7


  • Учителю
  • Химия пәнінен сабақ жоспары 'Суды лас қоспалардан тазарту. №3 Сарамандық жұмыс'

Химия пәнінен сабақ жоспары 'Суды лас қоспалардан тазарту. №3 Сарамандық жұмыс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:

Суды лас қоспалардан тазарту. №3 сарамандық жұмыс.

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.

Жалпы мақсаты

Сулы ерітінділерді қоспалардан тазалау жолдарымен танысады.

Күтілетін нәтиже

Сулы ерітінділерді тазарту жолдарын виртуалдық зертхана арқылы біледі. Өмірде қолдана біледі.

Негізгі идеялар

Су - тіршіліктің көзі.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Суды қолданылатын мақсатына сәйкес қосымшалардан тазартудың түрлі әдістері болатындығына тоқталып өткен жөн. Ол үшін оқушылардың тірек білімін естеріне түсіреміз. Қоспаларды бөлудің қандай әдістері бар? Фильтрлеу әдісі суды қандай қосымшаларынан тазартуға қолданылады? т.б. сұрақтар қоюға болады. Мұнан кейін оларды тазалаудың басқа әдістерімен де таныстырамыз.

1.Айдау әдісі. Бұл әдіс суды еріген заттардан бөлу үшін қолданылатындықтан айта келіп, зертханада қолданылатын құралдың құрлысымен таныстыру қажет.

Көрнекі көрсету. 1. Ол үшін айдауға арналған құрал құрастырып, суды айдау процесі зертханада көрсетіледі. Зертханалық құралдардың жұмыс істеу принципін негізге ала отырып, өндірісте дистильденген су алуға арналған айдау кубына сипаттама беріледі.

2. Суды ерімейтін тығыздығы әр түрлі сұйық қосымшалардан бөлуге қолданылатын тағы бір зертханалық құрал бөлгіш варонкамен таныстыру. Ол үшін бөлгіш варонкаға су мен жанармай қоспасын құйып, олардың бөлу тәсілін көрсетуге болады. Айтылған әдістердің суды тазартуда кеңінен қолданылатынына тоқтала отырып, бірақ бұл әдістерді қолдану су ресурстарын пайдалану мәселелерін толық шеше алмайтындығына, қазіргі таңда елімізде оны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы заң заң қабылданып отырғанына баса назар аударылады.

Бағалау Топтық бағалау

Рефлексия

Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.

Оқушылар жұмысты жеке және топпен орындайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал