7


  • Учителю
  • Баяндама по химию на тему 'Жаңа технологияның химия пәнін оқытудағы жаңа жетістіктері'

Баяндама по химию на тему 'Жаңа технологияның химия пәнін оқытудағы жаңа жетістіктері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі






Тақырыбы:

Жаңа технологияның

химия пәнін оқытудағы

жаңа жетістіктері





Орындаған: Химия пәні мұғалімі:

Адамбекова Раушан.









Қоссейіт ауылы.


Жоспар :

І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім

1.Жаңа технологияның тиімділігі

2.Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығу қабілетін ояту.

ІІІ. Ашық сабақ: «Су таңғажайып зат»


ІV. Қорытынды

Кіріспе


Қазіргі кезде ауыл мектептерде химия пәнін оқыту оқушылардың білім сапасын көтеру, оларды олимпиадаларға, кіші конференциаларына дайындау, бүгінгі күннің өзекті проблемасы болып отыр.

Қазіргі уақыт бүкіл адамзат қоғамының ғылыми - техникалық үрдіс пен өркениеттің даму кезеңіне бет бұрған уақыт. Оқушының химия пәніне деген қызығуын арттыру, өз-өзіне деген сенімін күшейтіп, инновациялық технологияның маңызы зор.

Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе - бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Әр мұғалімнің өзінің сабақ өткізу барысында жеке әдіс-тәсілдері болуы қажет. Барлық жаңа инновациялық технологияны меңгеріп, оны өзіне ұнаған дұрыс нәтиже беретін технологияны білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, міне, сол - жаңашылдық..

Мектептегі әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты сабақтың сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сабақты түрлендіру, оқушылардың ізденімпаздығын, танымын дамыту болып табылады.

Химия - әрі қызықты, әрі күрделі ғылым. Оны жетік меңгеру үшін жаңа өтілген материалды игеру ғана жеткіліксіз, сондай-ақ алған білімді қолдана білу керек.

Химиядан алған білім аяқ басқан сайын көптеген табиғат құбылыстарын және өндірістік процестерді түсіндіру үшін керегіңе жарайды.

Оқушының пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар береді.Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді.

Химияны оқыту кезінде пайдаланылатын көптеген әр түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігі зор. Негізінен сабақ барысында оқушылардың барлығын қатыстырып, бағалаған дұрыс. Яғни , әр оқушы жеке-дара өз білімін көрсете алады.

Әр сабақтың өтілу барысы түрлі әдістермен жүреді. Нәтижесінде оқушының таным қабілеті өсіп, өтілген тақырып толық меңгерілуі қажет. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушының ойы таза, білімге деген құштарлығы басым және алғыр кезеңдері. Сонымен қатар олар сабақты жеңіл түрде қабылдағанды ұнататындары сөзсіз.

Сабаққа ойын элементтерін пайдаланса оқушының қызығу қабілеті оянады.



Жаңа технологияның тиімділігі


Егеменді Еліміздің ертеңі - білімнің тереңдігімен өлшенеді. Оқушылардың жан - жақты білімін, сабаққа қызығушылығын, шығармашылық ізденімпаздығын қамтамасыз ету үшін жаңа технология әдістерін пайдалану керек. Бұл әдістер оқушылардың сабаққа ынтасын оятып, ойлау сөйлеу қабілетін дамытуға және «үндемейтін» «енжар» оқушыны «сөйлетуге» болады. Сабақта технологиялық құралдарды пайдаланғанда уақыт үнемделіп, сабақтың сапасы көтеріліп, оқушының сабаққа қызығушылығы артады.

Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру болып отыр. Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.

Ғылым мен білімге ерекше мән беріліп отырған бүгінгі таңда ұстаздардың алдыңғы үлкен міндет, ауыр жүк тұр деп білеміз.Олай дейтініміз, балалар - біздің болашағымыз. Ал олардың жан-жақты білімді, дамыған саналы азамат болып өсуі біздерге, яғни ұстаздарға байланысты.

Мұғалімнің басты міндеті- білім бере отырып, тұлғаны дамыту, білім берудің жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Күнделікті сабақта осы міндет негізгі басшылыққа алынады. Жаңа технологияның жаңа жетістіктерін қорықпай пайдалану керек. Соның бірі- интерактивті тақталармен жұмыс істеу. Бұл тақтамен сабақ берудің артықшылығы оқушының өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік мол, сабаққа қызығушылығын арттыруға болады.

Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың «қиын пән, түсінбеймін» деген қорқынышын жоюға, орташа оқитын оқушылардың өзін жауап беруге тартуға, жаңа білім алуға деген қызығушылығын арттыруға, химияның өмірге қажеттігін түсіндіруге болады.

Қосымша материалдарды іздеп, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интернетті пайдалану арқылы оқушы танымын кеңейтіп, дүниеге ғылыми - материалистік көзқарастарын тереңдету мақсатымен өткізілген сабақ үлкен нәтижеге қол жеткізесін.

Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығу қабілетін ояту


Әр сабақтың тартымды өтуіне түрлі технологиялық әдіс - тәсілдерді қолданатынымыз белгілі.Жан - жақты ізденуімізден түрлендірген сабақ жасалып, ұстаздың шығармашыл қасиетін өсіретіні де айқын.

Сондай - ақ , ойын, конференция, ұжымдық жиын, саяхат сабағы, сот түрінде өткізетін сабақта өзінше бір қасиетке ие.

Сабақ үстінде оқушының өзін еркін ұстауы, ойын еркін жеткізуі, өз бетімен ізденуі, қосымша материалдарды кеңірек пайдалануы көзделеді. Мұның барлығын жай ғана сабақта ашып, толық мазмұнда әсерлеп өткізуге болады, бірақ мұғалім мұнда оқушыларды толық қамти алмайды. Егер тақырыпқа орай мәнді ойын элементтері жиі қолданылса, оқушылардың пәнге қызығуы артады.

Көбінесе біздер ойын элементтері дегенде ат түсті, жеңіл қарай саламыз. Бірақ ойын элементтері - өте күрделі педагогикалық әдіс - тәсілдердің бірі. Мысалы, « Су таңғажайып зат» т.б тақырыптарда 8-9 сыныптарда «Химиялық эстафета» , рөлдік ойындарды,ИБО әдістерін қолдануға болады.

Қандай тақырып, сынып болса да мұғалімнің шеберлікпен жүргізген әрбір сабағы оқушы үшін мол білімнің көзі болуы керек. Үнемі ізденіп, жаңашылдықпен жұмыс істесе, жас ұрпақ озық ойлы, алдыңғы қатарлы, жан-жақты сауатты азамат болады.

Оқушы қоршаған ортадағының бәрін ойын әрекеті арқылы қабылдайды, одан керегін іріктеп алады. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып , оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

Қорытынды


Білім берудің тиімді әдістерінің бірі - электронды оқулық екенін мойындаймыз. Себебі, әр оқушының индивидуалды жұмыс жасауына, іс жүзінде көре алмайтын тәжірибе жұмысын, іс жүзінде көре алмайтын тәжірибе жұмысын компьютер арқылы орындайда алатыны қуантады. Заман талабына сай технологияларды шәкірттеріміздің тиімді пайдалана алуы болашақтың өркендеуін білдіреді.

Бұл әдістер арқылы оқушының жан-жақты білім дағдыларын қалыптасып, тапсырмалар өз беттерінше орындалды, мұнда мұғалім-бағыттаушы, оқушы- ізденуші рөлі атқарылып, түрлі ойындар, сөзжұмбақтар шешу арқылы оқушының таным қабілеті артады.

Сондықтан жаңа педагогикалық технологиялар оқушының пәнге деген қызығуын арттырып, ой - өрісін кеңейтуге көп көмек тигізері сөзсіз.

Біз сабақта қай технологияны қолдансақ та, оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасап, өзін-өзі оқуына ықпал жасауымыз керек.

Білімді, саналы, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан жеке тұлғаны дайындау мұғалімнің басты парызы.

Әр түрлі әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру үшін мұғалімнің көп еңбектенуі қажет.

Қорыта айтқанда, химия сабақтарының жалпы мақсаты химиялық теорияларды мемлекеттік стандарт бойынша жасалған бағдарламаны игерту, онда көрсетілген іскерлік пен дағдыны қалыптастыру немесе игерту. Мұндай іскерліктер мен дағдылар қатарына химиялық сынақ - тәжірибелер, сарамандық мазмұндағы есептерді шығару, есептер шығару, әр алуан бақылаулар мен өлшеушілерді орындау, әртүрлі зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау шеберлігі, құбылыстарды бір - бірінен ажырата білу, т.б. жатады.

Сабақты түрлендіріп,қазіргі заманның талабына сай өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Химия мектебі» журналы 01.2009ж

  2. «Химия, Биология,География» журналы

  3. «Химия анықтамалығы» журналы 02.2009ж

  4. Н.Нұрмағанбетов, К.Сарманов, К.Жексембина «Химия» оқулық



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал