7


6 - Сынып Нәсілдер ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 6 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Нәсілдер, нәсілдердің теңдігі


Сабақтың мақсаты:

білімділік: Халықтарды нәсілдік топтарға бөлу, нәсілдік белгілерді ажырату.

дамытушылық: Оқулықтағы сурет, атласты пайдаланып өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып, оқушы ойын, қабілетін дамыту;

тәрбиелілік: Карта, глобус, кескін карталармен жұмыс істеу біліктерін ары қарай дамыту; ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен шығармашылық ізденіске баулу; экологиялық тәрбие беру.


Сабақ түрі: аралас сабақ;


Әдіс - тәсілдер: танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, иллюстративті (бейнелі), жартылай ізденушілік, сұрақ-жауап, баяндау, пікір айту, шығармашылықпен жұмыс жасау;


Оқыту құралы: 6-сыныпқа арналған атлас карта, жарты шарлар картасы, глобус.


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу ә) түгендеу

2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. Жаңа сабақты меңгерту;

5. Үйге тапсырма беру;

6. Сабақты қорыту;

7. Бағалау.


Сабақ жазбасы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сыныпта жақсы көңіл - күй орнату үшін «тілек» жаттығуын жасау, «разминка» сергіту жаттығуы, түгендеу, құрал - жабдықтарын тексеру, сыныпты 3 топқа топтастырып отырғызу;


2. Үй тапсырмасын тексеру жоспары:

1. ұғымдарға анықтама

2. тірек - сызбаны толтыру

3. цифрлар сыр шертеді


  1. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіздер:

А) Халықтар географиясы - Адамның Жер бетінде таралуын, оның себептерін, өткендегісін, қазіргісін және болашағын зерттейді

Ә) Демография - халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым.

Б) Демографиялық жарылыс - Жердегі халықтың XX ғасырдың 2-жартысында бұлай күрт өсуін ғалымдар осылай деп атайды.

В) «Демографиялық саясат» - деп үкімет тарапынан халықтың тууын мемлекетке қажетті мөлшерде жүзеге асыруға бағытталған әкімшілік, әлеуметтік, дәрігерлік және басқа да шаралар жүйесін айтады.

2. Тірек - сызбаны толтырыңыздар:




3. Цифрлар сыр шертеді


1. б.з.б 8 мың жыл бұрын ...

Ғалымдар жаңа тас дәуірінің басында, біздің заманымыздан 8 мың жылдай бұрын жер бетінде 5-10 миллион ғана адам өмір сүрген деп есептейді.

2. б.з. 230 млн ...

Біздің заманымыздың басында Жердегі адам саны 230 миллионға әрең жеткен.

3. Жер беті халқы 1820 жылы ...

Жердегі халық саны 1820 жылдары шамамен 1 млрд болған.

4. 1927жылы ..., 1987 жылы ...., 1999 жылы ... халық саны

1927 жылы - 2 млрд-қа, одан әрі 32 жылдан кейін 3 млрд-қа, 13 жылдан кейін 5 млрд-қа (1987 ж.), 12 жылдан кейін 6 млрд-қа (1999 ж.) жеткен.

5. 1 км2-ге адам тығыздығы: ... 1920 жылы..., 1960 жылы...., 1987 жылы...., қазір ...

Адам мекендейтін құрлықтың 1км2-іне 1920 ж. - 13, 1960 ж. - 18, 1987 ж. - 34 адамнан келсе, қазіргі кезде 40 адамнан келеді.

6. 1 млрд 300 млн .... және 1 млрд астам халқы бар ....

Қытай (1 млрд 300 млн) және Үндістан (1 млрд-тан астам)


4. Жаңа сабақты меңгерту:


3 топқа 3 нәсіл туралы оқуға 5 минут уақыт беріледі; Оқушылар алған білімдерімен бөліседі. Әр топ түсінгендерін қысқаша айтып береді.

Адамзат өздерінің сыртқы келбетінің ерекшеліктеріне қарай үш үлкен нәсілге бөлінеді. Сыныппен бірге тірек - сызбаны толтыру.



Әр түрлі нәсілдерге жататын адамдар бір-бірінен табиғи ортаға бейімделген сырт келбеті жөнінен ғана ерекшеленеді. Олардың көру, есту және ойлау қабілеттері бірдей.

Кестені оқулықтың көмегімен оқушылармен бірге толтыру.


Нәсілдер

Ерекшеліктері

Экваторлық

Терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біршама шығыңқы.

Моңғолдық

Терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш.

Еуропалық

Терісі ақ, мұрны қырлы, ерні жұқа, шашы толқынды немесе жатық.


5. Үйге тапсырма беру: § 51 оқу, нәсілдер туралы қосымша ақпараттар іздестіру;


6. Сабақты қорыту:


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді



7. Бағалау: 1 - спикерлердің бағалауы, 2 - мұғалімнің қорытынды бағасы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал