- Учителю
- Презентация по казахскому языку на тему Аустралияның климаты (7 класс)
Презентация по казахскому языку на тему Аустралияның климаты (7 класс)
Сабақ жоспары
Күні: 10.12.2015ж
Сыныбы: 7 «А, Д, Е»
Тақырыбы: §54. Климаты, өзендері мен көлдері
Технология: Биоақпараттану және Синергетика технологиясы. «Ауызша сабақ - 1» картасы.
Көрнекілік: Аустралияның физикалық және климат картасы, атлас, кескін карта.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар материктің өзендері мен көлдерін біледі, климаттық белдеулерін ажырата алады.
Міндеттері:
-
Пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
-
Есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмаларды орындату;
-
Өз бетінше білім алуға үйрету
-
Өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушы сабақтың мазмұнын түсінеді;
-
Өз бетінше жұмыс жасай алады;
-
Материктердің ерекшеліктерін ажырата алады;
-
Климаттық белдеулерді ажырата алады.
Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. ООМ бойынша
материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.
1. Аустралия ауданы жөнінен төртінші материк. (Жоқ. Алтыншы)
2. Материктің атауы «шығыс» деген мағынаны білдіреді. (Жоқ. Оңтүстік)
3. Аустралияның солтүстіктегі шеткі нүктесі Байрон мүйісі. (Жоқ. Йорк мүйісі)
4. Материк жағалауын Тынық, Үнді мұхиттары шайын жатыр. (Иә. Шығыс жағалауын Тынық, қалған бөлігін Үнді мұхиты шайып жатыр)
5. Материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. (Иә. Оңтүстік жарты шар материктері гондваналық, солтүстік жарты шар материктері лавразия платформасына жатады)
6. Таулы үстірттердің орташа биіктігі 200-300м. (Жоқ. 400-600м)
7. Үлкен Суайрық жотасы материктің батыс бөілігін бойлай орналасқан. (Жоқ. Шығысын)
8. Тас көмір солтүстік бөлікте көп шоғырланған. (Жоқ. Оңтүстік-шығыс бөлігінде)
9. Аустралияның батыстағы шеткі нүктесі Йорк мүйісі. (Жоқ. Стип-Пойнт мүйісі)
10. Мұнай мен газ материктің оңтүстік бөлігінде көп шоғырланған. (Жоқ. Орталық бөлігінде)
11. Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі Эйр көлі.(Иә.-16м)
12. Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі 2228м. (Иә. Косцюшко тау)
13. Аустралия жанартаулы материк. (Жоқ. Жанартаулары жоқ бірден-бір материк)
14. Аустралия материгінің жерін бірнеше ел құрайды. (Жоқ. Аустралия Одағы ғана алып жатыр)
15. Аустралияның шығыстағы шеткі нүктесі Стип-Пойнт мүйісі (Жоқ. Байрон мүйісі)
16. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінен Мадагаскар аралы материктен бөлініп шықты. (Жоқ. Жаңа Гвинея аралының оңтүстік бөлігі мен Тасман аралы)
17. Тасман аралы материктің солтүстігінде орналасқан. (Жоқ. Оңтүстігінде)
18. Үлкен Тосқаулы рифінің ұзындығы 1300 км ені 200 км. (Жоқ. Ұзындығы - 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін)
19. Мұхиттағы судың беткі температурасы қандай жазда +28°С, қыста +20°С. (Иә. Сондықтан әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі)
20. Материктің ауданы 24,2 млн км2. (Жоқ. 7,6 млн км2)
Бірінше белгі. Оқушылардың нәтижелері бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Қабылдауды ұйымдастыру
Өтілетін жаңа тақырып бойынша тақтаға кілтті сөздер жазылады. Мұғалім тірек сөздердің мағынасын түсіндіреді.
1. +24°C, +28°C
2. Дарлинг өзені
3. Үлкен Суайрық
4. Криктер
5. Муррей
6. Эйр көлі
7. Куперс-Крик
8. 33
9. Қалдық көлдер
10. Тасман аралы
11. Үлкен Артезиан алабы
12. Қоңыржай
13. Шоңғалды
14. 2000 м
Екінші белгі. Есте сақтау нормативі 14 сөз - 1 минут 15 секунд беріледі.
Ұғынуды ұйымдастыру
Оқушылар оқулықтан бір парақты 4 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім оқушылардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертеді.
7-11 сыныптар - мәтіннің бір парағына 4 минут уақыт беріледі
Түсінудің алғашқы тексерілуі
Қарама-қарсы сұрақ қою. ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар.
1. Аустралияның көпшілік бөлігіне қандай климат тән? (Ыстық, құрғақ климат)
</<font face="Times New Roman, serif">2. Материтің қай бөлігіне жауын-шашын мол түседі? (солтүстік және шығыс)
3. Аустралия жағалауларын қандай мұхиттар шайып жатыр? (Тыны және Үнді мұхиттары)
4. Мұхиттағы судың беткі температурасы қандай? (жазда +28°С, қыста +20°С)
5. Аустралияның оңтүстіктегі шеткі нүктесі? (Саунт-Ист-Пойнт м.)
6. Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстардың майысуларынан бөлініп шыққан аралдар? (Жаңа Гвинея аралының оңтүстік бөлігі пен Тасман аралы)
7. Кристалды жыныстар материктің қай бөліктерінде жатыр? (батысы мен орталық бөлігі)
8. Таулы үстірттердің орташа биіктігі қанша? (400-600 м)
9. Таулардың биіктігі. (1000-1500 м)
10. Үлкен Суайрық жотасы материктің қай бөілігін бойлай орналасқан? (Шығысын)
11. Аустралияның шығыстағы шеткі нүктесі? (Байрон мүйісі)
12. Материк қандай пайдалы қазбаларға бай? (алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір, уран, циркониц)
13. Тас көмір қай бөлікте көп шоғырланған? (оңтүстік-шығыс)
14. Орталық бөлігі қандай пайдалы қазбаларға бай? (мұнай мен газ)
15. Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі. (Үлкен Суайрық жотасының оңтүстіктегі биіктігі 2228 м Косцюшко тау)
16. Аустралияның солтүстіктегі шеткі нүктесі? (Йорк мүйісі)
17. Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі? (Эйр көлі -16м)
18. Аустралияның батыстағы шеткі нүктесі? (Стип-Пойнт мүйісі)
19. Материк жағалауындағы ең ірі маржандық құрылым? (Үлкен Тосқауыл рифі)
20. Үлкен Тосқауыл рифінің ұзындығы мен ені қанша? (ұзындығы - 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін)
Үшінші белгі. Оқушылардың нәтижелері бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Алғашқы бекітуді ұйымдастыру
Сын тұрғысынан сұрау. ООМ бойынша сабақтың тақырыбы сұралады. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап арқылы сұрақты толық дәлелдейді.
Төртінші белгі. Оқушылардың нәтижелері бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Талдау
Жаңа тақырып бойынша тақырыптық сөздік қоры (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғанын санап, есебін шығарады.
Бесінші белгі. 7-11 сыныптар - 63 сөз.
5 минут
Рефлекция
Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. Мұғалім тақырыпты қорытындылайды. Тақырыпқа деген өзінің көзқарасын білдіреді.
Бағалау
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:
4 - 5 белгі - «5»
3 белгі - «4»
2 белгі - «3»
1 белгі - «2»
Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 5 ұпайдан алуы тиіс
Үй тапсырмасы
§53. Аустралияның физикалық-географиялық орны, жер бедері және пайдалы қазбалары.
Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін, жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.