- Учителю
- 'Алюминий және оның қосылыстары' тақырыбында сабақ жоспары
'Алюминий және оның қосылыстары' тақырыбында сабақ жоспары
Бекітемін: 14 - ақпан
Тақырыбы: Алюминийдің қосылыстары
Сабақ мақсаты :
1. Алюминийдің маңызды қосылыстары туралы жан жақты мәлімет бере отырып олардың екі жақты қасиет көрсететін мәнін ашу .
2. Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
3.Оқушыларды сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, өз бетінше, топпен жұмыс жүргізулеріне, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-
Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысын сипаттай алады;
-
Табиғаттағы қосылыстары мен Қазақстан аумағындағы кен орындарымен танысады;
-
Қасиеттерін ажырата алады;
-
Қолданылуы мен басты қосылыстарын біледі;
-
Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындай алады;
Түйінді идея:
Асыл тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Көңіл-күй экранын толтыру
Бағалы тастар бейнесімен топқа бөліну:
Аметист
Бұл аңшылықтарда және спорттық жарыстарда сәттілік әкелетін әдемі күлгін түсті тас. Сонымен қатар дау жан-жалдарды реттеп, жүйкені тыныштанды-ратын қасиеті бар деп есептелінеді. Бұл тас түнгі үрейленуден сақтап, тыныш ұйқы әкеледі, кекештікті емдейді. Алтынға қондырылған аметист рухани күш береді және болашақты болжау қабілетін тудырады. Мұндай бұйым-дарды ертеде астрологтар мен көріпкерлер таққан.
Рубин
Латын тілінен аударғанда "rubeus" қызыл дегенді білдіреді. Тастың көне орыс атаулары яхонт және карбонкул. Рубин түсі ашық қызғылт түстен қанық күлгін қызылға дейін түрленеді. Ертедегі сенімдер бойынша ол "өмір тасы" деп аталған. Себебі бұл тас жын шайтандар мен жұқпалы аурулардан қорғайды деп есептеген. Рубинның ең тылсым қасиеті - ұлы істерге бастама жасатуы болып табылады.
Сапфир
Сапфир - ең құнды асыл тас, адалдық, тазалық, кішіпейілдік белгісі. Сонымен қатар білімге құштарлық тудырып, зерделік пен ақылдылықты күшейтеді. Жала мен қызғаныштан қорғайтын, татулық пен ынтымаққа шақыратын қасиеті бар. Жүрек, астма және невралгия ауруына шалдыққан адамдарға сол қолына сапфиры бар жүзік немесе білезік тағып жүруге кеңес беріледі.
Жаңа сабақты меңгеру:
1.Химиялық таңбасы - Al
2.Реттік нөмірі - 13
3. Ar (Al) - 27
4.Период нөмірі - III
5.Топ нөмірі - III
6.Ядро заряды - 13
7.Электрон саны - 13
8.Валенттілігі - 3
9.Протон саны - 13
10.Нейтрон саны - 14
Алюминий кендері Хибин тауларында, Оралда, Сібірде, Қазақстанда Торғайда, Мұғалжарда, Арқалықта көптеп кездеседі.
Алынуы:
Бұрын алу әдісі өте қиын болғандықтан, алюминий аса бағалы металдар қатарында болған. Қазір алюминийді глинозем мен бокситтен элекролиздеп алады. Глинозем мен бокситте алюминий оксид түрінде Al₂O3 болады. Оның балқу темпуратурасы ≈2050°С. Электролиз жақсы жүру үшін боксит пен криолит Na₃[AlF₆] қоспасына кальций фторидін CaF₂ қосып қыздырады. Сонда ғана қоспаның балқу температурасы ≈960°C-қа төмендейді.
Боксит рудасынан электролиз әдісімен алынуы: (Қызылжарда)
2Al₂O₃ −−−−−> 4Al + 3O₂
Физикалық қасиеттері:
Аюминий- күміс түсті ақ металл , жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді, соғуға икемді, меншікті салмағы 2.7 г/см, балқу температурасы 660 С, қайнау температурасы 2500 С, коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын қабыршақ оны тотығудан қорғайды.
Химиялық қасиеттері:
Жай заттармен әрекеттесуі
2 A1 + 3 C12 = 2A1 C13;
2 A1 + 3 S = A12 S3;
2 A1 + N2 = 2 A1 N;
4 A1 + 3 C = A14C3
Күрделі заттармен әрекеттесуі
2A1 + 6H20 = 2A1(0H)3 + 3H2
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2
2Al + 2NaOH + 2H2O = 2NaAlO2 + 3H2
2Al + 3 CuCl2= 2AlCl3+ 3Cu
Биологиялық ролі:
Адам ағзасының 10 -5 % құрайды. Қан ұйығанда өкпеде, бауырда, сүйекте, шашта, жүйке жүйесінің ми қыртысының құрамына енеді және концентрленеді. Тәуліктік қажеттілігі адамға 47 мг. Алюминий эпителий және байланыстырғыш ұлпалардың дамуына және сүйек ұлпаларының түзілуіне, фосфор алмасуына әсер етеді.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде адам ағзасына алюминий иондары түсуі нәтижесінде ағзада Альцгеймер ауруын тудырады
Алюминий құймалары
Қолданылуы
1. Магналий Al + Mn + Mg
Кеме және ғарыш кемесін жасау
2. Дуралюмин (Al + Mg + Si + Cu)
Ұшақ жасау
3. Al + Cu + Mn Алюминий марганецті , қола
Машина тетіктерін жасау
4. Al + Mg + Si
Құрылыс. Тікұшақтардың бұрмалары (винт)
5. Силумин (Al + Si + Na)
Машина жасау
Алюминий оксиді - Al2O3 Ақ түсті, қиын балқитын, қатты зат
Алюминий оксиді - Al2O3
-
Al(OH)3+3HCl = AlCl3+3H2O
-
Al(OH)3+NaOH = Na[Al(OH)4]
Al(OH)3 - екідайлы:
Алюминий құймалары
Қолданылуы
1. AlCl3 * 6H2O
Органикалық ситездк катализатор
2. Al2 (SO4 )3 * 18H2O
Су тазалауда қағаз өндірісінде.
3. КAl2 (SO4 )2 * 12H2O
ашудас
Мата бояуда, телі илеуде
-
Үйге тапсырма:
"Алюминий қосылыстары"