- Учителю
- Химия 9-сынып 'Электорлиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері'
Химия 9-сынып 'Электорлиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері'
Тақырыбы:
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің
және тұздардың қасиеттері
Мақсаты: Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру
Міндеттері:
а) білімділік: Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың химиялық қасиеттерінің диссоциациялану тұрғысынан теңдеулерін жазу.
ә) дамытушылық: Химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаздыра отырып әрқайсысын өзіне тән ерекше қасиеттерін анықтауға білімдерін дамыту.
б) тәрбиелік: Сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, бірігіп топтасып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,
Көрнектіліктер: қышқылдар, негіздер, тұздар түрлері, астаулар, үлестірмелер.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен материалдан алған білімдерін тексеру:
ІІІ. Жаңа материалды оқыту:
1. Қышқылдардың ЭД теориясы тұрғысынан ерекшелігін анықтау.
2. Негіздердің ЭД теориясы тұрғысынан ерекшелігін анықтау.
3. Тұздардың ЭД теориясы тұрғысынан ерекшелігін анықтау.
ІV. Сабақты бекіту.
1. PbS, AgI, CaCO3, H2S, NH3 заттардың түзілуіне сәйкес қосылыстарды таңдап алып, олардың арасындағы реакция теңдеулерінің молекулалық, толық және қысқарған иондық теңдеулерін жаздырып бағалау.
2. "Химиялық лото" ойыны.
3. Жаттығулармен жұмыс
V. Сабақты қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: §7 оқу. 3,4-жаттығу.
Өткен материалдан алған білімдерін тексеру:
1. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын атаңдар.
2. Қышқылдар қандай заттармен әрекеттеседі?
3. Негіздер қандай заттармен әрекеттеседі?
4. Тұздар қандай заттармен әрекеттеседі?
5. Ион алмасу реакциясы дегеніміз не?
6. Ион алмасу реакцияларының жүру ерекшеліктерін атаңдар.
ІІІ. Жаңа материалды оқыту:
1. Қышқылдардың ЭД теориясы тұрғысынан ерекшелігін анықтау.
2. Негіздердің ЭД теориясы тұрғысынан ерекшелігін анықтау.
3. Тұздардың ЭД теориясы тұрғысынан ерекшелігін анықтау.
ІV. Сабақты бекіту.
1. "Химиялық лото" ойыны.
PbS, AgCl, CaCO3, H2S, NH3 заттардың түзілуіне сәйкес қосылыстарды таңдап алыңдар. Oлардың арасындағы реакция теңдеулерінің молекулалық, толық және қысқарған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Pb(NO3)2, AgNO3, CaSO4, H2S, Na2CO3, HCl, FeS, NH4Cl, Ca(OH)2.
2. Оқулықтағы жаттығулармен жұмыс
V. Сабақты қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: §7 оқу. 3,4-жаттығу.
PbS AgCl CaCO3 H2S NH3