: Биология,физика, медицина, тарих, әдебиет, музыка т.б.

Жүргізуші: 11 класс оқушысы, аудандық пән олимпиадасының жүлдегері

Гумарова Лаззат Асанқызы

Мұғалімнің кіріспе сөзінен кейін кластан тыс шараның мақсатымен таныстыра отырып слайд арқылы Лаззат кешті бастады:

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады - дей келе алдарыңызда химия пәнінің адам өміріндегі маңыздылығын «Ұстазым» әнінің әуенімен 10 класс оқушысы Қартамбай Айкөркем шырқап береді:


ӘН: «Өркенде, шалқы химия»

1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы - Қазақстан

Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия,

Өркенде, шалқы химия!

2. Химия - ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Молшылық көзі-химия

Апат та өзі - химия,

Тылсым ғылым бұл - химия!

3. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында.

Ішсең -ас, кисең - киім, үй жиһазы

Химия дәру болған сауығуға.

Иіткен тас, саз, құмды да,

Сенен зор, өктем туды ма?

Соғысқа сорға, қатерлі жолға

Жұмсалмасын химия

Жұмсалмасын химия

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал