7


  • Учителю
  • Урок географии для 10 класса по теме «Политическая карта мира»

Урок географии для 10 класса по теме «Политическая карта мира»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: "Выдержка из материала:Ең алдымен мұғалім балалардың орындаған сөзжұмбақтарды жинап алып, тексереді. Соның бір-екеуін балаларға таратып беріп, білімдерін тексереді. Балалар орындаған сөзжұмбақтарын жинап көрсетеді. Сосын балалар бұл сөзжұмбақтарын топ болып шешеді, с
предварительный просмотр материала

Сабақ: №1-2

Сыныптар: 10

Күні:

Тақырыбы: Кіріспе Дүние жүзінің саяси картасы саяси картаның қалыптасуы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - Саяси картаның мазмұны, оның қалыптасу кезеңдері туралы және саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлара туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең - бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең - қорытынды (1 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың орындаған сөзжұмбақтарды жинап алып, тексереді. Соның бір-екеуін балаларға таратып беріп, білімдерін тексереді.

Балалар орындаған сөзжұмбақтарын жинап көрсетеді. Сосын балалар бұл сөзжұмбақтарын топ болып шешеді, сөйтіп білімдерін бекітеді.

ІІІ

Ең алдымен, мұғалім балалардан саяси география және саяси карта дегеніміз не деген сұрақтарды қояды. Одан кейін саяси картаның қалыптасу кезеңдеріне тоқталады: Жаңа (17 ғ-дан 1-ші д.ж. соғысқа дейін) және ең жаңа кезең (1-ші д.ж.соғыстан бүгінгі күнге дейін).

І кезең: Еуропалықтардың отарлау әрекеттері 15 ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды.

ІІ кезең:

Сосын мұғалім балаларға саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлар сызбанұсқаны сызады.

Саяси картаның өзгеру:

әр түрлі деңгейдегі соғыстар;

елдің тәуелсіздігінен айырылуы, шекаралары мен аймағының өзгеруі;

жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы;

ел аты мен астана атауының өзгертілуі;

мемлекеттердің ыдырауы мен бірігуі;

елдердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесінің өзгеруі;

елдер арасындағы және халықаралық келісімдер;

ел астанасының басқа қалаға көшіруі.

Сосын мұғалім саяси картадағы маңызды өзгерістерді айтып, балаларға жазғызады: 1939-40ж Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейді, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Азияда бұл кезеңде Индонезия мен Вьетнам (1945), Филиппин (1946), Үндістан (1947), Бирма (қазіргі Мьянма 1948), Цейлон (қазіргі Шри-Ланка 1948) тәуелсіздігін алды. 1948 ж Корея бөлініп, 38 с.е. бойымен сызықтың солтүстігінде КХДР, оңтүстігінде Корея Республикасы пайда болды. Осы жылы БҰҰ шешімімен Израиль мемлекеті қалыптасты. 1949 ж Қытайда мемлекет құрылымын өзгертіп, Қытай Халқы Республикасы жарияланды.

Оқушылар саяси география дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейтін географияның саласы екенін айтады. Ал саяси карта деген барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген карта дейді. Одан кейін саяси картаның қалыптасу кезеңдерін жазып алады және мұғаліммен бірге сабақты талдай бастайды.

Балалар тарих сабағынан алған білімдерін еске түсіреді: 1914-1918ж аралығында болған 1-ші д.ж.соғыста Антанта (Англия, Франция, Ресей) және Үштік Одақ (Германия, Аустрия-Венгрия, Италия) елдері бір-бірімен соғысқанын айтады. Жалпы алғанда бұл соғысқа 38 мемлекет қатысты.


Балалар қысқаша конспект жазып отырады.

Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесі өзгерді, Аустрия-Венгрия монархиясы мен Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады.

20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктері негізінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер (мальдив аралдары, Камбоджа, Пәкстан Ислам Республикасы, Бангладеш, Сингапур, Кувейт т.б.) пайда болды. Осы кезеңде Африкада 40-қа жуық мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды.

Еуропаның саяси картасындағы соңғы өзгерістер 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауымен байланысты болды. 1989-1990ж Болгария, ГДР, Румыния, Чехословакияда тоталитарлық жүйеге қарсы төңкерістер болды. Нәтижесінде 1993ж Чехия мен Словакия Республикалары пайда болды. 1990ж ГДР мен ФРГ қайта бірікті. 1991Ж КСРО ыдырап, 15 республика өз тәуелсіздігін жариялады. ЮФРО-ң ыдырауы салдарынан Хорватия, Словения, Македония, Босния және Герцогивина, Югославия пайда болды.

ІV

Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Саяси картада не бейнеленеді? Оның өзгерістеріне қандай факторлар себепші болады?

2. Дүие жүзінің саяси картаның қалыптасуына негіз болған оқиғалар қай кезеңдерде болды?

3. Еуропаның саяси картасында 1-ші д.ж.соғыс әсерінен қандай өзгерістер болды?

4. 2-ші д.ж.соғыс әсерінен д.ж.саяси картасында қандай өзгерістер болды? Оған соғыстан басқа қандай факторлар әсер етті?

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Саяси картада барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген. Оның өзгерістеріне әр түрлі деңгейдегі соғыстар, елдің тәуелсіздігінен айырылуы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы т.б.

2. 1-ші д.ж.соғыста, Қазан революциясы, 20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктерінің айыруы, 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауы.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал