7


  • Учителю
  • Открытый урок по географии на тему: 'Африка материгі' (7 класс)

Открытый урок по географии на тему: 'Африка материгі' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жалпы орта білім беретін мектеп гимназия № 2

Ашық сабақ


Тақырыбы: Африканың физика - географиялық орны.Африканың зерттелуі.


Өткізген: география пәнінің мұғалімі

Каренова Б.С

Сыныбы: 7 «Ә»

2015-2016 оқу жылы


Күні:

Сыныбы: 7 «Ә»

Тақырыбы: Африканың физика - географиялық орны. Африканың зерттелуі.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Африка материгімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу және зерттелу тарихынан білім беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, Отанын, жерін сүюге оны құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Саяхат сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, карта, атлас карта, қосымша материалдар, суреттер, слайт

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Сабаққа даярлығын, психологиялық дайындығын тексеру. Оқушылар назарын өзіме аударту.

  • Сергіту сәті «Мен саған сенемін» мен саған сенемін өткені сен жақсы адамсын


  1. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын «Гүл сыйлау» әдісі бойынша сұраймын.

  1. Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы? 361,1

  2. Ғаламшарымыздағы орасан зор су массасы қалай пайда болған деп ойлайсын?

  3. Мұхит суының басты қасиетттері?

  4. Дж мұхит суының құрамында нелер кездеседі? Еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар.

  5. Судың тұздылығы деген не?

  6. Судың тұздылығы немен өлшенеді?

  7. Мұхит суының орташа тұздылығы? 35

  8. Дүниежүзілік тұздылықтың ең жоғарғы көрсеткіші?

  9. Мұздар нешеге бөлінеді?

  10. Мұхит ауданының шамамен неше пайызын мұздар алып жатыр?

  11. Егер мұздар жаппай еритін болса дж мұхит деңгейі қанша метрге көтерілетін еді? 60

  12. Мұхиттағы тіршілік дүниесі нешегі бөлінеді және оларды ата?

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Африка материгін таныстыру. Өлең жолдарымен және тақтадағы сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мен өзім оттай ыстық жермін,
Қазір де әл - ауқатты бірнеше елмін.
Египет, Алжир, Марокко бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Килиманджаро, Айдаһар
Нил, Замбези суым қандай!
Виктория, Чад көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
- Балалар осы өлеңде қай материк туралы айтылған? (Африка)
- Жақсы, онда сабақта сендерге сәттілік тілеймін...


IV. Жаңа сабақтың мақсатың қою:

Жаңа сабақ төмендегі жоспар бойынша түсіндірілуі керек:

  • Табиғат ерекшеліктері. Географиялық орны

  • Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

  • Зерттелу тарихы


  1. Жаңа сабақты түсіндіру: (слайт арқылы түсіндіріледі)

Табиғат ерекшеліктері. Географиялық орны

Африка материгі - Жер планетасындағы үлкендігі және халқының саны бойынша екінші орынды алатын құрлық. Бірінші орында Азия. Жерінің аумағы 30. 2 млн. км² болады. Ол дегеніміз, Жер шарының 6%, ал құрлықтың жердің 20. 4%. Африка құрлығының халқы бір миллиард адамды құрайды. Ол Жер планетасын мекен еткен халықтардың 14. 72% құрайды, халықтың орналасу тығыздығы 30. 51/шаршы км. Африкада 54 ел бар. Африка атауының шығу тарихы Афри - солтүстік Африкада, Карфагенде өмір сүрген адамдар тобының атауы.

Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Африка материгі солтүстігінде Жерорта теңізімен, солтүстік шығысында Суэц каналы және Қызыл теңізбен, оңтүстік - шығысында Үнді мұхитымен, ал батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Былай қарағанда, құрлықты барлық жағынан теңіздер мен мұхиттар шайып жатыр. Африканың ең шеткі нүктелері:

оңтүстікте Игольный мүйісі (34˚52′с. е.)

