7


  • Учителю
  • Урок по географии на тему 'Шөл және шөлейт зонасы' (8 класс)

Урок по географии на тему 'Шөл және шөлейт зонасы' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 сынып


Сабақ тақырыбы: Шөлейт және шөл зонасы

Мақсаты: Шөл және шөлейт зоналары туралы білімдерін жетілдіру бойынша құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіре алу қабілеттерін арттыру. Шөл және шөлейт зоналарын салыстыру арқылы дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, оқыту барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға ықпал жасау.

Нәтижесі: оқушылардың шөлейт және шөл зонасының табиғатына салыстырмалы сипаттама бере алуы, картадан шөл, шөлейт зоналарының шекарасын көрсете білуі, өз ойларын айқын жеткізе алуы.

Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «Мәселені коллаборативті шешу», «Кейс стади», «Венн диаграммасы».

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері: Сергіту сәті, топтық жұмыс (шығармашылық), талдау, зерттеу, сұрақ -жауап, салыстыру, рефлексия

Бағалау: бағалау парағы, бірін - бірі бағалау, смайликтер

Көрнекі құралдар: География материктер мен мұхиттар. Алматы «Алматыкітап». Қазақстанның физикалық картасы. Қосымша материалдар

Негізгі ресурстар: Компьютер, интернет, фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар

Қамтылған модульдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; диалогтік оқыту; «Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау»; «Оқытудағы көшбасшылық»; СТО технологиясының элементтері; АКТ пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Кезең

Уақыт

Деңгей

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

3 минут


Ұйымдастыру кезеңі


1.Сергіту сәті

«Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың

2.Төрт түсті қағаздар тарату арқылы бөлу (қызыл, жасыл, сары, көк)

Сергіту сәтін жасап, түрлі түсті қағаздар арқылы 2 топқа бөлінеді, көшбасшы, хатшы, спикер, таймер, бақылаушы сайланады

ІІ

5 минут


Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл»

І топ.

1.Орманды дала зонасын картада көрсетіңдер.

2.Дала зонасының топырағы қандай типтерге бөлінеді?

ІІ топ.

1.Дала зонасын картада көрсетіңдер.

2.Орманды дала зонасын қандай жануарлар мекендейді?

І топ екі сұрақ тапсырманы, ІІ топ екі сұрақ тапсырманы орындайды

ІІІ

3 минут


Қызығушылықты ояту


І

1. «Шөлейт және шөл зонасы» деген сөзден тақырыпты айқындап, сабақтың барысы мен мақсатын хабарлау.

3. Мұғалім интербелсенді тақтадан шөл және шөлейт зоналарының өсімдіктері мен жануарлары туралы слайд көрсетіп, тақырыптың түйінді мәселелеріне тоқталады


Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан шөл, шөлейт зоналарының аумағын, ірі шөлдерді көрсетеді

ІҮ

6 минут


Мағынаны тану

ІІ-ІІІ

«Мәселені коллаборативті шешу» стратегиясы бойынша мәтін бөліп беріледі (1 үлестірме материал).

1-топқа шөлейт зонасы

2-топқа шөл зонасы

Оқушылар мәтінді оқып, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының «Ыстық картоп» әдісімен талдайды

Постер дайындап спикер қорғайды.

15+5 минут


Ой толғау


ІV-V

«Кейс стади» стратегиясы бойынша PISA тапсырмаларын орындату

«Шөл және шөлейт зонасы» тақырыбына бес тапсырма беріледі (2 үлестірме материал)


Топ оқушылары тапсырмаларды мәтінге сүйене отырып орындайды

ІV

5 минут


Венн диаграммасы

І-топ. Шөл және шөлейт зоналарының климаты мен топырағын салыстыру

ІІ-топ.Шөл және шөлейт зоналарының өсімдіктері мен жануарларын салыстыру


І топ Шөл және шөлейт зоналарының климаты мен топырағын салыстырады

ІІ-топ.Шөл және шөлейт зоналарының өсімдіктері мен жануарларын салыстырады

V

2 минут


Рефлексия

Сабақта қалай жұмыс жасады, қандай қиындықпен кездесті, сабақтан қандай көңіл күймен шықты? Соның барлығын стикерге жазады

Оқушылар сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

1 минут


Үйге тапсырма. «Шөлейт, шөл зоналары» тақырыбын оқу, «Қазақстанның шөлейт, шөл зоналары» тақырыбына слайд дайындау

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

1 үлестірме материал.

