7


  • Учителю
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясынан қысқа мерзімді жоспар. 'Халықтың діни құрамы' (9-сынып)

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясынан қысқа мерзімді жоспар. 'Халықтың діни құрамы' (9-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 9 «ә» Күні: 19. 10. 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

§ 12. Халықтың діни құрамы

Сабақтың оқыту-дағы мақсаты

Оқушылар діндер және конфессиялар және Қазақстандағы конфессиялық топтар жайлы оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар діндер классификациясын біледі. Қазақстан жеріндегі діндердің таралуы туралы айта алады.

Тілдік мақсаттар

Ислам , христиан , будда , зайырлы мемлекет , конфессия т.б.§ 11. Халықтың діни құрамы

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданы-латын әдіс -тәсілдер

Тест , түсіндірме , жеке жұмыс , терминмен жұмыс , сұрақ-жауап

Негізгі дерек көздер

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығы. Авторлары: В.Усиков , Т.Казановская , А.Усикова , Г.Зәбенова «Атамұра» баспасы. 2013 ж . §12. 108-113 бет." География «Шың»баспасы.

Ресурстар

Қазақстанның әкімшілік картасы , электронды оқулық.

Алдыңғы білім

§ 11. Халықтың ұлттық құрамы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.


Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

10 минут


Үй тапсырмасы сұралып , тест тапсырмасы алынады.


1.Этнос дегеніміз ...

А) илану Ә) тіл әулеттері Б) халықтарды зерттейтін ғылым В) жеке бір халық Г) конфессия

2.Мемлекеттен тыс жерде қоныстанған этностың бір бөлігі :

А) конфессия Ә) раса Б) диаспора В) тіл тобы Г) супер этнос

3. Қазақстанның ең ірі эносы :

А) өзбек Ә) орыс Б) неміс В) украин Г) ұйғыр

4.Қазақтар қандай тіл тобына жатады ?

А) нуристан Ә) түркі Б) славян В) монғол Г) иран

5. Қазақстанның саны көп екінші этносы :

А) өзбектер Ә) ұйғырлар Б) орыстар В) немістер Г) украиндар

6. Қазақтардың тілдік әулеті :

А) үндіеуропа Ә) дравидий Б) нойсан В) афразиялық Г) алтай

7.Қазақ этностары (млн.адам) :

А) 5 Ә) 10 Б) 15 В) 20 Г) 25

8.Қазақстанда қанша этностың өкілдері тұрады :

А) 14 Ә) 130 Б) 150 В) 500 Г) 60

9. Айырмашылықтарға шыдамдылық :

А) диаспора Ә) этноним Б) толеранттылық В) конфессия Г) ксенофобия

10. Ірі қазақ диаспоралары :

А) Қытайда және Өзбекстанда Ә) Қытайда және Ресейде Б) Қытайда және Монғолияда В) Ресейде және Өзбекстанда Г) Өзбекстанда және Түркияда.


Мағынаны тану

20 минут

Жаңа сабақ .

  1. Діндер және конфессиялар

  2. Қазақстанның конфессиялық топтары


Халықтың ұлттық құрамы мен діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді.

Ғалым-дінтанушылар барлық діндерді үш топқа - рулық-тайпалық (тілдік) , ұлттық (жергілікті) және әлемдік деп бөлді.

  • Әлемдік, яғни Жер бетінде таралған үш дін бар, олар - ислам, христиан және будда діндері.

  • Ең ежелгі діндер - ру-тайпалық , адамзаттың жабайы немесе ертедегі сатысында туындаған дін. Біздің кезеңде олар Солтүсстіктің , Оңтүстік-Шығыс Азияның және Оңтүстік Американың оқшауланған және жетуге қиын аудандарындағы халықтарда сақталған.

  • Ұлттық діндер бір халық арасында таралады. Мысалы , индуизм - Үндістанда , синтоизм - жапондықтар , иудаизм - еврейлер арасында .


Бір дінді адамдар түрліше дәріптеуі мүмкін . Сондықтан да көптеген діндерде бөлек ағымдар , бағыттар қалыптасты, оларды конфессиялар деп атайды. Мысалы, мұсылмандар арасында сунниттер мен шииттер , ал христиандар арасында - католиктер , православие және протестанттар - христиан дінінің конфессиялары.

Ежелгі Қазақстан тұрғындарының арасында Көк тәңірге табынатындары болды.
Біздің дәуіріміздің VIII ғасыр оңтүстік аудандарға болашақ әлемдік діндер кіре бастады. Бірақ Араб халифатының діні - ислам берік орнап қалды. 960 жылы ол мемлекеттік дін болып жарияланып, Қараханидтар мемлекеті Қазақстан жеріндегі алғашқы мұсылман мемлекеті болды.

Көшпенді халықты ислам дініне енгізуде Қожа Ахмет Йасауидің рөлі аса зор. Түрік халықтары оны Мұхаммед пайғамбардан кейінгі қасиетті адам ретінде санайды. XIV ғасыр Өмір Темірдің бұйрығымен Йасауидің кабіріне сәулетті кесене тұрғызылған. Ол Қазақстанда бірінші болып Дүниежүзілік «ЮНЕСКО» мәдени мұралар тізіміне алынды.
Ресейге қосылғаннан кейін православиялық христиан діні пайда болды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанға ондаған басқа халық өкілдері келіп коныстанды. Дәстүрлі түрде олар әр түрлі діндерді ұстанды.


Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Бұл дегеніміз , шіркеу мемлекеттен жекелеген , ол мемлекеттік істерге араласпайды , ал мемлекет өз кезегінде шіркеудің істеріне араласпайды. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.
Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде.



Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.


Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен - солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.

Қорытынды . Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді. Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды.

Жаңа сабақты бекіту



10 минут

  • Ғалымдар қандай дін топтарын ажыратады ? Мысал келтір .

  • Ұлттық және әлемдік діндер арасындағы айырмашылық неде ? Әлемдік діндерге мысал келтір.

  • Қазақстан халқының көп конфессиялы құрылымы қалай қалыптасты?

  • Біздің елімізде қандай дін түрлері тараған ?

  • Конфессия , зайырлы мемлекет , атеизм , толеранттық ұғымдарының мазмұнын аш.

Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау §12. Халықтың діни құрамы тақырыбы жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Зерттеуде өзіндік үлесін бағалау;

3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

4. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.

Үйге тап-сыр-ма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1. § 12. Халықтың діни құрамы (оқу, мазмұндау)

2.«Өз облыс халқының діни наным-сенімдері(немесе ұстанымдары)» , « Өз облысымыздың мәдени сәулетшілік ескерткіштері» тақырыптарында қосымша іздену.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал