- Учителю
- Атмосфера тарауы бойынша есептер жинағы
Атмосфера тарауы бойынша есептер жинағы
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп»мемлекеттік мекемесі
«Атмосфералық қысым» тақырыбы бойынша есептер
1/ А нүктесінде
атмосфералық қысым 780 мм, ал В нүктесінде 750 мм болса, екі
нүктенің арақашықтығы қандай болғаны?
2/ Тау басында
атмосфералық қысым 530мм, ал тау етегінде атмосфералық қысым 760мм
болса,таудың биіктігі қанша?
3/ А нүктесінде
атмофералық қысым 780мм, ал В нүктесінде оған қарағанда 300 мм
төмен болса, екі нүктенің арақашықтығы қандай және В нүктесіндегі
атмосфералық қысым нешеге тең?
4/ Ұшақ алаңында
атмосфералық қысым 775 мм болып тұрған кезде ұшақ көтерілген
биіктікте барометр 520мм-ді көрсетті.Ұшақ қанша метр биіктікке
көтерілгенін анықтаңыз
5/ Таудың биіктігі 3км
,ал тау басындағы атмосфералық қысым 492мм болса, таудың етегінде
атмосфералық қысым қанша болады?
6/ Ақан достарымен тау
басына шыққанда атмосфералық қысымның 50мм-ге төмендегенін байқады.
Тау етегінде атмосфералық қысым 755 мм болатын. Сонда Ақан
достарымен қандай тауға шыққан және оның биіктігі қандай болғаны?
7/ Саяхатшылар тау басына
шыққанда атмосфералық қысым 300мм болды.Таудың биіктігі 4 км болса
, тау етегінде атмосфералық қысым нешеге тең болғаны?
8/ Екі дос таудың биік шыңына шығып табиғатты тамашалап отырғанда біреуінің кенет жүрегі қысылып, басы айналып ауыра бастады. Ол неліктен деп ойлайсыз?
9/ Атмосфералық қысым
төбенің етегінде 790мм,ал төбенің басында 680мм болса, төбенің
биіктігі қандай болғаны?
10/ Сынып бөлмесінің
ұзындығы 7м, ал ені 5м болса, бөлмедегі ауаның салмағын табыңыз.
11/ Бөлменің ауданы
40м2 болса, бөлмедегі ауаның салмағы қандай болғаны?
12/ Мектеп спорт залының
ені 15м,ал ұзындығы 20м болса, спорт залындағы ауаның салмағы
қанша?