- Учителю
- Методический материал на тему Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан (5 класс)
Методический материал на тему Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан (5 класс)
Сабақ: 4
Күні:
Сыныбы: 5 А Б
Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: Астрономия - ғылым ретінде, жұлдызды аспан
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыға табиғат пен адам арасындағы байланыс, «физика», «астрономия» терминдерінің мағынасын, қазіргі заманымыздағы жаңа технологиялардың пайда болуына негізгі үлес қосқан ғылым - физика туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Табиғат туралы түсінік бере отырып, оқушының танымдық деңгейін арттыру, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Табиғат және адам, физика - табиғат туралы ғылым және астрономия - аспан денелері туралы ғылым тақырыптарын түсіндіре отырып, оқушыны табиғатты аялауға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, тірек-сызба.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: атлас карта, оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы.
Ұйым-дастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру
Ой қозғау
1) Біз терезеге қарағанда не көреміз?
2) Бейне материалга назарларын аудару
Жаңа материалға көшу кезеңі
Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі.
Аспан - Жер немесе кез келген басқа астрономиялық объекті бетiнiң үстiндегі кеңiстiк. Күн, Ай, жұлдыздар</, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді.
Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
А)жаңа ұғымдар:
Астрономия, физика, физикалық құбылыстар, галактика, біздің ғалам, жұлдыздар, ғарыш әлемі
Б .Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
1) «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
2) Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
Күннің тұтылуын қалай түсіндіресің?
Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
1) Табиғат пен адам бірлігіне байланысты қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесің?
2) Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды деп ойлайсың?
Жаңа сабақты қорытындылау:
Қазіргі астрономия бірнеше басқа салаларды да қамтиды. Аспан денелердің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия тарамын космогония деп атайды.
Бағалау кезеңі
Үйге тапсырма §4 оқу. мазмұндау.