7


  • Учителю
  • Урок на тему 'Атом и молекула'

Урок на тему 'Атом и молекула'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

18 қыркүйек 2015 жылы өткізілген



Тақырыбы: « Атомдар мен молекулалар.Жай және күрделі заттар»

Химия пәнінен

8 а сынып

Өткізген: Каримова М.М

Химия пәнінің мұғалімі

ІІ санат,ІІІ деңгейлік курстан

сертификатталған

2015-2016 оқу жылы



Күні: 18 қыркүйек 2015 жыл

Сабактың тақырыбы: §6 Атомдар мен молекулалар.Жай және күрделі заттар

Сабақтың мақсаты: Оқушылар атомдар мен молекулалар ,заттың құрылысын ,қасиеттерін, жіктелуін сипаттауға,бірі бірімен салыстыруға үйренеді. Сабақ барысында оқушылардың ғылыми - танымдық белсенділігін және сыни ойлауын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

А)Атомдар ,молекулалар,жай және күрделі заттар туралы мәліметтерді анықтайды,талдайды

В) Жай және күрделі заттардың қасиеттеріндегі ерекшіліктеріне тұжырымдама жасайды , дәлелдейді.

С)Химиялық модельдерді қолдана отырып,жай заттар мен күрделі заттарды тәжірибе арқылы салыстырып, жасайды .

Д)Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге және алған білімді тиянақтауға дағдыланады

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: «Домино» ойыны ,«Ойлан ,жұптас,бөліс», «Фишбоун» , сократтық кеңес , тренинг «Атомдар,молекулалар»,кестелер,тапсырмалар

Сабақты ұйымдастыру формасы: жұптық,топтық

Дереккөздер; «Химик анықтамалығы», «Химия мектепте» 2013№5 журналы,

Интернет Wikipedia,youtube сайты.

Құрал-жабдықтар:Интерактивті тақта,стикерлер,мәтіндік парақшалар,балық суреттері,смайликтер,жулдызшалар.модельдер,темір,кремний,көміртек


Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1-2 мин

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау.

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға үлестірме тапсырмалар үлестіріледі, тапсырмадағы жауабы бойынша жұпқа бөлінеді. (үлестірме тапсырмада үй жұмысы бойынша сұрақтар құрастырылған

5-7 минут

Оқушылармен амандасу. Смайликтер арқылы бүгінгі сабаққа келген көңіл күйлерін сұрау

Тренинг «Амандасу»

Үй тапсырмасын сұрау: «Домино»ойын түрінде.Сұрақтар мен жауаптар бір-бірімен жұптасады.

1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе?

  • (зат)

  • 2.Заттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер?

  • (қасиеттері)

  • 3.Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа?

  • (біртекті)

  • 4.Шынының балқуы қай құбылысқа жатады?

  • (физикалық)

  • 5.Темірдің тат басуы қандай құбылысқа жатады?

  • (химиялық)

6. Заттарды, олардың қасиеттерін, басқа

заттарға айналып түрленуін қарастыратын пән. (химия)

7.Нәтижесінде белгілі заттардан басқа заттар түзілетін құбылыстар.

(Химиялық құбылыстар)

Әр түрлі түсті модельдердің шарларымен топқа бөлінеді

1 топ қара

2 топ қызыл

3 топ ақ

Мына нәрселермен сіздерді топқа біріктіру үшін не істейміз:

Әр шардан модельдер құрастыру

Әр топ өз модельдерін көрсетеді:

Мұғалім өз сөзімен Бұларды атомдар және молекулалар деп атайды деп тақтаға тақырыпты шығарады ( слайд)



"Естігенімді ұмытамын,

көргенімді есте сақтаймын,

ақыл - оймен істегенімді түсінемін" деген сөздермен сабағымызды бастаймыз.Топ ережелерін сақтаймыз.

*Ұйымшыл болу

*Бір-бірінің пікірін тыңдау

*Кезекпен сөйлеу

*Бір-бірін кемсітпеу

*Өз ойын ортаға салу,көмектесу

*Уақытты тиімді пайдалану

*Белсенді болу




Мұғаліммен амандасады. Оқушылар бір-бірімен амандасады



Оқушылар түрлі түсті стикерлердегі сұрақтарғажауабын іздеп табады



Оқушылар топтарын тауып ,бірігеді,модель шарларын біріктіріп бір фигураны көрсетеді.Қандай атомдардан біріктірілгені туралы айтады

Тұсаукесер

2- 3мин

Сабақ мақсатымен таныстыру, табысты критерийлерді оқушылармен бірге құру


Тақтаға қараймыз,ненің суретін көріп тұрсыңдар ? (Балықтың суреті)Балалар казір бәріміз топ болып «алтын балықты» ұстап алып оған өз армандарымызды ойлаймыз,орындалу үшін балық қаңқасын білім нәрімен толтырамыз,сонда ғана біздің балығымыз тілегімізді орындайды.Қанекей,бәріміз жаңа мәліметтерді топпен бірігіп жұмыс жасайық.


Оқушылар оз ойларын ортаға салады жұптасып,топтасып пікірлесіп бір жауап айтады. экранда көрсетілген суретке әңгіме құра отырып, жаңа тақырыпты анықтайды. Бұрыннан білетін білімдерін пайдалана отырып, өз ойын ашық, еркін білдіре алады. Сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын анықтайды.

Негізгі бөлім

Жалпы

20 минут



5-7 мин

5 минут

5минут

Тақырыбы §6 Атомдар мен молекулалар.Жай және күрделі заттар

Атомдар мен молекулалар.Жай және күрделі заттар оқулықтағы мәліметпен салыстырып, дәптерге түртіп алыңдар. 1«Фишбоун» әдісімен топтар жаңа сабақты меңгереді«Білім шыңына жету»1 топқа тапсырма: Әр топқа балық суреті беріледі:Балықтың қаңқасына жаңа мәліметтерді жазады. Атомдар, молекулалар, жай заттар мен күрделі заттарға мысалдар келтіреді.

1.Басы :Сабақтың тақырыбы жазылады2.Қабырғаның жоғарғы жағына Ұғымдар жазылады.(Атом,молекула,жай зат,күрделі зат,химиялық қосылыстар.)Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар бір ғана элементтерден тұрады, ал күрделі заттардың құрамына екі немесе одан да көп элементтер кіреді. Жай заттар екі түрлі: металдар және бейметалдар.Күрделі заттың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп, деп атайды.

3.Төменгі бөлігіне түсініктер жазылады.Жай заттар бір ғана атом түрінен тұрады,күрделі заттар атомдардың бірнеше түрінен тұрады.Атомдар бірігіп молекула түзеді.Жай затта да екі атомнан тұратын молекула түзеді. Атом -заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.Молекула- заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.Атом - молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей: 1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекуланы Ломоносов солай деп атаған)

2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)

3. Бөлшектер - молекула және атом үнемі қозғалыста болады.

4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады.

4.Құйрығына: Тақырып бойынша негізгі түйін жазылады.Әр топқа тапсырма беріледі.Жай заттар мен күрделі заттардың модельдерін құрастыру

Тренинг: Атомдар Молекулалар ойыныИнтерактивті тақтада тапсырма беріледі.Жай және күрделі заттарды анықтаМәтінмен жұмыс. Жай және күрделі заттарды теріп жазып, жікте. Жазира үй жинап, тазалағанды ұнатады. Бүгін де анасынан үйренгені бойынша алдымен ізбес суын әзірлеп бөлме қабырғасының ластанған жерлерін әктеді. Еденді хлор қосылған сумен жуып алды. Онан соң тамақ қамына кірісті. Алма қосылған тәтті бәліш дайындауды ойлады да қамырдың құрамына ас содасын, тұз, қант, май қосты. Ендігі кезекте салат дайындауды ойға алды. Қараса, үйде сірке қышқылы жоқ екен, жүгіріп дүкенге барды. Күн жаңбыр еді. Абайсызда сүрініп кетіп, темірге аяғын соғып, жарақаттап алды. Үйге келген соң алдымен қолын жылы сумен, артынан спиртпен жуды да, жараға иод жағып таңып тастады. Аяғының ауырғанына қарамастан айна алдына келіп күміс сырға, сақинасын тағып үсті-басын ретке келтірді. Туыстарын тәтті бәлішпен қарсы алатыны есіне түсіп жүзіне күлкі үйірілді. Жай заттар: хлор,темір,иод,күміс,Күрделі заттар:сірке қышқылы, ізбес суы,тұз,қант,су,спирт.

1.Берілген заттарды кестеге + , - белгісімен толтырыңдар

Заттың аты

Жай зат

Күрделі зат

Су

Мыс

Марганцовка

Қант

Темір

Ас тұзы



Мәтінді оқып, жұптасып және топтасып талдайды.Ортаға идеяларын айтып қорытындылап, басқа топтардын алдында берген тапсырманы қорғайды. Атомдар,молекулалар, жай және күрделі заттар құрылысындағы ерекшелік, қасиеттерін толық сипаттап кестеге толтырып алады, мәлімет айтады.

Оқушылар жеке,жұптасып топпен бірігіп орындайды.Тақтаға топпен бірігіп қорғайды.

.

Оқушылар топпен бірігіп модельдерді құрастырады.



Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке және жұптасып орындайды,дәптерлеріне жазып,талдайды.Дұрыс жауаптарын ИБ тақтадан,салысты-рып, тексереді.

Тапсырманы орындап болған соң, интербелсенді тақтаның көмегімен жұмыстарын өзара тексереді.

Қорытынды

Уйге тапсырма беру

Бағалау

5 минут

«Сократтық әңгіме» әдісі арқылы



Сократтық әңгіме әдісі арқылы әр топтан бір оқушыдан 3 оқушы ортаға шығады, топтың барлық оқушылары жаңа тақырып бойыншаосы оқушыларға сұрақтар қойылады:

Атом деген не?

Молекула деген не?

Жай және күрделі зат деген не?



§6 Әр оқушы осы тақырып бойынша №9,10 тапсырмалар VІІ. Оқулықпен жұмыс 1) 21 - беттегі №1 - 8 сұрақтарға ауызша жауап беру.

2) 21 - беттегі № 9, 10 - сұрақтарды жазбаша орындау



Топтар бір-бірін қолпаштау арқылы бағалайды.



«Бармақтар» арқылы сабақты меңгеруін бағалайды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал