- Учителю
- Сабақ жоспары ' Батыс Сібір жазығы' 8 сынып
Сабақ жоспары ' Батыс Сібір жазығы' 8 сынып
Бекітемін: сынып:8 күні: 27.02.2015.
Тақырыбы:
Мақсаты:Білімділігі: оқушылардың Батыс Сібір жазығының географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері туралы кең ауқымды танымын қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқулықпен, карталарды пайдалана білуге, жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену.
Тәрбиелілігі: өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: салыстыру, сұрақ - жауап, ротация , бір айналым сөйлем әдісі, оқулықпен , картамен жұмыс істеу, кестелер толтыру.
Көрнектілігі: Қазақстанның физикалық, тектоникалық карталары, үлестірмелер слайд, компьютер.
1. Сабақты ұйымдастыру: Сынып оқушыларын түстер арқылы 4 топқа бөлу, әр топқа жеке тапсырма беру, Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.
2. Ротация әдісімен өткен материалды еске түсіруге арналған тест сұрақтары.
Тест №1 Тұран жазығының географиялық орны, жер бедері.
1.Тұран жазығы қай кезеңде қалыптасқан?
А) кайнозой В) палеозой С) мезозой д) архей
2. Маңғыстау тауының биік нүктесі:
А) Бесшоқы В) Сарышоқы С) Қаратау Д) Мұзтау
3.Қазақстандағы ең терең ойыс:
А)Қарынжарық В) Қарақия С) Өлі теңіз Д) Ассал көлі
4. Сарыарқа мен Мұғалжар арасындағы үстірт:
А) Үстірт В) Орал алды үстірті С) Торғай үстірті Д) Сырдария жазығы
5) Сарысу мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл:
А) Мойынқұм В) Бетпақдала С) Балқаш-Алакөл Д) Қызылқұм
Тест №2 Климаты
6. Тұранның климаты:
А) Ылғалды В) Құрғақ континентті С) Теңіздік д) Муссонды
7) Қаңтардың орташа температурасы:
А) -18 , -5 В) -25 , -30 С) 0 ,+2 Д) +5 ,+7
8) Шілденің орташа температурасы:
А)+18 ,+20 В) +15, +16 С) +22 ,+29 Д)0,+7
9) Жауын - шашын мөлшері:
А) 300-350мм В) 310-200мм С) 200-250мм Д) 80-100мм
10.Тұрған жазығы қандай табиғат зоналарында жатыр?
А)Орманды дала В) Шөл, шөлейтті С) Далалы, орманды Д) шөлді
Тест №3 Пайдалы қазбалары
11. Тұран жазығының басты байлығы:
А) Мұнай В) көмір С)Фосфор Д) алтын
12. Торғай үстірті мен Іле аймағында қандай пайдалы қазба кең таралған?
А) Темір В) қоңыр көмір С) Алтын Д) тұз
13. Арал теңізінде не өндіріледі?
А) мұнай В)газ С) тұз Д)сода
14. Ақтауда не өндіріледі?
А) әктас В) қаратас С) сода Д) көмір
15. Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық:
А) Бетпақдала В) Мойынқұм С) Қызылқұм Д) Қарақұм
Тест №4 Ішкі сулары
16. Тұран жазығының басты өзені:
А) Сырдария В) Шу С) Талас Д) Лепсі
17. Торғай үстіртінің өзендері:
А) Іле, Шу В) Торғай Ырғыз С) Ақсу , Лепсі Д) Ертіс, Бұқтырма
18. Мойынқұм мен Бетпақдаланың негізгі өзендері:
А) Сырдария, Сарысу В) Іле, Қаратал С) Шу, Талас Д) Арыс, Ақсу
19. Тұран жазығының көлі
А) Сілетітеңіз көлі В) Каспий теңізі С) Теке көлі Д) Ақкөл көлі
20. Тұран жазығының қорықтары:
А) Барсакелмес, Үстірт В) Алматы С) Алакөл Д) марқакөл
Тест сұрақтарының жауаптары
1.В 2.А 3.В 4.С 5.В 6.В 7.А 8.С 9.Д 10.В 11.А 12.В 13.С 14.А 15.В 16.А 17.В 18.С 19.Д 20.
«Түсін мені» ойыны (картамен жұмыс)
Жаңа сабақ: Жер бедері тегіс, орманды далалары бар, Орал тауларынан Аттайға дейін созылып жатқан жазықтық.
Жаңа сабақтың мақсаты: Батыс Сібір жазығының географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері туралы тану және оларды картаға белгілеу және таба білу.
Жоспары: Білу, түсіну
А. Жаңа сабаққа арналған тапсырмалар.
Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырмалар беру. (постер қорғау)
1 - тапсырма.
1 - топ тапсырмасы: Солтүстік Қазақ жазығының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылымы.
2 - топ тапсырмасы: Пайдалы қазбалары,
3 - топ тапсырмасы: Климаты,
4- топ тапсырмасы: Өзендері мен көлдері.
Топқа берілген 1 - тапсырма бойынша қорытындылаймын:
Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінді:
*Есілдің жазық орманды даласы.
*Тобыл - Обағанның жазық даласы.
*Есіл - Ертіс даласы
*Ертіс - Құлынды жазығы.
Пайдалы қазбалар.
O Соколов - Сарыбай, Қашар кен орнында - темір рудасы.
O Рудный қаласында байыту комбинаты.
O Әйет, Лисаков никель көмірдің мол қоры.
O Хромит, боксит, кобальт кені.
O Құрылыс материалдары.
Климаты:
Жауын - шашын 350мм
Шілденің орташа темп. +18С, +20С.
Қаңтарда -17С, -19С.
Қар қалың, орташа қалыңдығы 30-50см
Өзеңдері:
Ертіс,Есіл, Тобыл
Шағын өзендері: Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Өлеңті, Шідерті.
Көлдері: Құсмұрын, Шағалалытеңізі, Сілетітеңізі т.б.
Қолдану, талдау (Сабақты бекіту, пысықтау )
1 - топ тапсырмасы: кескін картаға Солтүстік Қазақ жазығының жер бедерін түсіру.
2 - топ тапсырмасы: Географиялық диктант
Солтүстік Қазақ жазығының климаты континенттілігімен көзге түседі. Орта Азияның ыстық ауасы еркін енеді. Жауын-шашынның 60 пайызы жаз айларында жауады. Шілденің орташа температурасы 18-20 градус , қаңтарда -17-19 градус.
Қардың қалыңдығы 30-50 см жетеді.
Темір рудасы Соколов-Сарыбай , Қашар кен орындарында өндіріледі.