- Учителю
- Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орыны. Атом құрылысы (9 класс)
Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орыны. Атом құрылысы (9 класс)
Сынып: 9А | Күні: |
Сабақтың тақырыбы: | Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Атом құрылысы. |
Сілтеме | Күнтізбелік-тақырыптық жоспар; Н.Нұрахметов «Химия» 9-сынып |
Жалпы мақсаты | Металдардың адамзат қоғамындағы орны туралы мағлұмат беру.Металдардың периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы жөнінде түсінік беру. |
Оқу нәтижелері | Металл қосылыстары литосфера мен биосфераның негізін құрайды. Металдар әмбебап конструкциялық материалдар ретінде қолданылады. |
Сабақта туындаған негізгі идеялар | Металл атомдары бірігіп, жай заттың кристалдарын түзеді: жай зат түріндегі металдардың кристалдары металдық байланыспен байланысқан бір ғана элементтің атомдарынан, иондарынан, электрондарынан құралады. |
Көрнекіліктер | Периодтық жүйе,металл үлгілері |
Тапсырмалар | 1.Сынып оқушыларын алтын, темір,мыс элементтерін таңдау арқылы үш топқа бөлу.
2. Тақырыпты үш топқа бөліну арқылы өз беттерінше меңгеріп, әр топтан бір оқушы мазмұндап айтады.
3. №5. Мына минералдардың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептеңдер: I топ: әктасындағы кальцийдің; II топ: пириттегі темірдің; III топ: куприттегі мыстың.
4. №8-есепті тақтада түсіндіре отырып шығарып көрсетемін.
5. 3-лабораториялық тәжірибе: Металдар үлгілерімен танысу. Тапсырма: Өздеріңе беріген металл үлгілерінің физикалық қасиеттерін зерттеңдер. Тәжірибенің орындалуы: Металдардың магнитке тартылуын, салыстырмалы қаттылығын тексеріңдер. Зерттеу нәтижелерін берілген кестеге толтырыңдар.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма: 4 шағын топтан құрылған оқушыларға мына металдар жөнінде шағын әңгіме дайындау: а) алтын; ә) темір; б) күміс; в) мыс. №1-7 есептер; Параграф 28; 29
|
|
|