7


  • Учителю
  • План по географии на тему 'Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері' (7 класс)

План по географии на тему 'Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаттарыБілімділік мақсаты:  Әр кезеңнің ғұламалары мен саяхатшыларына тоқталу,олардың жаңалықтарының маңыздылығын түсіндіру.Дамытушылық мақсаты:  Әрбір материктің зерттелу кезеңдерін тарихи оқиғалармен салыстыра отырып, қорытынды шығаруға дағдыланды
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Мерзімі:

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты: Әр кезеңнің ғұламалары мен саяхатшыларына тоқталу, олардың жаңалықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Әрбір материктің зерттелу кезеңдерін тарихи оқиғалармен салыстыра отырып, қорытынды шығаруға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді түсіндіру және алған білімді бекіту сабағы

Сабақтың әдістері: баяндау - түсіндіру, проблемалық оқыту, картамен

жұмыс, сұрақ - жауап, кесте «Кім жылдам?»,

«Ойлан, тап!»

Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, оқушы атласы,

зерттеушілер туралы қосымша материалдар жинағы,

саяхатшылардың суреттері

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, түгендеу;

Ә) Үй тапсырмасын сұрауға әзірлеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

«Топтастыру» әдісі бойынша сұралады:

«Ойлан, тап!» ойыны арқылы материктердің аудандарын анықтаймыз:

18,3 млн км2

14 млн км2

9,0 млн км2

24,2 млн км2

30,3 млн км2

54 млн км2


Еуразия

Аустралия

Оңтүстік Америка

Солтүстік Америка

Антарктика

Африка

«Кім жүйрік?» жылдам сұрақтар қойылады.

  1. Материктік аралдарға не жатады?

  2. Архипелаг дегеніміз не?

  3. Ескі және жаңа дүние бөліктерін ата.

  4. Мұхиттың ең терең бөлігін көрсет.

  5. Материк пен дүние бөліктерінің қандай айырмашылығы бар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттердің ошақтары Месопатамия, Парсы жері, Египет, Карфаген, Ежелгі Грек, Рим елдері.

Орта ғасырда географиялық ашуларды бастаған арабтар. Олар Қытай,Үнді жерлеріне саяхаттар жасады. ІХ-ХІ ғасырлар аралығында Еуропаның солтүстігін мекендеген нормандар (викингтер) алдымен Исландия аралын ашып, оған қоныстанып, кейіннен Гренландия мен Солтүстік Америка жағалауларына дейін жеткен. Жер туралы мәліметтер ХІІІ ғасырда венециялық көпес Марко Полоның Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері туралы жаңалықтармен толықтырылды. Еуропалық саяхатшылар П.Карпини мен В.Рубрук ХІІІ ғасырда Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып, құнды географиялық деректер жинақтаған.

Ұлы географиялық ашылулар кезеңі ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығында жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

ХІХ ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар материктер ішіндегі «ақ таңдақтарды» жоюмен, яғни бұған дейін зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты болды.Орталық Азияны зерттеушілер қатарында қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та бар.

ХХ ғасырдағы ірі жаңалықтар Антарктида материгінің табиғатымен, оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты болды

ІҮ. Бекіту кезеңі. Кесте толтыру.

Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңі

Атақты ғұламалар мен саяхатшылар

Ашқан жаңалықтары, жерлері


Ү. Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. § 2. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері. 7-14 бб оқу. Кестені аяқтап толтыру, саяхатшылар туралы қосымша деректер қарастыру, саяхатшылардың жүріп өткен жолдарын кескін картаға түсіру.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал