- Учителю
- Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ - саяхатшылар курсының бағдарламасы (7 класс)
Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ - саяхатшылар курсының бағдарламасы (7 класс)
Шұбарши орта мектебі
«Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ - саяхатшылар»
(курсының бағдарламасы)
География пәні мұғалімі: Телимова Акерке Исаевна
2016 жыл
«Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ саяхатшылар»
Түсінік хат
«Материктер мен мұхиттар зерттеуші географ - саяхатшылар» элективтік курсы 7 кластарда география пәніне қызығатын, саяхатшы зерттеушілердің өмірі, ашқан жаңалықтары мен зерттеулері, саяхаттары туралы көбірек білгісі келетін, оқулықтан тыс материалдарды оқып, білуге құштар оқушылар үшін жазылған.
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған, аптасына 1 рет.
Бұл курста оқушылар ежелгі дәуірдегі, орта ғасырдағы және Ұлы географиялық ашылулар мен ХІХ ғасырдағы басты географиялық жаңалықтарды ашуға негіз болған саяхатшылар және олардың зерттеулері, қол жеткізген нәтижелері туралы оқып, біле алады.
Оқушылар осы курсты меңгере отырып, география пәніне деген қызығушылығының артуы мен қатар, жан - жақтылық пен көп білуге, батыл да ержүректілікке, шыдамдылық пен қайсарлылық секілді қасиеттерді бойына сіңіреді.
Осы курста оқушылар мына мәселелерден хабардар болады:
-
Саяхатшылардың өмірі.
-
Саяхатшы - зерттеушілердің саяхаттары.
-
Зерттеушілердің ашқан жаңалықтары.
-
Қол жеткізген нәтижелері.
-
Саяхаттарының маршруттары.
«Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ - саяхатшылар» курсының
Мақсаты:
-
Оқушыларға саяхатшылардың өмірі және қызықты да күрделі саяхат жолдары, зерттеген жаңалықтары жайлы тереңірек білім беру.
-
Оқушыларды саяхатшылар секілді батыл да ержүрек, қайсар да шыдамды болуға және жан - жақтылыққа баули отырып, танымал тұлғалардан үлгі алуға үйрету.
-
Өз бетімен ізденістерін дамыту.
Міндеттері:
-
Оқушылардың зерттеушілер және олардың зерттеулері туралы толығырақ білуіне көмектесу.
-
Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру.
-
Балаларға өз тарихымызға құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-
Ел мен жер тарихын меңгерген жан- жақты сананы қалыптастыру.
-
Оқушылардың біліктері мен дағдыларының жетілуі.
Курстың бағдарламасы
1
Римдік ғалым Страбонның саяхаты
1
2
Марко Поло
1
3
Х.Колумбтың төрт экспедициясы
1
4
Васко до Гама
1
5
Америго Веспуччи
1
6
Фернан Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты
1
7
Фрэнсис Дрейк
1
8
Абель Тасман
1
9
Джеймс Кук
1
10
Витус Беринг
1
11
Беллинсгаузен мен Лазаревтің саяхаты
1
12
Руаль Амундсен
1
13
Миклухо - Маклай
1
14
Джон Кабот
1
15
П.П. Семенов - Тянь - Шаньский
1
16
Н.М. Прежевальский
1
17
Ш. Уалихановтың зерттеулері
1
18
Александр Гумбольд
1
19
Скот Роберт Фолкон
1
20
Афанасий Никитин
1
21
Крашенинников Степан Петрович
1
22
Генри Гудзон
1
23
Мартин Бехайм
1
24
Виллем Баренц
1
25
Томас Уитлам Аткинсон
1
26
Григорий Николаевич Потанин
1
27
Джек Филлип
1
28
Ибн Баттута
1
29
Крузенштерн Иван Федорович
1
30
Врангель Фердинанд
1
31
Антоний Дженкинсон
1
32
Николай Константинович Рерих
1
33
Жюль Верн
1
34
Семен Иванович Дежнев
1
Барлығы:
34 сағат
1 - тақырып.
Римдік ғалым - Страбонның саяхаты
Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, - б.з. 23/24) - ежелгі грек географы тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын "Тарихи жазбалардың" (онда б.з.б. 146 жылдан - б.з.б 31 жылы шамасына дейінгі оқиғалар баяндалған) және 17 кітаптан тұратын "География" атты еңбектің авторы. "Географияның" 7-кітабының Македония мен Фракияға арналған бөлігінен басқа барлық
кітаптары сақталған. Бұл еңбектің тек алғашқы 2 кітабы теориялық сипатта, қалған
бөлігі сол дәуірдегі елдер мен аймақтарды суреттеуге арналған (3 - 6-кітаптар Испания, Галлия, Британия, Италия, Сицилия; 7 - 10-кітаптар Солтүстік және Шығыс Еуропа, Солтүстік Балқан, Грекия; 11 - 14-кітаптар Солтұстік және Шығыс Қара тау маңы, Кіші Азия; 15 - 17 кітаптар Үндістан, Месопотамия, Арабия, Египет туралы). Онда сол кездегі көптеген елдер мен халықтардың тұрмысы мен мекені туралы мол мағлұмат берілген. Әсіресе, Азия скифтері және Каспий жағалауы халықтарының тарихы, этнографиясы туралы жазған еңбектерінің құны ерекше. Сондай-ақ Кавказ өңірі және Боспор патшалығы толық баяндалған. Страбонның еңбегі тарихи-географиялық шығарманың тұңғыш тәжірибесі және құнды тарихи деректемесі болып табылады.
.
2 - тақырып.
Марко Поло
Марко Поло, итал. Marco Polo (1254, Венеция - 1324, сонда) - Италиясаяхатшысы. Орта ғасырларда Азия туралы аса бай геогр. және тарихи мағлұматтар қалдырған.
1271 - 75 ж. әкесі Никколо Поло мен ағасы Маттео Полоға еріп, Қытайға саяхат жасаған. Жерорта теңізі, Палестина,Кіші Азия, Ирак, Иран, Памир тауы және Қашғария арқылы
3 жылдан асажол жүріп, Пекинге жеткен. 1271-1275 ж.ж.олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп жетті,осы жерден Қытай құрлығына табан
тіреді. Қытайда 17 жыл тұрды. Моңғол ханы Құбылайдың қарамағында болып, Қытайды аралады. Қызмет бабымен Үндістанға жүзіп барып қайтты.Қытайда Полоның «мансабы өрледі»,қызметімен Құбылай ханға қатты ұнап,елдің әр аймағына орын ауыстыра жүріп,Құбылай ханға 15 жыл қызмет етті.Ол ел басқарудың күрделілігі мен тиімділігіне,мәселен,пошта жүйесіне қатты таңданды.Осы жүйенің арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ен шалғайдағы бұрышынан астанаға хабар жеткізетін(пошта жүйесін 300000 ат қамтамасыз етті) 1295 ж. теңіз жолымен Оңтүстік Азияныайналып өтіп, Жерорта т. арқылы еліне қайтып оралды. Генуямен арадағы соғыста тұтқынға түскен. Тұтқында отырған кезінде түрмеде бірге отырған кәсіби жазушы пизалық Рустичеллоға өзінің естеліктерін жаздырған. М. П. еңбегі бүкіл Азия, Солт. Еуропа және бірқатар Африка елдерінің географиясы, тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие болды және XIV-XVI ғ.ғ теңізшілерге, картографтарға, жазушыларға айтарлықтай әсер етті.Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. 14 - 15 ғ-ларда бұл естеліктер Еуропаның бірқатар елдерінің тілдеріне аударылып, Азия картасын жасауға негіз болды. 15 - 16 ғасырларда испан және португал экспедицияларын ұйымдастырушылар М. Полоның еңбегінен Азия құрлығы батыстан шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және Азияның шығыс жағалауы бір-біріне
жақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай сенім Х.Колумбтың Американы ашуына себеп болды. Марко Поло орыс жері туралы былай деп жазды:» Шеті шалқыған теңізге дейін созылып жатқан үлкен ел...Теңіз бетінде де бірнеше аралдар бар.Бұл жерде гректер ұстанатын христиан ағымындағы адамдар тіршілік етеді. Қарапайым және өте көрікті халық ...»
3 - тақырып.
Х. Колумбтың төрт экспедициясы
Христофор Колумб (ис. Cristóbal Colón; итал. Cristoforo Colombo) (1451 ж. қазанның 29 - 1506 ж. мамырдың 20, Вальядолид, Испания) - әйгілі жиһанкез және саудагер. Генуяда туылған. 1476 - 84 жж Лиссабонда, португалиялық Мадейра және Порту - Санту аралдарында өмір сүрген. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан. Oл бір уақытта Америкаларды ашқан бірінші еурoпалық деп есептелген, бірақ қазіргі уақытта Америкаларды oннан бұрынвикингтер ашқаны белгілі. Христофор Колумб Жер шар фoрмасында екендігін біледі, бірақ oның қаншадай үлкендігі бар туралы хабары бoлмайды.Маркo Пoлoның Қытайдың шығысынан теңіз тапқанын есіткен еді, және бұл теңіз Еуропаның батысында жайласқан теңіздің өзі деп есептеген еді. Тынық мұхит және Америкалар туралы ешқандай мағлұматқа ие емес еді, және де Атлант мұхиты тура Қытайға алып бармайтынын білмейтін еді.
Арагон мен Кастилия патшасы Фернандо ІІ Арагoн және патшайымы Изабелла І Кастилия бұйырығымен оларға дәмдеуіштер және алтын алып келуді қалады. Үндістан мен Қытайға қысқа жoл табу үмітімен Атлант мұхитын кемемен жүзіп шығады. Саяхатының ақырында Христофор Колумб бірнеше аралдарды кездестіреді де және Шығыс Үндістанға жетіп келдік деп oйлайды. Сoл үшıн жаңа ашылған жердегі жергілікті халықты «үнділер» деп атаған. Не барлығы Христофор Колумб Америкаларға төрт мәрте саяхат қылған.
Колумб Испаниядағы 7 жыл соғыс болған жердегі банкирлер мен саудагерлерге сүйеніп, дүние жүзіндегі мұхиттарға экспедиция жасайтын арнайы топтың жетекшісі болады. Ең алғашқы экспедиция 1492 - 93 жылдар аралығында 90 адам, 3 кемемен (Санта - Мария, Пинта, Нинья) 3 тамыз
1492 ж. Палос аймағынан Атлант мұхитын іздеуге шықты. 15 наурыз 1493 ж Колумб Испанияға қайта оралды. Ал 2-ші экспедиция 1493-96 жж 1500 адаммен Кадистан жолға шығады. 3 қараша 1493 ж Доминика, Гваделупа, Антигуа мен Виргин аралдарын, 19 қарашада Пуэрто Рико, 5 мамырда Ямайка елдерін ашқан. 1496 ж 31 шілдеде Испанияға оралады. Ал 3-ші экспедицияда олар 1498 - 1500 жж 300 адаммен мамыр айының соңында Тринидад, 1 тамызда Оңтүстік Америка жағалауын, 15 тамызда Маргарита аралдарын ашқан. 4-ші экспедиция барысында 1502 - 1504 жж Америка материгін ашқан.
7 қараша 1506 ж. Христофор Колумб өмірден өтті. Зерттеулері бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатыр.
Екі Американың көп жерінде аты қалған: Колумбус қаласы (АҚШ), Британ Колумбиясы (Канада) т.б. Кoлумбия мемлекеті де oның мәртебесіне аталған.
Христофор Колумб туған жер
Христофор Колумб келіп шығу туралы көп тартыстар бар. Көпшіліктің oйлауы бoйынша oл Италияның Дженоуа (Генуя) қаласында туған. Сарапшылар Христофор Колумб туған жері туралы көп мағлұматтар зерттеген.
Өмірбаяны
Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның Лиссабон қаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп ғалымдар, теңізшілер, географтармен араласады. Колумб Лиссабонда тұрғанда Феници Мони де Палестерелло деген теңізшінің қызымен танысып соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген, кейін Порто-Санто қаласының Губернаторы болған. Осы қалада тұрғанда Колумб Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материялды толық зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королі Иоанн 11-ге ұсынады. Король өз оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ діншіл ғылымдар оның жоспарын тек қиял деп санайды.
Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы Испанияғя қаржысы болмағандықтан, жаяу келеді. Мұнда ол өзіне жолдастар тауып, патша сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен танысып достасады. Содан біраз уақыт өткен соң, достарының көмегімен Колумб жоспарын Испания короліне ұсынады. Король Фердинанд оның ұсынысын тыңдап болған соң Саломондағы Степан монастырына діншіл ғалымдарды жинап Колумб жоспарын ұзақ талқылап оны дінге қарсы қабылдауға болмайды деген қорытындыға келді. Жоспары Испанияда қабылданбаған соң ол Португалиғя қайтпақшы болды. Бірақ король айтқанынын айнып, егер Колумтың жоспары жүзеге асса біз португалия корольі алдында күлкіге қаламыз деп ойлады. Король мынандай шешімге келді:
Колумб өмірінше және оның ұрпақтары да мұхиттың арғы жағынан ашқан жерлерінің адмиралы болды; Ол өзі ашқан жерлерінің вице королі және губернаторы болады; Ол жерлерден табылған асыл бұйымдар - інжу-маржан, алтын, күміс, асыл тастардың оннан бірін өз пайдасына алып отырады.
Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды. Үшіншісін Колумб өз қаржысымен жабдықтайды. 1492 жылы, 3 тамызда Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолмен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.
Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай жүзіп, Канар аралдарына жетеді, одан тіке батысқа қарай 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық-түлік алып 19 қыркүйекте Канар аралдарының ақырғысы - Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.
Колумбтың үш кемесі Атлынт мұхитында ұзақ жүреді, толқын шайқап, матростар арасынан қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға қайтамыз деушілер болады. Бірақ Колумб оларды алдағы ашылатын жерлерді айтып қызықтырады. Дегенімен 10 қазанда теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді. Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс жаққа қараумен болады. Колумб бірде жылт еткен от көреді. Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2-де алда келе жатқан «Пинта» кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын асыға күтеді. Колумб 12 қазанда көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасын көреді, қуаныштың ұшы қиыры болмайды. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан бұл аралды Сан-Салвадор (құтқарушы) деп атайды.
Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда тұратын адамдарды үндістер деп атады. Жер шарындағы мәдениеті төмен барлық халықты солай атады. Испандықтар жергілікті халықты көргенде олардың танауындағы, құлағындағы алтын күміс сырғаны көріп, оның мәнісін сұрайды, олар қолын сілтеп оңтүстікке көрсетеді.
Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды «Жапония» аралы болар,- деп соған аттанады. Ол 15 қазанда екінші аралды ашып, оны «Девы Марии» деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 қазанда үшінші аралды ашып, оны Испания королевасының есімімен «Изабелла» деп атайды. Колумб қайтадан батысқа жүзіп, тағы да жеті арал ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады. Ол аралдағы жергілікті тұрғындармен ыммен сөйлескенде алтынды арал оңтүстікте дейді. Енді Колумб Азия материгін аштым деп ойлайды. Мұнда европалықтардың таң қалғаны, жергілікті адамдар бір шөпті домбалдап орайды да, оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішіне тартып танауынан түтін шығарып жатады. Оны өздері «табак» деп айғайласады. Бұл кереметке Испандықтар таңырқай қарайды, кейіннен олар табакты европаға әкеліп, дүние жүзіне таратады. Колумб жергілікті тайпа көсемі Кацигпен достық қарым-қатынаста болады, Колумб Испаньола деген аралға бекініс орнатты. Мартин Алонсо Пинсон командасындағы «Пинта» атты кеме өз бетінше зерттеулер жұргізе бастады. Желгілікті тайпалар Колумбқа алтын әкеліп тұрды. Колумб зеңбіректен оқ атып керемет көрсетті, Кациг оларды атпауын өтінді. Мұнымен біз Колумбтың отарлау пиғылын іске асыра бастағанын көре аламыз. 1493 жылы 3 қаңтарда Колумб Испаньола бекінісіне 39 адам қалдырып, өзі екі кемемен, жинаған алтынымен Испанияға қайтты. Жолшыбай бірнеше арал ашты. 12 ақпанда Атлант Мұхитынан дауыл соғып, 15 ақпанда толқын Колубты Азор аралдарына айдап әкелді. Бұдан кейін де талай дауылдар соғып, Колумб бастаған топ әбден шаршады. Сөйтіп, 1493 жылы 13 наурызда олар Испания жағалауына келіп тоқтады. Бүкіл Испанния Колумбты зор қуанышпен қарсы алды. Колумб корольге өзінің сапары туралы, «Үндістанды», «Азияны» ашқандығын баяндап, әкелген қазыналарын алдына төкті. Сонымен, Американы ашқан, география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық әкелген Колумбтың бірінші экспедициясы үлкен табыспен аяқталды.
Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығына бүкіл Европа құлақтанып, осы хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе Колумбтың алғашқы жоспарын қабылдамаған Португалия королі қатты өкінді, енді Испанияның үстемдігі өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13наурызда Португалия королі Иоанн ІІ эскадор ұйымдастырып, Атлант Мұхитының басыныан Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Бұл кезде Испания королі де қарап жатпады, бүкіл жаңадан ашылған жер Испанияға қарайды деген жарлық шашты. Сөйтіп көршілес отырған Испания мен Португалия арасында бәсеке туып, жаңа жерлерді отарлау жарысы басталды. Бұлар енді жер шарын екіге бөліп, жанталаса отарлау саясатына кірісті.
Испания королі жаңа ашылған жерлерді өз корольдығына бекітіп, тағы да Колумбқа екінші рет экспедицияға аттануға әмір етті. Бұған Колумб асқан жігермен дайындалды. 1493 жылы Испания жағалауында қанша желкенді кемелер алыс сапарға аттануға дайын тұрды. Колумбқа енді жаңа жер байлығына қызыққан 1200 адам ерді, олардың кейбіреулері семьясымен барған жерлеріне тұрып қалмақ болды. Колумб өзімен бірге жаңа жерді зерттейтін ғалымдарды, дін таратушы монахтарды, алтын қазатын кеншілерді, ұста, балташыларды ертіп алды, сондай-ақ сиыр, жылқы, қой, оған қоса астық, өсімдік тұқымын ала кетті.
1493 жылы 27 қыркүйекте 17 кемемен Испания портынан шыққан Колумб жол жөнекей бірнеше аралдарды ашып, ақырында аман-есен 22қарашада Испаньола аралына келіп тоқтады. Лұл аралды зерттеушілер төрт өзен тауып, олардың жағаларынан Колумбқа толып жатқан кесек алтын әкеледі. Мұны көрген адмирал библияда айтылған атақты «офир» алтын қоймасы осы Испаньола деген қортындыға келеді. Енді испандар Испаньоладан алтын өндірісін ашып, индеецтерге еріксіз жұмыс істетіп, ғасырлар бойы тұнып жатқан, аралдың табиғи байлығын Испанияға таси бастады. Колумб 12 кемеге алтын тиеп корольге жіберді. Аралға қала салғызып, оған өз ұлын Диэгоны губернатор етіп қалдырды да, өзі 500 адаммен алтын кенін игеруге Сибао аралына барып, бекініс салады, индеецтер Колумбқа саф алтын әкеле береді. Бұл аралда алтын алуға 56 адамды, оған басшы етіп Педро де Маргаританы қалдырып, Колумб қайтадан Изабеллаға келсе, мұндағы жолдастарының халі қиындап кетіпті. Ондағыларға көмек көсетіп, Колумб оң түстікке барып, Ямайка аралын ашады. Бұдан кейін Кубаны жағалай жүріп, барлығы 70 аралды ашады. Колумб осылай зерттеу жұмысында жүргенде, Испаниядаға дұшпандары оны корольге жамандап, ол жаңа жерді билемек болды, саған бағынбайды, ондағы жұмысы нашар, мотростар қырылып жатыр, - деп үсті-үстіне шағым жаудыратады. Король бұл өтірікке сеніп, жаңа ашылған жерге комиссар етіп Агудоны жібереді. Бұл Колумб дұшпандарының бірі еді. Ол Колумб жоқта келіп, оның інісі Бартоломей мен баласы Диегоны жауапқа алады. Кешікпей Колумб өзі келіп, онымен бірге жағдайды түсінісуге Испанияға аттанады. Ол 1496 жылы 10 наурызда Испанияға келеді. Енді оны бұрынғыдай салтанатпен қарсы алмайды. Дегенімен король сыр білдірмегенсіп, бұрынғыдай сенетінін байқатқан болады. Сонымен, Колумб қайтпақшы болып, корольдан тағы сегіз кеме сұрайды. Бірақ осы кезде Испания мен Франция арасында басталған соғысқа байланысты, оның қайтуы 1498 жылға қалдырады.
Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы үшінші саяхатына 1498 жылы 30 мамырда аттанады. Ол бүл сапарға өте көңілсіз қарады, өйткені сол кездегі жағдай, оның үстіне оның ауруы жанына қатты батты. Ол бұл саяхатқа дайындалмады. Оның жолын торып жүрген француз кемелерінен бұрыла жүріп, солтүстік Америка жағалауынан көптеген аралдар ашып, 1498 жылы 1 тамызда Америка жағалауын ашты. Бірақ Колумб оны Америка жағалауы екенін тағы да білмеді. 30 тамызда ол Испаньолаға келеді, кешікпей азық-түлік таусылып, матростардың наразылығы күшейіп, Рольдан оған қарсы көтерліс ашады оған индеецтер қосылады. Колумб Рольданмен екі арадағы қайшылықты қарап тексеруге корольдан комиссия жіберуді сұрайды. Бұған қосымша Испаниядағы Колумб дұшпандары корольдің Колумб келісімін бұзады, ол сені алдап жүр, оның ашамын деген Үндістанын Португалия теңізшісі Васко да Гама басқа жақтан ашып, Үндістаннан мол қазына әкелді деп лақап таратып, корольді сендіреді. Сондықтан Король Фердинанд бұл жұмысты тексеруге Испания бас губернаторы әрі армия командирі Бабадилді жібереді. Ол келіп Колумбқа корольдін жарлығын көрсетеді де Христофор, Бартоломей, Диегоны аяқ-қолын кісендеп, үшеуін үш кемеге мінгізіп, Испанияға алып барады. Мұндай жүгенсіздікке шыдай алмаған Колумб король мен королева алдына әкелгенде қатты налиды. Олар біз мұндай қатаң үста деген жоқ едік, - деп оны жұбатады, бәрі де бұрынғыша болады деп сөз береді. Колумб отар жайын корольға бастан аяқ баяндайды да, король сөзіне сеніп, корольдан тағы да жаңа жерге барып зерттеу жұмысын жүргізуді, Кубадан әрі суменен Үндістанға шығуды сұрайды. Король рұқсат етеді. Бұл кезде Португалия короліна Васко да Гама ашқан Үндістаннан, оның орталық қаласы Каликуттан* алтын, күміс, інжу-маржан әкеле бастаған еді.
1502 жылы 9 мамырда Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы төртінші саяхатына аттанады. Оның шағын үш кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа ауру халінде амалсыздан, бастаған жұмысты бітіру үшін шықты. Ол бұл кезде 66 жаста болды. Бірінші саяхатына 56 жасында аттанған еді.
Колумб жолда аралдарды аралай жүріп, 29 шілдеде Изабелла қаласына келді. Бірақ онда бұл көп аялдамады. Себебі оны қаланың жаңа губернаторы Овандо қабылдамайды. Жолда Колумб кемесі апатқа ұшырап, Изабелла қаласынан көмек сұрауға кеме жалдап екі мотрос шығады, бірақ оларды Овандо қайтармай қояды. Колумб пен оның командасы өте көп қиындық көреді. Бір жылдай аралда жергілікті тайпалардан қорқытып азық алумен болады. Жыл өткен соң Колумб ақшасына кеме жалдап кеткен екі матрос Мендос пен Фиэско 1504 жылы 24маусымда келіп, науқас жатқан ұлы теңізшінің жолдастарына жол жабдығын дайындатып, 12 қыркүйекте Европаға қарай жүзеді. Кеме ашық мұхитқа шығысымен теңізде дүлей толқын басталады. Олар әзер дегенде 1504 жылы 7 қарашада Испания жағалауындағы Сан-Лукара портына келіп тоқтайды. Аман келіп жеткен Колумб Севилия қаласына барады. Мұнда дем алып, денсаулығын түземекші еді, бірақ оны король салқын қабылдайды. Колумбты қудалау бітпейді, оны қолдайтын королева өліпті, оның сұраған үлесін сотқа тапсырыпты. Испандықтар онда қазына көп деп ойлайды, бірақ Колумбта ол кезді паналайтын баспана да жоқ еді. Король атақты теңізшінің еңбегін бағаламайды, ауруы күннен күнге меңдей береді, король оның тез олуін тілейді. Севилия қаласынан Колумб Вальядолид қаласына көшіп келіп орнығады, өлім жақындағанын сезген Колумб балалары Диего мен Фернандоға барлы-жоқты қаржысын қалдырып, ақтық өсиетінде: өлген соң аяқ-қолыма салған кісенді қабіріме бірге салыңдар деп тілепті. Ертеңінде, 1506 жылы 20 мамыр күні қайтыс болады.
Туыстары оны Вальядолидтегі монастырға жерледі. 1513 жылы оның сүйегін өзінің туған қаласа Сивилияға апарып, Картезиян монастырына апарып қайта жерледі. 1536 жылы Колумб сүйегін Испаньолаға апарып қойды. Кейіннен оның сүйегін Кубадағы Гаванна қаласына әкелді. Кубаны 1897 жылы Солтүстік Америка билеуіне байланысты Христофор Колумбтың сүйегін қайтадан Испанияға әкеліп, Сельск соборына сақтады.
Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып берді. Бірақ өмірінің соңына дейін Колумб жаңа материк - Американы ашқанын білмеді. Ашқан жерін ол «Индия» деп, ал оның халқын «үндістер» деп атап кетті. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарындағы көптеген жер, су, арал, түбектер, асқыр таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл - оған арналған мәңгі ескерткіш.
жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында - өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойлана бастайды.
Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңізші деп білеміз.
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де аттанды.
4 - тақырып.
Васко до Гама
Васко де Гама (порт. Vasco da Gama; 1469-1524) - португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды.
Васко да Гама 1469 жылы Синеш қаласында орденның магистрі Сантьяго Эштеван де Гаманың (1430--1497) отбасында дүниеге келген. Анасы - Изабела Содре.
Португал патшасы Мануэл I Эштеван де Гамаға Үндістанға экспедициясын жасау тапсырды, бірақ ол қайтыс болғандықтан, оның ісін баласы - Васко де Гама жалғастырды.
1497 жылы шілденің 8-інде Лиссабоннан шығып, Васко де Гама басқарған экспедиция Африканы оңтүстік жағынан айналып, Мейірімді үміт мүйісіне жетті. 1498 жылы мамырдың 20-сында Васко де Гаманың экспедициясы Үндістанның оңтүстік - батыс жағасына жетті.
1499 жылы қыркүйек айында Португалияға қайтқанда, Васко да Гаманы құрметпен кездесіп, үлкен ақшамен марапаттап, оған «Үнді Мұхитының Адмиралы» деген атағын, Дон лауазымын беріп, Синеш және Вила-Нова-де-Милфонтеш қалаларын өз меншігі ретінде сыйлаған. 1519 жылы Васко де Гама Видигейр графы лауазымына жетті.
Осы саяхаттан кейін тағы екі рет Үндістанға барған. 1524 жылы желтоқсанның 24-інде Кочинде (Үндістан) қайтыс болып, Португалияның Алентежу деген жерде кішкентай Quinta do Carmo деген шіркеуінде жерлеген. 1880 жылы қалғаны Лиссабондағы Иеронимиттер Монастырына жерленген.
Васко да Гама әйелі - Катарина де Атаиде. Балалары: Франсишко, Эштеван (1505-1576, Үндістанның губернаторы), Пауло, Криштован, Педро.
Васко да Гама Васко да Гама 1460 жылы Португалияның Синиш қаласында дүниеге келген. Васко да Гаманың әкесінің есімі Иштеван да Гама, ал анасының есімі Изабелла Содре. Васко да Гама балалығынан теңіз саяхатшысы болуды армандаған. 1492 жылы француз консары португалиялық каравелланы басып алады. Бұл кезде Васко да Гама 23 жаста еді. Осы кездерде Португалияның корольі Мануэль 1 оған француздар алған каравелланы қайтарсын деген бұйрық береді. Ол бұл бұйрықты орындайды: француздар дың жағалауына келіп, олардың бүкіл кемесін тартып алған соң, француз корльі олардың каравелласын қайтарып береді. Содан кейін Васко да Гама еліне қайта оралады. Ол еліне келген кезде әкесінің қайтыс болғанын естиді. Содан кейін ол Катерина да Атаида деген қызға үйленеді. Ал үйленген соң олардың 5 ұлы болады: Франсишку, Эштеван, Паулу, Криштован және Педру. 1946 жылы Мануэль 1 Васко да Гамаға Португалиядан Үндістанға дейін кемемен жүзуді ұсынады. 1947 жылдың 8 шілде күні Васко да Гама және 170 адам, 3 кеме Лиссабонеден жүзуге шығады. 20 мамыр 1498 жылы олар кемемен Каликутқа келеді. Бұл жолы Васко да Гама өз елімен және сол жердің үндістерімен саудагерлік қатынасты жақсартады. Васко да Гама 1524 жылы қайтыс болады.
5 - тақырып.
Америго Веспуччи
Америго Веспуччи (итал. Amerigo Vespucci, лат. Americus Vespucius; 9 наурыз 1454 жыл, Флоренция, Флорентия республикасы - 22 ақпан 1512 жыл, Севилья, Испания) - флорентиялық теңіз саяхатшысы[1].
Өмірдерек
Америго Веспуччи 1454 жылы Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма екінші ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт Медичи банкісінің кіші қызметкері, кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 - 98 жылы Канар аралдарына жасады. 1499 - 1500 жылы Испанияда, 1501 - 04 жылы [Португалия|Португалияда] теңізші болды, 1499 - 1504 жылы Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 - 10) қайта басылды. Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа құрлықты - Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді, ал Солтүстік Америка үшін алғашқы рет 1538 жылы Меркатордың картасында қолданылды. Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам дегендерге король 1497 жылдан бастап рұқстат берді. Бұл байлығы мол жерлерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш эквпедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де көруге аттанды.
Америго Веспучии 1501 жылы Португалия королының кемесімен «Жаңа жерге» екінші рет барады. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кабрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «Жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да 20 градус оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін көптеген Испания саяхатшылары зерттеген «Жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк», - деген дұрыс қорытындыға келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Европа, Азия, Африка материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашқан жерді оның басқа материктерімен ұқсастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді. Ол кезде Американы «тоты құстар» жері деп атайтын. Сөйтіп, жаңа құрлықтың аты Америго Веспуччи атымен аталып кетті. Бұл жерді Колумб ащқанымен, ол өмірінің соңына дейін оны білмеді, сондықтан материк Америго атымен аталды.
Бальбаро ну Васко Нуньес корольдан қашып «Жаңа жерді» зерттеуге аттанған экспедициямен келіп, Панама мойнағына жақын жердегі бір отарды билеп тұрады. Үндістердің одан әрі қарай су бар дегеніне сеніп, Испандардың көмегімен Панама мойнағына өтті. Көптеген таулардан өтіп, 1513 жылы 25 қыркүйекте тұңғыш рет Тынық мұхитын ашты.
Осыдан кейін Американы жаңа материк деп мойындады. Енді отаршылдар Америка байлығын именденуге жанталасып, халқын қырғынға ұшыратып, жартысын құлдыққа апарып сатты. Бұдан кейін европалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа да жерлерін өздеріне қаратып, Бейбіт халықтарын тонап, мәдениетін, салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Колумб пен Васконың саяхаты географиялық болса, ендігі европалықтардың саяхаты басқыншылыққа негізделді.
6 - тақырып.
Фернан Магеланның Дүние жүзін айналу саяхаты
Фернан Магеллан (порт. Fernão de Magalhães [fɨɾˈnɐ̃w̃ ðɨ mɐɡɐˈʎɐ̃ȷ̃s], ис. Fernando (Hernando) de Magallanes [(f)eɾ'nando ðe maɣa'ʎanes], лат. Ferdinandus Magellanus (8 қазан 1480 жыл, Саброза, Траз-уж-Монтиш, Португалия - 27 сәуір 1521 жыл, Мактан,Филиппиндер) - Португалияның теңіз саяхатшысы. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
1519 - 1521 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрылықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрылық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері "Виктория" кемесімен Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
Магеллан астрономия және бағдарлау (навигация) бойынша жақсы білім алып шыққан, 20 жасында алғаш рет теңізде жүзген саяхатшы. Оның өмір жолы әдеттегі конкистадор ретінде өрбіді - Шығыс Африка жағалауындағы Индостандағы шайқастар, арабтармен болған теңіз қақтығыстары. Португалия патшасымен сөзге келіп қалып, Магеллан Испанияға қоныс аударды. Ол Испания патшасы I Карлосты Молукк аралдары (Дәмдеуіш аралдары) Португалияға емес, Испанияға тиесілі болуы қажет деп иландырды. Оған жету үшін өзіне жақсы таныс шығыс бұғаз жолын ұсынды.
1519 ж. қыркүйегінде бес кемеден құралған теңіз қосыны жолға шықты. Қосын Оңтүстік Америка жағалауларына дейін жетті, бірақ пайдасыз өткел іздеу әрекеті наурыздың аяғына дейін созылды. Қатты суық пен боран басталғаннан кейін, ержүрек теңізшілер Патагониядағы қыстаққа аялдауға мәжбүр болды.
1520 ж. қазанында кемелер қисапсыз аралдар арасындағы бұралаң және қауіпті жол арқылы көптен күткен бұғазға келіп жетті. Теңізшілер кейіннен мұнда жердің төрт бұрышынан ызғарлы солтүстік желі соғып тұратын дегенді айтты. Айналадағы аралдар құнарсыз және елсіз иен мекен болып көрінді, бірақ түнге қарай теңізшілер мыңдаған алауларды көрді, сондықтан шоғыры Отты жер аталып кетті. Магеллан ашқан бұғаз біраз уақыттан кейін оның есімін иемденді.
Жағдай ушығып кетті - азық-түлік қоры мүлдем қалмады, бірақ Магеллан Молука аралдарынан оларды 3-4 күндік қана жол бөгеп тұр деген сөзінен қайтпады. Және кемелер еуропалықтар үшін мүлдем беймәлім алапат мұхит арқылы жолға шықты. Бұл мұхитты Магеллан барынша тыныш ауа-райы үшін Тынық деп атады, теңізшілер мұнда тымық күні тап болған еді.
Тынық Мұхитпен бойлай жүзу төрт айға созылды және адам айтып жеткісіз тауқыметті бастан кешірді. Ақырында көптен күткен айқай естілді: «Жер!». Және кешікпей саяхатшылардың алдында Филиппин аралы тұрды.
Осы жағалаудың бір аймағында белгісіз бір тұрғындар өмір сүреді екен. Фернандо Магеллан және оның серіктері сол тұрғындарымен қақтығыста Фернандо Магеллан және 247 адам қаза табады. Сөйтіп экспедицияның барлық құрамынан 1 кеме 18 адам еліне қайтады.
Осылайша, Фернандо Магеллан 1521 жылдың 27 сәуірінде 41 жасында қайтыс болады.
7 - тақырып.
Фрэнсис Дрейк
Френсис Дрейк жерді айналып шыққан тұңғыш ағылшын ретінде танымал(1577-1580 ж.ж.). Ол испандық флот-Жеңімпаз армаданы Гравелиндегі шайқаста (1588 ж.) талқандаған ағылшын флотына қолбасшылық еткен.
1577 ж. қарашасында патшайым I Елизавета Дрейкті Американың тынықмұхиттық жағалауын шолып қайтуға жұмсады.Саяхаттың ресми мақсаты жаңа жерлерді, жекелей алғанда, Австралияны ашу еді.Шын мәнінде Дрейкке Испандық Американың тынықмұхиттық жағалауларына жорық жасап, испан алтындарын барынша тонап келу тапсырылды. Төрт кемеден тұратын Дрейк қосыны Плимуттан ұзап кетті.1578 ж. ол Ла-Плата сағасына жетті және оңтүстікке қарай баяу қозғала отырып, Патагония жағалауынан қолайлы айлақты байқады.Дрейктің жолсеріктерінің бірі патагондықтарды былай сипаттады: «Олар қайырымды кісілер болып жолықты және бізге христиандардан көрмеген жақсылықтар жасады...» Магеллан бұғазы арқылы Дрейк флотилиясы Тынық мұхитқа желкен керуі сол-ақ екен, алай-түлей дауыл соқты.Бір кеме із-түссіз құрдымға кетті,екіншісін сұрапыл жел бұғазға айдап тықты, ол Атлант мұхитына бас сауғалап,Англияға қайта оралды,үшіншісін өртеп жіберуге тура келді.Аман қалған «Бірқазан»кемесі Тынық мұхитын басып өтіп, «Алтын марал» деген атауға ие болды.Екі ай бойы соққан дауыл оны алыс оңтүстікке тықсырып тастады.Қазанның аяғында теңізшілер оңтүстікте «ең алыс»аралды байқады. Еркін су кеңістігін ашу Дрейкке Отты жердің құпия оңтүстік материктің шоқысы емес, шексіз теңіз ағылып жатқан аралдар шоғыры екендігін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Антарктида ашылғаннан кейін оның Отты жермен арасындағы өткелі Дрейк бұғазы деп аталды. Дрейк испан кемелеріне шабуылдай отырып, тынықмұхиттық жағалауларды бойлай жүзді.Тынық мұхитты кесіп өткеннен кейін Молукк аралдарына шықты, және Африканы айналып өтіп, Англияға 1580 ж. қыркүйегінде оралды.Ол Англияның жылдық табысынан екі есе артық олжамен оралды.Осы жолғы сапары үшін Дрейкке рыцарьлық атақ берілді.
Қосымша... 12 жасында Дрейк сауда кемесіне қолбала ретінде жұмысқа тұрды.Кеме қожайыны жас шәкіртіне барынша көңілі толатын және өлім сәтінде оған кемесін табыстап кетті.Осылай 18 жасында Дрейк толық құқықты капитанға айналды.
8 - тақырып.
Абель Тасман
Голандық саяхатшы Абель Тасман (1603 - 1659) Аустралиялы Оңтүстік жарты шарды зерттеуге үлес қосқан.
Ол алғаш саяхатын 1639 жылы Маттис Кваста экспедициясы құрамында басталды. 1642 жылы 14 тамызда Нидерландыда Үнді мұхиты арқылы
Оңтүстік жарты шарды зерттеуге шықты. 1462 жылы 8 қарашада Тасмания аалы, 13 - ші желтоқсанда Жаңа Зеландия аралдарын ашты.
Тасман саяхаты оңтүстік жарты шарда Того, Фиджи аралдарын ашқандағы туралы мағлұмат беру.
9 - тақырып.
Джеймс Кук
Джеймс Кук (ағылш. James Cook , 7 қараша 1728 ж., Мартон, Йоркшир - 14 ақпан 1779 ж., Гавайи аралы) - ХҮІІІ ғасырдағы атақты ағылшын әскери теңізшісі, зерттеуші, картограф. Әлемдік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедиция басқарған. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты.
Өмір баяны
Джеймс Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді, онда қожайынымен келісе алмай, тас көмір таситын ағылшындардың кемесіне қызметке орналасады. Екі жылда ол белгілі көмірші болды. Кукке Голландиядан, Норвегиядан шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізіне жүзіп, Санкт-Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды.
Жеті жылға созылған ағылшын - француз соғысы кезінде Кук өзі сұранып, бір әскери кемеге матрос болып орналасады, бұл кеме командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан соғыстарға жібереді. Ол өзеннің тереңдігін өлшеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да, Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады.
Бұл кезде Кук геометрия, астрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Куктың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындайды. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд [[]]аралының бас гидрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция ұйымдастырды. Жеті жылдық соғыстан кейін, Англияның Атлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедиция жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитында испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын.
1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында - географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук Жаңа Зеландия, Аустралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771жылы 12 шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды.
1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады.
1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 39-35'шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар суын зерттеп, 58 - 60 градус оңтүстік ендік бойымен 97 - 147 градус шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді.
Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774 жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д.Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.
10 - тақырып.
Витус Беринг
Беринг (Berіng) Витус Ионассен
(12.8.1681, Дания, Хорсенсе қаласы - 8.12. 1741) - орыс теңізшісі. 1703 ж. Ресей Әскери-теңіз флотына қызметке шақырылған.
-
1704 - 24ж.Балтық және Азов флоттарында қызмет істеген.
-
1724 ж. Петр І нің бұйрығымен Орыс флотының 1-ранглі капитаны қызметіне алынған.
-
1725 ж. Азия мен Америка аралығындағы бұғаздың бар-жоғын анықтау мақсатын көздеген. Беринг Камчатканың шығыс жағалауы мен Чукот түбегінің оңтүстігін, шығыс жағалауын айнала жүзіп, 67018' солтүстік ендікке дейін жеткен. Бұл сапарда Әулие Лаврентий, Әулие Диамид аралдарын, Азия мен Америка аралығындағы бұғазды (кейіннен Беринг есімімен аталған), Дежнев мүйісін ашты.
-
1732 ж. 2-Камчатка экспедициясын басқарды. Экспедиция география тарихындағы елеулі оқиға болды. Зерттеу нәтижелері мен карталары негізінде Берингтің 30-дан аса ғылыми еңбегі жарық көрді.
Беринг 1742 ж. 8-желтоқсанда Тынық мұхиттағы елсіз аралда қайтыс болған. Сол арал мен өзі ашқан бұғаз, теңіз Берингтің есімімен аталған.
11 - тақырып.
Беллинсгаузен мен Лазаревтің саяхаты
Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен - (1778 - 1852) орыс теңіз саяхатшысы, адмирал. Эстонияның Эзель қаласында туған. Михаил Петрович Лазарев (1788 - 1851) орыс флотшысы, адмирал. Ресейдің Владимир қаласында, дворян жанұясында дүниеге келген.
1819 - 1821 жылдары «Восток» кемесінің командирі Беллинсгаузен мен «Мирный» кемесінің командирі Лазарьев басқарған экспедиция саяхаты нәтижесінде 1820 жылы Антарктида материгін, Петр І - нің есімімен аталған аралды, Тынық мұхиттың тропикалық бөлігіндегі бірқатар аралдардың саяхат нәтижесінде ашылғандығын айту.
Оқушыларға Беллинсгаузен мен Лазарев есімімен аталған жерлер туралы айту.
12 - тақырып.
Руаль Амундсен
Руаль Амундсен норв. Roald Engelbregt Gravning Amundsen
(1872-1928) - норвег саяхатшысы. Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 20 жасында Кристияния қаласындағы университеттің медицина факультетін бітіреді.
1894 - 99 жылдары аралығында бірде матрос, бірде штурман болып әр түрлі кемеде жүзген. 1903 жылдан бастап көпшілікке әйгілі болған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1903-1906 жылдар аралығында "Йоа" кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан (1910) "Фрам" кемесімен Антарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген - Солтүстік полюс - Аляска бағыты бойынша "Норвегия" дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды. Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып "Латам" гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар.
Шығу тегі. Отбасы
Амундсендер тегінің генеалогиясы XVII ғасырдан бастау алады: оның ата-бабалары Асмалёй аралынан шыққан шаруалар болған. Руальдің үлкен атасы Шебергтен жер сатып алуға мүмкіндігі жеткен. Руальдің атасы Амундсен тегін алған алғашқы адам болған, ал әкесі - Йенс Амундсен (1820-1886) - 12 баланың 4-шісі болған. Аға-інілі Амундсендер теңіз саудасымен айналысқан және Боргедегі жалпы жеке қонысқа ие кеткен. 1880-ші жылға қарай отбасы иелігі 20 кемелер мен қайықтарға және жеке кеме шығаратын жайға дейін жетеді.
Йенс Амундсен Қырым соғысы арқасында байіды. Ол соғыс кезінде ағылшын және француз әскерлеріне бидай мен сабан тасыған; оның «Феникс» кемесі Севастопольді қоршау кезінде ағылшын офицерлерін орналастыруға пайдаланылған[4]. 1866 жылы Қытайдан Кубаға қарай қант плантацияларына 300 қытайлық кулилерді тасыған[5].
1863 жылы,43 жасында атқамінер Ханн Хенрик Густав Салквисттің қызын әйел ретінде алған. Оның отбасында 4 ер-бала туылған-олар:Йенс Уле Антони (лақап аты «Тони»), 1866 жылдың қаңтар айында теңізде қытайлық кулилерінің бунты кезінде туылған. Кәсіпкерлікпен айналысқан және маргарин мен құрғақ сүттішығару жаңа технологиясын ойлап тапқан.
Густав Салквист, 1868 жылдың 7 маусымында туылған. Әскери білім алған,1902 жылы лейтенант званиясына дейін көтерілген.
Леон, 1870 жылдың 4 қыркүйегінде туылған. Коммерциялық гимназиясын бітірген, 1892 жылдан бастап Францияда тұрған. Францияда шарап саудасымен айналысқан.
Руаль, 1872 жылдың 16 шілдесінде туылған.
Саяхат барысы
Амундсен поляр сапарларының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - поляршылардың кемені дұрыс басқара алмағандығынан екендігін білді. Ол капитан шеніне емтихан тапсырды, кейіннен күрделі міндетті абыройлы атқарды: Атлант мұхитынан Тынық мұхитына және Канада Арктикалық аралдар шоғырына жүзіп өтті (1903-1906 жж.)
Келесі міндет - Солтүстік полюс, бірақ қосын әзір тұрған кезде американдықтардың полюсті бағындырғаны туралы хабар келді.
1911 ж. 14 желтоқсанында Амундсен ағылшын Роберт Скотты бір ай артқа тастап, Оңтүстік полюске жетті.
1918 ж. жазында батыл саяхатшы Сібір жағалауларын бойлай Солтүстік теңіз жолымен жүріп өтті және Солтүстік Атлантикадан Тынық мұхитқа апаратын екі жолды кемемен жүзген алғашқы адам болды.
1926 ж. төрт жылдық дайындықтан кейін ол Солтүстік полюс арқылы Шпицбергеннен Аляскаға дейін дирижабльде ұшып өтті. Бұл дирижабльді итальяндық конструктор және поляр саяхатшысы Умберто Нобиле құрастырып шығарды. Ұшудың жетекшілері - Нобиле мен Амундсенді қосқанда, 16 адам дирижабльге орналасты.
1928 ж. 18 маусымында Руаль Амундсен Нобиле қосынын іздеу үшін «Латам» гидроұшағымен жолға шықты. Нобиленің дирижаблі «Италия» Солтүстік Мұзды мұхитында апатқа ұшырады. Амундсен іздеу кезінде экипаждың бес мүшесімен бірге қаза тапты. Нобилені швед ұшқышы Лундборг құтқарып алды, итальяндық конструктордың сапарында аман қалған мүшелер «Красин» атты кеңістік мұзжарғыштың бортына жеткізілді.
Норвегияның ұлттық батыры, атақты саяхатшы Руаль Амундсеннің есімімен теңіз, шығанақ, тау, мұздық, Антарктидағы американдық ғылыми бекет («Амундсен-Скотт»), Солтүстік Мұзды мұхитындағы шығанақ пен шұңғыма аталады.
13 - тақырып.
Миклухо - Маклай
Миклухо-Маклай Николай Николаевич (1846-1888) - орыс саяхатшысы, антрополог, этнограф және биолог.
-
Николай Николаевич Миклухо-Маклай 1846 жылы шілде айының 5-де Ресей империясы, Новгород губерниясы, Борович ауданы, Рождественское селосында туған.
-
1863 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен. 6 айдан кейін студенттер қозғалысына қатысқаны үшін одан шығарылып, Гейдельберг (1864),Лейпциг (1865) және Йен (1866 - 1868) университеттерінде жаратылыстану мен медицинадан дәріс алған
1871- 1880 жылдары Оңтүстік-шығыс Азия, Австралия елдерінде және Тынық мұхит аралдарында антропологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізіп, антропология мен этнография ғылымында үлкен із қалдырды. Ғылымда тұңғыш меланезия антропология типін сипаттап жазады, адамзат нәсілдерінің түр жағынан біртұтастығын және бір-бірімен туыстас екендігін, "төменгі" және "жоғарғы" нәсілге бөлудің ғылыми негізсіз екендігін дәлелдеген.
Маргарита Миклухо-Маклай балаларымен. Санкт-Петербург. 1888 ж.
Экспедициялары
Н.Н.Миклухо-Маклайды Жаңа Гвинея жағалауына әкелген орыс корветі "Витязь".
Н.Н.Миклухо-Маклай экспедициялық киімімен. Фотосурет 1870 жылдардың басында түсірілген.
-
1866 - 1867 жылдары Канар аралдарына және Мароккоға саяхат жасады.
-
1867 жылы Қызыл тау жағалауында, теңіз фаунасын зерттейді.[1]
-
1871-1874 жылдар - Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс жағалауы.
-
Миклухо-Маклай 1871 жылы 20 қыркүйекте "Витязь" (капитаны Назимов) атты орыс корветімен (ерте замандағы үш діңгекті соғыс кемесі) Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Астролябия шығанағына келіп кіреді. Алғаш рет жергілікті тұрғындар папуастармен танысады. 27 қыркүйектекорвет "Витязь" кейін қайтады.
-
1 қазан күні папуастар деревнясына алғашқы қадамын бастаған Миклухо-Маклай 2,5 жыл олардың арасында тұрып, зерттеулерін жүргізеді, сонымен қатар Бютензоргте (Богор), Явада, Папуа-Ковиайда болады.
-
-
1875-1877 жылдар - әртүрлі ендіктегі саяхаттары:
-
1874 жылдың аяғында Миклухо-Маклай Малакк (Малай) түбегінің түкпіріне саяхат жасап, ғалымдар арасында ежелден пікірталас тудырған түбектегі меланезиялықтарға жатпайтын "оран-утан" ("орман адамдары") деген халықты іздеп, зерттейді.
-
1976 жылы Океания аралдары -Яп және Палауға барады.
-
-
1879-1881 жылдар - Австралия.
-
1882-1883 жылдар - Ресей мен Еуропа.
Еңбектері
5 томдық (6 кітап) шығармалар жинағы (Издательство АН СССР, 1950-1954) 2 томдық - "Путешествия" (М.- Л.,1940-1941)
Есімі берілген жерлер
-
Ресей ҰА Этнография институты.
-
Жаңа Гвинеяның солтүстік-шығыс жағалауы "Миклухо-Маклай жағалауы" деп аталады.[3]
-
Астероид
-
Теплоход
-
Ресейдің Новгород облысында ескерткіштер орнатылған
14 - тақырып.
Джон Кабот
Джова́нни Кабо́то (итал. Giovanni Caboto, 1450, Генуя - 1499), ел арасында Джон Ка́бот (ағылш. John Cabot) ретінде белгілі болған - итальяндық теңізші жəне ағылшын жеріндегі көпес,Канаданың жағалауын алғаш зерттеген.
Азияға саяхаты
Генуяда дүниеге келген. 1461 жылы оның отбасы Венецияға көшеді. Венециандық сауда компаниясына қызмет еткенде Кабот Таяу Шығыстан үндіс тауарларын əкелуге барады. Меккедеболады. Арабтардың түсіндіруінен Кабото дəмдеуіштердің Үндістанның солтүстік-шығысындағы елдерде жасалатынын білді. Жерді шар тəріздес деп есептейтіндерді қолдаған Кабото үндістердің солтүстік-шығысындағы мемлекеттер итальяндықтардың солтүстік-батысында деген қорытындыға келді.
Ньюфаундлендті ашуы
1494 жылы Кабот Англияға көшеді. Дəл осы жерде оның есімі ағылшынша айтылып, Джон Каботқа айналады. Бристольдық көпестер Колумбтың жаңалығы жайлы естігеннен кейін экспедиция жасақтап, оның басшылығына Джон Каботты тағайындайды. Ағылшын королі, VII Генрих Кабот пен оның ұлдарына жазбаша түрде барлық аймақтарда, орындарда жəне Шығыс, Батыс, Солтүстік теңіздерінде жүзуге рұқсат берді.
Қорыққан бристольдік көпестер оған «Мэтью» атты тек бір кемені жасақтап беріп, 18 адамды экипажға қалдырды. 1497 жылдың мамыр айының 2 немесе 20 жұлдызында Кабот Бристольдан батысқа қарай жүзіп шықты. 24 мамырдыңтаңында Кабот Ньюфаундленд аралының ұшына жетіп, бұл жерді Терранова деп атады. Жағалаулардың бірінде ол кемеден түсіп, жерді ағылшын патшасының меншігі деп жариялады. Одан кейін Кабот оңтүстік-шығысқа жүзіп, теңізденбалықтың үлкен қорын байқайды. Осылайша, Үлкен Ньюфаундлендтік банка, əлемдегі балық шаруашылығы ең жақсы дамыған аймақтардың бірі ашылды. 20 шілдеде Кабот Англияға жол тартып, 1497 жылдың 6-тамызында Бристольге жетті.
Кабот өзі тапқан балық қорларын дұрыс бағалаған болатын, Бристольда ол енді ағылшындықтардың Исландияға барып балық ауламауына болатындығын жариялады. Ал Англия азаматтары Кабот «Үлкен балықтар елін» тапты деп есептеді (Қытайды Батыста солай атайтын).
Америкаға екінші саяхат
1498 жылдың мамыр айының басында Бристольден Кабот бастаған екінші экспедиция, 5 кемеден тұратын флотилия шықты. Тарихшылардың болжамы бойынша, Кабот жолда дүниеден өтіп, кемелерді басқару оның ұлы Себастьян Каботқа өткен.
Екінші экспедиция жайлы білетініміз бірінші экспедициядан да аз. Айқын болған тек бір факт - 1498 жылы кемелер Солтүстік Америка құрлығына жетіп, оның шығыс жағалауы арқылы өтіп, оңтүстік-шығысқа бет алғандығы. Себастьян Кабот кері бұрылып, дəл сол 1498 жылы Англияға оралған.
Екінші Кабот экспедициясының географиялық жетістіктері жайлы бізге ағылшын емес, испандық дереккөздер мəлімет береді. Хуан Ла Коса салған картада Эспаньола мен Кубаның солтүстігі мен солтүстік-шығысында ұзақ жағалаулықбойлық өтеді. Бұл бойлық бойындағы өзендер мен географиялық орындардың атауы, «ағылшындар ашқан теңіз» деп аталған бұғаз бен бірнеше ағылшындық тулар да осы картада бейнеленген.
15 - тақырып.
П.П. Семенов - Тянь Шаньский
Семенов-Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович [2.(14). 1.1827, қазіргі РФ, Липецк облысы Чаплыгин ауданы Урусово с. маңындағы иелік - 26.2. (11.3.)1914, Санкт-Петербург] - Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873). Орыс География қоғамының вице-төрағасы (1873 - 1914).
Санкт-Петербург университетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1848). 1851 ж. Дон бойының флорасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады. 1853 - 55 ж. Германия, Швейцария, Италия, Францияның географиясын, геологиясы мен экономикасын зерттеді. С. 1856 - 1857 ж. Тянь-Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспед-лары (Ш.Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, М.Б. Певцов, Г.Н. Потанин, т.б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғыл. мекеменің құрметті мүшесі, 20 ғыл. қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов Тян-Шанский саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс-салтымен терең танысты. Уәлихановты Орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға атсалысты. Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.
Тянь-Шаньды зерттеу...
Тянь-Шань - Орта және Орталық Азиядағы таулы жүйе. Орталық Тянь-Шаньға өрлеген алғашқы еуропалық ғалым-зерттеуші Петр Петрович Семенов болатын.1856 ж. бастап ол осы ауданға бірқатар күрделі сапарлар ұйымдастырды және өзінің ғылыми ерлігі үшін Тян-Шандық деп аталу құқығын иеленді. 1853 ж. өзінде Семенов құпиясы мол Тянь-Шаньға өрлеуді мақсат тұтты.Ресей сыртқы істер Министрлігі азиялық елдерді «географиялық ғылымның жаулап алуынан» қызғанышпен қорыды, бірақ бәрібір ғалымға Алтай мен Қырғыз даласында болудың сәті түсті. 1856 ж. Семейден Семенов Балқаш көліне дейін жетті.Ол өзінің «кебір ұшы» Алакөлмен бірге ортаазиялық қыраттарды біртектес қырғыз даласынан бөліп жатқан Балқаштың оңтүстік-шығысында ол оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан, «көз қарықтырардай... мәңгілік қар құрсауындағы» асқар таулардың тізбегін көріп, оны Жоңғар Алатауы деп атады. Осы шоқылардан әрі қарай «төмен және ыстық» Іле өзенінің алқабы басталды. Оны жүріп өтіп, ғалым Верный (қазір бұл Алматы қаласы) қаласына тоқтады. Осы жылы зерттеуші Ыстықкөл жағасына ат шалдырды: «Оңтүстіктен көз ұшына дейін ... Ыстықкөлдің көк суы... қар алып қар тізбегімен құрсанған», - деп сипаттайды өз әсерін Семенов. Бұл оның «қиялындағы Тянь-Шань» - Теріскей Алатауының шоқысы болатын (Батыс Тянь-Шаньдағы таулы шоқы). Теріскей Алатауының асуынан ол ертегідей табиғат көрінісіне сүйсіне көз тастады. Оның алдында «көрініп тұрған ең ұлы асқақ таулы қыраттар мұнартты. Ол жоғары-төмен жайылған қармен жабылған. Дәл ортасында дара, жылдам өзінің алып ұзындығымен бас айналдыратын аппақ өткір шыңды пирамида көзге шалынады» - ұзақ уақыт бойы Тянь-Шаньның ең жоғарғы нүктесі (6995) болып есептелген Хан Тәңірі осы болатын. Сарыжаз өзенінің алабына түскен ол өзеннің бастауына дейін жетті, алдынан қарсы алған мұздықтарды тамашалаған соң, Верныйға қайтып оралды.
16 - тақырып.
Николай Михайлович Пржевальский
Пржевальский Николай Михайлович[1]
(31 наурыз(12 сəуір). 1839, Ресей, Смоленск губ.
Кимборово ауылы - 20 қазан(1қараша). 1888, Қырғызстан, Қарақол қаласы) - Орталық Азиянызерттеуші орыс саяхатшысы. Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1878), генерал-майор (1886). Петербург Бас штаб академиясын бітірген (1863). 1864 - 67 ж. Варшава юнкерлер уч-щесінде оқытушылық қызмет атқарды. 1867 - 1869 ж. Уссурий өлкесіне саяхат жасады. 1870 - 1885 ж. Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастырған 4 экспедициясын басқарды. поэтика Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты кезінде Ыстықкөлдің жағасында қайтыс болды. поэтика бұрын ғылымға беймәлім Гоби, Ордос, Алашань, Такла-Макан, Цайдам шөлдеріне сипаттама жазды. Наньшань, Куньлунь, Солтүстік Тибет тау жүйелерінің орнын анықтап картаға түсірді; Гумбольдт, Риттер, Колумб, Алтынтаг, Мәскеу, т.б. жоталарды, бірнеше көлді ашты. Қытайдың ұлы өзендері Янцзы мен Хуанхэнің бастауына жетті. 231 пункттің абауылы биіктіктері мен 63 астрон. пункттің орны анықталды; жануарлар мен жәндіктердің 7,5 мыңнан астам түрлері сипатталып жазылды, 18 мың өсімдіктер және көптеген минералдардың бағалы коллекциялары жиналды. Жабайы түйе мен жабайы жылқы (кейіннен Пржевальский жылқысы деп аталды) ашылды. 1886 ж. Петербург ҒА П-ді "Орталық Азия табиғатын тұңғыш зерттеушіге" деген арнайы дайындалған алтын медальмен марапаттады. поэтика есімімен Куньлунь тау жүйесіндегі жота, Моңғол Алтайындағы мұздық, Аляска түбегі мен Куриль аралындағы мүйіс аталған. Үздік геогр. зерттеу жұмыстарын марапаттауға поэтика атындағы сыйлық, алтын және күміс медальдар тағайындалған. П-ге Санкт-Петербургте және Ыстықкөлдің жағасындағы қабірінің басына ескерткіш қойылған. Шығармалары: Записки по всеобщей географии для юнкерских училищ, Варшава, 1867; От Кульджи за Тянь-Шань и на Лобнор, М., 1947; Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Желтой реки, М., 1948; От Кяхты на истоки Желтой реки, М., 1948.
Жасаған саяхаты туралы... 1870 ж. Орыс географиялық қоғамы Орталық Азияға экспедиция ұйымдастырды.Моңғолия мен Қытайдың шөлдерімен және тауларымен экспедиция жетекшісі Пржевальский 11800 шақырым жерді басып өтті.Ол Гоби, Ордос және Алашан шөлдерінің ,солтүстік Тибет таулы аудандарының,Цайдам шұңғымасының егжей-тегжейлі сипаттамаларын жасады.Сонымен қатар алғаш рет Орталық Азия картасына жиырмадан астам шоқыларды,жеті ірі және бірқатар ұсақ көлдерді енгізді.Ол еуропалықтардың арасында алғаш рет солтүстік Тибеттің ішкі аймақтарына дейін тереңдеп барды. Кешікпей Пржевальский екінші саяхатына шығуға бел байлады.Оның жолы Тянь-Шань мен Тарым өзені арқылы Лобнор көліне дейін жетті. Үшінші саяхатына ол 1879 ж. Тибеттегі Нань-Шань арқылы аттанды және Көгілдір өзен аңғарына шықты.Осы сапары кезінде ол ғылымда әлі беймәлім болып келген жылқылардың түрін сипаттады,бұлар кейіннен оның құрметіне Пржевальский жылқысы деп аталды. 1883-1886 ж.ж оның төртінші саяхаты ұйымдастырылды:Тибетті басып өтіп,Сары өзеннің бастауын зерттеді,осы жерден Қаракөл қаласына (қазіргі Пржевальск) қарай жүрді.1888 ж. Пржевальский Самарқанд арқылы орыс-қытай шекарасынан келіп шықты,осы жерде аң аулап жүріп сүзек дертіне шалдықты.Кешікпей ғалым көз жұмды.Ұлы саяхатшыны Ыстықкөлдің жағасына жерледі.Орыс географиялық қоғамы Н.М.Пржевальский атындағы алтын медаль тағайындаған . Қосымша: Н.М.Пржевальский Тибеттің тарихи шаһары-Лхасаға баратын жолды тапты.Бірақ ол қала маңына жақындай алмады:оның жасағы Тибет билеушісі Далай-ламаны ұрлап әкету үшін жіберілген деген дақпырт тарады. Шығармалары: Записки по всеобщей географии для юнкерских училищ, Варшава, 1867; От Кульджи за Тянь-Шань и на Лобнор, М., 1947; Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Желтой реки, М., 1948; От Кяхты на истоки Желтой
17 - тақырып.
Шоқан Уалиханов
Өмірбаяны
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары - Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игі жақсыларымен бірге
Кадет корпусы
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді.Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.
Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", - деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді.
Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" - деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", - деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады.
Қызмет жолы
Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.
Орынбор
Уәлиханов (солдан) мен Достоевский (оңнан) 1858 жылда
1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады.
1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады.Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейінҚұлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.
Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.
Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.
Петербургте болған кезінде (1859-1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.
Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады.
Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды.
Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру
жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы
мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө- ші-қоны туралы», «Сот
реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған
әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа
созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік
жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.
Манас дастаны
Қашғарияға сапары
1858 - 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.
Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.
1864 жылы наурыз айында
Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.
Өлкетану өрісі
Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан мазары, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне сипаттма берген. Ер Едіге, Қойлыбай бақсы, Байғозы, Жаулыбай және Оразымбет (Оразай) батырлар жайлы құнды тарихи деректер қалдырған.
Шоқан және Достоевский
Шоқан және Абай
Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді.
Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады.
Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады[2][3][4]
Шоқан Уәлиханов шығармалары
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский:
«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150-дей сурет қалған.
Ш.Ш. Уәлиханұлы, 1965 КСРОпошта маркасы, (ЦФА тізімдемесі № 3154, Scott № 2971B)
Ш.Ш. Уәлиханұлы, 2010Қазақстан пошта маркасы
Психологияда қалдырған ізі
Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны - халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды", - деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады.
Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі - сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, - деп жазды ол, - бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы - терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады.
Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін баса айтты. Ол мұндай "кәсіппен" айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, жан-жүйесі жұғымсыз, ұсқынсыз келеді. Белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, зор ынтаны керек етеді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, осынау жексұрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталды.
Шоқан Уәлиханов атындағы
-
Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты
18 - тақырып.
Александр Гумбольд
Гумбольд Александр (14.9.1769 - 6.5.1859)-неміс ғалымы, Берлин FA-ның мүшесі (1800), Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі. 1829 ж. Қазақ даласын аралады. Өскемен менБұқтырмада, Ертіс жағалауында, Семейде, Петропавлда, Оралда, қыр өлкесінің ≪астаналары≫ Омбы мен Орынборда, Каспий теңізі мен Эльтон көлінде болды. Каспий теңізі суының химиялық құрамын анықтауға, ондағы балықтар мен жануарлар дүниесіне баса назар аударды. Экспедициясының Каспий теңізі туралы микро-биология, зоология, геология мәліметтері ғылымның жаңа тарауы - көлтану саласына қосылған құнды үлес болды. 1829 жылдың қазан айында Астрахан қаласынан прус армиясының генералы Р.Шеллерге жолдаған хатында ≪Мен Орынбор маңындағы далада ат жарысы мен музыкаға қабілетті қазақ мейрамының жарқын да жақсы әсер қалдырғанын айтқым келеді≫ деп жазды. Ғалым құрметіне ұйымдастырылған бұл ойын-сауыққа шекаралық комиссия төрағасы, қазақ даласын зерттеушілердің бірі генерал Г.Ф. фон Генстің шақыруымен қазақтың талай өнерпаздары, жайсаңдары, хан-сұлтандары келген. Ғалым еліне жолдаған кезекті бір хатында Ішкі орда ханы Жәңгір Бөкеевпен кездескенін, оның ≪өте білімді адам екендігін, орыс, парсы, араб тілінде сөйлейтіндігін≫ айтқан. Гумбольд қазақтар туралы жарық көрген еңбектерді қадағалап отырды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ғалым Қазақ даласы жөніндегі зерттеулерін тоқтатпады. 19 ғасырдың 50-60 жылдарында Гумбольд еңбектерімен Шоқан Уәлиханов жақсы таныс болды.
Университетте Гумбольдт қызығушылықпен білім алды, экономиканы, медицинаны, физиканы, математиканы, тарихты, ботаниканы, әдебиетті, шет тілдерін және көптеген пәндерді оқып білді. Сауда академиясында ол сауда-саттық жөнінен дәрістер тыңдады. Қызметке кіріскен кезде де өзінің ғылыммен шұғылдануын тастамады.
Мұрагерлікке ие болған кезде ол қызметінен бас тартып,ақыры саяхатшы,беймәлім жерлерді зерттеуге бел буды.Ол Оңтүстік полюске жасалатын экспедицияға қатысуға ниеттенді,бірақ бұл ойы жүзеге аспады. 1799 ж. Гумбольдт алты жылға созылған саяхатқа аттанды. Ол Ориноко, Куба және Мексика өзендерінің аңғарларын зерттеді, Чимборасо жанартауын бағындырып, 6 мың шақырым биіктікке шықты (сол кездегі альпинистика бойынша әлемдік рекорд).Ғалым жинаған кеппешөптің ішінде 6 мың өсімдіктер бар еді, оның жартысы ғылымда әлі зерттелмеген, Гумбольдт пен оның жолсерігі, географ әрі ботаник Эме Бонпланның жолын тосқан қауіп-қатерлерді санамалап тауысу мүмкін емес. Олар жанартаулардың атқылауы мен метеоритті жаңбырларды бақылады, жер сілкінісіне ұшырап, құжынаған қолтырауындар мен жыртқыш балықтары бар өзендерде қайықтан аударылып қалды.
1804 ж.Оңтүстік Америкаға жасаған сапарынан оралып, Гумбольдт отыз томдық есеп дайындады, оның ішіне мың жарымға жуық суреттер қосылды.Осыдан кейін ол өзін тұтастай ғылымға арнап, XIX ғ. ең жан-жақты ғалымға айналды. 1829 ж. Гумбольдт Ресейге келді. Оралда,Алтайда болды, Каспий теңізін тамашалады. Кейінірек ғалым барлық ғылыми білімін «Ғарыш» атты естелік-намасында жалпылауға тырысты, бұл еңбектің бесінші томы аяқталмай қалды. Гумбольдт ғылым тарихымен, астрономиямен, жаратылыстанудың барлық саласымен шұғылданды. Географияның климатология, океанография, картография, өсімдіктер географиясы сияқты салаларының негіздерін салды. Көзі тірісінде-ақ оны екінші Колумб пен жаңа Аристотель атап кетті және ұлы саяхатшы-табиғат зерттеушісіне балады. Оның құрметіне Оңтүстік Америка жағалауындағы ағыстарға (біздің картамызда Перуандық деп аталады), өзендер мен
таулар, қалалар мен аралдарға, сонымен бірге Айдағы кратерге есімі берілді.
XVIII ғ. соңында Оңтүстік Америкаға сапары үшін Испания патшасының жеке рұқсаты қажет болды. Гумбольдт аяқ астынан патшамен кездесіп қалды-және сол сәтте-ақ бағалы келісімге қол жеткізді!
19 - тақырып.
Скот Роберт Фолкон
Ұлыбритания офицеры - Скотт Роберт Фолкон
Скотт (ағылш. Robert Falcon Scott) Роберт Фолкон (6.6. 1868, Девонпорт - 30.3.1912 ж. ш.) - Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын басқарып, "Дискавери" әскери кемесімен Антарктидаға аттанды.
1901 - 04 ж. аралығында Виктория жерін, Росс түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп, Эдуард VІІ түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82Ә17о. е-ке дейін жетті. 1910 ж. 15 маусымда "Терра Нова" кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай аттанды. 1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р.Амундсеннен 33 күннен кейін төрт серігімен бірге Оңтүстік полюске жетті. Қайтар жолда серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі мұздық, Тынық мұхиттың оңтүстігіндегі арал, Виктория Жеріндегі жаға, т.б. аталады.
1912 жыл, қантардың 18. Скотт саяхатының соңғы суреті. Солдан оңға қарай: Лоуренс Оутс, Генри Боуэрс, Эдгар Эванс, Роберт Скотт, Эдвард Уилсон.
20 - тақырып.
Афанасий Никитин
Орта ғасырлардағы саяхаттар жөнінде әнгіме жүргізгенде,орыс көпесі Афнасий Никитиннің Үндістанға жасаған "кезбесі"түседі.Ол алыс жерлерде табаны тиген алғашқы орыс жиhанкездері мен теңізшілердің қатарында мәртебелі орын алады.Никитин Алдыңғы Азия елдеріне Марко Полодан 200жыл кейін барды,теңізді Ормуздан Үндістанға дейін жүзіп өтті,одан бұрын еуропалықтар мүлде болмаған Үндістанның ішкі аудандарына барып кайтты.
Каспий маңындағы Кавказдағы Ширван хандығының елшісі Хасан-Бек 1468 жылдың басында Мәскеуге келгенде Никитиннің алыс сапарға аттануына мүмкіншілік туды. Мәскеу мен Тверь көпестері еліне қайтып бара жатқан елшінің керуенімен бірге Каспий мемлекеттері мен Парсы елінде сауда жасау мақсатында еріп барды. Бірнеше кеме болып 30 жуық көпестер жолға шықты. Елші және көпестердің кемелері Астраханға дейін аман - есен жетті. Бірақ Астрахан маңында кемелерге татарлар шабуыл жасап, оларды тонады. Бүкіл керуеннен екі-ақ кеме аман қалды.
Еділ сағасынан олар Дербент қаласына бағытталды. Жолында Хвалын (Каспий) теңізінде қатты дауыл соғып, бір кеме жағаға соғылып қирайды, ал екіншісін жергілікті тайпалар тонап, талқандайды.
Көпестерден тауарларды несиеге алған Никитин туған жеріне құр қолымен қайта алмағандықтан ол Персияға барып, онда екі жылдан астам тұрды.
21 - тақырып.
Крашенинников Степан Петрович
Крашенинников Степан Петрович
Крашенинников Степан Петрович
(31. 10. 1711, Москва, - 25. 2. 1755, Санкт-Петербург) - орыс ғалымы, Камчатканы зерттеушi.
Академик (1750). 1724-1732 жылдары Москва славяк-грек-латын академиясында, 1732-1733 жылдары Санкт-Петербург университетiнде оқыды, Екінші Камчатка экспедициясына қатысты (1733-1743). 1733-1736 жылдары Сiбiрге саяхат жасады.
1737-1741 жылдары Камчатка түбегiн зерттедi. Осында жинаған материалдары негiзiнде «Описание камчатского народа» «О завоевании Камчатской землицы» деген алғашқы ғылми еңбектерін жазды. Бұл еңбектерiнде Камчатка түбегiнiң географиясы, экономикасы, халқы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, тiлi жөінде ғылми құнды деректерді келтіредi. Камчаткада Крашенинников есімімен аталатын арал, мүйiс, түбек, тау, көл бар.
22 - тақырып.
Генри Гудзон
Генри Гудзон (Хадсон) (ағылш. Henry Hudson; 12 қыркүйек 1570 жыл - 1611 жыл) - ағылшын саяхатшысы. Оның нақты туылған жылы белгісіз бірақ кейбір деректерге сүйене ол 1570 жылдың 12 қыркүйегінде Лондонда дүниеге келген. Шамамен 1611 жылы кеме апатында Канада жерінде дүние салған.
Саяхат
Гудзон алғашында «Мәскеу сауда компаниясымен» келісім жасасып, 1607 жылы 1 мамырда Англия жағалауынан шығады да, 13 маусымда Гренландияның Солтүстік жағалауында - 70 градус солтүстік ендікте болады. Американың солтүстік жағалауын өте ауыр жағдайда зерттейді. Оның ашқан жері кейін Гудзон бұғазы, Гудзон шығанағы деп аталды. Екінші рет жүзуіне олШпицберген аралына келіп, одан әрі Азияға өте алмай Англия жағалауына қайтып оралады. Енді Ағылшын көпестері Гудзонға қаражат бермеді, оның Солтүстік-Батыс, жолын ашам деген сөзіне сенбеді.
1609 жылы Голландиядан шыққан Гудзон кемесі Шпицберген, Жаңа Жер аралдарында болып, ол жерді зерттеді. Одан әрі солтүстік құрлықты жағалай жүзіп, Қытайға бармақ болды. Бірақ ол кезде, кейін Беринг ашқан, Азия мен Америка арасындағы бұғаз дүние жұзілік география ғылымына әлі белгісіз болатын. Оны суық Қар теңізі шығысқа өткізбеді. Гудзон Солтұстік Америка жағалауын 40 13 - қа дейін барып зерттеді. Ол Жаңа Амстердам қаласының іргесін қалады. Бұл қала кейін Нью-Йорк деп аталды. Гудзон кейінірек Гренландия, Солтүстік Америка жағалауын мұқият зерттеп картаға түсірді. Сөйтіп жүргенде әуелден Гудзонға қарсы болған матростар оны баласымен, жақын жолдастарымен ашық теңізге тастап кетеді. Содан, 1612 жылы ағылшын көпестері Солтүстік-батыс кеме жолын ашуға экспедиция ұйымдастырып, Гудзонды іздеді. Ағылшындар Солтүстік-батыс кеме жолын табуға тағы экспедиция жіберді. Бірақ экспедиция ол жолды таба алмады, тек солтүстік жағалауды зерттеп қайтты. Олар 70, 75 40′ солтүстік ендіке дейін зерттеді.
Генри Гудзонның 4-ші экспедициясы
Бүлік
1611 жылдың көктемінде жолы мұздан босаған соң оның ойы өз зерттеуін жаңарту болатын. Бірақ кеме мүшелері үйлеріне оралуды талап еткен. Содан 8 адам өз үйлеріне жол жүріп кетеді сонымен қатар 7 адамды кемеден түсіріп кетеді оның ішінде Гудзон және оның ұлы да бар. Оларға ешқандай су,тамақ қалдырмайды. Одан соң Генри Гудзон туралы еш хабар жоқ.
Генри Гудзонның соңғы саяхаты
23 - тақырып.
Мартин Бехайм
Мартин Бехайм 1459 жылдың 6 қазан айында Нюрнберг қаласында, дәулетті отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Венеция тауар әкелетін саудагер және қалалық сенат төрағасы еді. Мартин бала кезінен әкесіне көмектесетін, ал әкесі қайтыс болғаннан кейін 1474 жылы ол ағалары Леонардо және Йориус ван Дорппен Мехеленнен мата әкеліп Франкфуртте сатады.
1478 жылы Антверпен қаласына көшіп келеді. Осы қаладағы шеберханада ол арифметиканы үйренеді. 1484 жылы Бехайм алғаш рет Лиссабон қаласында болды. 1490 жылы Бехайм сауда жағдайына байланысты Нюрнберг қаласына қайта оралады. Сонымен қатар ол бұл қаладан анасының қалдырған мұрасын таппақ болады. Осы жерде ол Хольцшуэр деген азамат оған глобус жасауға ұсыныс жасайды. Мартин оған келіседі. Міне, олар осылай глобус жасауға кіріседі. 1492 жылы глобус дайын болады. Глобустың диаметрі 507 миллиметр, бірақ онда көлденеңі жоқ еді. Бірақ глобуста экватор сызығы, меридиандар, тропиктер көрсетілген еді.
Сонымен қатар глобуста әр түрлі елдер және олардың тұрғындарының суреттері бар еді. 1493 жылы Мартин Бехайм Португалияға барады. Содан соң ол Файал аралында сауда жасайды. 1507 жылы ол Лиссабонға келеді.
1507 жылдың 29 шілдесінде Мартин Бехайм қайтыс болады.
24 - тақырып.
Виллем Баренц
Баренц Виллем (1550, Амстердам - 20.6. 1597, Жаңа Жер аралы) - голландиялық теңіз саяхатшысы. 1594-1597 жылдары Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа (Қытай мен Үндістанға) шығатын солтүстік-шығыс теңіз өткелін іздеп табу мақсатымен Солтүстік Мұзды мұхитқа 3 рет саяхат жасаған. 1596-1597 жылдары Аюлы және Шпицберген аралын (орыстардан кейін) екінші рет ашқан. Қалың мұздан өте алмаған экспедиция Жаңа Жер аралының солтүстік-шығыс жағалауына қыстауға мәжбүр болып, сонда жыл бойы алғашқы ғыл. бақылаулар жүргізген, судың тереңдігін, температурасын, желдің бағытын, күшін, жер қыртысының беткі қабатының құрамын, т.б. анықтады. Астрономиялық өлшеулер жасап, шығанақтардың, мүйістердің және аралдардың орнын белгіледі. Жаңа Жердің батыс және шығыс жағалауының картасын сызды. Баренцтен кейін 3 ғасыр бойы бұл жерлерде ешбір саяхатшы болмаған. Ғылымға қосқан зор үлесі үшін оның өзі зерттеген Жаңа Жер мен Шпицберген аралдарының аралығында орналасқан теңізге, Шпицберген топаралындағы аралға, Батыс Шпицберген аралындағы кентке жәнеБаренцбург портына Баренцтің есімі берілген. [1]
Баренц теңізі жағасы
Виллем Баренцтің алғашқы сапары картасы
Баренц экипажы полярлық аюменкүресуде
Виллем Баренцтің үшінші сапары картасы
Баренц кемесі Арктика мұздары ішінде
25 - тақырып.
Томас Уитлам Аткинсон
Томас Уитлам Аткинсон (06.03.1799, Йоркшир - 13.08.1861, Кент қаласы) - ағылшын саяхатшысы, суретші.
1848 - 52 ж. Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Томастың 1858 ж. Лондонда жарық көрген "Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер" атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар.
1860 ж. "Амудария бойымен саяхат" атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан "барымта" дегеннің куәсі болдым дей келіп, "Түнгі ауылға шабуыл", "Аттылы қырғыздардың ұрысы" атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этногр. гравюралар, көп мағлұматтар қалдырды. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазды.
1848 ж. маусымда "көкжал" атанған Барақ сұлтан Шүрекұлымен (1813 ж.т.) кездеседі. Томас Аягөз өңірінде қазақ ақынымен жүздесуі туралы мынадай жолдар жазған: "Өткен өмірдегі батырлық туралы мына ақынның жырын бақташылардың ықылас қоя тыңдағаны соншалық, тіпті кезінде Гомер де мұндай ілтипатқа бөленбеген шығар. Қазақ ақынының өз халқына ықпалы Гомердің гректерге ықпалынан мысқалдай кем емес. Бастапқыда таулар мен далалардың сұлулығы, қазақтың сәйгүліктері туралы жырланғанда тыңдаушылар үнсіз-ақ отырған-ды, ал даңқты айқастар туралы жырлай бастағанында олардың жүздері өзгеріп сала берді. Тіпті кейбіреулері орындарынан атып тұрып айбалталарына жармасты... Міне, сауаты жоқ дала жырауларының өз бауырластарының жан-дүниесін баурап алар күші осындай. Оның шабытты өлеңдерін мен ұзақ тыңдадым". Томас дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаракөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс т. б.) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндайды. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат
болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді.[1][2]
26 - тақырып.
Григорий Николаевич Потанин
Г.Н.Потанин.
Григорий Николаевич Потанин (4 қазан 1835, Павлодар губерниясы Ямышево ауылы - 30 маусым 1920, Ресей, Томск қаласы) - Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы,географ, этнограф, фольклоршы.
-
1852 Омбы кадет корпусын бітірген.
-
1853-1858 Семей мен Омбыда әскери қызметте болды.
-
1859-1862 сонда жүріп, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болды. Петербург университетінің табиғаттану бөлімінде оқыды.
-
1861 жылы студенттік толқуларға қатысқаны үшін Сібірге жер аударылды.
-
1863-1864 ж. Зайсан көлі мен Тарбағатай тауын зерттеді.
-
1876-1877, 1879-1880 ж. Моңғолияның солтүстік-батысы және Туваға, экспедицияларға қатысты.
-
1884-1886 және 1892-1893 Солтүстік Қытай, Шығыс Тибет, Орта Моңғолия экспедицияларға қатысты.
-
1899 жылы Үлкен Хинганға шыққан экспедицияларға қатысты.
Г.Н. Потанин Орталық Азияға алғашқы саяхатын Н.М. Пржевальскийден бұрын 1863 жылы жасады. Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап, 36 жыл бойы, 1899 жылға дейін, ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді. Орыс География ғылымына көп еңбек етіп, үлкен жаңалықтар қосты. Ғалым, географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады. 1863 жылғы бірінші экспедициясында Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырын зерттеді, 1864 жылы - Тарбағатайды, бұдан кейін 1876 жылдан бастап Орталық Азияны зерттеуге кірісті. Ол 1876-1877, 1879-1880, 1883-1886, 1892-1893 жылдары саяхат жасады. Бұл экспедициялардың бәрінде де өзінің сүйікті зайыбы әрі көмекшісі А.В. Потанинамен бірге болады. Бұл экспедицияларда жиналған мәліметтер бұрынғы кеңес дәуірінде толқтырылып басылып шықты.
Григорий Николайұлы 1835 жылдын 22 қыркүйегінде қазіргі Павлодар
облысы, Ертіс жағасындағы Ямышев ауылында туды. Әкесі қызмет
бабында бастықтарға қарсы шыққандықтан сотталып қара солдат болып
төмендетілген казак-орыс еді. Ол түрмеде отырған кезде шешесі өліп
Г.Н.Потаниннің үй-ішіне үлкен ауыртпалық түседі.Азияның болашақ
атақты ғалымы бала кезінен өмірдің талай талқысын, жетімдікті,
жеткіліксіз өмірді басынан өткізеді.
Г.Н.Потанин жас кезінде Ертіс жиегіндегі Пресногор ауылында оқып,
полковник атағынан айрылған Эллизеннің үй-ішінде тәрбиеленеді. Одан
кейін Омскідегі кадет корпусына түсіп, оны 1852 жылы 17 жасында
бітіріп шығады. Жас офицерді Семей қаласындағы казак-орыс полкіне
қызметке жібереді. Семейде ол қазақ халқының өмірімен толық
танысады. Корпуста оқып жүрген кезде жан жолдасы Шоқан айтқан қазақ
халқының тарихы, әдет-ғұрпы, өмірі көз алдына елестеп, ғалымды
халық аузындағы бай аңыздар қызықтыра түседі.
Ғылыми еңбектер[өңдеу]
Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты еңбегін жазды. Потанин есімімен Наньшань тауындағы жота, Моңғол Алтайындағы мұздық аталған.[1][2]
Дереккөздер[өңдеу]
-
Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақстан": Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
-
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
27 - тақырып.
Джек Филлип
Джек Филлипс немесе Джон Джордж «Джек» Филлипс (ағылш. John George "Jack" Phillips, 11 сәуір 1887 жыл, Фарнкомб, Суррей, Англия - 15 сәуір 1912 жыл, Атлант мұхиты) - «Титаник»бортында болған аға радист және тарихта ең бірінші болып S.O.S. халықаралық құтқару туралы сигналын жіберген оператор.
Мансабы
Жас Джектің хор құрамында ән айтқанФарнкомбтағы шіркеу.
Джек Филлипс 1887жылдың 11сәуірінде Суррей графтығындағы Фарнкомб қаласында, кездеме дүкенінің үстінде орналасқан бөлемеде дүниеге келген. Оның әкесі, Альфред Филлипс, өзінің жұбайы Аннамен бірге осы дүкенді басқарды. Джек дүниеге келген кезде, отбасында 13 жастағы Элси және Этель егіз қыздар болған[1].
Алғашқыда ол шіркеу мектебінде оқып, кейін ұлдарға арналған жекеменшік мектепке ауысады. Джек өз оқуын 1902 жылы (15 жаста) аяқтады және Годалмингтегіпошталық кеңсеге телеграфист болу мақсатында ерікті болып жалданды. Ол 1906 жылдың наурызында Ливерпульден солтүстiкке қарай орналасқан Сифорт Бэрракстегі Marconi компаниясының радиооператорлар мектебiне оқуға жiберiлдi. Сол жылдың тамызында оқуын бітіріп, Джек Филлипс White Star Lineкомпаниясының «Тевтоник» атты кемесінде радист болып, өзінің алғашқы лауазымын алды[2]..
Кейін Джек Филлипс шағын ғана Клифден (Ирландияның батыс жағалауы, Голуэй графтығы) қаласының шетінде орналасқан Marconi станциясы операторыныңорнын алды. Онда ол Нова Скотиядағы Глейс Бейдегі (ағылш. Glace Bay, Nova Scotia) Marconi станциясына келген хабарламаларды алған және жіберген. Бірақ, Джектің сөзі бойынша оған яхталардағы радиооператоршының жұмысы онша жылдам емес, сондықтан, ол 1911 жылдың аяғына қарай теңізге оралды. Жаңа жылға дейін «Адриатикте» теңізді шарлап, ал кейін трансатлантикалық сапарларға ауысты. Жас болғанына қарамастан, минутына шамамен 39 сөз жылдамдықпен (радисттер үшін орташа жылдамдық, минутына 18 сөз) жіберген Филлипс тәжірибелі оператор деп танылған.
Джек Филлипстің жеке өмірі қызығарлықтай емес. Ата-анасының айтуымен, ол отбасылық достарының қызы Кэйтлин Бекске құдаласуына мәжбүр болды, бірақ екеуінің бір-біріне ешқандай сезімі болған жоқ. Джек өз досының балдызы Беатрис Феллонды көп жылдар бойы жақсы көрген және олар уақыт болғанда ғана, жасырынып кездескен.
1912 жылдың наурыз айында Джек «Титаникте» қызмет етуге тағайындалды және Англиядан ирландиялық Белфаст қаласына қоныс аударды. Сол кезде ол өзінің болашақ серігі Гарольд Брайдпен кездесті. Алып лайнердің радиостанциясы әрдайым операторлардың болуын талап етті. Сондықтан, олар Филлипстің 8.00-ден 14.00-ге және 20.00-ден 02.00-ге дейін кезекте болуына келісті. Тиісінше, оның жолдасы кезекшілікте 14.00-ден 20.00-ге және 02.00-ден таңғы сағат 08.00-ге дейін болған.
Апат
RMS Titanic лайнерінің апаты, Вилли Штёвер
Ол кезде радиотелеграф халық арасына түгелдей тарай қойған жоқ, оған туыстары мен достарына жіберіліп жатқан телеграммаларға жолаушылардың таңқалуы дәлел. Саутгемптоннаншықаннан кейін, радистерді жеке мәліметті бар хабарламалармен үйіп тастады. Нәтижесінде, хабарламалардың шамадан тыс жұмсалуынан, радиохабарлағыш бұзылып, Филлипске оны қайтадан жұмысқа қосу үшін, шамамен алты сағат қажет болды.
Брайдың есептеуі бойынша, жексенбілік кеште жіберілген және келген хабарлар саны шамамен 250-ге дейін жетті. Күніне 12-14 сағат жұмыс істеген және айына 30 доллар жалақы алғаноператорлар, байланысты орнату және әрбір хабарды бірнеше рет қайталаудан қатты шаршайтын болды. Осындай жағыдайда олар қырағылықты жоғалтып, басқа кемелерден келген ескертулерге жеткілікті назар аудармай қалғаны да болуы мүмкін. 21:40-та "Титаниктің" курсы бойымен тікелей жақындап келе жатқан мұздар туралы "Месаба" параходынан қабылданған хабарлар, лайнер капитаны Эдвард Джон Смиттің қолына түскен жоқ. Сондай-ақ, "Нордам" және "Америка" кемелерінен жіберілген ескертулер де назарсыз қалды. Кеме үшін аса маңызды болған телеграммалар жолаушылардың жеке хабарлары арасында қалды және қалжыраған оператор ұмытып кеткен еді. Соқтығысуға дейін бір сағат алдында «Калифорниэн» радисті С.Эванс, олардың мұз құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлауды талпынды, бірақ Джек Филлипс оны бөліп: «Аузын жап, аузын жап! Мен Рейс мүйіспен жұмыс істеп жатырмын!» деген. Өкінішке орай, "Калифорниэн" операторы хабарлама кезінде аса маңызды хабарламаларды белгілеу үшін қабылданған MSG белгісін қойған жоқ және жұмыспен үйілген Джек Филлипс, мүмкін оған үлкен зейін қойған жоқ.
Джек Филлипстің досы Гарольд Брайд
"Титаниктің" радистері үшін осы күннің қиын болғаны соншалықты, Гарольд Брайд өз жолдасын әдеттегіден 2 сағатқа ертерек босатуды келісті. Бірақ, радиотрубкада капитан Смиттің дауысы естіліп, лайнердің мұзтауға соғылғанын хабарлады және құтқару туралы сигналды жіберуге дайын болуға бұйрық берді. Капитан сыртқа шығып біраз уақытта қайта оралды, сонан соң радистерге «Титаниктің» координаттарымен қағазды беріп, Филлипске ережелермен қарасырылған апат сигналын жіберуге бұйрық берді.
Сол уақытқа дейін халықаралық апат сигналы ретінде қабылданған SOS коды баяғыдай негізінде Telefunken операторларымен қолданылған болатын, ал Marconi станциясымен жұмыс істеген ағылшын кемелердің радистері, CQD /Come Quickly Disaster/ сигналын жақтаған.
Сағат 00.15-те суға батып бара жатқан кемеден «CQD MGY/Titanic/ 41.46 норд 50.24 вест» сигналы жіберілген. «Ла Прованс» француз кемесі және ағылшындық «Маунтин Темпль» көмекке шақыру сигналын бірінші болып естіген. «Франкфурт» кемесі «О'кей. Күтіңіз» деп жауап берді - бірақ, ол тым алыс болған. Сонымен қатар, «Титаниктің» сигналдарын Рейс мүйісінің радиостанциясы, «Вирджиниэн» лайнері, «Бирма» орыс трампалық кемесі, тіпті Нью-Йорктегі Уонамайкер әмбебап дүкенінің шатырында. өзінің радиостанциясымен отырған жас радиоәуесқой Дэвид Сарновте естіді. Сол түні Рейс мүйісінде кезекшілікте болған радистің сөзі бойынша: "Титаниктің" жоғарғы дәрежелі операторы Джек Филлипс, кәсіби емес телеграфшылар батып бара жатқан кемеден келген барлық хабарламаларды жазып алу үшін, хабарламаларды жіберу жылдамдығын 30 сөзден 15 сөзге дейін азайтты. Ол хабар таратуды бір минутқа да тоқтатпады. Түнгі сағат 2-де "Титаник" тоқтан ажыратылса да, оның радио хабаршысы жұмысын жалғастыра берді.
RMS Carpathia кемесі
Сағат 00.25-те «Титаниктің» жолаушыларына телеграммаларды жіберу үшін байланысқа шыққан «Карпатияның» радисті, Филлипстің «Тез арада құтқаруға келеңіздер. Біз мұзтаумен соғылыдық. Бұл апат сигналы, досым. Біздің координаттарымыз 41,46 норд, 50,14 вест» деген хабарламаны естіді. «Карпатияның» операторы батып жатқан лайнерден 58 теңіздік миль қашықтықта орналасқанын және «бар күшімен» құтқаруға асығып бара жатқандығын хабарлады.
Кейін Филлипс «MGY CQD, 41.46 норд 50.14 вест, бұл дұрыс координаттар. Дереу көмек талап етеміз. Біз мұзтаумен соғылдық. Батып жатырмыз. Бу құбырының гүрсілінен ештеңе де естілмейді». Бұл хабарлама келесі 15 немесе 20 минут бойы қайталанды. Кейін, Гарольд Брайд жолдасына «SOS-ты жібер, бұл жаңа сигнал, әйтпесе сен оны ешқашан да жібере алмауын мүмкін!». Джек Филлипс әзілге күлді де, сағат 00.45-те «Титаник» бортынан тарихта ең алғашқы SOS сигналы жіберілді.
Сол уақытта «Впиранга» кемесі, әлсіз «…MGY CQD SOS SOS CQD CQD DE MGY, тез батып жатырмыз, жолаушылар…» сигналдарын ұстаған. Көмек шақыру туралы сигналдар жарты сағаттай қайталанды, бірақ оларды естіген кемелердің көбісі өте алыс болған: «Вирджиниэн» 170 миль қашықтықта, ал «Титаниктің» егізі, «Олимпик» - 500 миль қашықтықта. Сағат 01.25 «Олимпик» "Бізге, оңтүстікке қарай келе жатырсыңдар ма?" деген телеграмма жіберген, «Біз шлюпкадағы әйелдерді көшіріп жатырмыз» - деп, Филлипс жауап берді. «Франкфурт» радисті оқиғаның егжей-тегжейлігін сұрағаннан кейін, жылағанға дейін ашуланған Джек оған: «Ақымақ, тыңда және жұмыс істеуге кедергі жасама» деп жауап берген.
«Титаниктен» соңғы сигнал шамамен 02.17-де тіркелген еді. Капитан Смит радиооператорларды босатқаннан кейін, Филлипс кеменің шетіне қарай жүгірді, ал Брайд А және В шлюпкаларын босатып жатқандардың қатарына қосылды. Оларға бір-бірімен қайтадан кездесу бұйырмады - үш минуттан кейін «Титаник» толығымен суға батып кетті.
Джек Филлипске арналған ескерткіш
Джек Филлипске арналып салынған ескеркіш кешенінің ішкі көрінісі
1913 жылы қайырымдылық шаралар арқылы, Годалминг қалашығының тұрғындары Джек Филлипстің құрметіне ескерткіш тұрғызды. Ескерткіш кешенінің құрамына бақша және шағын шіркеу кіреді. Шіркеудің ортасында бассейн орналасқан, ал қабырғалардың бірінде тастан ойылып жасалған тақтайшасында: «Бүл шіркеу, осы қалада дүниеге келген және Титаникте бас телеграфшы болған Джон Джорд Филипстің құметіне салынған. Ол 1912 жылдың 15 сәуірінде Атлант мұхитында апатқа ұшыраған кемеде қызмет істеген кезде қайтыс болды.» - деп жазылған.[3]
Шіркеудің құрылысы жергілікті сәулетші Хью Теккерей Тернердің жобасына сүйеніп салынды.[4] Кешеннің ресми ашылуы Суррей ғрафтығында, Филлипстің ата-анасы және екі қарындасының қатысуымен 1914 жылдың 15 сәуір күні өтті. Сонымен қатар, ашылу салтанатына көптеген жергілікті тұрғындар келді.
1960 жылы қабырғаларының бірі вандализм нәтижесінде қирады, кейін, қабырғаның орнына ағаштан жасалынған шатыр салынды.[4] Басқа екі вандализм актілері 2010 жылдың қараша және желтоқсан айларында тіркелген. Вандализмге қатысты қылмыскерлер әлі күнге ұсталған жоқ. Қабырғаның қирауы нәтижесінде ескерткіштің түгелдей жойылып кетуі де мүмкіндігі туралы болжамдар болған.[5]Кешеннің аумағында күрделі жөндеу жұмыстары 2011 жылдың басында өткізілді және қазіргі кезде толығымен жөнделген.[6]
28 - тақырып.
Ибн Баттута
Әбу Абдаллаһ Мұхаммед Ибн Баттута (24.2.1304, Танжер қ. - 1377, Фес қ. қазіргі Марокко) - араб саяхатшысы. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған мақалалары,Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Ол 30 жыл бойы саяхат жасаған (1323-53).
Арабияда (Сауд Арабиясы түбегінде),Египетте, Иранда, Кіші Азия түбегінде, Орталық Азия мен Ауғанстанда, Үндістанда, Индонезияда, Қытайда, Суданда, Испанияда, Қырым мен Ресейде болған. Оның Қырым мен Алтын Ордаиеліктерінде болғаны туралы мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Деректердің бірінде Өзбек ханның әйелі грек ханымына еріп Константинополь қ-на барған сапары жайлы және саяхатшының сол қаланы толық баяндағаны жазылады. Батуттаның Иранға жасаған саяхаты жөніндегі әңгімесі Хулагу әулеті билеген Иранның жағдайын көрсетеді. Үндістанда болғанын түгел суреттеп жазған еңбегі (ол Дели сұлтаны Мұхаммед Тұғлақтың сарайы жанында сот болып қызмет істеген) ерекше назар аударарлық. Одан кейін ол мұсылман Испаниясында (1349 - 52) болды. Оның 1352 - 53 ж. Батыс және Орталық Суданға жасаған саяхаты туралы есебі өте бағалы. Батутта Малимемлекетін және Батыс Африканың оған жапсарлас жатқан өлкелерін тұңғыш рет (Еуропа саяхатшыларына дейін) түбегейлі баяндап берді. Өмірінің аяғына дейін ол Мароккода тұрған.
Жасаған саяхаты туралы... «Ибн Баттута саяхаты туралы» кітап XIV ғ. жазылды және көптеген тілдерге тәржімаланды. Онда автордың Еуропаға, Азия мен Африкаға жасаған көптеген сапарлары туралы шынайы мәліметтері жинақталған еді. Шығыс Африкаға жасаған жорығы оны үлкен әсерге бөледі. Персия, Сирия мен Кіші Азияны сайрандағаннан кейін ол Қара теңізді кесіп өтті, және құрлықпен жүріп отырып, Еділ бойына жетті. Ибн Баттута Еділ бойымен Кама өзені сағасына көтерілді, мұндағы Бұлғар қаласында Алтын Орданың маңызды сауда орталығы орналасқан. "Түнек елінде" елтірімен сауда жасау пысық көпес үшін қауіпті әрі табысы аз болып көрінді, сөйтіп ол әрі қарай солтүстікке жүріп кетті. Келесі жылдары Ибн Баттута Орта Азия мен Үндістанға сапар шекті. Үндістанда ол сегіз жылға таяу тұрды. 1342 ж. үнді сұлтаны оны Қытайға жөнелтті, бірақ бұл саяхаттың сәті түспеді. Кейінірек Мальдив аралдарындағы билеушінің қолындағы қызметінен кейін ол Цейлонға жетті және ақырында Қытайдан бір-ақ шықты. 1349 ж. Ибн Баттута Цейлон, Арабия мен Мысыр арқылы Отанына оралды, бірақ оның саяхаты осымен тәмәм болмады. Испанияда аялдағаннан кейін қайтадан Африкаға жолаушылап, құпия Тимбукту қаласына (Мали) келді. Ол 1352 ж. жолға шықты. Бұл қажырлы арабтың өміріндегі ең ірі сапары болатын. Малиге бағыт ала отырып, ол Сахара шөлін кесіп өтті. Жол қиындыққа толы болды, шөл далада қарақшылар торып жүрді, сондықтан саяхатшы керуенге қосылды. Керуен Тагазда алғаш үйлер тұз бен түйенің көн терісінен тұрғызылған. Жолаушылар өздерімен он күнге есептеп, су қорын алып жүрді. Тасаралыға дейінгі жол көп күнге созылды. Содан соң жаңа қормен Валатаға дейін жетті. Баттута Малиге аяқ басқаннан кейін, Нигер өзеніне дейін тағы жүрді. Тәуекелге бас тігуге тура келді, дегенмен Ибн Баттута бай Мали шаһары Тимбуктуды тапты және Сулеймен патшамен дидарласты. Ибн Баттута елуге келгеннен кейін, туған жері Танжерге қайтып оралды және өзінің бастан кешірген таңғажайып саяхаты мен сапарларын кітапқа түсіртті.
29 - тақырып.
Крузенштерн Иван Федорович
Крузенштерн Иван Федорович (19.11.1770, Хагуди, Эстония - 24.8.1846, Таллинн) - саяхатшы, адмирал, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1806 жылдан). Кедейленген дворян отбасында дүниеге келген.Шіркеу-приход мектебін, одан кейін Кронштадтағы Теңіз кадет корпусын бітірген. 1789 ж. "Мстислав" кемесінің мичманы ретінде шведтермен соғыста көрсеткен ерлігі үшін лейтенант атағын алды. 1793 ж. теңізде жүзу ісін жетілдіру үшін Англияға жіберілді. Америка жағалауына, Бермуда және Кіші Антиль аралдарына, Қытайға және Үндістанға жүзу сапарларына қатынасты. 1799 ж. Санкт-Петербургке қайтып оралғаннан кейін Теңіз дүние жүзін айналу экспедициясын ұйымдастыру жөнінен жоспар ұсынды. 1803 - 06 ж. К. басшылығымен орыстардың тұңғыш дүние жүзін айналып шығу экспедициясы жүзеге асырылды. "Надежда" және "Нева" (командирі Ю.Ф.Лисянский) кемелері Кронштадтан шығып,Атлант мұхиты, Горн мүйісі арқылы Тынық мұхиттағы Гавайи аралдарына барды. Онан әрі "Нева" орыс Аляскасына беттеп, "Надежда" Камчаткаға және Жапонияға жетті. Екі кеме де Қытайды және Индонезия аралдарын басып, Үндіжәне Атлант мұхиттары арқылы Кронштадқа қайтып оралды. Экспедиция кезінде жүргізілген океаногр. бақылаулар дүниежүз. мұхит бойынша судың терең қабаттарын зерттеуге бастама берді. Экспедиция Камчатка мен Аляскадағы орыс иеліктеріне арзан теңіз жолын ашты. 1824 - 26 ж. К. Тынық мұхиттың тұңғыш атласын жасап, басып шығарды. 1826 ж. контрадмирал атағын алды. 16 жыл бойы Теңіз корпусын басқарды.
30 - тақырып.
Врангель Фердинанд
Врангель Фердинанд Петрович - орыс теңіз саяхатшысы, адмирал, Петербург ҒА- ның құрметті мүшесі (1855). Орыс геогр. қоғамын ұйымдастырушылардың бірі.
1817- 19 ж. В. М. Головиннің «Камчатка» шлюпкасымен дүние жүзін айналып шыққан экспедициясына қатысты. 1820- 24 ж. Сібірдің жағалауын зерттеп, Индигиркадан Колючин кірмесіне дейінгі жағаны картаға түсірген экспедицияны басқарды. Жергілікті халықтан сұрау арқылы және теориялық болжамның көмегімен В. Солтүстік Мұзды мұхиттағы бұрын белгісіз аралдың алып жатқан орнын анықтады. Кейін оған В- дің есімі берілді. 1825- 27 ж. «Кроткий» кемесімен дүние жүзін айналып шыққан орыс экспедициясын басқарды. 1829- 35 ж.Аляскадағы орыс қоңыстанушыларының бас әкімі болды. Аляскадағы тауларға, мүйіске және басқа геогр. объектілерге В-дің есімі берілген.
31 - тақырып.
Антоний Дженкинсон
Антоний Дженкинсон (ағылш. Anthony Jenkinson) (1529-1610) қазақ жерін мекендеген жергілікті тайпалар туралы маңызды жазба деректер қалдырған.
1557 - 1572 жылдары төрт рет Ресейде болып қайтқан. Ресей патшасынан қолдау тапқан Дженкинсон 1558 жылы Мәскеуден шығып Бұхарға келеді. Бірақ дəл сол кезде соғыстың кесірінен Бұхар мен Қытайдың арасындағы қатынас үзіліп, Бұхарда төрт ай тұрған Дженкинсон 1559 жылы наурызда кері қайтады. Сондықтан ол Орта Азия елдерімен байланысын қайта жалғау үшін 1561 жылы Елизаветаның өтінішімен Ресей патшасының рұқсатын алып, 1562 жылыПарсы еліне сапар шегеді. Онан 1563 жылы оралады. Ол осы сапарына арнап Орта Азия мен Қазақстан жайлы үлкен еңбек жазады. Еңбегінде қазақтарды мал жайымен үнемі көшіп жүретін жауынгер халық ретінде суреттеген.
32 - тақырып.
Николай Константинович Рерих
Орыс жиhанкезі, суретші, философ, жазушы, қоғам қайраткері Николай Константинович Рерих (1874 - 1947 ж.ж.) әлемдік мәдениет тарихында өзіндік орны бар ірі тұлға. Әсіресе, оның суретші ретіндегі шығармашылық еңбегін әлемге әйгілі Альберт Эйнштейн, Томас Манн, Ромен Роллан, Рабиндранат Тагор секілді тұлғалар жоғары бағалаған. Ал ғарышқа алғаш ұшқан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин: «Лучи просвечивали через земную атмосферу, горизонт стал ярко - оранжевым, постепенно перехоящим во все света радуги: к голубому, синему, фиолетовому, черному. Неописуемая цветовая гамма. Как на полотнах художника Николая Рериха», - деп жазыпты. Ол артына аса бай әдеби, көркем және ғылыми мұра: 7000 көркемсурет, 30-дан астам ғылыми-философиялық еңбек қалдырды. Оның өнер мен ғылым саласындағы жанкешті еңбегі, қоғамдық қызметі 1935 жылы 21 мемлекеттің өкілдерін адамзаттың мәдени құндылықтарын қорғау жөніндегі халықаралық шартқа қол қоюға ықпал етіп, ол құжат «Рерих пактісі» деген атпен тарихқа енді және кейін 1954 жылы қабылданған адамзаттың мәдени құндылықтарын сақтау жөніндегі Гаага конвенциясына негіз болып алынды.
Ол атақты суретші А. И. Куинджидің шәкірті болған аса талантты қылқалам шебері ғана емес, сонымен бірге мәдениет саласының, әсіресе, Шығыс өнерінің үлкен білгірі және ержүрек саяхатшы болды. Соның ішінде Рерихтар отбасының 1923-1928 жылдар аралығында 25 мыңнан астам шақырым жерді артқа тастап, Орталық Азияға жасаған экспедициясы ерекше. Оның баласы Юрий Рерихтың жазуына қарағанда экспедицияның басты мақсаты - Орталық Азия елдері мен халықтарының көркемсурет тұрғысындағы шежіресін жасау болыпты. Сонымен қатар, археологиялық ескерткіштерді зерттеу, Орталық Азияны мекендейтін халықтардың этнографиясы мен тіліне байланысты материалдар жинау, болашақ экспедицияларға жол салу сияқты мақсаттарды да көздепті.
Сол жолғы Совет Одағының азиялық Сібір бөлігі мен Үндістан, Қытай, Тибет, Моңғолия секілді елдерге саяхатының барысы туралы Н. Рерих «Алтай - Гималай» атты кітап жазып, баспадан шығарды (1929). Бұл еңбек сол елдердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі бағалы деректер көзі ғана емес, мұнда география, этнография, лингвистика, өнерге байланысты материалдар да молынан берілген.
Ал біз үшін, бұл кітаптың құндылығы - онда қазақ жеріне, халқымызға, оның ішінде Шығыс Қазақстанға байланысты қызықты материалдар кездеседі. Өйткені, экспедиция 1926 жылы қазақ жеріне Қытайдың Шыңжаң өлкесінен Зайсан арқылы кіріп, су жолымен бірнеше күн Ертісті бойлап Өскемен, Семей, Керекуді басып Сібірге бет алады. Осы аралықтағы жазбаларын кітаптан (1974 жылғы Мәскеуден шыққан нұсқасы - Ө.С.) оқып отырып, Н.Рерихтың саяхатшы, зерттеуші, суретші ретіндегі байқампаздығына таңданасың. Әсіресе оның бейтаныс жердегі көзге түскен әртүрлі жәйттерді күнделікті түртіп қойып, қысқа ғана өз ойын дәл білдіріп отыруы ғажап. Мысалы, сондай бір көріністі кітаптың соңында берілген түсініктемеде академик А.П.Окладников сипаттап жазыпты. Оның ықшамдалған мағынасы төмендегідей. 1926 жылдың мамыр айының соңында Рерих керуені қазақ жеріне еніп, жергілікті қазақтардың оларды күзетке алған кездегі бір оқиға барысына, яғни біздің қандастарымыз жолда кездескен қасқырларды қуа жөнелгенде: «Те же скифы, те же шапки, и полукафтанья как на кульобской вазе» (1830 жылы археолог И.А.Стемпковский Қырымдағы Керчь түбінен Күлоба қорғанын ашқанда жерленген скифтердің көсемінің қасынан табылған алтын құмырадағы көріністерді айтады - Ө.С.) деп бағзы замандағы скифтердің бейнесімен салыстыра суреттеуі оның ой-өрісінің соншалықты кең екендігіне, шындыққа сай келетініне тәнті боласың. Ат үстіндегі қазақтардың киімдері де олардың сонау Түркі қағанаты кезіндегі алыс аталарынан, дала көшпенділерінен аумайды. Сонымен бірге суретші - жиhанкез қытайдың Жоңғар өлкесімен қазақ Алтайының шекарасында қандастарымыздың аң аулауы біздің эрамыздың бірінші мыңжылдығында бейнеленген аңшылықпен өте ұқсас екенін байқайды. Ал олардың басындағы түлкі терісінен тігілген малақай тура Геродоттың скифтеріне өте ұқсайды дейді.
Рерихтың қазақ жеріндегі ауа райына байланысты жазбасы да қызық. Семейге келе жатып маусым айының басы болса да күндіз салқын, ал түнде суық екенін, ауа райының өзгергеніне үш жыл болып, жазда қатты ыстық, қыста қатты аяз болмай тұрғанын естігенін айтады.
Ал пароходтың үстінде өзі әңгімелескен бір орыс баласының осы өңірде тұратын кержақтардың (ескі дінді ұстанушы ішкі Ресейден қашқан келімсектер, кейбір деректерде Сібірге жер аударылғандар - Ө.С.) «Егер қазақтармен бірге отырып, тамақ ішкеніңді естісе олар дастарқанға мүлдем жібермейді. Қайта-қайта шоқынуға мәжбүрлейді», деген сөзін келтіре отырып: «Степная пословица: Если товарищ твой кривой, старайся поджимать глаз, чтобы быть ему пару», - депті. Бұл енді халқымыздың: «Жолдасың соқыр болса, оған серік болу үшін бір көзіңді қысып жүр», деген төл мақалы екені белгілі. Қазақ жерінде қысқа мерзім ғана болған кезде Н.Рерихтың осы мақалды кімнен естіп, жадына қалай сақтап алғанына таңданасың.
Бұдан басқа Н.Рерихтың барымта туралы пікірі де өзгеше бір қырымен қызығушылық тудырады. Ол «… барантачество - степное воровство - удальство. И команч, и зуни в Аризоне тоже угонит коня. Да своих ли коней стреножили скифы на вазе Куль - оба?» - деп жазады. Оның пікірінше барымта тек ұрлық емес, бір жағынан батылдық, ержүректілік, сабаздықтың да көрінісі. Бұндай жылқыны айдап кететін жағдай Американың үндістерінде де бар дейді. Тіпті Күлоба құмырасындағы скифтердің шідерлеген аттары да өздерінікі ме деп күмәнданады. Ол ары қарай барымта туралы орталыққа хабарланатынын және таяуда бір бай қарақшыны, яғни барымташыны ұстап, Камчаткаға жер аудармақшы болғанда оның туыстары келіп оны шығарып алу үшін бүкіл дүние мүліктерін ұсынғандарын жазыпты. Дегенмен барымта туралы осы кітаптың түсіндірмесінде жаңсақ пікір айтылыпты. Онда «барантачество - разбой, угон бараньих стад - барант», деген анықтама беріліпті. Бұның қаншалықты дұрыс - бұрыстығын зерделі оқырман өзі-ақ бағамдай берер.
Ертіспен жүзіп келе жатып, бүгінгі Ақсу қаласының тұсына келгенде асау өзеннің арнасы сондай кеңейіп, ағысы тіпті долдана буырқанып, ақ толқындар тулаған шақта: «Расында, бұл жерде Ермактың батып кеткеніне сенесің», деп толғанады. Алайда Ермактың кім болғаны жайында жақ ашпайды.
Жолда аялдаған Семей қаласы туралы: «Заходим в книжный склад - удивительно: ни одной пошлой книги. Масса изданий по специальностям. И это все в пограничном захолустье, в уединенном Семипалатинске! Стоят и белокаменные дома, и серые деревяшки - как будто все то же самое, но жизнь иная наполнила эти остовы», - деп жазғанына риза боласың. Ол кездегі мәдени өмірде кітаптың маңызы үлкен болғаны белгілі. Сондықтан қалада оған аса мән беріп, әр түрлі мамандықтар бойынша таңдап кітаптар жинағанын байқаймыз, кітап саудасымен айналысқандар әрбір кітаптың құнын білген ғой, өйткені оқырмандар тарапынан сұраныс тумаса мұндай жағдай болмас та еді. Сол кездегі Семейдегі кітаптың қадір-қасиетіне жету - мәдениеттіліктің белгісі, оған ертеден бейімделудің арқасы, әрі мұны қаланың қазақ жеріндегі мәдени-рухани орталық болғанының бір куәсі деп қабылдаған жөн болар. Сөз болып отырған кезең қазақтың небір зиялы, біртуар ұлдарының Семейде білім алып, қызмет жасаған шақтары екенін еске түсірсек, Н.Рерих байқаған жағдай да олардың келешекте жетіліп, биіктерге құлаш ұруына септігін тигізгеніне сенімдіміз.
Н.Рерихтың Алтайға байланысты айтқан пікірлері де қызықты. Ерекше назар аударатын жағдай, оның ойынша Азияның кіндігі - Алтай. Күнделігінде Шамбала, Белуха (Мұзтау), Беловодье туралы естіген аңыз-әңгімелерді берумен қатар, өз пікірін де білдіреді. Ол ескі аңыздар мен өлең-жырлардан фольклорлық өткір әлеуметтік және саяси себептердің иісі аңқиды. Аңыздардан бақыт туралы мәңгілік және мұңды арман сезіледі: ол қарапайым адамдардан ылғи да қол жетпес құстай ұшып кетеді. Сондықтан да болар, патшалық езгіден қашып, сібірлік ескі дінді ұстанған, бөлектенген шаруалардың Алтай мен алыстағы Жоңғариядан феодалдық қанаушылық жоқ, еркін жер «Беловодьені» (жерұйықты) жатпай-тұрмай іздеуі кездейсоқ емес деген ой айтады. Кітаптың түсіндірмесінде: «Беловодье - у русских староверов, начиная с ХVII - XVIII вв., страна обетованная, с богатыми землями и природой, где живут праведники и нет бояр и «гонителей веры»; в поисках Беловодья староверы уходили в уральские и сибирские леса и горы. По мнению Н. К. Рериха, на Алтае легенда о Беловодье приняла некоторые черты легенды о Шамбале», деп жазыпты. Ал «Советский энциклопедический словарь» (1985) басылымы: «Беловодье, легендарная страна свободы в рус. нар. преданиях 17 - 19 вв. По мнению старо обрядцев она находилась где-то на В.- в Японии, Индии. Реальный прообраз - Бухтарминский край на Алтае», деген анықтама беріліпті. Міне, елге аңыз, дақпырт болған Беловодьенің айналып келгенде түптамыры Алтай екен. Алайда, Н.Рерих оны орыстар өз көршілері қалмақтар мен алтайлықтардан естіген. Сол үшін елден қашып, бақытты жұмақ жерді қанша іздегенмен таба алмаған дейді.
Енді Белуха (Мұзтау) туралы ол: «На Алтае гору Белуху называют Уч - Сюре. Уч - Орион. Сюре - жилище богов, соответствует монгольский Сумер и индийской Сумеру», - деген пікір білдіреді. Ал, кітаптың түсіндірмесінде: «Уч - Сюре, Уч - Орион - уч по - тюркский «три», - следовательно, по толкованию Н. К. Рериха «три жилища богов», или «жилище трех богов»; название Уч - Орион связано с тремя звездами «пояса» Ориона», деген пікір берілген.
Бұл тақырыпты алтайлық қазақ жазушылары да айналып өтпегені белгілі. Атақты жазушы О. Бөкей көркем туындыларында, «Мұзтау» кітабында, қарымды қаламгер Ә. Асқаровтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Көккөл», «Мұзтау» деректі хикаяттарында Алтайды әлемге әйгілеген, өзінің жұмбақ болмысымен талайларды таңырқатқан ғажайып шың, оның тылсым сыр бүккен аймағы шығармашылықтарының шырайын ашқан тақырып болды. Міне, сол «Көккөлден» үзінді келтірейік: «Шамбаланың мағынасы «Беловодье», яғни жер жаннаты деген ұғымды береді екен. Жер үстіндегі Шамбала - көкарай майсалы мамыражай мекен, үйрек ұшып, қаз қонған сулы да нулы жер. Ал жер астындағы Шамбала - хош иісті гүлдермен көмкеріліп, қымбат тастармен әшекейленген, алтын зерлі жарқыраған қала. Бұл таңғажайып қалаға кірер екі есік бар. Оның оңтүстіктегі есігі Гималай тауларының гүлжазиралы бір аңғарында, Брахмапутра өзенінің бастауында. Солтүстік есігі Алтай тауларында, Мұзтаудың маңайында деседі». Автор одан ары бір білгіштің сөзін келтіреді:
- Космостық энергияның бәрі осы Мұзтауда тоғысады. Алғаш бұл құбылысты орыстың әйгілі философ-суретшісі Николай Рерих ашқан болатын, кейін бұл құбылыс ғылым әлемінде нақты дәлелденген…
Мұзтау аймағынан өсіп-өрбіген көне түркілерге де мемлекет құратындай алапат күш-қуат осы қасиетті тау, киелі орыннан берілген деген де тұжырым қалыптасқан екен. Бір ғажабы, ғылыми пайымдауларға қарағанда, Мұзтау тұсында атмосфера қабаты аса жұқа екен. Содан да болар бұл өңірге ғарыш сәулелері үзілмей, шашырамай, сол қалпында таза жетіп таралады. Сөйтіп, жер мен ғарыш арасын байланыстыратын тылсым қуат пайда болады деседі.
Рерихтың күнделігінен оның Алтайдағы түркі жер атауларының қыр-сырына да қызығушылық танытқанын байқауға болады. Ол «Катунь потюркски «женщина» … Елен - Чадар, Карагай, Ак - Кам, Чеган, Урул, Кураган, Жархаш, Еломан, Тургунда, Аргут, Арчат, Жалдур, Чингис - тай, Ак - Ульгун, Хамсар. Эти имена речек, урочищ и городищ - как напевный лад, как созвучный звон», - деп шығармашылық шабытпен суреттейді.
Міне, бұл біздің Н. К. Рерихтың қазақ жерін басып өткендегі сапарынан өреміз жеткенше зерделеп түйгеніміз. Жалпы, оның еңбектері қазақ ғалымдары мен зерттеушілерінің, көзі қарақты оқырмандардың белгілі бір мөлшерде қызығушылық тудырарына сенім мол. Сондықтан да бұл тақырыпты әлі де әр қырынан зерттей бергеннің артығы болмас деген ойдамыз.
33 - тақырып.
Жюль Верн
Жюль Верн - француз жазушысы, ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант қаласында 1828 ж. 8 ақпанда туған. Мамандығы заң қызметкері.Театр директорының хатшысы (1851 - 54), қаржы-қаражат агенті (1856 - 64) қызметтерін атқарған. Әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863 ж. «Әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география тарихы туралы зерттеулер жазды. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 1905 ж. 24 наурызда жазушы Жюль Верн Амьенде дүние салды. Оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Верн есімімен аталады.
Оқу және шығармашылы
Заңгер Верн Парижде заң факультетінде оқыған, бірақ әдебиетке деген махаббаты басқа жолды қабылдауға әкелді. 1850 жылы Верн Сындырылған соломинкалар пьесасын Дюма Александрдың тарихи театрында сәтті қойды. 1852-1854 жылдары «лирикалық театрда» хатшы болып жұмыс істеді, содан кейін Либретто, әңгіме лар | [комедия] [комедиясын] жазу жалғастыра отырып, биржа маклері болып қызмет етті.
«Кезектен тыс саяхаттар» циклы
Барлығы Жюль Верн 66 роман жазған және, сондай-ақ оның ішінде аяқталмаған, XX ғасырдың аяғында соңында жарияланған, 20-дан астам романдар мен әңгімелер, 30 пьесалар, бірнеше деректі және ғылыми жұмыстар.
Жюль Верн романс ғылым, ой билік үшін жақсы прогресс қастерлеу сенім толы секілді. Өкінішпен ұлттық азаттық үшін күресті сипаттайды.
Жюль Верн романдарынан оқырмандары технологияның сипаттамасы, саяхаттардан басқа, сонымен қатар асыл кейіпкерлерінің жарқын суреттері (капитан Гаттерас, капитан Грант, капитан Немо), өте қызық ғалымдар (профессор Лиденброк, доктор Клоубонни, кузен Бенедикт, географ Жак Паганель) бар.
Жюль Вернді есте қалдыру құрметіне
-
Жюль Верннің құрметіне аталады:
-
Алғашқы автоматты жүк кемесі ЕКАда әзірлеген;
-
кратер - Айда орналасқан, диаметрі 146 шақырым.
-
Париждегі Эйфель мұнарасы біррінші деңгейіндегі мейрамхана.
-
-
Жюль Верн өмір сүрген үй қазір жазушының мұражай болып табылады.
-
Франция Ақша сарайында бірнеше рет жазушыны еске алып, монеталар арнайды. Осылайша, 2005-2006 жылдары Верннің қайтыс 100 жылдығына еске алу шарасы ретінде 23 алтын, күміс және мыс монеталар соғылған.
-
25 маусым 2012 жылы жылы «Франция аймақтары» нумизматикалық сериясы бағдарламасы шеңберінде 10 евро күміс монетасын берілді. Бұл жазушы қалған өмір сүрген Пикардия, аймағында.
-
1978 жылғы Венгрия пошта блогында бейнеленген.
Қызықты жәйттер
-
Жюль Верн Ресейде ешқашан болмаған, бірақ, дегенмен, оның романдарының 9-ы Ресей (толық немесе ішінара) өрістейді
12 томдық шығармалар. КСРО 1954
-
Мамықтар елінде (1873).
-
Михаил Строгов. Мәскеу - Иркутск (1876).
-
Бірбеткей Керабан (1883).
-
«Цинтиимен» өлі табылған (1885). (Андре Лоримен бірге)
-
Робур-Жаулаушы (1886).
-
Цезарь Каскабель (1890).
-
Клодиус Бомбарнак. Қойын дәптеріндегі тілшінің ірі Трансазиялық темір жол ашу жазбасы (Ресей жақтан Пекинге) туралы (1892).
-
Жана-Мари Кабидулен тарихы (1901).
-
Лифляндиядағы драма (1904).
Сондай-ақ, орыстар Верннің романдары негізгі кейіпкерлері ретінде көрсетіледі «Үш ресейлік және үш ағылшынның Оңтүстік Африкадағы оқиғасы» (1872) және «Гектор Сервадак. Күнге таяу әлемге саяхат және оқиғалар» (1877)
34 - тақырып.
Семен Иванович Дежнев
ЧЕЛЮСКИН Семен Иванович (шамамен 1700 - 1760) - орыс поляр зерттеушісі, теңіз офицері. Мәскеу навигация (кеме жүргізу) мектебінде білім алған. 1726 - 43 ж. Балтық флотында қызмет атқарған. 1733 - 43 ж. Ұлы Солт. экспед-на қатысқан. Алдымен А.Прончищев, кейінірек Х.Лаптев отрядтарының құрамында зерттеу жұмыстарымен айналысты. 1741 ж. көктемде Хатанга өз-нен Пясина өз-не дейін құрлықпен жүріп өтіп, Таймыр түбегінің батыс жағасын картаға түсірді. Онан әрі Пясина өз-нің сағасынан Енисейдің сағасына дейін барлап шықты. 1741 - 42 ж. Туруханнан шығып, Хатанга өз-нің сағасына өтті. Бұл жолы Таймыр түбегенің бүкіл солт. жағалауын барлап, құрлықтың солт. нүктесін (7642` с.е.). анықтап, оны "Шығыс-солтүстік" мүйісі деп атады. Кейінірек Еуразияның ең солт. нүктесіне Ч. есімі берілді. Ч. Таймыр түбегінің өзендерін, Таймыр к-н, Ленадан Енисейге дейінгі теңіз жағалауларын, түбекті қоныстаған солт. халықтарының тіршілігі мен тұрмысын зерттеді. Ч-нің Азияның солт. мүйісін ашуы 18 ғ-дың аса ірі геогр. жаңалықтарының қатарынажатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оқушылар үшін:
1 Энциклопедия для детей. 3 том - География. Москва
«Аванта»,2001г.
2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1 - том. Алматы, 1998 ж.
3. «География және табиғат» журналы» 2005 - 2008 ж.
4. №5 «География в школе». 2005 г.
5. Ш.Уалиханов. «Алтышаһарға саяхат». «Атамұра» Алматы, 2006 ж.
6. «100 великих путешественников». «Вече» Москва, 2003 г.
7. Қазақстанның физикалық географиясы. Хрестоматия. «Атамұра» Алматы, 2004 ж.
-
Шоқан Уәлиханов - шығыстанушы, Р.Б.Сүлейменов,
Мұғалімдер үшін:
-
В.А.Моисеев, "Ғылым" баспасы, Алматы, 1985 жыл
-
Ф.М. Достоеевский и Чокан Валиханов - Ауезов М.О., Москва, 1960
-
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі
-
Арский Ф.Н. Страбон, М., 1974; Қазақтар, 7-т. А., 1998.
-
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна
-
Отырар. Энциклопедия. - Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965- 17-272-2
-
Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл.
-
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. - Алматы. "Алматыкітап баспасы", 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
. 17. Колесников М.С. Миклухо-Маклай. М., 1965.
18.На берегу Маклая. Этнографические очерки. М., 1975.
19. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
жыл. ISBN 9965-607-02-8
20. Градостроение » Аткинсон, Томас Уитлам
-
АТКИНСОН, Томас Уитлам (1799-1861) - Сибирская Советская Энциклопедия</</p>
77