- Учителю
- География пәнінен сабақтан тыс іс-шара Тапқыр достар
География пәнінен сабақтан тыс іс-шара Тапқыр достар
«Тапқыр достар!» танымдық ойын
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ата -бабаларымыз түгін тартса майы шығатын құнарлы жерлерді, арнасы асып төгілетін асау өзендер мен көлдерді, сыңсыған орман, тоғайларды, тарих куәгері қарт таулар мен сайын даланы бар байлығымен ұрпағына мирас етіп қалдырды. Қазақтар бұрын гүл жұлмаған халық екен. Құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба үйге жамандық кіреді, өйткені сен өзгенің мекенін үйін бүлдірдің дейтін.
Халқымыз табиғат пен адам біртұтас, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды деп ұққан. Сайыскерлерді ортаға шақырайық.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білімді деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Кезеңдер: Слайдта
Сайыскерлерімізді сынап отыратын әділқазылар алқасымен танысып өтейік. Кабдула Д, Абаева Т, Кулитаева А.М.
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар тілейміз!
1 тур. БӘЙГЕ
10 сұрақ оқылады, сендердің міндеттерің тез арада сұраққа жауап беру. Кім бірінші карточканы көтереді, сол жауап береді. Карточканы көтермеген оқушының жауабы есептелінбейді. 1 сұрақ, 1 ұпай.
"Бәйге"
1 топ
-
Қазіргі Жер шарында халық саны? (7 млрд)
-
Дүние жүзіне кең тараған тіл (ағылшын)
-
Дүние жүзінің неше пайызын су алып жатыр (71)
-
Атмосфераның төменгі қабаты (Тропосфера)
-
Оңтүстік пен Солтүстікті қосатын сызық (Экватор)
-
Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы (Жел)
-
Қай материк А әрпінен Я әрпіне дейін созылған (Аустралия)
-
Халықаралық валюта металлы (алтын)
-
Ауа қысымын өлшейтін құрал (барометр)
-
География ғылымының атасы (Эратосфен)
2 топ
1.Қай елдің халық саны 1 млрд асады (Қытай, Үндістан)
2.Барлық меридиандар түйісетін материк? (Антарктида)
3.Африка неше мұхитпен шектеседі (2)
4.Қазақстанда неше облыс бар? (14)
5.Қазақтың тұңғыш географ ғалымы (Ш.Уәлиханов)
6.Мұхиттың тереңдігін өлшейтін құрал (эхолот)
7. Ең үлкен арал (Гренландия)
8. Дүние жүзін алғаш рет айналып шыққан саяхатшы (Магелан)
9.Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)
10.Ең терең көл (Байкал)
3 топ
-
Үндістер байырғы қай елдің халқы? (Американың)
-
Аустралия материгінде ғана мекендейтін жануар (кенгуру)
-
Мадагаскар аралы қай мұхитта (Үнді)
-
Қазақстан ауданы жөнінен нешінші орында (9)
-
Ең көне эра (Архей)
-
Тянь-Шаньда жанартаулық әрекеттер жоқ екенін дәлелдеген саяхатшы (П.П. Семенов Тянь-Шаньский)
-
Ең биік сарқырама (Анхель)
-
Желдің бағытын анықтайтын құрал (флюгер)
-
Ең биік ағаш (секвойя)
-
Ең үлкен мемлекет (Ресей)
2тур: " Географиялық ассоциация"
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, соларды саралап қарап қандай
географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек
1 топ
1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер
сілкіну.
Цунами
2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.
Дүние жүзілік су айналымы
3. Ессентуки, Анталия, Майами.
Курортты жерлер
4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.
Астаналар
5. Теңіз, көл, өзен.
Су қоймалары
6. Игуасу, Анхель, Виктория
Сарқырамалар
2 топ
1. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия, Батыс Желдер
ағыстар
2. Мариана, Ява, Пуэрто - Рико.
Шұңғымалар
3. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю
Аралдар
4. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.
Таулар
5. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.
Айсберг
6.Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
Сарқырама
3 топ
1. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.
Желдер
2. Гвинея, Бискай, Парсы.
Шығанақтар
3. Гоби, Сахара, Такла - Макан, Тар
Шөлдер
4. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай
Өзендер
5. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория
Көлдер
6. Тайга, саванна, тундра
Табиғат зоналар
3 кезең
Көңілді ребус. Ребус шешу
Қатысушы оқушылар ребус шешкенше көрермендермен жұмбақ шешеміз!!!
Ойлы болсаң тауып көр (көрермендер сайысы)
1)Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
2)Тұрғыны жоқ елдер,
үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар,
суы жоқ теңіздер. (карта)
3)Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
4)Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
5)Қанаты жоқ - ұшады, аяғы жоқ - қашады (ЖЕЛ)
6)Бар ма жоқ па, оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (АУА)
7)Әуеде ақ мамық
қалбақтап ұшады
Қанаты талып
жерді барып құшады (ҚАР)
4 кезең
Сәтті сапар. Әлемге әйгілі ғимараттар, саяхатшыларды білеміз бе? Тексеріп көрелік!
Сайысымыз «тапқыр достар» деп аталады. Осыған орай сендердің тапқырлықтарыңды тексеріп көрелік
Сөз тапқанға қолқа жоқ
1 - топқа (М)
1. Атың кім?
2. Қай жерде демалғың келеді?
3. Қандай өзен ұнайды?
4. Алма қай жерде өседі
5. Қай спорт түрін ұнатасыз?
2-топқа
-
Көңіл күйіңіз қалай? (Т)
-
Қай пәнді ұнатасыз?
-
Қазақтың батырын атын айт.
-
Жазда қайда демаласын?
-
Болашақта кім болғың келеді?
3 - топқа (Б)
1. Сіз өзіңізді қандай оқушы деп санайсыз?
2. Қай елде білім алар едің ?
3. Өсімдіктің атын ата
4. Досыңыздың аты кім?
5. Қазақстанның қай жерінде демалғың келеді?
Географиялық аукцион
Сары
5. Африкадағы шыбынның түрі. Ол адамдар мен жануарларға ұйқы ауруын жұқтырады. (ЦЕЦЕ)
10. Денесінің ұзындығы 33 м, салмағы 120 т, тілінің салмағы 3 т-ға дейін жетеді. Бұл қандай жануар? (КИТ)
15. Оңтүстік Американың ең үлкен су шошқасы (КАПИБАРА)
Қызыл
5. Оңтүстік Америка материгінде Венесуэла мемлекетінде орналасқан биіктігі 1054 метрлік сарқырама? (АНХЕЛЬ)
10. Бұл аралдың ауданы 2 млн шаршы шақырымнан артық. Исландық викинг Гунбьерн осы алып аралды "Жасыл жер" деп атаған. Ол қандай арал? (ГРЕНЛАНДИЯ)
15. Бұл аралда сөнген және әрекетін тоқтатпаған жанартаулар бар. Жанартаулар шамамен әрбір 5 жыл сайын атқылайды. Ең ірі жанартауы - Гекла. Бұл қай арал? (ИСЛАНДИЯ)
Көк
5. Бұл саяхатшы басқарған экспедиция Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты (Х.КОЛУМБ)
10.. 1932-1933 жылдары Оңтүстік Америка материгінің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған ғалым. (ВАВИЛОВ)
15. Бұл саяхатшы Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралап, Ыстықкөл жағасында болды. (Ш. УӘЛИХАНОВ)
С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
«Тапқыр достар»
Танымдық ойын
7-8 сыныптар арасында
Кусаинова А.К.
2016-2017 оқу жылы