7


  • Учителю
  • 'ҒТР және Кибернетика' 10 сынып сабақ жоспары

'ҒТР және Кибернетика' 10 сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 10а Күні:13.01.16

Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастыру факторлары, Кибернетика ұғымымен таныстыру

Білімділік: Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы, олардың орналасу факторлары туралы білім беру

Дамытушылық: Оқулық мәтіні мен қосымша ақпаратты пайдаланып, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың салалары, оның орналасу факторларын. сипаттау. Қосымша ақпарат көздері арқылы қазіргі заманғы ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалармен таныстыру.

Тәрбиелік: Қазақстандағы шаруашылық туралы айтып өту. Оның маңыздылығы

Үй тапсырмасын тексеру.

1. 4 оқушыға сұрақ қоямын, сендер жауап бересіңдер;

2. 4 оқушы тест жұмысын орындайсыңдар;

3 2 оқушы карточкамен жұмыс істейсіңдер.

Жауаптарын бағаланады.

  1. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтарға жауап беру

І Сұрақ - жауап

  1. ҒТР дегеніміз не? ( ғылыми - техника үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүние жүзінің көптеген елдер мен шаруашылық салаларын қамтыған құбылыс)

  2. ҒТР заманында өндірістің орналасуына қандай факторлар себепші болады? (дамыған мемлекет пе, дамып келе жатқан немесе мешеу мемлекет пе осы фактор болып табылады , ғылыми -зерттеу жұмыстарына көп қаржы жіберетін мемлекет пе деген факторымыз бар, білім беру жүйесі жоғары дәрежеде болатын факторлар да әсер етеді)

  3. ҒТР- дың ғылыми - техникалық прогресс қандай айырмашылығы бар? (ғылыми -техникалық прогресс ұзаққа созылып тұратын құбылыс, ал ғылыми - техникалық революция бұл қарқынды тез арада дамыған құбылыс)

  4. Қазақстанға қатысты ҒТР ұғымын қолдануға бола ма? (тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанда ҒТР бар деп есептеуге толық болады. Білім беру жүйесі уақыт және өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін процесс екенің қазіргі мемлекетіміздің басты ойы)

ІІ Тест

  1. Ғылыми зерттеулер мен оларды жетілдіруге жұмсалатын шығындардың үлесі

А. Эволюция В. ҒТР С. Жасыл революция

Д. Электрондандыру Е. Ғылымды көп қажет ету

  1. ҒТР тән ерекшеліктердің бірі немен айқындалады?

А. Өндіріс процесі кезінде адам рөлінің өзгеруі

В. ҒТР тек қана әскери өндірістік кешенін қамтиды

С. Ғылыми жаңалықтардың және оларды өндіріске қолданудың арасындағы уақытты қысқарту

Д. ҒТР адамның тіршілік әрекетін және оның барлық салаларын өзгертеді

Е. ҒТР ге мұндай ерекшелік тән емес

  1. Ғылыми техникаға көп көңіл беретін мемлекеттер

А. АҚШ, Жапония, Кения, Ресей

В. Жапония, Германия, Ресей, Мадрид

С. АҚШ, Испания, Жапония, Қазақстан

Д. Ресей, Жапония, Ақш, Бангладеш

Е. Жапония, АҚШ, Германия, Франция

  1. Қазіргі кезеңде ҒТР-дың қандай базасында өзгерістер көп болып жатыр?

А. Өндірістік-техникалық

В. Өндірістік - металлургиялық

С. Өндірістік - ауыл шаруашылық

Д. Өндірістік - сауда базасында

Е. Өндірістік - энергетикалық

  1. Қай мемлекетте «Білім беру - ғылым - өндіріс» жүйесі жоғары қалыптасқан?

А. АҚШ В. Жапония С. Ұлыбритания

Д. Германия Е. Ресей

  1. ХХ ғ басында ҒТР- дың шаруашылық құрылымы қалай аталады?

А. Өндірістің салалық құрылымы

В. Өндірістің аумақтық құрылымы

С. Постиндустриялық

Д. Қазіргі заманғы

Е. Ақпараттық экономикалық

  1. ҒТР - дың жетістігі

А. Интернет

В. Радио

С. Ұялы телефон

Д. Велосипед

Е. Пышақ

ІІІ Карточкамен жұмыс

  1. ҒТР мешеу елдерде қарқынды дамыған жоқ. Себебін түсіндір. (ҒТР мешеу елдерде дамыған жоқ, себебі мешеу елдердің басты мақсаты - халықтың ең басты мәселелері - тамақ өнеркәсібі мен, денсаулық сақтау бағыттарды қаржыландыру. Мешеу мемлекеттердің ақша қоры аз болғандықтан - олар ғылымға жіберетін капитал деген ұғымды қарастырмайды. Әлеуметтік салаларға көңіл бөліп, ҒТР -ды ең ақырғы орынға қояды деуге де болады. Басқа мемлекеттер мешеу елдерге инвестиция беруге асықпайды, себебі ол қаржыны бостан босқа желге шашу деген ойға келеді, осындай пікір бар).

  2. ҒТР - дың адамға кері әсері. ( атомдық уақытта өмір сүру өте ауыр, себебі - адамның денсаулығына өте көп зияны бар. Генетикалық бөлікте адамның құрылысы өзгеріске ұшырайды, мысалы адамның ағзасына атом бомбасының әсері және де ұялы телефондар да көптеген зиян әкеледі)


ІҮ Сұрақтарымызға жауап алдық, тесттің қорытындысы шықты, карточкамен де жұмыс бітті. Келесі сабағымыздың бөлімі - ҒТР туралы, мен мынадай қорытынды жасағым келіп отыр. Бәріміз біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз, осы ғасырымыз - атомдық, ғылыми - техникалық заман деп аталады. Қай жерге қарамасақ та, бізді қоршап отырған ғылымымыздың туындылары өте көп.

Ал енді кішкене тарихқа назар аударып сендерге дайындаған менің презентациям бар. Оның атауы - ЭКСПО көрмесі. Неге ЭКСПО- ға мен назар аудардым?

Дұрыс, себебі ЭКСПО көрмесі, Нобель сыйлығы сияқты - бұл ҒТР - дың көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Жаңа сабақ

Дүниежүзілік шаруашылық - бұл ұлттық экономиканы халықаралық еңбек бөлінісі бірлік жүйесімен байланыстыратын глобалды экономика. Дүние жүзілік шаруашылықта халықаралық экономикалық қатынас бөлінеді.

Олар келесі формада болады:

халықаралық сауда;

капитал шығару және халықаралық несие;

халықаралық валюталық қатынас;

халықаралық жұмыс күші миграциясы;

ғалым және техника облысында халықаралық айырбас.
Кибернетика (грекше kybernetіke - басқару өнері, ағылшынша cybernetіcs) - басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Кибернетикадағы зерттелетін негізгі нысандар - кибернетикалық жүйелер дерексіз () түрде, яғни олардың табиғаты мазмұнына байланыссыз зерттеледі. Мұндағы басқару жүйелері ұғымына техника қана емес, кез келген биологиялық, әкімшілік және әлеуметтік жүйелер де жатқызылады.

Кибернетикалық жүйе ақпаратты қабылдау, өңдеу, түрлендіру, сақтау және алмастыру қабілеті бар бір-бірімен байланысты нысандардан - жүйе элементтерінен тұрады. Кибернетикалық жүйелерге әр түрлі автоматты техника реттеуіштер, (), тірі организмдердің жүйке жүйелері, адамның миы, адамзат қоғамы, т.б. мысал бола алады. Кибернетика ғылым ретінде техникадағы кері байланыс ашылған уақыттан қалыптасты. ойлау қабілеті де кері байланыс принципіне негізделгендіктен, осы ұқсастық кейбір биологиялық процестердің электроника терминдері арқылы сипатталуына себеп болды.
Кибернетика - 1) табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; практикалық мағынада - күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс туралы ілім; 2) ақпарат жинау, жеткізу, түрлендіру, басқару жайындағы ғылым. Кибернетикалық жүйелерге мысал ретінде автоматтық реттеуіштерді, компьютерлерді, адамзат қоғамын және т.б. Келтіруге болады. Кибернетиканың теориялық өзегіне ақпарат, алгоритмдер, автоматтар теориясы, операцияларды зерттеу, оңтайлы басқару теориясы, бейнелерді айыру-тану теориясы кіреді. Электрондық есептеу машиналары кибернетика мөселедерін шешудің негізгі техникалық құралы болып саналады. Н.винердің еңбектерінде келтірілген күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс жайындағы ілім; 3) техникалық, биологиялық, өлеуметтік және т.б. Жүйелердегі басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.

Бекіту сұрақтары:

  1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не?

  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын ата?

  3. Кибернетика ғылымы дегеніміз не?

  4. Кибернетикаға не жатады?

Үйге тапсырма: Киберенетика туралы реферат, Дүниежүзілік шаруашылық



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал