- Учителю
- География пәнінен олимпиадалық тапсырмалар
География пәнінен олимпиадалық тапсырмалар
География пәнінен олимпиада тапсырмалары.
Тапсырмалар.
8 сынып.
1. Жердің Күн Көзі бойынша айналуы және оның географиялық маңызы туралы айтыңыз.
10 балл.
2. «Объектінің физика - географиялық жағдайы» дегеніміз нені білдіреді? Қазақстан Республикасының физика - географиялық жағдайын сипаттаңыз.
10 балл
3.Беткейдің тіктігі топографиялық карта бойынша қалай анықталатынын суреттеңіз.
8 балл
4. Географиялық терминдердің келесі қатарларынан мазмұны бойынша сәйкес емес сөздерді сызып тастаңыз:
а) тайга, шөл, дала, тундра, топырақ;
б) аңғар, тасқын, арна, алқап;
в) табиғи газ, көмір, бензин, торф, жанғыш сланцец.
8 балл
5. Сіз жорықта болғанда күндізгі демалыс және түнде қону үшін орын таба аласыз ба?
Ол қандай талаптарға сай болуы қажет? 8 балл
.
Тапсырмалар.
9 сынып.
1. «Полярлық шеңбер», «тропиктер», «бедер», «эстуарий», климат, халықтың табиғи өсуі түсініктеріне анықтама беріңіз.
8 балл.
2. Территориялардың ылғалмен қамтамасыз етілгендіктің басты сипаттамасы не болып табылады?
12 балл
3.Қазақстан бедерінің негізі формаларына сипаттама берідер.
10 балл
4. Компастың сынып қалғаны және ол бойынша бағыт алу мүмкін болмайтыны анық болғанда сағат күндізгі 4 болды. Күннің көзі бар екеніне қуанып, сіз қалта сағатыңызды алып шықтыңыз.
Сағат және күннің көзі бойынша бағытты қалай табуға болады?
10 балл
5. Картадағы шартты белгілердің түрлері туралы айтып бер.
10балл.
Тапсырмалар.
10-11 сынып.
1. «Демография», «урбанизация», «әлемдік шаруашылық»,
«аймақтық саясат», «инновациялық-индустриалды даму» түсініктеріне анықтама беріңіздер.
10 балл
2. Шөл мұхитқа неғұрлым жақын орналасса, оның климаты соғұрлым ылғалды деген пайымдау рас па?
10балл
3. Қазақстан табиғатының қандай сипаты оның географиялық жағдайымен анықталады?
10балл
4. «Халықтың тығыздығы» атлас картасы бойынша жер бетінде халықтардың өте тығыз орналасқан аудандарын көрсетіңіз.Халықтардың әлемдегі орналасуының біркелкі еместігінің себебін түсіндіріңіз.
10 балл.
5. Жер шарында қысым мен желдердің бөлінісу сызбасын сызыңыз.
10 балл
6.Картаны пайдала отырып, Канаданың астанасы мен Ханк көлінің арасындағы параллель бойынша арақашықтықты табыңыз.
10 балл