- Учителю
- 7 сынып география пәні сабақтың тақырыбы: Африканың табиғат зоналары
7 сынып география пәні сабақтың тақырыбы: Африканың табиғат зоналары
20.11.2015ж. |
7 «А» сынып пән: география |
Сабақтың тақырыбы |
§ Африканың табиғат зоналары |
Модульдер |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Білім беруде АКТ қолдану Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту Білім берудегі көшбасшылық Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Ресурстар |
Оқыту әдістемесі. Кескін карта. Атлас. Оқулық . маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс парағы. Жұмыс дәптері, үлестірме материалдары |
Мақсаттары: Білімдік
Тәрбиелік Дамытушылық |
Оқушыларға материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай-ақ табиғат зоналарының орналасу заңдылықтары туралы түсінік беру; Адамгершілікке тәрбиелеу. Зейін қойып тыңдауға, өз білімдерін, ойларын толық жеткізе білуге, қызығулықтарын арттыру мақсаттарында ойын түрлерін сабақта қосып отыру. |
Оқыту нәтижесі |
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін - бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады. |
Негізгі бөлім |
Сабақтың жоспары: Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Сыныпта жоқ оқушыны белгілеп, сыныпты түстерге байланысты топқа бөлу. Сабақ түрі: аралас Пән аралық байланыс: биология пәні Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру ( психологиялық дайындық, оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау, топтың атын анықтау) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Төмендегі сұрақтар бойынша Африка климат белдеулерінің әр қайсысына сәйкес келетін ерекшеліктерін ірікте, сандарды сұрақ белгісінің орнына қой.
экваторлық субэкваторлық тропиктік субропиктік
1) Ылғалды экваторлық климат тән, 2) жауын-шашын мөлшері аз жауады; 3) экваторлық белдеудің екі жағын 20 градус с.е. пен о.е. аралығын және Мадагаскар аралын қамтиды, 4) жауын-шашын көп жауады; 5) нөсер жауады, 6) ауыспалы ылғалды климат қалыптасады, 7)Конго өзенінің экватор маңындағы аймағын және Гвинея шығанағы жағалауын қамтиды, 8) Бенгал суық ағысының ықпалы әсер етеді, 9) тропиктік континенттік ауа массасы басым, 10) Еуразиядан құрғақ, ыстық ауа тасымалдайтын пассаттар ықпал етеді, 11) Құмның беті + 70 градусқа дейін қызады, 12) Құмды дауыл - самум соғады, сағым пайда болады, 13) материктің солтүстігі мен оңтүстігінің шеткі аймақтарында орналасқан; 14) бұл белдеуде жерортатеңіздік климат қалыптасқан, 15) мұхитпен тікелей байланысты. 3. «Кім жылдам?» 1) Кеуіп қалатын өзен арналары - 2) Африка өзендері неше алапқа бөлінеді? 3) Африка өзендерінің көбі неліктен Атлант мұхиты алабына жатады? Себебін түсіндір. 4) Жерасты сулары материктің қай бөліктерінде шоғырланған? 5) Ніл өзенінің сипаттамасы 6) Конго (Заир) өзенінің сипаттамасы 7) Танганика көліне сипаттама бер. 8) Виктория көліне сипаттама бер. 9) Тана,Чад,Ньяса көлдерін көрсетіңдер. 10) Жерасты сулары қайда орналасқан? ІІІ. Қызығушылықты ояту: Қызықты деректерге көңіл аударайық. Африка пілі -құрлықтағы ең ірі сүтқоректі. Пілдің салмағы 9 тонна, бір азу тісінің салмағы 220 кг тартады. Ересек пілдер күніне 140 кг-ға жуық өсімдікті қорек етеді Зебра -Африканың жабайы жылқысы. Олар саванналарда тобымен жүреді.Бір үйірде бір айғыр мен бірнеше құлынды бие болады. Үйірін айғырлары жыртқыштардан қорғайды. Дүниежүзіндегі ең бойы биік жануар -керік (жираф). Оның бойы 6 м-ге дейін жетеді. Африка саванналарында тіршілік етеді. Мықты тұяқты алдыңғы аяқтары жауларынан қорғайды.Керіктердің көру және есту қабілеттері жақсы жетілген.Тез жүгіреді. IV. Жаңа сабақ. Жоспары:
V. «Мағынаны тану» кезеңі Әр топқа тапсырмалар беріледі, талдап мағынасын түсіндіреді. 1-тапсырма: 1.Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан? Картадан көрсет. 2. Ылғалды экваторлық ормандар қайда орналасқан? 3.Орманның ағаштарын ата. 4.Құстары мен жануарларын атаңдар. 2- тапсырма. 1.Саванналар мен сирек ормандарға сипаттама беріңдер. 2.Материкте қандай табиғат апаттары жиі қайталанады? Онымен күресудің қандай жолдары қарастырылған? 3.Саваннаның жануарларын атаңдар.4.Қандай ұлттық парктерді білесіңдер? 3- тапсырма. 1.Сахараның табиғаты туралы сипаттама беріңдер. 2.Сахарадағы тасты шөлдер қалай аталады, қалай қалыптасады және ондағы өсімдіктердің ерекшелігі. 3.Шөлдегі жануарлар дүниесі. 4.Шұраттар деп нені атайды және ондағы өсімдіктерді атаңдар. |
Бекіту |
«Ой-толғаныс» кезеңі. 1.Мына суреттегі жануарлар мен өсімдіктерді атаңдар. 2.Қалай ойлайсыңдар, осы жануарлар мен өсімдіктерді біздің елімізде өсіруге бола ма? |
Кері байланыс. |
Кері байланыс парағын толтырады. |
Бағалау |
Мен білемін Мен білдім Білгім келеді Маған түсініксіз |
Үйге тапсырма |
|
27.11.2015ж. |
7 «Б» сынып пән: география |
Сабақтың тақырыбы |
§ Африканың халқы және саяси картасы |
Модульдер |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Білім беруде АКТ қолдану Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту Білім берудегі көшбасшылық Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Ресурстар |
Оқыту әдістемесі. Кескін карта. Атлас. Оқулық . маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс парағы. Жұмыс дәптері, үлестірме материалдары |
Мақсаттары: Білімдік
Тәрбиелік Дамытушылық |
Оқушыларға Африка материгінің халқы мен елдерін таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу, халқының байланысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін таныта отырып, тез ойлауды және картамен жұмысты дамыту. Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, жерін сүйе білуге құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижесі |
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін - бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады. |
Негізгі бөлім |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру: Халқы. Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн-нан астам. Материк халқының нәсілдік, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі. Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің өкілдері кездеседі. Африканың байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңтүстікке қарай негрлер мекендейді. Негрлердің көпшілігіне тән белгілер - өңінің қара, ал шаштарының қалың, бұйра болуы. Бұл қасиеттер олардың денесін қатты ыстықтан қорғайды. Негр тектес халықтардың ортақ белгілерімен қатар, бас және бет пішінінде, дене бітімі мен бойының ұзындығына үлкен айырмашылықтар байқалады. Солтүстік Африкада саванналарында материктің ең бойшаң адамдары - тутси мен химилер тұрады. Олар ерекше сымбатты, шымыр болады, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді. Ал экваторлық ормандарда бойлары өте аласа пигмейлер тұрады, олардың бойының ұзындығы 150 см-ден аспайды. Пигмейлердің өңі ақшылдау, кең танаулы, еріндері жұқа, денелері шомбал болып келеді. Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында нилоттар тұрады. Олардың өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшаң болады. Калахари шөлін бушмендер мен готтентоттар қоныстанған. Олардың өңі сары, беті жалпақ, монғол тектестерге ұқсастау болып келеді. Еуропалық тектес нәсілге жататын халықтар Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары, Жерорта теңізі жағалауында тұратын француздар жатады. Ал Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары - африканерлер (бурлар) және ағылшындар тұрады. Елдері. Жерорта теңізінің жағалауында ежелгі дүние бөліктері - Еуропа және Азиямен көршілес орналасқан Африка ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Ефиопия, Гана тәрізді ежелгі мемлекеттерде қолөнер, сауда, құрылыс ісі өркендеп, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар, Александрия шам-шырағы (маягі) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ піл сүйегі мен ағаштан ойып жасалған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасалған мүсіндер көптеп сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениеттің дамуындағы алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептеледі.Бірақ кейіннен жүргізілген құл саудасы мен отаршылдық саясат Африка елдерінің дамуын ұзақ уақытқа тежеді. Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемлекет - Оңтүстік Африка Республикасы. Солтүстік Африкадағы мұнай мен табиғи газ өндіретін Либия, Алжир, Египет тәрізді елдер де қарқынды дамуда. Ал Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомали елдерінің даму дәрежесі өте төмен, мешеу елдердің қатарына жатады. Африканың артта қалған елдерінде аштық болдырмас үшін халықаралық ұйымдар бұл елдердің халқына ұдайы қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының құрамына сәйкес бес тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады: Солтүстік Африка, Батыс Африка, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка. Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауы мен Сахара шөлінің солтүстік бөлігін қамтиды. Солтүстік Африка аймағының құрамына Алжир, Либия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, Тунис елдері кіреді. Солтүстік Африканың батысында Жерорта теңізі жағалауын Атлас тауы алып жатыр.Алтас таулары бірнеше көлденең жоталар тізбегінен тұрады, олар: Эр-Риф, Телль-Атлас, Биік Атлас, Сахара Атласы. Таудың ең биік нүктесі - Биік Атластағы Тубкаль шыңы (4165 м). Атлас таулары оңтүстігіне қарай біртіндеп аласарып, тропиктік шөл алып жатқан Сахараға ұласады.
Қорытынды: Халқының негізінен араб тілінде сөйлейтіндігіне, мәдениеті мен тұрмыс-салтына байланысты Солтүстік африканы Араб Африкасы деп атайды. Қалаларының басым көпшілігі араб үлгісінде салынған, ескі және жаңа қалаға айқын бөлінеді. Ніл аңғарындағы ең ірі қала - Каир 973 жылдан Египеттің (Мысырдың) астанасы. Солтүстік Африканың ежелгі қалалары өзіндік сәулет өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарларымен ерекшеленеді. Жерорта теңізінің жағалауында ірі портты қалалар (Касабланка, Рабат, Александрия, Триполи, Алжир, Тунис) орналасқан.
|
Бекіту |
|
Кері байланыс. |
Кері байланыс парағын толтырады. |
Бағалау |
Мен білемін Мен білдім Білгім келеді Маған түсініксіз |
Үйге тапсырма |
Оқу. Кескін картаға халқын түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау. |