- Учителю
- Тақырыбы: Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы. 7-Сынып
Тақырыбы: Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы. 7-Сынып
Жанғатаева Назерке Есркенқызы,
География пәнінің мұғалімі.
Атырау облысы,
Атырау қаласы,
№15 Абай атындағы орта мектеп
1-слайд . Тақырыбы: Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы. 7-сынып.
2-слайд. Мақсаты:
1. Антарктиданың географиялық орны, ашылу мен зерттелу тарихын түсіндіру.
2. Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау, зерттелу тарихын ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту. Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын, картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
3. Пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдістері: Слайд арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, ой шақыру, кластер
құру.
Көрнекіліктері: Ақпаратты технология құралдары: компьютер, проэктор.
Дүние жүзінің физикалық картасы.
3-слайд. Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Блиц-тур
ІІ. Ой шақыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
1. Антарктиданың географиялық орны.
2. Антарктиданың зерттелу тарихы.
3. Карта еліне саяхат.
ІV. Білімді бекіту.
1. Сандар сөйлейді
Сергіту сәті. Ойын «Материкті пішіні бойынша таны»
2. Сәйкестендір
Ү. Қорытындылау.
Топтастыру.
VІ. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Блиц-тур
Әр топқа 10 сұрақ беріледі.
1-топ:
1. Аустралия атауы қай тілден шыққан, қандай мағына береді?
2. 1606 жылы материкті кім ашты?
3. Аустралияның географиялық орны?
4. материктің шеткі нүктелері
5. материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері
6. материк пен Жаңа Гвинея аралын қандай бұғаз бөліп жатыр?
7. Абель Тасман материктің қай бөлігін зерттеген?
8. Таулардың биіктігі
9. Аустралияның пайдалы қазбалары
10. Аустралияның орташа биіктігі
1. Ең ірі өзені? Олар немен қоректенеді?
2. Аустралия өзендері неше алапқа бөінеді?
3. Ірі көлдері
4. Жер асты сулары не деп аталады?
5. Аустралияның табиғат зоналарын ата
2-топ:
1. Материк неше жыл бұрын басқа материктен бөлінген?
2. Материктің жер көлемі қанша?
3. Аустралияның ең төменгі жері
4. Аустралия неге ең құрғақ материк?
5. Аустралияның жаздық орташа температурасы
6. Аустралияның жаз айларын ата
7. Клматтық белдеулерін ата
8. Материк климаты қыста қалай өзгереді?
9. Аустралияда өзендердің аз болуы неліктен?
10. Өзендердің сулары тартылған жерлерді не деп атаймыз?
6. Мұнда басқа материктерде кездеспейтін қандай өсімдіктер мен жануарлар бар?
7. «Аустралияның» өлі жүрегі деп неге атайды?
8. «Вили-вили» дегеніміз не?
9. Елдің астанасы,халқының орналасуы
10. Байырғы халықтары кімдер
4,5-слайд. Ой шақыру
«Полярлық күні көзді шағылыстыра жарқыраған, полярлық түні алай - дүлей боран мен бұлтқа оранған осы бір беймәлім қар мен мұздың өлкесі Оңтүстік поляр аймағында жатыр.» (Гусев А. М.)
Бұл қай материк туралы айтылған?
Бүгінгі сабақта Антрактида материгінің физикалық-географиялық орнымен, материк пішінімен, ашылу және зерттелу тарихымен танысамыз.
Сонымен, оқушылар,ғаламшарымыздағы ең ғажайып материк Антрактидаға саяхат жасаймыз .
Адамдар әртүрлі себептермен саяхатқа шығады. Біреулер шытырман оқины жақсы көрсе, енді біреулер жаңалық ашуға құштарлық танытады, үшінші біреулер құпиясы мен қызығы мол жерлерге саяхат жасағысы келеді.
Мына бір өлең жодарына назар аударайық:
Айтқым келеді саған, достым,
Тамаша жер көп бұл ғаламшарда
Келеді саған бір ой қосқым
Неге барасың Антрактидаға?
Сабақтың соңында бұл өлең жолдарындағы «Неге барасың Антрактидаға?» деген сұраққа жауап табамыз.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
6,7,8,9- слайд. Антарктида. Географиялық орны
Антрактида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антракатиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк. Антрактида «Арктикаға қарама-қарсы» деген мағынаны білдіреді. Материк ауданы 12,4 млн км 2 ал қайрандық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде 14 млн км2 жуық. Жерінің 99 пайызын мұздар құрайды. Мұздың орташа қалыңдығы 1720 м
ең қалың жері Шмид жазығы 4300 м тұщы су қоры 80 пайызын құрайды. 1983 ж ең суық температура -89,2, С құрайды. Материктің ең биік нүктесі-5140 м ең төмен ойыс Бентли -2555 м
Сөнбеген жанартау ең ірісі Эребус жанартауы 3794 м таңның атуы мен күннің шығуын жылына бір рет болады.
Ерекшелігі.
Антарктиданың басқа материктерден ерекшелігі: мұнда тұрақты халық жоқ және оның құқықтық жағдайы мүлде басқаша. Ол бірде бір мемлекеттің қарамағына жатпайды. Халықаралық келісім бойынша оның территориясында әскери сипаттағы кез - келген шараларды өткізуге, қарулар мен ядролық жарылыстарды сынауға тыйым салынған. Антарктиданың табиғатын қорғау заңда баян етілген.
10,11,12,13,14-слайд. Антарктиданың зерттелу тарихы.
Джеймс Кук зерттеулері. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Джеймс Кук Антрактида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.
Беллинсгаузен мен Лазарев зерттеулері. Антрактиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазерев басқарған "Восток" және "Мирный" желкендң кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антрактида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антрактиданың ашылған күні болып табылады.
Руаль Амундсен зерттеуші. () "" кемесімен аттанады. жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. жылы Шпицберген - Солтүстік полюс - бағыты бойынша "Норвегия" 1-трансарктикалық ұшуды басқарды. апатқа ұшыраған экспедициясына көмек көрсетпекші болып "Латам" гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар
Роберт Скотт зерттеуші. (6.6. 1868, - 30.3.1912 ж. ш.) - зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын басқарып, "Дискавери" әскери кемесімен Антарктидаға аттанды. 1901 - 04 ж. аралығында жерін, түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп, түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82Ә17о. е-ке дейін жетті. 1910 ж. 15 маусымда "Терра Нова" кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай аттанды. 1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі 33 күннен кейін төрт серігімен бірге жетті. Қайтар жолда серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі , оңтүстігіндегі арал, , т.б. аталады
15,16,17,18- слайд. Карта еліне саяхат.
1. Антарктида материк.
2. Винсон тауы.
3. Бентли ойысы.
4. Эребус жанартауы.
5. Фильхнер, Ронне қайраңдық мұздықтары.
6. Уэддел, Амундсен, Беллинсгаузен теңіздері.
19,20-слайд. Білімді бекіту.
Сұрақ-жауап
-
1. Материктегі мұздың орташа қалындығы.( 1720 м)
-
2. Мұздың ең қалын жері. (4300 м. Шмидт жазығы)
-
3. Оңтүстік поляр шеңберін 3 рет кесіп өткен ағылшын саяхатшысы. (Джеймс Кук)
-
4. Оңтүстік полюске жеткен норвег саяхатшысы. . (Руаль Амундсен)
-
5. Сөнбеген жанартауы. (Эребус)
-
6. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай материк бөлінеді? (Батыс және шығыс Антарктида )
-
7.Жазғы орташа температура.( -30 о С - 50 о С)
-
8.Жер шарының ең төмен температурасы. .(-89,2 о С)
-
9. Жер шарының суық полюсі тіркелген стансасы. («Восток»)
21,22-слайд. Сандар сөйлейді. (Оқушылар берілген жылдарға байланысты зерттеушілерді табады.)
1772-75 ж ж.
1819-21 ж ж.
1910 ж.
1912 ж.
ХХ ғ. І-ші жартысы
23-слайд. Сергіту сәті. Ойын «Материкті пішіні бойынша таны» Тақтаға марериктердің пішіні ілінеді ,оқушы сол пішін бойынша материктерді дұрыс атауы керек.
24-слайд. Сәйкестендір
1.Антарктида орналасқан солтүстік мұзды мұхит
2.Оны шаймайтын мұхит 1820ж
3.Мұзының ең қалың жері оңтүстік полюста
4. Антарктида қай жылы ашылды 4300метр
25-слайд.Топтастыру
26-слайд. Бағалау
Үйге тапсырма