- Учителю
- Ауадағы су буы, бұлттар, атмосфералық жауын-шашын
Ауадағы су буы, бұлттар, атмосфералық жауын-шашын
Сыныбы__6__ Күні_________
Тақырыбы: Атмосфералық жауын-шашын..
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға атмосфералық жауын-шашын түрлері, буланушылық, жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгіме-дәріс, тірек-сызба, кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Ауаға су буы қайдан таралады?
2. Абсолют ылғалдылық
3. Салыстырма ылғалдылық.
4. Тұман.
5. Бұлттылық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Бұлтты күндер көп болса да, жауын - шашын үнемі түсе бермейді. Өйткені, бұлт құрамындағы су тамшылары өте майда болса жауын - шашын жаумайды. Жауын-шашын жауу үшін су тамшыларының мөлшері іріленіп, салмағы белгілі дәрежеге дейін ауырлауы қажет.
Сонымен атмосферадағы бұлттан жер бетіне түсетін ылғал атмосфералық жауын-шашын деп аталады. Жауын - шашын қатты және сұйық түрде кездеседі. Сұйық жауын - шашынға: жаңбыр, шық, қатты жауын - шашынға: бұршақ, қар, қылау, қырау жатады.
Жаз мезгілінде жердің қатты қызатын бөліктерінде ауаның жоғары өрлеген ағындары қалыптасады, жаңбыр бұлттарын олар өте биікке көтеріп кетеді де, ондағы су тамшыларын мұз түйіршіктеріне айналдырады. Мұз түйіршіктері құлдилап келе жатып салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланып, көлемін үлкейтіп, жер бетіне бұршақ түрінде жауады.
Жылдың суық мезгілдерінде үлкен биіктікте бұлт құрамындағы су тамшылары қатып, жіңішке мұз түйіршіктеріне айналады да өзара бірігіп қар пайда болады. Ал жазда күндіз булану қарқынды жүріп ауаға су буы көп жиналады. Ал жер беті тез салқындайды ауа өз жылуын сақтай отырып, жердегі салқындаған заттармен жанасып бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады. Бұл шық деп аталады. Ал күзде, қыста, көктемде осындай жағдайда қырау түседі.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы жауын-шашын түрлерін түсіндіру.
Жаңбыр
Бұршақ
Қар
Жауын-шашын түрлері
3. Топтастыру.
Топтастыру арқылы ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғалды түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Жауын-шашын түрлері.
2. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғалдар.
3. Жауын-шашынды өлшеу.
4. Шық пен қырау қай кезде түседі?
5. Қардың қалыңдығын қалай өлшейді?
V. Қорытындылау. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын немесе тек қана жауын-шашын дейді. Жауын-шашын түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау және. Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды, сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп таралады. Олар: шың, қырау және қылау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
§ 23 оқу, 83-85 беттер.