7


  • Учителю
  • Статья на тему Оқушыларға сапалы білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі

Статья на тему Оқушыларға сапалы білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқушыларға сапалы білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі



Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді»-деген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. [1] Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру - әрбір пән мұғалімінің негізгі мақсаты. Сабақ өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың іскерлігін, жан-жақтылығын және басқа да қабілеттерін байқауға, дамытуға болады. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияның маңызы зор. Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, видео дисктерді, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды

қалыптастырудың бір жолы. [2]

«Қазіргі заманда оқушыларға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде-өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады. [3]

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның география сабақтарына берері мол. Жаңа тақырыпты игеруге көмектеседі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Оқушыға сыныптан шықпай-ақ өткен және қазіргі оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары, қалалары мен мәдени орталықтарына, жанартаулардың атқылауы, жер сілкінісі көріністерін бақылауына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқушылар үлкен нәтижеге жете алады:

-хабарды шексіз көлемде игере және аналитикалық өңдей алады;

-оқушылардың танымдық белсенділіктері артады;

-электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту әдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі;

-арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтары артады;

-оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын, танымын тереңдететін, шығармашылық ізденіске баулиды;

-оқушының зерделілік және қисындылық деңгейі жоғарылайды;

-есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау, оқушылардың оқуға деген ынталары күшейе түседі. [4]

Мектептегі география сабақтарына ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу арқылы оқушылардың оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде. [5] Ал, белгілі педагог Ш.А. Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтырушылығын арттыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», деген. Сол себептен жаңа технологияларды, әсіресе ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

































Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз

2. Абдрахманова Г, «Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері», «Қазақстан мектебі» журналы, 2006 жыл, №3

3. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары «Бастауыш мектеп» журналы, 2006 жыл, №5

4. Әбдиев Е «Мультимедиялық оқыту», «География және табиғат» журналы, 2010 жыл, №3

5. «Н.Ә.Назарбаевтың мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзі», «Мектеп директоры» журналы, 2005 жыл, №3





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал