- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: 'Қазақстанның табиғат ресурстары және экономикалық әлеуеті' (9 сынып)
Сабақтың тақырыбы: 'Қазақстанның табиғат ресурстары және экономикалық әлеуеті' (9 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат ресурстары және экономикалық әлеуеті
Сынып: 9
Мерзімі: 22.09.15
Сабақ мақсаты: Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетінің маңыздылығын анықтап, өзара салыстыру арқылы баға беруге үйрену.
Күтілетін нәтиже:
1) Барлық оқушы: оқулық, карталар, кестелер арқылы Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетінің маңыздылығын анықтайды
2) Көпшілігі: Пайдалы қазбалар жинақтары арқылы Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетін өзара салыстыра алады
3) Кейбір оқушылар: Пайдалы қазбалар жинақтары, атластар, қосымша материалдар арқылы Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетіне баға беруді үйренеді
Міндеттер:
- оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту;
- сабақ мақсатына жетуге мүмкіндік беру, қолайлы жағдай орнату;
-Атласпен,оқулық карталармен, сызбан, нұсқалармен, диаграммамен, графикпен жұмыс істеу тәсілдерін үйретуді жалғастыру;
- Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу болады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Құралдар: оқулықтар, қосымша материалдар, ҚР-ның физикалық картасы, интерактивті тақта, маркер, қима қағаздар,атлас, суреттер, пайдалы қазбалар жинақтары.
Әдіс-тәсілдер: топтық,бағалау парағы ,проблемалық сұрақтар, «Дұрыс», «Бұрыс»,дискуссия
Номенклатура: Қазақстан аумағында кездесетін негізгі табиғат ресурстарын кен орындарын білу
Сілтеме: Е.Ахметов, В.Усиков «Мектеп» 2013, қосымша мәліметтер
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың
іс-әрекеті
Ұйымдас-тыру
кезеңі
3 мин
-
Оқушылармен амандасу, танысу. Оқушылардың сабаққа қатысу дайындығын тексеру.
-
Заттардың қасиеттеріне қарай сыныпты біріктіру (топтастыру)
-
Нұсқаулық береді.
Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады.
- Әр стикерге «Қатты зат, Түсін өзгертетін зат, Тығыз зат, Тартылатын зат» жазылған заттардың қасиеттері әр топқа беріледі, кейін балалар өзара бір-бір қасиетті алып, бірдей таңдалған қасиетті алған балалар топтасады, барлығы 5-6 баладан тұратын 4 топ болып құрылады
6 минут
-Сыныптың сабаққа деген зейінін шоғырландыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Заттар» ойынын қолдану.
-
Ережесімен таныстыру
-
Сабақтың мақсатына шығу-
-
Қандай заттарды ұстадыңыздар?
-
Сіздердің ұстаған заттарыңыз қандай ресурстардан жасалынды деп ойлайсыздар? Не себепті? (табиғы, темір,мақта)
Олай болса біздің бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
-
Жетістік критерилерімен таныстырады
Сыныптың эмоциялық ақуалы «Заттар» ойыны арқылы қалыптасады.
Ережесі: Мұғалім төменде берілген заттарды ретімен айтып тұрады, ал оқушылар жеке-дара сол заттарды айналасынан тауып, қолымен ұстауы қажет.
-
Қатты зат
-
Түсін өзгертетін зат
-
Тығыз зат
-
Тартылатын зат
-
Жеңіл зат
- сабақтың мақсатын жеке-дара қояды.
-жетістік критерилерімен танысады
Негізгі бөлім.
20 минут
3 мин
Күтілетін нәтижеге жету мақсатында топтарға әр түрлі тақырыпшалар беріліп, жетістік критеридері ұсыннылады, түсінік деңгейі бағаланады
1 топ- Қазақстанның әлем бойынша табиғат ресурстарының әлеуетің салыстырады ( Кластер арқылы артықшылықтарын саралау)
2 топ- КСРО кезеңіндегі Қазақстан мен Қазіргі Қазақстанның өндірістік әлеуетін салыстыру
( Венн диаграммасы арқылы анықтау, мысалдар беру)
3 топ- Қазақстанның табиғат ресурстарының түрлерін карта арқылы көрсетіп, түсіндіреді
4-топ: Қазіргі жағдайдағы мүмкіндіктерді қолданып Қазакстанның экономикалық әлеуетін жақсарту үшін болашақтың көз-қарасы ( эссе арқылы көз-қарастарын дамытады)
Осы тапсырманы орындау үшін бағалау критерийлері беріледі.
-
Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, өнімнің/тапсырманың талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)
-
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.Әр топқа түскен ойларын флипчартқа түсіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
«Дұрыс», «Бұрыс» арқылы түсінік дәрижесін бағалау
1.Еліміздің ең басты байлығы-минералдық және жер ресурстары -Дұрыс
2.Еліміздің жер бедері шаруашылық жағдайы үшін қолайсыз -Бұрыс
3.Минералды ресурстарды арзан ашық әдіспен өндіріп, кешенді түрде пайдаланылады.-Дұрыс
4.Қазақстанда орман ресурстары 25 пайызды құрайды-Бұрыс
5.Қазақстанның экономикалық әлеуеті жоғары-Дұрыс
1 топ- Қазақстанның әлем бойынша табиғат ресурстарының әлеуетің салыстырады ( Кластер арқылы артықшылықтарын саралау)
2 топ- КСРО кезеңіндегі Қазақстан мен Қазіргі Қазақстанның өндірістік әлеуетін салыстыру ( Венн диаграммасы арқылы анықтау, мысалдар беру)
3 топ- Қазақстанның табиғат ресурстарының түрлерін карта арқылы көрсетіп, түсіндіреді
4-топ: Қазіргі жағдайдағы мүмкіндіктерді қолданып Қазакстанның экономикалық әлеуетін жақсарту үшін болашақтың көз-қарасы ( эссе арқылы көз-қарастарын дамытады)
-
Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, өнімнің/тапсырманың талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.Әр топқа түскен ойларын флипчартқа түсіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Оқушылар мұғалімнің айтқанымен келіссе, «дұрыс» жағын көтереді,ал егер мұғалімнің айтқанымен келіспесе, «бұрыс» жағын көрсетеді.
Рефлексия
7 мин
Тақырыпты қорытындылау, Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетіне баға беру мақсатында Дискуссия ұйымдастыру
-
4 шағын топты 2 үлкен топқа біріктіріп, сұрақ беріліп, 1 топ- «Иә», 2 топ- «Жоқ»
-
ҚР-ның ресурстарын тиімді пайдаланып жатыр ма?
Табыс критерилері арқылы эксперттік топтар өзара бағалайды

Сабақты бағалау
6 минут
Сабақ басындағы мақсат пен күтілетін нәтижеге қайтып оралу, сабақты қорытындылауға мүмкіндік беру
Жалпы жұмыс бойынша кері байланыс
Оқушылар өз мақсаттарына қайтып оралып, жетістік критерилері арқылы өзін-өзі бағалайды,ауызша топтарында саралайды, қорытынды шығарады