7


  • Учителю
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ж.Р.Ильяшова

М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия

Қарағанды қаласы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану

Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді демекші, үздіксіз өзгеріп

тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап

етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың

шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттілігі негізінде оқушылардың алған білімін өмірлік жағдайларда пайдалана білуге үйрету жатыр.

Мен өз сабақтарымда 6-шы сынып оқушыларына географиялық есептерді үйретуге ерекше көңіл бөлемін. Әсіресе «План және карта», «Атмосфера - Жердің ауа қабаты» тарауларына арналған тақырыптарды өткенде оқушылар географиялық есептер шығаруға қызығушылық танытады. Олар негізінен, географиялық ендіктер мен бойлықтарды, яғни географиялық координаталарды анықтау, масштабты анықтау, географиялық нысандар арасындағы градуспен және километрмен алғандағы арақашықтықтарды анықтау, ауаның температурасы мен қысымының айырмашылықтарын анықтау, салыстырмалы және абсолютті ылғалдылықты анықтауға арналған есептер.

Меридиан мен параллель сызықтарының көмегімен картадан географиялық координаталарды оңай анықтауға болады. Ол үшін ең алдымен нүктенің қандай ендіктердегі паралельдердің және қандай бойлықтардағы меридиандардың аралығында орналасқандығын білу керек. Сонымен қатар, кез келген материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай белгілі бір меридиан немесе параллель бойымен екі нүкте арасындағы градуспен және километрмен алғандағы арақашықтықты есептеп шығаруға болады.

Карталар масштабына қарай 3топқа бөлінеді:

Ірі масштабты карталар - 1: 1000-нан және одан да ірілері;

Орта масштабты - 1: 200 000-нан 1 : 1000000-ға дейінгілер;

Ұсақ масштабты - 1 : 1000000 - нан ұсақтар;

Ал, масштабтың өзі үш түрге бөлінеді:

Сандық масштаб;

Атаулық масштаб;

Сызықтық масштаб;

Масштабқа байланысты есептерге мысалы, сандық масштабты атаулық масштабқа айналдыру және керісінше, атаулық масштабты сызықтық түрде көрсету, картадағы екі нүктенің арасындағы арақашықтықты масштабты пайдаланып есептеу, жербетіндегі екі нүктенің арақашықтығы белгілі, карта бетіндегі ұзындық белгілі, масштабты анықтау деген сияқты есептерді айтуға болады. [2]

Ауа температурасы мен қысымына байланысты есептерге тоқталайық. «Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын температураның тәуліктік амплитудасы дейді. Ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді.Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6°С төмендейді. (1км -де -6°С өзгереді) Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір-бірімен салыстыру үшін 45° ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1мм төмендейді» Оқушыларға осы теориялық білімдерге негізделген есептерді шығартуға болады.

Мысалы:

жер бетіндегі ауаның температура мен қысым көрсеткіштері белгілі, таудың биіктігіндегі немесе ойпаттың тереңдігіндегі ауаның температура мен қысым көрсеткіштерін анықтау;

таудың шыңындағы және етегіндегі температура мен қысым көрсеткіштер белгілі, таудың салыстырмалы биіктігін анықта;

белгілі бір биіктікте ұшып бара жатқа ұшақтың бортындағы ауаның температура мен қысым көрсеткіштері белгілі, жер бетіндегі ауаның температура мен қысым көрсеткіштерін есепте;

ауаның жер бетінің әр шаршы сантиметріне түсіретін салмағы белгілі, оқушының алақанына түсіретін салмағын есепте;

ай ішіндегі (жыл ішіндегі) ең жоғары және ең төмен температура белгілі, айлық (жылдық) амплитуданы есепте;

Ауаның салыстырмалы және абсолюттік ылғалдылығын анықтауға, ауа ылғалдылығының температурамен байланыстылығына арналған есептер шығаруға болады. Мысалы, төмендегі кестеде көрініп тұрғандай, ауа белгілі бір температураға сәйкес нақты мөлшерде су буын ұстап тұра алады.

Ауа температурасы

Абсолюттік ылғалдылық

-30

0,5

-20

1

-10

2

0

5

+10

9

+20

17

+30

30

















Осыған байланысты салыстырмалы ылғалдылықты есептеп шығаруға болады. Ол үшін оқушыға ауадағы бар ылғалдың мөлшері белгілі болуы тиіс. Әрі қарай пропорция құру арқылы салыстырмалы ылғалдылықты есептеп шығаруға болады. Мысалы:

10 °С температурада 4,5 г/м³ суы бар. Салыстырмалы ылғалдылықты есепте:

9 г/м³ - 100 % х = = 50% (салыстырмалы ылғалдылық)

4,5 г/м³ - х

Осы сияқты тапсырмалар қолдану оқушылардың логикалық ойлауына, ой-өрісінің дамуына, жылдам шешім қабылдай алуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Қорыта келгенде ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық. [1]



Қолданылған әдебиеттер:

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары. Астана. 2012ж

    «География және табиғат» Ғылыми-педагогикалық журнал. №1,2. 2014ж









     
     
    X

    Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

    После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

    Кнопки рекомендации:

    загрузить материал