- Учителю
- Сабақ жоспары 'Сыныптан тыс іс шара'
Сабақ жоспары 'Сыныптан тыс іс шара'
Тақырыбы: Өз елім менің!
Мақсаты: Халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде сан ғасырлар бойы жинақтап өзіндік тарихи тағылымы,ой пікір,қорытындылары бар.Оқушылардың алған білімдерін географиялық ойындар арқылы Қазақстан туралы білімдерін жүйелеу,деңгейін,біліктілігін,іскерлігін арттыру. Оқушыларды өз елін сүйетін патриот,халқына адал қызмет көрсететін азамат етіп тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық сана, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, презентация
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
«Біз - қазақ деген елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Басымыздан құт береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,
Дәм - тұзды ақтай алған елміз».
Жүргізуші:Қазақстанның гимнін мақтанышпен айтуға дайын болайық.
Қайырлы күн қонақтар, ұстаздар, оқушылар.Бізде бүгін еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңына өткелі жатқан «Өз елім менің! » атты интеллектуалды ойынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Оқушыларды бақылап, сараптап отыратын эксперттік комиссия мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
Біз бүгін сіздерді өз ақылдылығы мен шеберліктерін сынауға келген 6 сынып оқушыларымен таныстырғым келеді.Ендігі сөзді 6 сынып оқушыларына берелік
(6 - сынып оқушылары өздерін таныстырады,мақсаты,арманы)
Жүргізуші:Біздің ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең: Көкпар
2 - кезең. Полиглот
3-кезең «Тікелей сұрақтар»
4- кезең «Сөзжұмбақты шеш »
5-кезең «Кім жылдам» 1.Географиялық координаталарды табу2. Сандарда сөйлейді
Сонымен 1 кезең: Көкпар.Бұл кезеңде әр оқушы 4 сұраққа жауап береді. (8 оқушы)
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Қ.Р жер көлемі (2724,9 мың км кв)
2.Жердің неше қабығы бар(4)
3.Жердің ішкі құрылысы(жер қыртысы, мантия,ядро)
4.Еуропа мен Азияны бөліп тұрған тау (Орал)
5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы?(1991 жылы)
6.Жердің үстіңгі қатты қабығы қалай аталады?(литосфера)
7.Дүние жүзіндегі ең биік тау (Гималай)
8.Жердің су қабығы қалай аталады?( гидросфера)
9.Жер шарындағы ең үлкен ойпат(Амазонка)
10.Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау (ключий шоқысы)
11.Қазақстандағы ең биік жер(Тянь - Шан тауынд.Хан тәңірі шыңы 6995)
12.Қазақтың тұңғыш географ - ғалымы (Ш.Уалиханов)
13.План дегеніміз не?(қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқа)
14.Алғаш рет жерді айналып шыққан саяхатшы(Ф.Магеллан)
15.Қазақстанда 1986 жылы қандай тарихи оқиға болды?(Қазақ жастарының көтерілісі)
16.География ғылымының атасы (Эратосфен)
17.Қазақстан неше елмен шектеседі?(5 Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Түркіменстан)
18.Абсолют биіктік дегеніміз не?(Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелетін биіктігі абсолюттік биіктік деп аталады)
19.Желтоқсан оқиғасының құрбандары? (Қ.Рысқұлбеков,Сабира Мұхамеджанова,Лаззат Асанова,Ербол Сыпатаев)
20.Масштабтың түрлерін ата ( 3 атаулы, сызықты, сандық)
21.География қай тілден енген( грек гео-жер, графо - жазу, жерді сипаттап жазу)
22. Тіл күні (22 қыркүйек)
23.Азимут дегеніміз не?( арабша ас-суммут -жол)
24.Жер бетінің ауданы (510млн км кв.)
25.Жер бедері дегеніміз не?(Жер қыртысының ойлы - қырлы жиынтығын жер бедері дейді)
26.Таулар нешеге бөлінеді?(3)
27.Жердің тіршілік қабаты (Биосфера)
28.Тау жыныстары тегіне қарай нешеге бөлінеді? (3 магмалық,шөгінді,метаморфтық)
29.Градус торы дегеніміз не?(Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болатын тор градус торы деп аталады)
30.Астана қаласының ортасында ағып жатқан өзен(Есіл)
31.Тау дегеніміз не? (Жер бетінде оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөлікті тау дейді)
32.Д.Ж ең үлкен мұхит (Тынық 180 млн.км кв)
2 - кезең. Полиглот Сіздерге сөздер оқылады.Сіздер соған 3 тілде жауап бересіздер.Толық жауапқа 30 ұпаймен бағаланады.Жалпы сұрақ.Толық жауаптарын білсеңіздер ғана жауап беріңіздер
1.Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең,
Адамзат, жан - жануар арасында,
Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген(жер -земля-лэнд)
2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады(күн - солнце-дәй)
3.Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді(ауа-воздух-эйе)
4.Жүйрік өзі тұлпардан,
Ұшқыр өзі сұңқардан
Күні - түні жүйткиді
Кең далада бір тарлан (Жел-ветер - винд )
5.Жат жерге симайсың,
Басқаға қимайсың,
Жапырағын, тасын да,
Сағынасың, силайсың (Отан-родина-мазэлэнд)
6.Жолдың шаңын ұшырып,
Ағаштарды жұлқылап,
Бұтақтарды сындырып,
Көрінбей жүр зырқырап (боран -буран -Снов-сторн)
7.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық (қар - снег - снов )
8.Қағазсыз - ақ, қаламсыз - ақ
Сурет салар адамға ұқсап (Аяз - мароз - фрост)
Ал, құрметті әділ қазылар мүшелері ойланып ұпайларыңды ойланып есептеп болғанша 6 - сынып оқушыларының орындауында-- «Көк тудың желбірегені» Өнерін тамашалаңыздар.
(Әділ қазылар ұпай санын айтады)
Ал енді ұпайы аз 2 оқушыны қошеметпен шығарып салайық(қол шапалақтау).
3-кезең «Тікелей сұрақтар» (6 оқушы)
Әр ұяшықтарда сұрақтар бар, бірінші болып ұпайы аз оқушы таңдайды.Алған, таңдаған сандары ұпай болып есептеледі.(Әр оқушы 3 сұраққа жауап береді)
-
ҚР тарихи жылдары
10
20
30
Қазақстан Республикасының рәміздері
10
20
30
География
10
20
30
Қостанай облысы
10
20
30
Термин сөздер
10
20
30
Әр түрлі сұрақтар
10
20
30
1.Қазақстан Республикасының тарихи жылдары:10 Биыл тәуелсіздікке ҚР неше жыл?(24)
2. Қазақстан Республикасының рәміздері 10:Әнұранның авторлары(Жұмекен Нәжімеденов,Ш.Қалдаяқов,Н.Ә Назарбаев)
3. География 10:Жер бетінде гидросфера қанша пайызды құрайды?(71)
4.Қостанай облысы:10 Біздің облыстағы қорық (Наурызым)
5.Термин сөздер 10:Магма қай тілден енген(грекше магма - былғама, қойыртпақ)
6.Әр түрлі сұрақтар:10.Ауаның құрамын ата(оттегі - 21,азот -78,көмір қышқыл газы - 0,03)
7.Қазақстан Республикасының тарихи жылдарында: 20:Қазақстан хандығына биыл неше жыл болды (550жыл)
8. Қазақстан Республикасының рәміздері 20: 1.ҚР туының авторы кім?(Ш.Ниязбеков)
9. География 20:География ғылымы қай ғасырда туды(2 ғасырда Грекияда)
10.Қостанай облысы 20: Қостанай облысының өзені (Тобыл)
11.Термин сөздер 20:Орбита қай тілден енген: (латынша із, жол)
12.Әр түрлі сұрақтар 20: Шөгінді тау жыныстары нешеге бөлінеді?(Кесек,химиялық, органикалық)
13.ҚР тарихи жылдарында 30: Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар! Кімнің өлеңі? (Қайрат Рысқұлбеков)
14. Қазақстан Республикасының рәміздері 30: .Елтаңбаның авторлары(Жандарбек Мәлібеков,Шот - Аман Уәлиханов)
15.География30:Дүние жүзіндегі ең үлкен ойпат(Амазонка)
16.Қостанай облысы 30: Қостанай облысының шығаратын өнімі не?(Астық,ет қазба байлықтар-темір,асбест,боксит)
17.Термин сөздер 30: Экватор қай тілден енген?(латынша- теңестіргіш)
18.Әр түрлі сұрақтар 30: Біздің Қазақстанда ЭКСПО қай жылы болады?(2017 жылы Астана)
Ал, құрметті әділ қазылар мүшелері ойланып ұпайларыңды ойланып есептеп болғанша Біздің ойынымызды тамашалап отырған оқушыларға логикалық қызықты сұрақтар қояйын. Жауабын білген оқушылар қолдарыңызды көтеріп жауап беріңіздер.
Көрермендерге сұрақ:
1 . Дем алады өседі,бірақ жүре алмайды (өсімдік)
2. Үш түйе құс ұшып келеді,оның бірін аңшы атып түсіреді,ал аспанда неше құс қалады? (түйе құс ұшпайды)
3. Қандай су жәндігі ит пен балықтан тұрады? (итбалық)
4. Қара таудың басында киік кетіп барады,қол-аяғы бауырына тиіп кетіп барады? (тұман)
5. Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің?(ауа)
6. Дауыл дәнді ұшырып,шарлар жауды аспаннан,шекемізді ісіріп,қаштық үйге сасқаннан (бұршақ)
7. Елекпен су әкелуге бола ма? (болады мұз)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
9. Көзіңмен көресің,бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
10.Қандай балық адамның дене мүшесімен аталады?( табан)
(Әділ қазылар ұпай санын айтады)
Ал енді ұпайы аз 2 оқушыны қошеметпен шығарып салайық(қол шапалақтау).
4- кезең «Сөзжұмбақ » шешу 4 - оқушы қатысады.Қолдарына сөзжұмбақтарды үлестіру
Шарты; Сөзжұмбақты шешуге 2 минут беріледі.Толық жауапқа 50 ұпай,4-40,3-30,20-20,10-10 ұпай беріледі.
Енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз( оқушылардың ұпай санын айтады)
Ойынның шарты бойынша ұпайы аз 2 оқушыны қошеметпен шығарып салайық.
5-кезең. Кім жылдам? 1)«Координаталарды тап » (ойынға қалған 2 оқушы қатысады)
Картамен жұмыс.Шарты: 2 минутта қаланы табу
1)51°с.е.пен 71 °ш. б - та орналасқан қаланы табыңдар 1)Астана.
2)42°с.е. пен 74 °б. б - та орналасқан қаланы табыңдар 2)Нью-Йорк қаласы.
3)29°с.е. пен 28 °ш. б - та орналасқан қаланы табыңдар 3)Каир.
4) 50°с. е. пен 57 °ш. б - та орналасқан қаланы табыңдар 4)Ақтөбе
Әрқайсысына 10 ұпайдан
2) «Сандарда сөйлейді» Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан
200м дейін
ойпат
200-500м
Қырат жазықтар
500м асатын
Таулы үстірттер
400-1000м
Аласа таулар
Ал енді әділ қазылар алқасы есептеп болғанша «Атамекен» хор
Аділқазылар Жеңімпазды марапаттайды.
Қорытынды:Құрметті ұстаздар, оқушылар мен сөзімді Н.Ә Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын.
«Ел тәуелсіздігі,ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты үлы құндылықтар ғана мәңгі.Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің ұатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.
Рухы биік,еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар.Тәуелсіздіктің туын желбіретіп тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз - тәуелсіздік ,тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік!
Мен халқыма сенемін.Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!» - деп айтты. Сіздердің қосатын үлестеріңіз 1-ші білім.Міне балалар сол сенімді ақтаңыздар .Қатысқандарыңызға көп рахмет!
№
Кезеңдердің
атаулары
Қатысушылар
1
2
3
4
5
6
7
8
Қорытынды
1
Көкпар
2
Полиглот
3
Тікелей сұрақтар
4
Сөзжұмбақ
5
Кім жылдам?
№
Кезеңдердің
атаулары
Қатысушылар
1
2
3
4
5
6
7
8
Қорытынды
1
Көкпар
2
Полиглот
3
Тікелей сұрақтар
4
Сөзжұмбақ
5
Кім жылдам?
№
Кезеңдердің
атаулары
Қатысушылар
1
2
3
4
5
6
7
8
Қорытынды
1
Көкпар
2
Полиглот
3
Тікелей сұрақтар
4
Сөзжұмбақ
5
Кім жылдам?
№
Кезеңдердің
атаулары
Қатысушылар
1
2
3
4
5
6
7
8
Қорытынды
1
Көкпар
2
Полиглот
3
Тікелей сұрақтар
4
Сөзжұмбақ
5
Кім жылдам?
8