солтүстікте Бен - Сэка мүйісі (Тунисте) (37°21′ с. е.)

шығыста Рас - Хафун мүйісі (Сомалиде батысы мен шығысындағы екі мүйістің аралығында ені 7500км-ге жетеді.)

Зерттеулері:
XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл сйудасының және Африка елдерін европалықтардың басып алынуының бастапқы кезеңі болатын. XVIIІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды.


  1. Жаңа сабақты бекіту:

1 - тапсырма

Слайт арқылы сұрақтарға жауап беру. «Ең,ең,ең......»

2 - тапсырма

Ал қазір біз жұмысты осылай жүргіземіз. - Африка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз?

«Сиқырлы ағашқа» сұрақтар жасырамын

  1. Африканың аралдармен қоса есептегендегі ауданы? 30,3 млн км2

  2. Сахара шөлінің ауданы қанша км2? 7 млн

  3. Материктің оңтүстік, оңтүстік шығыс жағалауын шайып жатқан мұхит? Үнді

  4. Африканы зерттеген Вска да Гама қай елдің зерттеушісі? Португал

  5. Виктория сарқырамасын кім ашты? Ливингстон

  6. Эфиопия жері бағалы қатты бидайдың отаны екенің анықтаған кім? Вавилов

  7. «Биосфераның алтын қорына» енген аймақтар? Сахара мен Мадагаскар

  8. Тугела сарқырамасы қай мемлекеттте орналасқан? ОАР

  9. Жер шарындағы ең жоғарғы температура қай қалада тіркелген? Әл-Әзизия

  10. Материктің шығыс жағалауын шайып жатқан тұзды теңіз? Қызыл

  11. Жер шарындағы ең ұзын өзен? Ніл

  12. Африкадағы ең үлкен көл? Виктория


  1. Сергіту сәті. Би

3- тапсырма

«Тапқыр топ» деп аталады

1-сұрақ:

Ежелгі еврей халқы және Көне Өсиет Левит кітабында 4 жануардың тізімі берілген: түйе, қоян, тышқан .... Егер қандай белгілері бойынша біріктірілгенін білсең, төртіншісін ата.

Жауабы: Шошқа. Өйткені бұлардың бәрі - лас жануарлар, еврейлердің дәстүрінде оларды тамаққа қолдануға болмайды.

2-сұрақ:

Ежелгі Мысырда мысықтарды астық қорғауға асыраған. Өгіздердің көмегімен жер жыртқан.Сонымен қоса,б.з.д. ХІХ ғасырда маймылдарды қандай мақсатпен ұстаған?

Жауабы: Жеміс жидектерді жинату үшін


3-сұрақ:

Сақтар ең алғашқы болып тамаққа сары майды қолданды. Оның қазіргі сары майдан айырмашылығы қандай?

Жауабы: Оны жылқының сүтінен жасаған.


  1. Сабақты қорытындылау. Әр топтын оқушыларына тапсырмалар беремін.

Ситуациялық сұрақтар:

  1. Егер мен Африканың тұрғыны болсам...

  2. Африка материгін жарнамалау

  3. Егер мен Африканың президенті болсам Африка тұрғындарына қалай көмектесер едім???


  1. Үйге тапсырма: § 44. 167-171 беттер. Оқып, мазмұндап келу. Дәптерге қысқаша конспект жазу. Кескін картаға Африка материгін түсіріп келу. Номенклатурамен жұмыс. Африканың шеткі мүйістерін белгілеу:
    Солтүстікте - Бен - Сека мүйісі
    Батыста - Альмади мүйісі (Жасыл мүйісі).
    Оңтүстікте - Игольный мүйісі
    Шығыста - Рас - Хафун мүйісі (Сомалиде),


  1. Рефлексия. Әр топтан 1 оқушы тілектерін білдіреді. Стикерлер арқылы тақтадағы суреттерге сабақтан алған әсерлерін жазады.


  1. Бағалау. Оқушыларды жауап беру деңгейлеріне қарай бағалаймын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал