7


  • Учителю
  • Открытый урок 'Шөл және тундыра'

Открытый урок 'Шөл және тундыра'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Күні: 18.04.2014ж

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: § 53. Шөл және тундра

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға жер шарындағы шөл және тунра табиғат зонасының зерттелуі жайында жәнеондағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен таныстыру,түсіндіру.

дамытушылық: оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін , тіл байлығын арттыру, оқушылардың атлас, кескін картамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

тәрбиелік:қоршаған орта - табиғатты аялауға, туған өлке табиғатын сүюге тәрбиелеу, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі - тәсілдері:балама тест, сергіту сәті,түсіндірмелі, репродуктивтік, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап, «таза тақта» ойыны, картамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:мултимедиялық проектор, үлестірмелі қағазы т.б

Тех. құрал-жабдық: мултимедиялық проектор.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау

ІV Жаңа сабақты түсіндіру

V Жаңа сабақты бекіту

VІ Жаңа сабақты қорытындылау

VІІ Үйге тапсырма беру

VІІІ Оқушылардың білімдерін бағалау

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық,

Үлкенге де сіз,

Кішігеде сіз

Сәлембердік сіздерге ,

Құрметпенен біз.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

§52. Саванналар және далалар

1.оқушылардан түсінгендерін сұрау

2.саванналар мен далаларда мекен ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы іздеп келген мәліметтерін оқыту

3.жеке балаларға үлестірмелі қағазбен жұмыс істеу

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту

Балама тест алу (ия немесе жоқ)

1. Саванналар Африканың немесе материктің 90%-ғажуықаумағыналыпжатыр. (жоқ)

2. Бұл баобаб ағашы ма? (жоқ)

3. Баобаб улкен ағаш, оның кең қуысында шаяндар, жыландар, өрмекшілер мекендейді. (ия)

4. Есейген пілдің күнделікті қорегі 50кг-ға жетеді. (жоқ)

5. ХХ ғ. басында пілдерді аулауға тыйым салған. (ия)

6. Керік - акация ағашымен қоректенеді және оны шебер бағбан деп атайды.(ия)

7. Саванна халқы түйе, жылқы мал шаруашылығымен айналысады. (жоқ)

8. Дала зонасы - Антарктидан басқа барлық материкте таралған. (ия)

9. ХХ ғ. басында бизондар жойылып кете жаздады. (жоқ)

10. Еуразия материгінің далалары қоңыржай белдеуде жатыр. (ия)

ІV Жаңа сабақты түсіндіру

«Ой қозғау» әдісі

Оқушыларға саванна, дала, шөл және тундра зоналарының слайд арқылы суретін көрсету. Оқушылар әр көрсеткен зонаның атын табу және мақсат қою кезеңінде сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

1.Бүгін біз қандай тақырыпты меңгереміз?

2.Не үйренеміз?

Жер шарында шөлдер құрлықтың, Антарктиданы қоспағанда, едәуір аймағын, яғни 20%-ға жуық жерін алып жатыр. Шөлдер - бұл аса құрғақ климатымен ерекшеленетін ұлан-ғайыр аумақ, шөлдегі жауын-шашынның мөлшері жылына 50 см-ден аспайды. Жер бетінің шамамен 1/5 бөлігін шөлді аймақтар басып жатыр. Күндізгі және түнгі температураның айырмашылығы да тап осы шөлдерде кездеседі. Күндізгі адам төзгісіз ыстықтың орнын түнгі суық басады. Жер бетіндегі ең үлкен ыстық шөл - Сахара шөлі. Ол 9,1 млн.км² аумақты алып жатыр. Сахараның халқы 2 млн адамға жетпейді. Сахарада тоқсаннан астам оазис бар, адамдардың көбі сонда тұрады. Мұнда өсімдіктері мен жануарлары құрғақ және ыстық климатқа бейімделген. Мысалға, алып кактустар кездеседі, бұлардыңбойында жүздеген литр су болады. Сахара шөлінің ең ірі жануары - аддакс. Бұл жануар сусыз өмір сүре алады, ал өмірге қажетті сұйықты ағаш жапырақтары мен шөптерден алады.

Намиб шөлі Намибия елінің бүкіл жағалауын басып орналасқан. Намиб шөлі - Жер бетінің ең құрғақ аймақтарының бірі болып табылады. Мұнда велвичия өсімдігі кездеседі, «шықты сіміреді» дегендей тікелей аудағы суды сіңіре алады. Түйелерді шөл кемесі деп атайды, өйткені оларды бағзы заманнан бері ең сенімді жүк артатны көлік ретінде пайдаланып келеді. Бұл тұрақты ірі жануарлардың өмірсүретін ортасы - Азия мен Солтүстік Американың шөлді жерлері. Түйелер бірнеше апта бойы сусыз өмір сүре алады. Түйенің арқасында май жиналатын өркеші болады, сондықтан олар ұзақ уақыт бойы қорексіз әрі сусыз өмір сүре алалды. Түйелер шөл далада апталар бойы сусыз жүре береді.

Арктикалық «шөл» - құлазыған мұзаймақ. Жер шарындағы табиғи зоналардың ішіндегі солтүстікке ең таяу жатқаны. Мұздықтың молдығына қарай оны мұз зонасы деп жиі атайды және бұл Арктиканың жоғарғы ендігіндегі құрлық кеңістігін қамтиды. Жердің солтүстік полярлық өңірі - Арктика болып аталуы, ежелгі грек сөзі - солтүстік деген сөзбен байланысты. Оңтүстік, Арктикаға қарама-қарсы жатқан өңірі - Антарктика деп аталған. Антарктида 1820 ж. 28 қаңтарда ашылған. Бұл алтыншы материкті орыс саяхатшылары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазарев ашқан. 1911ж. 14 желтоқсанда Антарктидадағы Оңтүстік полюсте бірінші рет болған - норвегиялық саяхатшы Руаль Амундсен. Одан кейін, бір айдан соң Оңтүстік полюсте ағылшын саяхатшысы Роберт Скотт болды, бірақ ол саяхат дайындық жабдықтарын дұрыс ойластырмағандықтың салдарынан қайтар жолында серіктерімен бірге қаза тапты. Антарктика мұзаймағының байырғы тұрғындары - император пингвині. Олар ұша алмайды, жақсы жүзеді. Пингвиндер өздерінің жауы түлендерден қашқанда тереңге сүңгіп, ұзақ жерге жүзіп кетеді. Гренландия аралы, Арктикалық Канада архипелагы аралдары, Солтүстік Мұзды мұхит және ондағы аралдар Арктика аумағына кіреді. Ақ аю осы жердің қожасы болып есептеледі.

Арктиканы белгілі зерттеушілерінің бірі - норвегиялық саяхатшысы Фритьоф Нансен. Ол өзінің бірінші саяхатын 21 жасында түлен аулауға шыққан «Викинг» кемесімен бірге өткізді. Келесі сапары Гренландия болды. Сол кезде Нансенде Солтүстік полюске экспедиция жіберу жоспары өмірге келді. «Фрам» атты арнайы жабдықталған кеме жасалып, командасы құрылды. 1893ж. 9 қыркүйекте «Фрам» Кар теңізінен өтіп, мұзда тұрып қалды. Оның мұзбен бірге ығуы басталды. 1894 ж. 14 наурызда ит жегілген шанамен Нансен және команда мүшесі Юхансен полюске қарай бет алды, бірақ Жердің нақ солтүстік нүктесіне жете алмады. Солтүстік полюске тек 1909 ж. Роберт Пири жетіп, америка туын қадады.

Тундра - (саами тілінде tunturі - ормансыз, жалаң тау басы) - солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір дем алайық.


V Жаңа сабақты бекіту

1.Венн диаграммасы арқылы тропиктік шөлдер мен арктикалық «шөл» - мұзаймақ арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстыру

Тропиктік шөл

ұқсастығы

Арктикалық «шөл»





2. «Қатені тап!» ойыны. Шарты: сөйлемнің дұрыс не қате екенін дәлелдеу

1.Түйе адамның шөлде таптырмайтын көмекшісі, оның шөлге төзімділігінің құпиясы өркешінде.

2.Шөл зонасында жауын-шашын өте аз түседі.

3.Африкадағы Сахара шөл зонасында орналасқан.

4.Антарктида шөлін белгілі зерттеушілердің бірі - норвегиялық саяхатшысы Фритьоф Нансен зерттеп, ашқан.

5.Антарктида 1820 жылы 28 ақпанда ашылған.

6.Шөл - солтүстік бүғысының мекені.

7.Тундрада өсімдіктердің өсіп жетілуі өте баяу мысалы, бұғылар таптаған жайылымдарда тек 15-20 жылда қалыптасып отырады.

8.Тундра зонасы Еуразия мен Солтүстік Американың полярлық белдеуінде таралған, ақ аю осы жердің қожасы болып есептеледі.

9.Сахара шөлінің байырғы тұрғындары - император пингвиндері.

10.Жер шарында шөлдер құрлықтың, Антарктиданы қоспағанда, едәуір аймағын, яғни 20%-ға жуық жерін алып жатыр.

VІ Жаңа сабақты қорытындылау

«Таза тақта» ойыны арқылы жаңа сабақты қорыту. Тақтаға сабақта өтілген термин сөздер мен жануарлар, өсімдіктердің аты жазылады. Осы сөздердің анықтамасы оқылған уақытта, оқушылар жауабын тауып тақтадан алып тастайды, ойынның соңында тақта таза болып қалады.

VІІ Үйге тапсырма беру

1.§ 53. Шөл және тундра тақырыбын оқып түсінік айту

2.Шөл зонасын зерттеген Ф.Ф.Беллинсгаузен, М.П.Лазарев, Р.Амундсен, Р.Скотт және Р.Пири туралы мәлімет ізденіп жазып келу

3.Табиғат зоналарын кескін картаға түсіріп келу

VІІІ Оқушылардың білімдерін бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал