7


  • Учителю
  • Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.

Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 8б Сабақ реті: 6-7 Күні: 15.09.15 - 19.09.15

Сабақтың тақырыбы:

Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.

Уақыты

Сабақтың мақсаты:

Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын тәжірибе арқылы дәлелдей отырып, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен танысады. Химиялық реакцияның басталуы мен жүру барысының жағдайын және химиялық реакцияның негізгі белгілерін бақылай отырып, химиялық реакцияның не екенін түсінеді. Құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын айыра отырып, пайдалану жолдарын біледі.


Жұмыс нәтижесі:

Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алады. Химиялық құбылыстың химиялық реакция екенін түсінеді. Айналада, тұрмыста болып жатқан құбылыстарды түсінеді.


Сілтеме:

  1. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық /Н.Н. Нұрахметов, К.А. Сарманова, К.М. Жексембина - Алматы: «Мектеп» 2012.

  2. Химия. Әдістемелік нұсқау/ Н.Н. Нұрахметов , К.А. Сарманова, К.М. Жексембина - Алматы: «Мектеп» 2012.


Ресурстар:

Оқулық, дәптер, стикер,жыл мезгілдерінің суреттері, магний, парафин, мыс пластинкасы


Ұйымдастыру кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

- Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау

- Оқушыларды психологиялық дайындау

- Амандасу

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

- Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

- Тренинг. Менің көңіл-күйім неге ұқсайды.

- Топқа бөлу. "Химиялық элементтердің таңбалары бойынша формулалар құрау" Құрастырылған формулалар бір топқа отырады (Таңбалар: Al, AL, Al2 , Na, Na, Na2 , Zn, Zn, O3, O,O, Cl, Cl2, Cl3)

1.Жұптар бойынша құрастырылған химиялық формуланы оқып беріңіз.

2. Химиялық формуланы қалай құрастырдыңыз, сәйкес валенттіліктеріңізді айтып беріңіз.

- Қызығушылықты ояту (көрнекілік символдар)

3 топқа жыл мезгілдерін бейнелейтін суреттер таратылады. (Қыс, көктем, күз) осы суреттерге қарап табиғатта болатын өзгерістерді (құбылыстарды) әңгімелеп береді. Бүгінгі тақырыптың физикалық және химиялық құбылыстар екені айтылады.

4-5

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

- Үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру

- Білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау

- №1-17-1-22 есептер мен жаттығулар жинағынан есептерді шығару

- Үй тапсырмасына байланысты деңгейлік тапсырмалар.

1. Оттегі, сутегі, калийй, кальций, мыс элементтерінің таңбасын жаз.

2.Оттегі атомының валенттілігіне сүйене отырып, азот атомының валенттілігін көрсет. NO, N2O5, NO2, N2O

3. Берілген қосылыстардың: а) СаО, б) H2SO4, MgCl2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

10-11

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:

Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара салыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл үшін оқушылар алюминий сымын қию, қантты ұнтақтау, жағу, парафинді балқыту тәжірибелерін жасайды. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды. Ал қанатты жағу кезінде оқушылар назарын жаңа зат - көмір мен су түзілгеніне аударамыз. Осыдан кейін магнийді, парафинді жағу, мыс пластинкасын күйдіру тәжірибесі жүргізіледі. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады. Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді - физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады.

Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табуды тапсыру керек. Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері болатындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу. Мысалы, BaSO4, AgCl; газ бөліну H2, O2, NH3, CO2, батареяда тоқтың пайда болуы, соның әсерінен электр шамының жануы химиялық құбылыс екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аудару керек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі жаңа заттардың түзілуі. Содан соң реакцияның жүру жағдайлары қарастырылады.

18-19

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

Білімділік міндеттері:

- Оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау

- Алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау және жою жұмыстары

- Тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу

- Оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.

- Жаңа материалды бекіту үшін оқушылар төмендегі сұраққа жауап береді. "Иә, жоқ"

1.Шыныны ұсақтаса ақ ұнтақ алынады. Бұл химиялық құбылыс.

2.Шегенің таттануы - физикалық құбылыс.

3.Электр шамы жанғанда жарық шығаратындықтан, бұл химиялық құбылыс болады.

- Мына халық мақалдарында қандай құбылыс туралы айтылады?

1.Алтынды еріте білмеген ірітер,

Теріні илей білмеген шірітер.

2.Темірді қызған кезде соқ.

3.Ақыл арымас,

Алтын шірімес

4.Тамшы су тасты теседі.

- Мына құбылыстады ажыратып, белгілерін көрсетіңдер.

1.Мұздың еруі; 2.Шәйнектегі судың қайнауы; 3.Қанттың суда еруі; 4.Сүттің ашуы; 5.Темір шегенің таттануы.

5-6

Үй тапсырма:

- Оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

§5,6 оқулық бойынша; № 1-29,1-30,1-31 есептер мен жаттығулар жинағынан

2. Күнделікке жазғанын тексеру.

1-2

Сабақ қорытындысын шығару, рефлексия кезеңі:

  • Жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру. Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

  • Стикер қағаздарына сабақ жайлы ойларын білдіреді.


1-2









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал