7


  • Учителю
  • Урок не тему Дүниежүзілік мұхит сулары

Урок не тему Дүниежүзілік мұхит сулары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 6 «Б»

Пәні: Физикалық география

Тақырыбы: « Дүниежүзілік мұхит сулары, олардың шығу тегі».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дүние жүзілік мұхит туралы,оны құрайтын бөліктері: бұғаздар, шығанақтар, теңіздер туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: "Судың да сұрауы бар" деген мақалға сүйене отырып, балаларды суды дұрыс пайдаланып, су көздерін ластамауға, қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Карта және кескін картамен жұмыс істеу арқылы мұхиттар туралы білімдерін тереңдету

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Сабақты баяндау, интерактивті тақтамен жұмыс, картамен жұмыс, СТО, пікірлесу, сұрақ-жауап, талқылау, қорытындылау.

Көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.

Сабақтың жүру барысы

І.Ұйымдастыру

а) Оқушылармен амандасу.

ә) Сынып оқушыларының тәртібін қадағалау, оқушыларды түгендеу.

б) Оқушылардың назарын сабаққа бұру, қызығушылығын ояту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Атмосфера дегеніміз не? Ж: Жердің ең сыртқы ауа қабаты.

  2. Атмосфера қабаттарын ата: Ж: Тропосфера, Стратосфера, Мезосфера.

  3. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді? Ж: Термометр

  4. Жер шарындағы ең суық ай? Ж: Қаңтар

  5. Атмосфералық қысым деген не? Ж: Ауаның жер беті мен ондағы заттарға түсіретін салмағы.

  6. Жел деп нені атаймыз? Ж: Жер бетінде ауаның горизонталь бағытта айысып, қозғалуы.

  7. Аспанға қарағанда, әлдене бір бейнені елестететін бұлттар қалай аталады? Ж: Будақ бұлттар

  8. Жер шары неше жылу белдеуіне бөлінеді? Ж: 5 белдеуге

  9. Ауа райы дегеніміз не? Ж: Атмосфераның төменгі жер бетіне жақын қабатындағы белгілі жердегі, белгілі уақыттағы жай-күйі.

  10. Әр жарты шарда қандай климаттық белдеулер таралған? Ж: 4 негізгі, 3 өтпелі белдеу

ІІІ. Жаңа тақырып:

Табиғатта су үш күйде : сұйық, қатты, газ күйінде болады. Жер бетіндегі барлық су Жердің су қабығы - гидросфераны құрайды. Гидросфера құрамына мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары кіреді. Жер - күн жүйесінің ең сулы планетасы. Гидросфераның көп бөлігін дүниежүзілік мұхиттың тұзды суы, аз бөлігін құрлық суы мен атмосферадағы су құрайды. Жер шарындағы барлық тұщы су үлесі 2,5 пайыз ғана. Жердің біртұтас су қабығы үш бөліктен тұрады. Олар: Дүниежүзілік мұхит, құрлық суы, атмосферадағы су.

Мұхит бетінен көтерілген судың бір бөлігі оған қайтып қосылады, ол құбылыс кіші су айналымы деп аталады.

Өзендер, жер асты сулары да мұхиттарға қосылады, ол құбылыс үлкен су айналымы деп аталады.

Судың мұхиттан атмосфера арқылы құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысуын дүниежүзілік су айналымы деп аталады.

Жер бетін жайлаған су Дүниежүзілік мұхитты құрайды. Оның үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн. км²- і тиеді.

Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Олар: Тынық мұхит, Үнді мұхит, Атлант мұхит және Солтүстік Мұзды мұхит.


Әр мұхитқа жеке-жеке тоқталу:


Тынық мұхиты

Дүниежүзілік мұхиттың жартысына жуығын алып жатқан ежелгі, ең үлкен (180 млн.км²), әрі ең терең, ең жылы мұхит. Суының орташа температурасы +19,4°С. Мұхиттың тереңдігі - 3980м. Мұхит аумағына Жер шарындағы барлық материк сыйып кетеді.

1520-1521 жылдары Ф. Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған "Тынық мұхит" деген ат берді. Бұл мұхитты кейде "Ұлы мұхит" деп те атайды. Тынық мұхитта бүкіл Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері - Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м.

Тынық мұхиттың суының көлемі 710 млн.км-ге тең. Бүкіл Дүниежүзілік мұхит суының 53 %-ын құрайды. Тынық мұхитында 10 мыңнан астам аралы бар. Теңіздері балыққа бай. Ең үлкен - шығанағы Аляска.


Атлант мұхиты

Дүниежүзіндегі көлемі жөнінен Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн. км²) мұхит. Мұхиттың орташа тереңдігі 3600 метр, Тынық және Үнді мұхитына қарағанда таяз.

Ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы. Оның тереңдігі 8742 метр.

Мұнда ерекше теңіз - Саргасс теңізі бар. Ең үлкен шығанағы Мексика. Теңіздері балықтар мен пайдалы қазба, кен орындарына бай.


Үнді мұхиты

Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн.км²). Аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейін үшінші орын алады. Бұл жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, мөлдірлігімен ерекше көзге түседі. Жағалауы аз тілімденген.

Үнді мұхитының орташа тереңдігі - 3700 метр. Ал терең жері болып саналатын Зонд (Ява) шұңғымасының тереңдігі 7729 метр.

Ең үлкен аралы Мадагаскар. Дүниежүзіндегі суы ең жылы, ең тұзды мұхит. Ең үлкен шығанағы - Бискай.


Солтүстік Мұзды мұхит

Мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн.км²), ең кішісі және ең таязы. Оның орташа тереңдігі - 1220 метр. Ең терең жері Гренландия теңізінде орналасқан. Оның тереңдігі 5527 метр. Дүниежүзіндегі ең үлкен Гренландия аралы осы мұхитта орналасқан. Мұхит солтүстік полюстің айналасында орналасқан. Климаты қатаң. Ең үлкен шығанағы Гудзон.


IV. Сабақты пысықтау сұрақтары:


1.Тапсырма:


Табиғатта су үш күйде кездеседі



Сұйық Қатты Газ

2. Тапсырма:


Тынық мұхиты: Ұлы мұхит

Ф. Магеллан алғаш рет жүзіп өткен мұхит

Ең алып мұхит

Ең терең мұхит

25 теңіз кіретін мұхит

Мариан шұңғымасы бар мұхит

10 мыңнан астам аралы бар мұхит


Атлант мұхиты: Тынық мұхитынан екі есе кіші мұхит

16 теңіз кіретін мұхит

Пуэрто-Рико шұңғымасы бар мұхит


Үнді мұхиты: Солтүстік бөлігінде муссон желдері соғып тұратын мұхит

Жағалауы аз тілімденген мұхит

Суы таза, мөлдірлігі басым мұхит

Ең таяз

Оңтүстік жарты шардағы мұхит

Мадагаскар аралы бар мұхит

Зонд шұңғымасы бар мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит: Гренландия аралы бар мұхит

Климаты қатал мұхит

Ең тұзды мұхит

Солтүстік полюстің айналасында орналасқан мұхит

Ең кіші мұхит

V. Қорытынды кезең:

Бүгінгі сабақта өткен тақырыптан түйген ойларын қорытып, шеңбер ішіне толтыру.


VI. Үйге тапсырма беру:


  1. Кестені толтырыңдар:


Мұхиттар

Су беті ауданы млн.км²

Көлемі млн. км³

Орташа тереңдігі (м)

Ең терең жері,м.

Атлант

Үнді

Солтүстік Мұзды мұхит

Тынық


  1. §27/28. Дүниежүзілік мұхит сулары, олардың шығу тегі


VII. Бағалау кезеңі:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал