- Учителю
- Сабақ жоспары 8 сынып
Сабақ жоспары 8 сынып
Пәні:химия Сынып:8б Күні: 21.11.2015 | |||
Сабақтың тақырыбы: |
Атом ядросының құрамы мен құрылысы. Изотоптар | ||
Жалпы мақсаты: |
Атомның ядросының құрамы мен құрылысы, изотоптар туралы мағлұмат беру | ||
Күтілетін нәтижелер |
А. Атомның құрамы мен құрылысы, изотоптар туралы біледі; В.Атом ядросының құрамын анықтай алады; С.Атом құрылысына байланысты тапсырмаларды орындап, дәлелдей алады | ||
Сабақ түрі |
Бірлескен-ізденіс сабақ | ||
Тапсырмалар |
Топтық, жұптық, жеке жұмыс, тест, есептер,бағалаулар | ||
Керекті жабдықтар мен ресурстар |
Интерактивті тақта, Д.И.Менделеев кестесі, үлестірме ресурстар | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | |
Кіріспе |
1.Ұйымдастыру Топқа бөлу. Барлық оқушы ортаға шығады. Атом дегенде дара жүреді, 2 атом қосылды дегенде жұптасады, 3 атом қосылды, 5 атом қосылды, 6 атом қосылды дегенде пайда болған 3 молекула 3 қатарға орналасады. Еске түсіру сұрақтары 1.Элемент таңбаларын оқу 2.Химиялық элемент дегеніміз не? 3.Атом дегеніміз не? 4.Атом неден құралады, оны ашқан кім? -Балалар, қай оқушы көп сұраққа жауап берді, сол оқушыларға жүрекше сыйлаймыз.
|
Сабаққа зейіндерін бағыттау
Оқушылар 3 топқа бөлінеді
Элемент таңбаларын оқып, атын атайды. Сұрақтарға жауап береді | |
Тұсау кесер |
Енді, оқушылар, еске түсіру сұрақтарына жауап беріп болсақ, мына өлең жолдарына қараңыздар: Период басталады қай атомнан Заңдылықты тым берік сақтап тұрған Осында атом сыры, атом заңы Көрсейші бар атомды дара тұрған Әр атом өз алдына бір-бір дастан, Құрылысы мен құрамы қызықтырған. Атомда да, білесің бе, бар туысқан, Изотоп - ол, табиғатта сан алуан.
-Ал,балалар бұл өлең жолдарында не туралы айтылып тұр?
|
Оқушылар «атом құрылысы, құрамы » деп жауап береді
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады. | |
Негізгі бөлім |
1.Сабақтың мақсатын айқындау.
2.Топтық жұмыс- әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды 1-қатар. Атом ядросының құрамы (постер- топтық жұмыс) 2-қатар. Изотоптар бойынша химиялық диктант (жұптық жұмыс) 3-қатар. Д.И.Менделеев кестесінен 3 элементті алып, атом құрылысы мен құрамын анықтау қажет.( жұптық жұмыс) 3. Оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізу.
4. Топтар келесі топтың жұмысын 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айту арқылы бағалайды
5. Ойы ұшқырлар үшін... ( тест тапсырмасы) Оқушыларға тест тапсырмаларын үлестіремін. 2 минут беріледі 1.Су адам денесінің неше пайызын құрайды? а)65-70%
в)50-60% с) 40-50% 7. Есептер шығару |
Постерлерді қорғайды Постерге критерий бойынша қарсылас топтарды бағалайды Бір-бірін тыңдайды Түсінбеушілікті анықтайды.
Жақсы қатысқан оқушыларға жүрекше беріледі.
Тест сұрақтарына жауап береді-жеке жұмыс, кейін көршілерімен алмастырады
Бағалау критерийі бойынша көршісін бағалайды.
| |
Қорытынды |
Ендеше,бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, бағалау жүргізейік. Бүгін көп жүрекше жинаған кім екен?
Ендеше оқушылар өзімізді бағалап болсақ, күніміз сәтті өтті деп өзімізді қошеметтеп қол соғайық.
Үйге тапсырма: §53-55 |
Жақсы қатысқан оқушылар мадақталады.
|