- Учителю
- Еуропаның халқы (11 класс) ҚМЖ
Еуропаның халқы (11 класс) ҚМЖ
|
Күні:11.11.2016 |
Пәні:география |
11 класс | |
|
Тақырыбы |
</<font color="#333333">Еуропаның халқы | ||
|
Мақсаты |
Оқушыларға Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. | ||
|
Болжамдап отырған нәтиже |
Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін артады. | ||
|
Сабақтың көрнекілігі |
Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б. | ||
|
Кіріспе |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. Топтастыру(қима қағаздар)Солтүстік, орта, Оңтүстік, Шығыс | ||
|
Тұсаукесер |
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Сен-маған ,мен-саған әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы бекіту. 1. Сұрақ-жауап. 1. Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы? 2. Еуропаның саяси картасы? 3. Еуропаның табиғат жағдайлары? 4. Еуропаның табиғат ресурстары? 5. Еуропаның экологиялық жағдайы? | ||
|
Негізгі бөлім |
Ой шақыру Еуропада Халықтар қай кезден бастап қоныстанған? Еуропадағы халық саны көп елдерді ата Топтық жұмыс(постер қорғау) 1 топ Еуропаның халқы, орналасуы,тығыздығы 2топ ұлттық, тілдік құрамы 3 топ халықтың діни құрамы Еуропа халқының ұлттық құрамы (кестемен жұмыс)Славян тобы
|
Орыстар, украиндар, белорусьтар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар, македондықтар, словендер т.б. | |
|
Герман тобы
|
Немістер, ағылшындар, голландықтар, шведтер, даниялықтар, норвегтер, исландықтар т.б. | ||
|
Кельт тобы |
Ирландықтар, шотландықтар, уэльстіктер. | ||
|
Роман тобы
|
Француздар, италиялықтар, испандар, португалдар, каталондар, румындар т.б. | ||
|
Балтық тобы
|
Латыштар, литвалықтар | ||
|
Фин-угор тобы
|
Венгр, фин, эстон, карел, саам, удмурт, коми-пермяк. | ||
|
Түрік тобы |
Татар, башқұрт, түрік, қазақ, гагауз. | ||
|
Семит тобы |
Мальталықтар, арабтар. | ||
Картамен жұмыс
Кескін картаға Еуропаның халық тығыз қоныстанған ірі қалаларын, агломерациялары мен мегаполистерін түсіріңдер
Қорытынды
Семантикалық карта
|
Бағалау |
Тақырыпты ашу тереңдігі Тақырып ашылмаған -0 ұпай Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай Тақырып ашылған, жалпы негізделген - 2 ұпай Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай | |
|
Рефлексия |
«Сабақтан алған әсерім» стратегиясы | |
|
Үйге тапсырма |
Қазіргі кезде әлем халқының дінаралық жағдайы тақырыбына эссе жазу | |
.