- Учителю
- №5 Практикалық жұмыс «Массалық үлесі белгілі еріген зат ерітінділерін даярлау.»
№5 Практикалық жұмыс «Массалық үлесі белгілі еріген зат ерітінділерін даярлау.»
Күні 12.03.2015. сабақ № 51 8сынып пәні: химия
Сабақтың тақырыбы: №5 практикалық жұмыс «Массалық үлесі белгілі еріген зат ерітінділерін даярлау.»
Сабақтың мақсаты: 1.Масса,массалық үлес,ерітінді және онда еріген заттың коцентрациясы ұғымдарын еске түсіру. 2. Оқушылардың алған білімдерін практика жүзінде іске асыру. 3.Берілген заттарды рет-ретімен пайдаланып, жұмысты орындаудың жоспарын құра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептеу, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: Қант, марганцовка,су, пробиркалар,шыны таяқша, таразы тастары, қасықтар, гирлер,қалақша, тұз, өлшемі бар құтылар 25 мл,50 мл,100 мл.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Кезекшінің ақпары. 2. Тақырыпты пысықтау.
Тапсырмалар:
-
30грамм астұзын 200грамм суға еріткенде түзілген ерітіндінің % концентрациясын анықта.
-
25грамм қантты 150грамм суға еріткенде түзілген ерітіндінің % концентрациясын анықта.
-
1грамм марганцовканы 100грамм суда еріткенде түзілген ерітіндінің % концентрациясын анықта.
-
5% 10мл. Иод ерітіндісіндегі еріген зат пен еріткіштің массаларын тап!
Жауаптары:
1) m (NaCl)=30грамм m(еріт.)= m(ерт)+ m(е.з.) =200гр.+30гр.=230гр.
m(H2O)=200грамм W = m(е.з) / m(ертіт)= 30/230*100%=13%
Т.К: W(еріт.) - ? Жауабы: m (еріт)= 230гр.
W(еріт.)=13%
2) m (е.з.)=25грамм m(еріт.)= m(ерт)+ m(е.з.) =150гр.+25гр.=175гр.
m(H2O)=150грамм W = m(е.з) / m(ертіт)= 25/175*100%=14%
Т.К: W(еріт.) - ? Жауабы: m (еріт)= 175гр.
W(еріт.)=14%
3) ) m (е.з.)=1грамм m(еріт.)= m(ерт)+ m(е.з.) =100гр.+1гр.=101гр.
m(H2O)=100грамм W = m(е.з) / m(ертіт)= 1/101*100%=1%
Т.К: W(еріт.) - ? Жауабы: m (еріт)= 101гр.
W(еріт.)=1%
4) W(еріт.)= 5% W = m(е.з) / m(ертіт) *100%
m (еріт)= 10гр.
m(е.з)=W*m/100%=5%*10гр./100%=0,5гр.
Т.К: m (е.з.)=? m(H2O)= 10гр.-0,5гр=9,5гр.
m(H2O)=? Жауабы: m(H2O)=9,5гр.
m (е.з.)=0,5гр.
Қорытынды.
Бағалау: жұмыстарды тексеріп, бағалау.
Үйге тапсырма: қайталау.