Шөл және шөлейт зонасы

Қазақстанның 900 км солтүстіктен оңтүстікке, 3000 км шығыстан батысқа дейін алып жатыр. Бұл зона өзінің өте құрғақтығымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 10-200 мм, ал судың булануы 10-12 есе жоғары. Қыстың өте суық айының температурасы орташа -5,15 С. Қар жамылғысы болымсыз 5-10 см. Жазғы температура +40-45 С дейін жетеді. Солтүстік бөлігінде шілденің орташа температурасы +25 С- ға дейін барады. Жердің шаңын көтеріп, жапырақтың үстінгі қабатын кептіріп соғатын жел де осы зонаға тән. Шөл және шөлейт зонадағы вегетациялық кезең орта есеппен 220-240 күнді құрайды.

Әдетте бұл зона екі зонаға бөлінеді- солтүстік және оңтүстік. Шөлдер рельефтердің ерекшелігімен ажыратылады. Қазақстанда құмды шөлдер көп ( Қызылқұм, Мойынқұм, Сары-Есік Атырау, Арла бойы Қарақұмы). Қазақстанда сазды шөлдер, құмды шөлдердің арасында немесе солармен қатар тұрады. Ең ірі сазды шөлдер - Үстірт пен Бетпақдала. Тасты шөлдер Орталық Қазақстанға тән. Лесті сазды жерлер - Оңтүстік Қазақстан тауларының айнала кең алқабын алып жатыр. Сорлы шөлдер барлық шөлді аймақта ұсақ сулы орындарда кездеседі. Шөлді аймақтағы өсімдіктер бірлестігін негізінен астық тұқымдастары- бұталы, құмды бұталы, эфимериодты-жартылай бұталы, бұталы-сексеулді, эфимериодтарға бай үлкен шөптермен және жартылай бұталықты және эфимериодты - псаммофитті- бұталы. Шөл зонасы жайылымға қарқынды пайдаланылады. Кейде күш мөлшерден тыс түседі. Сексеуіл отқа жағу үшін кеседі. Сондықтан белгілі бір жерлерді қорғауға алу қажеттігі туады. Тау етегі шөлдері белгілі бір мөлшерде пайдаланылады. Соңғы жылдары шөлдердің жекелеген аймақтарына техногенді күш түсіру ұлғайп келеді. Шөл зонасы табиғи күйінде сақтау үшін құрылған- Үстірт, Барсакелмес және Алакөл қорықтары бүкіл зона бойынша кездесетін биологиялық алаун түрліліктің сақталуын қамти алмай отыр.

Сортаң топырақ құрғақ дала және шөлді дала белдемдерінде кездеседі. Сортаң топырақтың құрамында хлоридтер, , , , карбонаттары көп болады. Сор топырақтар мен сортаң топырақты шатастыруға болмайды, олардың айырмашылығы Сортаң топырақтың беткі қабатында суға тез еритін тұздар жоқ, ондай тұздар кезінде бұл топырақтарда болған. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен топырақ бетіндегі суға тез ерігіш тұздар топырақ бетінен жуылып-шайылып, топырақтың төменгі қабаттарына кеткен.


2 үлестірме материал

1 тапсырма. Қазақстанның сазды шөлдерінде жусанның көптеген түрлері өседі. Жусанның көп түрін әсіресе күзде қой жақсы жейді. Жусандардың ішінде дәрі-дәрмек жасауға қажетті түрлері де бар. Қазақстанның оңтүстігінде Шымкент облысында дәрмене өседі. Мұның жапырағы мен зәмбіл гүлінен дәрі алынады. Бұл дәрі малдың және адамның ішінде паразиттік тіршілік ететін құрттарды - глисталарды өлтіреді. Бұл затты дәрі жасайтын арнайы заводтарда алады. Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан жерінде өсетін жусандардың басқа түрлерінен де табылды.

Сұрақ. Дермене жусанының ашылмаған жас гүлінен іш құртын түсіретін қандай дәрі жасалады?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Мына дәрілердің қайсысы болады?

«Иә» немесе «Жоқ»

Фитонцид

Иә / Жоқ

Сантонин

Иә / Жоқ

Пенициллин

Иә / Жоқ


Жауабы: Жоқ / Иә / Жоқ тәртіпте

2 тапсырма. Шөлдер рельефтердің ерекшелігімен ажыратылады. Қазақстанда құмды шөлдер Қызылқұм, Мойынқұм, Сары-Есік Атырау, Арла бойы Қарақұмы. Қазақстанда сазды шөлдер, құмды шөлдердің арасында немесе солармен қатар тұрады. Ең ірі сазды шөлдер - Үстірт пен Бетпақдала. Тасты шөлдер Орталық Қазақстанға тән. Лессті сазды жерлер - Оңтүстік Қазақстан тауларының айнала кең алқабын алып жатыр. Сорлы шөлдер барлық шөлді аймақта ұсақ сулы орындарда кездеседі.

Сұрақ. Шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатқан шөлдің қандай түрі?

А. Тасты

В. Сорлы

С. Лесті сазды

D. Құмды

Жауабы: D. Құмды Қазақстанның үштен бірін құмды шөл алып жатыр.

3 тапсырма. Әлемдік деңгейде ғылымның дамуы мен адамдардың өзіне керекті табиғатты ысырапсыз пайдалануы арқасында көптеген табиғат ландшафтысының өзгеруіне әкеп соқты. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы табиғи ресурс қорының азаюымен қатар, олардағы топырақтың құнарсыздануы, ауаның ластануы, ғылымдағы жаңа даму сатысындағы жоғарғы технологияның келуі, пайдаланудың әлемдік стратегиясының қалыптасуы арқылы орны толмас табиғат ландшафтысы көрінісінің өзгеруіне әкелді. Оңтүстік Қазақстанда Амудария мен Сырдария алабының 2 миллион гектар жері шөлге, топырақтары сор, тақырға айналған Арал табанынан ұшқан тұздар экожүйені қайтымсыз бүлдіруде.

Сұрақ. Орталық Қазақстанда жарамсыз жерлер көбеюде. Оның себебі ____________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: Өзен бойларында техногендік ластану, топырақ құнарсыздануы, жануарлардың түрлерінің сиреуі, жайылымдардың тозуы, радиоактивті химиялық ластану мен ракета - космос қалдықтармен ластану (Бетпақдалада) жоғары деңгейде.


4 тапсырма. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге жетпейді. Жазда жауын өте сирек жауады. Жазы ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілдеде орташа температура солтүстігінде 24°-26°С, оңтүстігінде 28°-30°С.

Сұрақ. Құм бетінде температура жазда неше градусқа дейін қызады?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Мына температураның қайсысы боладды?

«Иә» немесе «Жоқ»

50°

Иә / Жоқ

60°

Иә / Жоқ

70°

Иә / Жоқ


Жауабы: Жоқ / Жоқ / Иә тәртіпте

5 тапсырма. Сазды шөлде қуаңшылық артқан кезде жер беті құрғауының себептері неде?

Адамдар қандай ауруға шалдығуы мүмкін?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: Сазды шөл топырағының беті күннің ыстығынан кеуіп, сортаң жерлер пайда болып, тұздар шыға бастайды. Жел тұрған кезде тұздар ауада ұшып тірі ағзаларға зиянды әсерін тигізеді. Адамдар тыныс алу ауруларына ұшырайды.


Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сұлужон ЖОББМ, география пәнінің мұғалімі Арынжанова А.А., І санат



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал